Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/10
Дата конвертации07.02.2016
Размер1.6 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/213.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы №213 қаулысы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 2 наурыздағы

№213 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


1. Миссиясы мен пайымдауы


Миссиясы. Қала құрылысы, сәулет және құрылыс құралдары және коммуналдық қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту.

Пайымдауы. Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, қазіргі жағдайда құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру.


2. Тиісті салалар (аялар) қызметінің ағымдағы

жағдайын және даму үрдістерін талдау


1-стратегиялық бағыт. Тұрғын үй құрылысын дамыту.

Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері

Құрылысты одан әрі дамыту, сондай-ақ құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын арттыру мемлекеттің түйінді экономикалық міндеті болып табылады.

Құрылыстың оны басқа салалардан ерекшелеп тұратын әрі құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше нысандарын талап ететін өзіне тән ерекшеліктері болады. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбайтындығы, құрылыс өнімдерінің стационарлық сипаты, құрылыс процесіне қатысушылардың әртүрлілігі, салыстырмалы түрде капиталдың баяу айналымы және тәуекелдің жоғары деңгейі.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері бойынша нақты 17,9 миллион шаршы (бұдан әрі – млн. шаршы) метр тұрғын үй пайдалануға берілді (тапсырма бойынша 15,8 млн. шаршы метр). Алайда, әлемдік дағдарыс экономиканың осы секторына да әсерін тигізді, атап айтқанда, 2008 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2007 жылмен салыстырғанда 89 % құрады, ал 2009 жылы 2008 жылдың деңгейінен 41 % төмен болды. Жеке құрылыс салушылардың белсенділігі төмендеді. Бұл ретте, бюджеттік қаражаттар есебінен тұрғын үй салу тұрақты болып қалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы алаңы 19,3 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр.

2009 жылы барлық қаржыландыру көздері бойынша жалпы алаңы 6,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2008 жылғы деңгейдің 93,4 % және 2009 жылғы жоспарлы көрсеткішінің 103,2 % құрады. Халықтың қаражаты есебінен 3,09 млн. шаршы метр жеке тұрғын үй (23412 тұрғын үй) салынды. Тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 48,3 %-ды құрайды. Жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар 2009 жылдың ішінде жалпы алаңы 2,38 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берді, жеке инвесторлар салған тұрғын үйдің үлесі 37,2 %-ды құрады.

Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлері және «100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде салынып жатқан білім беру мен денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлері үшін және Астана қаласындағы бюджет саласының қызметкерлері үшін кредиттік тұрғын үй салынып жатыр. 2009 жылдың ішінде жалпы алаңы 189,4 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй (2530 пәтер) және 405,1 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй (4737 пәтер) пайдалануға берілді.

Тұрғын үй бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және сатып алуға бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 2009 жылы 2157,8 километр (бұдан әрі – км) сумен, электрмен, жылумен, газбен жабдықтаудың инженерлік желілері, оның ішінде 142,3 км кіреберіс жол салынды.

Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы ауылын дамыту шеңберінде Целиноград ауданының Қосшы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын дамыту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана және Алматы қалаларының серіктес қалаларын дамыту жөніндегі 2009 жылы жоспарланған жобалар іске асырылды.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша 42 жобаны іске асырудың нәтижелері бойынша 292,9 км инженерлік желілер салынды. Алматы қаласында үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй кешендерінің инфрақұрылым объектілерін салу бойынша 9 жоба іске асырылды, 48,3 км инженерлік желілер салынды.

Пайдалануға беру жоспарланған тұрғын үй көлемін төмендетуге жол бермеу және тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық өңірлерінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды одан әрі бюджеттік қаржыландыру көзделіп отыр.

Елбасының Қазақстан халқына арналған 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауына сәйкес тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіру қажет.

Азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс компанияларының теңқұқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі қолданылуда.

2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (бұдан әрі – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) 156 мыңға жуық азаматпен жалпы сомасы 34 млрд. теңгеден астам жинағы бар тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарт жасасты. Тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы жасасқан шарттың ең көп үлесі Алматы қаласы – 13,7 %, Астанаға – 13,5 % тиесілі. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметін белсенді пайдаланып жатыр.

2008 – 2009 жылдары 13,7 мың қарыз алушыларға сомасы 43 млрд. теңгеден астам тұрғын үй қарызы, оның ішінде Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 5,8 мың қарыз алушыларға жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден астам қарыз берілген (қарыз алушылардың жалпы санының 42 %).

Агенттік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірге жергілікті атқарушы органдар мен жеке инвесторлар арқылы тұрғын үйлер салу мен оларды сату схемаларын әзірледі.

Өңірлердің әкімдіктері осы тұрғын үй салу схемаларын қолдады.

Әкімдіктердің деректері бойынша 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының шамамен алынған бағасы Алматы қаласында 142,5 мың теңге, Астана және Ақтау қалаларында 112,5 мың теңге, ал қалған өңірлерде шамамен 90 мың теңге құрайды.

Тұрғын үй құрылысының соңғы бағасы жобалау-сметалық құжаттамамен және Мемлекеттік сараптамамен анықталатын болады.

Осы схемаларды іс жүзінде іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым келтірілген жер учаскелерін бөлуге тиіс.

Жеке инвесторлар салатын тұрғын үй құрылысының осындай тетігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін бүгінгі күні барлық өңірлерде пысықталып жатыр.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің деректері бойынша банк салымшыларының – тұрғын үйді әлеуетті сатып алушылардың саны осы уақытта шамамен 17 мың адам құрайды, ал көрсетілген жобаларды іске асырудың нәтижесінде 8 мыңнан астам пәтер ғана салынатын болады.

Өңірлерде пилоттық жобаларды іске асыру – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің әлеуетін пайдаланудың бірінші сатысы ғана екенін атап көрсету қажет, бұл іс жүзінде тұрғын үй құрылысының нақты схемаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаларды іске асыру асырудың нәтижелері бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының салынған тұрғын үйге төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін белгілі пулын қалыптастыруы тиіс, ол жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үй салуға мүдделігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Негізгі проблемаларды талдау.

Бүгінгі күні тұрғын үй құрылысындағы кемшіліктер мыналар болып табылады – ұсынысқа қарағанда тұрғын үйге сұраныстың алға шығуы мен артуы, халықта тұрғын үйді сатып алудың қолжетімді құралдарының болмауы (дағдарыс жағдайында ипотекалық кредит беру өлшемдері қатая түсті), сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығында үлестік құрылысқа қатысушылардың проблемалары әлі толық шешілген жоқ.

2010 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша 13650 үлескері бар 58 үлестік құрылыс объектісін, оның ішінде Астана қаласында 25 объектіні (5944 үлескер), Алматы қаласында 19 объектіні (3376 үлескер), басқа өңірлерде 14 объект (4330 үлескер) салып бітіру қажет.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Дүниежүзілік қаржы дағдарысының қайталануы құрылыс саласына әсер ететін сыртқы факторлар болып табылады, осының салдарынан құрылысқа инвестиция төмендейді. Бұдан басқа, дүниежүзілік нарықта құрылыс материалдарына бағаның өсуі тұрғын үй құрылысының қымбаттауына алып келеді.

Мердігерлік ұйымдардың өз міндеттемелерін сақтауы және тұрғын үй объектілерін салуға бюджеттен қаржылық қаражаттың уақытында аударылуы тұрғын үй құрылысын дамытуға әсер ететін ішкі факторлар болып табылады.

2-стратегиялық бағыт. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту. . .

Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын (бұдан әрі – ТКШ) 1993 жылға дейін мемлекет демеу қаржы бөлу арқылы қаржыландырып келген, бұл коммуналдық желілер мен объектілердің қатты тозуына алып келді. 1996 жылы ТКШ-те жүйелі реформалар басталды, бұл ТКШ-ге демеуқаржы беру қағидатынан бас тартуға және тұрғын үй қатынастарының сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ТКШ-ні одан әрі дамыту және жаңғырту мәселелері экономиканы дамытудың қазіргі кезеңінде де өзекті болып табылады.

Бүгінгі күні республикадағы ТКШ субъектілерді – ТКШ кәсіпорындарын басқарудың тиімсіз жүйесімен және олардың қанағаттанғысыз қаржылық жағдайымен, жоғары пайдалану шығындарымен және оларды төмендетуге экономикалық ынталандырудың болмауымен сипатталады.

Қолданыстағы желілер мен құрылғылар айтарлықтай тозған, бұл инженерлік коммуникацияларда авариялардың артуына және оларда жұмыстың тоқтауына, жаппай материалдық-техникалық ресурстардың артық жұмсалуына, энергия мен судың үлкен ысырабына алып келеді. Желілер және жүйе ғимараттарының жай-күйі, негізінен, коммуналдық қызметтерді ұсыну тұрақты және қажетті сападағы талаптарға сәйкес келмейді.

ТКШ саласының ірі, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін тартымдылығы аз болып қала бермек. Негізгі құралдардың әбден тозуы, қатаң реттелетін тарифтер кезінде өтелу мерзімінің ұзақ болуы, ұзақ мерзімді инвестициялау үшін заңнамалық базаның болмауы және өзге де факторлар экономиканың осы саласындағы қызметті дамытуға жеке капитал тартуды ынталандырмайды.

Сумен жабдықтау

Халықты кепілдікті сапада және қажетті көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша 47668,3 км, оның ішінде магистральдық су құбырлары 18859,6 км, тарататын су құбыры желілері 28808,7 км болады, оның ішінде 50 %-дан астам желілер ауыстыруды талап етеді.

Қалалық жерлердегі желілердің жалпы ұзындығы 27000,3 км, ауылдық жерлерде – 20668,0 км болады.

Су құбыры желілері 25-40 жыл бұрын пайдалануға берілген және олардың ішкі беті қорғалмаған (негізінен болат құбырлар). Сондықтан, тат басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, апаттардың артуына, судың шығындалуына мен ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.

Су бұру (кәріз)

Су құбырының жалпы ұзындығы республика бойынша – 14531,3 км, оның ішінде бас коллекторлардың ұзындығы – 4757,7 км, тарататын кәріз желілері 9773,6 км болады.

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) деректері бойынша 13 су қыбылдағышта тазарту құрылыстары мүлде жоқ, сондықтан сарқынды сулар тазартусыз жиналады.

Жылумен жабдықтау

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша республикада жылумен жабдықтау көздерінің (100 Гкал/сағат дейін жылуды ұдайы өндіретін қондырғылар) жалпы саны 2121 бірлікті құрайды, оларға орнатылған қазандықтар (электр қондырғылар) – 5493 бірлік. Барлығы жылумен жабдықтау кәсіпорындары 2009 жылы 95,4 млн. Гкал жылу энергиясын босатты.

Екі құбырлық деп есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзындығы 11,7 мың км, оның ішінде тарату желілері – 9,3 мың км (құбырдың диаметрі 400 мм дейін) болады, соның ішінде 1,6 мың км желі (немесе 13,9 %) ауыстыруды талап етеді. Соңғы жылдары жылу желілерін қайта жаңарту бойынша орындалған жұмыстардың көлемі оларды жаңғырту қажеттілігіне сәйкес келмейді.

Электрмен жабдықтау (0,4 киловольт (бұдан әрі – кВ) дейін).

ЖАО деректері бойынша тұтастай республикада электр энергиясын беру және жабдықтау (0,4 кВ дейінгі электр желісі объектілері) бойынша 92 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 33 кәсіпорны (35,9 %) жеке меншік нысанына, 59 кәсіпорын (64,1 %) коммуналдық меншікке жатады.

0,4 кВ дейінгі электр желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша 199,5 мың км құрайды, оның 18 %-ға жуығы авариялық жағдайда.

Газбен жабдықтау.

Газ желілерінің жалпы ұзындығы тұтастай республика бойынша 25895,1 км болады, оның ішінде 11200,3 км бір бағыттағы орамішілік (алаңішілік) желілер.

Бүгінгі күні табиғи газдың «иесіз қалған» газ құбырлары бар, оларды одан әрі күрделі жөндеу және ауыстыру мақсатында баланстық есепке алу қажет.

Моральдық және табиғи ескірген газ құбырлары мен құрылыстарының болуы авариялық жағдайдың өсуіне алып келеді. газ бөлу қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілмейді, газ бөлу жүйелерінің қызметін инспекциялау жүйесі жолға қойылмаған.

Негізгі проблемаларды талдау.

Сумен жабдықтау желілеріндегі авариялардың саны 2004 жылғы 20 мыңнан 2009 жылы 32,5 мыңға дейін өсті. Авариялардың жыл сайынғы өсімі 4-6 %.

Сонымен қатар, тұтынылатын сумен жабдықтау қызметін толық есепке алмау проблемасы бар.

Көптеген қолданыстағы тазарту құрылыстары өздерінің пайдалану ресурстарын тауысты және ауыстыруды талап етеді.

Желілер айтарлықтай тозғандықтан су бұру жүйелерінің авариясы өсіп отыр. 2009 жылы республика бойынша 4993 авария тіркелді.

Кейбір қолданыстағы электр желілерінің пайдалану мерзімі 40 жылдан асып кеткен. Желілердің қатты тозуы электр энергиясын берген кезде оның ысырабын арттырады.

Негізгі қорлардың тозуымен қатар нормативтен артық ысырап тиімсіз есептеуге алғышарт жасайтын коммерциялық ысыраптарға да байланысты.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту жөніндегі сыртқы факторларды қарасақ, онда дүниежүзілік капитал нарығында таяу арада болған дағдарысты, атап айтқанда Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция көлемінің төмендеуін және шетелдік компаниялардың қазақстандық нарықтан кетуін ескеру қажет.

Өз кезегінде бұрын басталған инвестициялық жобалар бойынша өтінім берілген қаражатты толық алмау тәуекелі, құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімдерін ұзарту тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға әсер ететін ішкі факторлар болуы мүмкін.

3-стратегиялық бағыт. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру.

Нормативтік-техникалық база.

Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту үшін жағдай жасауда қазіргі ғылыми жетістіктер мен техникалық жағынан дамыған елдердің оң тәжірибесіне негізделген сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтік құжаттар әзірлеуді (қайта өңдеуді) және қолданысқа енгізуді ұйымдастыру аса маңызды рөл атқарады.

1992 жылдан бастап осы уақытқа дейін отандық нормативтік-техникалық базаны қалыптастыру бойынша жұмыс екі негізгі бағыт бойынша жүргізіліп келеді:

бірінші – тәуелсіз мемлекеттер достығы елдерінің қатысуы шеңберінде Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ҚМҒТК) жұмысында нормативтік құжаттаманы әзірлеу. Бұл ретте 252 норматив қабылданды және қолданысқа енгізілді;

екінші – отандық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының күштерімен нормативтік құжаттаманы әзірлеу және қайта әзірлеу. 471 норматив әзірленді және қолданысқа енгізілді.

Бүгінгі таңда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 2224 құжат қолданылып жүр, оның ішінде жобалау мен құрылысқа арналған негізін құрайтын құжаттар – 371, баға жасау және смета бойынша – 561, стандарттар – 833, басқа құжаттар – 459.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы шамамен 258 нормативтік- техникалық құжаттармен реттеледі.

Негізгі проблемаларды талдау.

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциясы жолындағы ең елеулі кедергілерінің бірі нормативтік база, бақылау және қадағалау жүйесі, сондай-ақ сәйкестікті бағалау кіретін құрылыс саласын техникалық реттеудің ескірген және тиімсіз жүйесі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеудің барлық жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.

Алдағы реформада Қазақстанға құрылыстың қазіргі заманғы әлемдік практикасында жаңа технологияларды тиімді енгізу үшін кедергі деп танылған нормативтік реттеудің ұйғарылған әдісінен инновациялар мен эксперименттерді қолдану негізінде баламалы шешімдерді нормативтік қолдануды көздейтін нормалаудың прогрессивті параметрлік әдісіне кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыру қажет.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданыстағы нормативтік база өткен жүз жылдықтың 1970 – 1990-ыншы жылдары әзірленген және коммуналдық саланың объектілерін пайдалану мен басқарудың қазіргі заманғы талаптарына сай келмейді, сондай-ақ, коммуналдық қызмет көрсету нарығына барлық қатысушылардың құқықтық қатынастарын нашар реттейді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторын технологиялық дамыту, ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу және салыстырма шығындарды азайту үшін қазіргі заманғы нормативтік база құру және коммуналдық сала кәсіпорындарының қызметін реттейтін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін басқару және пайдалану нормативтерін кезеңдік қайта қарау қажет.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында нормативтік базаның техникалық деңгейіне ықпал ететін негізгі сыртқы факторлар жаңа құрылыс материалдары мен бұйымдарының, құрылыс өндірісінің технологиялары мен әдістері және озық жобалау шешімдерінің пайда болуы себепші болатын ғылымды, техника мен технологияны дамыту болып табылады.

Нормативтік-сметалық база.

Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуге тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушылары үшін экономикалық қатынастардың негізгі элементі болып табылады.

Құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесінің негізгі элементі сметалық-нормативтік база болып табылады.

1991 жылға дейін экономиканы көтерме бағалар мен тарифтерге, оның ішінде құрылыстағы жаңа сметалық нормалар мен бағаларға жоспарлы көшіру жүзеге асырылды. Құрылыстың жаңа сметалық нормалар мен бағаларға көшуі 1956, 1969, 1984 және 1991 жылдары жүзеге асырылды. Әр жағдайда құрылыстың орташа бағасы шамамен 20%-ға өсіп отырды.

1991 жыл ішінде құрылыстағы нақты баға 2-2,5 есеге өсті. 1992 және 1993 жылдары инфляцияның бірінші, ең үлкен толқыны келді. Бұл жылдары құрылыстағы бағалардың орташа өсуі бір ай ішінде 28 %-ды құрады. Бағалардың салыстырмалы түрде тұрақтануы 1997 – 1998 жылдары болды.

Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Қазақстанда алғаш рет 2001 жылғы баға деңгейінде, бюджеттік инвестициялар есебінен құрылыс құнын қалыптастыруға арналған 561 нормативтік-техникалық құжат санында өз сметалық-нормативтік базасы әзірленді. Материалдарға, бұйымдар мен конструкцияларға базалық баға негізі ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері қабылданды.

2009 жылы «SANA-2001» бағдарламалық қамтамасыз ету ұлғайтылып, толықтырылды және 12 бірлік норматив әзірленіп (қайта өңделіп), бекітілді:

құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар мен бағалар жинағы (3 жинақ);

жабдықтарды монтаждауға арналған бағалар жинағы (1 жинақ);

құрылысқа арналған жобалау жұмыстары бағаларының жинағы (7 бөлім);

материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға арналған сметалық бағалар жинағына толықтырулар мен өзгерістер;

құрылыс және монтаждау жұмысына арналған құрылыс нормаларына және бағалар жинағына толықтырулар мен өзгерістер.

Ағымдағы бағалардың базалық деңгейін қайта есептеу үшін «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) қолданылады. Базалық деңгейді қайта есептеу үшін АЕК-ні қолдану құрылыс үдерісінің түпкі өніміне негізсіз баға өсуін кідіртеді деп болжанған болатын. Уақыт көрсетіп отырғандай, АЕК құрылыс саласындағы ахуалды толық нақты көрсете алмайды.

2001 жылғы баға деңгейіндегі сметалық-нормативтік базаның қолданылуы кезеңінде Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалары өзгерді:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 91-П бұйрығымен енгізілген Құрылыс мамандықтары бойынша жұмыстар мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА-ның 3, 4-шығарылымдары);

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексі.

Темір жол тарифтерінің қымбаттауы, электр тасығыштарға, делдалдық қызметтерге бағалардың өсуі, уақтылы қаржыландырмау 2007 – 2008 жылдары құрылыстағы қымбатшылыққа алып келді.

Бұдан басқа, іс-материалдардың құны бойынша статистикалық деректер нарықтағы нақты бағалардан алуан түрде ерекшеленеді және бұл құрылыс фирмаларының дәл емес, әрі бұрмаланған статистикалық есептерінің нәтижесі болуы мүмкін.

Ресурстарға арналған бағалардың шынайы деңгейі мен мониторингін қалыптастыру және нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістерін жетілдіру қажет. Бұл үшін, басқа елдердің тәжірибесі бойынша, өңірлерде аумақты белгілері бойынша баға белгілеу монтиторингін жүргізу орынды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер.

Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері.

Кедендік Одақ шеңберінде Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясының процесі, ал болашақта ДСҰ отандық техникалық реттеу жүйесін (нормалар, ережелер мен стандарттар) түбегейлі жаңартуды, оны халықаралық нормалармен үйлестіруді талап етеді. Құрылыс және ТҚШ саласында техникалық нормативтерді қайта қараудың негізін қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері құрайды.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес құрылыс кешенінде тұрғын үй құрылысын, құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөнінде жүйелі шаралар белгіленген. Негізгі фактордың біреуі қазіргі заманғы индустриялық, сенімділік, жайлылық, ресурс және энергия тиімділік талаптарына сай келетін сәулет-құрылыс жүйесін таңдау болып табылады. Бұл ретте, осы мәселенің оңтайлы шешімі, сондай-ақ, жергілікті климаттық, гидрогеологиялық (сейсмикалық, топырақ ерекшеліктері, атмосфералық, әсіресе жел әсері) жағдайларына байланысты болады. Мысалы, техникалық жағынан күрделі объектілерді, оның ішінде көп қабатты ғимараттарды жобалау кезінде инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлардың ықтимал өзгерістерін болжап, геофизикалық зерттеулер мен егжей-тегжейлі инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізуді ескеріп, мұқият негіздемелер әзірлеу, сондай-ақ сенімді іргетас салу қажет. Алайда, Қазақстанда іргетас құрылысы жөнінде ғылыми орталықтардың дамымауы әртүрлі топырақ жағдайындағы негіздерде, оның ішінде шөкпе және үйілген топырақта, су басатын аумақтардың маңындағы көп қабатты ғимараттардың іргетасын салу жөнінде сенімді жобалау шешімдер бермейді және мұнда жаңа есептеу әдісін әзірлей отырып, күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда ғимараттар мен құрылыстардың негіздерін қолданылатын сорғыту схемаларын оңтайландыру жөнінде ғылыми әзірлемелердің маңызы зор.

Елімізде халық жиi орналасқан өңірлердің көптеген бөлігінде қатты жер сілкінісінің қаупі сондай-ақ, сейсмикалық төзімді құрылыс саласында зерттеулерді қарқынды етуді талап етеді. Сейсмикалық аудандарда қолданылатын құрылыс материалдары нарығын кеңейту нормативтік құжаттаманың талаптарын шұғыл жетілдіруді талап етеді. Мұндай жетілдіру ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ғана мүмкін.

Осы бағыттағы ең қызықты бағдарлар деп өте берік бетондарды, бетонды және темір-бетонды конструкцияларды таттанудан қорғау құралдарын, температураға төзімді және жылу оқшаулағыш бетондарды жасау саласындағы көп жоспарлы зерттеулерді, сондай-ақ, ультрадисперсті және макромолекулярлы құрамдас бөліктерді пайдаланып, түрлендірілген қоспаларды әзірлеу және қолдану жөніндегі көп жоспарлы зерттеулерді айтуға болады.

Сейсмикалық төзімді құрылыстың проблемаларын ғылыми шешумен қатар перспективалық дамуды болжау үшін қалалық елді мекендер мен олардың қала маңы аймақтарының кеңістік өзара байланыс процесін, нарық сұранысына бейімдеумен жаппай тұрғын үй құрылысы үшін икемді көлемдік-жоспарлы және сындарлы модульді жүйені зерттеу жөніндегі ғылыми әзірлемелерге байланысты мәселелер де маңызды.

ТКШ бойынша тұрғын үй қорының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың тұрақты және үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық секторындағы технологиялық артта қалуды жоюға бағытталған техника мен технологиялық шешімдерді жетілдіру үшін ғылыми негіздер әзірлеу қажеттілігі бар, бұл сайып келгенде ТКШ инвестициялық тартымдылықты арттырады.

Технологиялық артта қалуды жою мақсатында инженерлік желілерді қайта жаңарту мен олардың жұмыс тиімділігін арттыру мәселелерінде тұрғын үй-коммуналдық салада энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану, сондай-ақ тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың жаңа түрлерін, оларды шығару үшін озық технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу қажет.

Энергия және ресурс үнемдеу технологиялары – отын мен басқа энергия көзін, сондай-ақ шикізатты, материалды, ауаны, суды және өзге ресурстарды технологиялық мақсатта барынша аз пайдаланып, өнім шығаруды қамтамасыз ететін технология.

Мұндай технологиялар қайталама ресурстарды пайдалануға, қалдықтарды жоюға, сондай-ақ энергияны, сумен жабдықтаудың тұйықталған жүйесін рекуперациялауға және т.б. мүмкіндік береді. Табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға эмиссияны (ластаушы заттарды төгу, шығару, қоршаған ортада өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну, зиянды физикалық әсер) төмендетуге мүмкіндік туғызады.

Осындай зерттеулердің негізінде құрылыс және ТКШ саласында параметрлік құрылысты нормалау әдістемесін, сондай-ақ, шығындар мен тұтынудың және өндірістік ысыраптың нормаларын әзірлей және енгізе отырып, ұлттық нормативтерді жетілдіру қажет.

Құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалауды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы ғылыми құрылымдар белгіленетін болады және күшейтіледі.

Саланы ғылыми-техникалық дамыту мақсатында құрылыс саласындағы жаңа технологияларды әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулерді дамыту қамтамасыз етілетін болады.

Негізгі проблемаларды талдау.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды одан әрі азайту немесе тоқтату құрылыс тиімділігін төмендетуге әкеп соғады, бұл сапалы және сенімді өнімді пайдалануда халық пен қоғамның құқығын бұзуға алып келеді.

Қазақстанның сейсмикалық аудандары алаңдары бойынша 475 мың шаршы км, бұл республиканың жалпы алаңының 18 % құрайды. Сейсмикалық аудандарда тұратын халық саны 6000 мыңға жуық немесе Қазақстан халқының жалпы санының 38 %-ын құрайды.

Қазақстанның сейсмикалық аудандарында жалпы тұрғын үй қорының 37%-ы орналасқан, шамамен 28%-ы өнеркәсіптің өндірістік қоры және 29 %-ы ауыл шаруашылығының өндірістік қоры шоғырланған. Сейсмикалық белсенділігі жоғары аудандарда Қазақстан Республикасының Алматы, Өскемен, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Риддер сияқты ірі мәдениет және өндірістік орталықтары орналасқан және Қазақстанның Батысында да техногендік жер сілкінісі болуы ықтимал.

Сейсмикалық төзімді құрылыс саласында ғылыми зерттеулерді тоқтату адам өміріне қауіпті жоғарылатады.

Бұдан басқа, табиғи ресурстар мен өндірістік кәсіпорындардың қалдықтары шаруашылық айналымына тартылмай қалады.

ТКШ-тің қазіргі заманғы жағдайы басқаруда дағдарыстың бар екенін растайды, оған ресурстар ысырабының деңгейі жоғары, негізгі құралдардың жоғары апаттылығы, технологиялық артта қалушылық және ескірген нормативтік-техникалық база тән. Осыған орай, ТКШ-ні жаңғырту жағдайында озық инновациялық технологияларды тұрақты әзірлеу және енгізу саясатын іске қосу қажет, талдамалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жүргізбейінше бұл мүмкін емес.

Мысалы, зерттеулердің көкейкесті бағыттары жылу және электр энергиясы өндірісінің қазіргі заманғы технологияларын қолдану, жаңа энергия қондырғыларының, құрылымдық және жылу оқшаулағыш материалдардың базасында тарату және пайдалану, құрылыс құрылымы мен сапасын өзгерту және тұрғын үй қоры мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту (жөндеу) болып табылады.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді болашағында, сөзсіз, сәулет, қала құрылысы және құрылыс пен ТКШ саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер адамның тіршілігінде жайлы және қауіпсіз орта құруға мүмкіндік беретін ғылымды қажетсінетін технологиялардың көздері болып табылады.

Қалалық және ауылдық елді мекендерде тұрақты даму қағидаттарын қолдану басым шетел мемлекеттерінің тәжірибесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс пен ТКШ саласында инновациялық технологиялар әзірлеу процесінде ұлттық институттар мен өзге ғылыми ұйымдарды белсенді тартқаны туралы куәландырады. Біріншіден, бұл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құрылыстың жоғары мәдениетіне қол жеткізу тұрғысынан пайдалы.

Зерттеулер жаңа ғылыми әзірлемелер мен технологияларды енгізу үшін жағдай жасау арқылы құрылыс секторы мен ТКШ тиімділігін арттыруды растайды, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсерін тигізеді және мынадай бірқатар маңызды аспекттер бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

азаматтық және өндірістік объектілерді жобалау және салу мерзімдерін кеміту;

жобалау, құрылыс және пайдалану шығындарын төмендету;

энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеу;

құрылыс ақауларын азайту;

ғимараттар мен құрылыстардың тозуға төзімділігін арттыру;

жарақаттылық пен науқастануды азайту;

қалдықтарды және қоршаған ортаны ластауды төмендету;

ғимараттар мен құрылыстарды өмір сүруге, еңбек етуге және дем алуға пайдаланатын адамдардың жайлылық пен өнімділік деңгейлерін арттыру;

тұрғын үй-коммуналдық секторда технологиялық артта қалушылықты жою;

тұрғын үй қорының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың тұрақты және үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету;

ТКШ-ға инвестициялық тартымдылықты арттыру.

Сәулет-құрылыс бақылауы.

Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиялар санатын енгізу лицензиялау-рұқсат беру жүйесін жетілдіруді қамтиды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада («Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру» деген бөлім) лицензияларды санаттарға бөлу қарастырылған.

Бұл:

шағын және орта бизнес субъектілері үшін күрделі емес объектілерді жобалауға және салуға лицензия алуды оңайлатуға;

біліктілік пен кәсіптілігін дамытуда ынталандыруды қамтамасыз етуге;

көрсететін қызметінің сапасын, бірінші кезекте, тиісті біліктілігі бар субъектілермен күрделі жұмыс орындау есебінен кепілдік беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сәулет-құрылыс бақылау функцияларын жетілдіру.

Құрылыс заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау саласында озық халықаралық тәжірибеге сәйкес жергілікті қадағалау-бақылау органдарының мамандарын міндетті кезеңдік аттестаттауды жетілдіру болжамдалып отыр. Аттестаттаудың мақсаты Қазақстанның барлық аумағында жаппай қадағалау-бақылау қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі мен жеке жауапкершілігін қамтамасыз етеді және қадағалау мен бақылау жүйесінің негізі болуға тиіс.

Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарына қосымша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды (техникалық қадағалау, жобаларды сараптау, ғимараттар мен құрылыстардың тұрақтылығы мен сенімділігін бағалау жөніндегі сарапшылар) аттестаттаудан өткізу көзделіп отыр, оларға мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қолданылатын аттестаттау қағидалары қолданылатын болады.

2005 жылдан бастап бұрын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен лицензиялаудың бақылау функцияларының негізгі бөлігі жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, яғни уәкілетті орган республикалық маңызы бар салынып жатқан объектілердің сапасына, ал жергілікті орган жергілікті маңызы бар салынып жатқан объектілердің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Бұл ретте құрылыстың сапасына тапсырысшының бақылауын құрылысқа техникалық қадағалауды және объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы, сондай-ақ құрылысқа авторлық қадағалауды жүргізу жолымен жобалау құжаттамасын әзірлеушілер жүзеге асырады.

Осылайша, жергілікті атқарушы органдар атқарушы өкілеттігімен қатар бақылау өкілеттігін де іске асыруда, яғни құрылыс туралы шешім қабылдайды, құрылыстың сапасын тексереді және пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.

Лицензиардың функцияларын республикалық деңгейден облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың деңгейіне беру лицензиялау жүйесінде бірыңғай саясаттың болмауына алып келді. Жекелеген өңірлерде лицензиялау жүйесі арқылы құрылыс саласына біліктілігі жоқ әрі теріс пиғылды жобалау және құрылыс ұйымдары тартылып жатыр.

Көрсетілген мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жүйесін әлсіретті, бұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманы бұзушылықтың өсуіне және жергілікті маңызы бар объектілерде сапаның төмендеуіне әкеп соқты.

Құрылыс өнімдерiнiң (объектiлерiнiң) қауiпсiздiгi мен сапасы:

1) техникалық регламенттерде және құрылыс өнiмдерiне арналған стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарда белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтау;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау;

3) құрылыстағы инвестициялардың негiздемесiне сараптама жүргiзу және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалары;

4) сәулет-құрылыс бақылауы, техникалық және авторлық қадағалау;

5) жобалау мен құрылыста пайдаланылатын өнімдердi стандарттау;

6) құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға беру мен қабылдап алуды ұйымдастыру;

7) құрылыс техникасы мен технологиясын жетiлдiру;

8) жер сiлкiну қаупi бар аймақтар объектiлерiне паспорттар беру;

9) пайдаланылып отырған не құрылысы тоқтатылған және өзге де құрылысы аяқталмаған объектiлердiң жай-күйiн тексеру мен байқау, нормативтiк сипаттамаларды қамтамасыз ету мақсатында араласу арқылы қамтамасыз етiледi.

Құрылысты салудың (тоқтатып қоюдың) бүкiл кезеңi мен объектiлердiң қызмет (пайдалану) мерзiмi iшiнде меншiк иелерi (тапсырысшылар, иеленушiлер, жалдаушылар, жалға алушылар) олардың сапасының мынадай негiзгi сипаттамаларын:

1) жұмыс жүргiзу мен күтiп ұстауды қоса алғанда, тұрғызу және пайдалану кезiндегi қауiпсiздiгiн;

2) еңбектi қорғау талаптарына сәйкестiгiн;

3) жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы мен сенiмдiлiгiн;

4) экологиялық талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Аумақтық жоспарлау және елді мекендердің қала құрылысын дамыту.

Қазақстан Республикасында аумақты оңтайлы ұйымдастыру және өндірістік күштерді орналастыру, сондай-ақ заңнамаға сәйкес өңірлік схемалар әзірлеу және іске асыру мақсатында басты қала құрылысы құжаты – Бас схема әзірлеу қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде 2010 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бастау көзделген. Бүгінгі күні оны әзірлеу жөніндегі ұсынымдар бекітілді.

2010 жылы Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын әзірлеу тұжырымдамасы әзірленді.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес бас жоспарлар бекітілген Бас схемаға сәйкес әзірленуге тиіс.

Соңғы жылдардың ішінде бас жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз ету және бекіту жөнінде айтарлықтай жұмыс жасалды. Сонымен, 2009 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Астана, Алматы қалалары және 13 облыс орталығы бас жоспарлармен қамтамасыз етілген. Тараз қаласының бас жоспарын келісу және бекіту сатысы жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жлығы 16 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру қажет.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры (бұдан әрі – МҚК) Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасында мынадай үш (республикалық, облыстық және базалық) аумақтық деңгейдегі бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.

МҚК жүргізу салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендер мониторингінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Уәкілетті орган Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру бойынша басшылық құжаттарын әзірледі және жаңартты, алайда 8 қалада (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Талдықорған, Орал, Қарағанды) ғана МҚК тиісті деңгейде жүргізіліп отыр. 2011 – 2012 жылдары республикалық деңгейдегі МҚК әзірлеуді қаржыландыру көзделген, ал облыстық және базалық деңгейлердегі МКҚ құру және жүргізу жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2010 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы, сондай-ақ, облыстық және базалық деңгейлерді біріктіретін республикалық деңгейдегі МҚК жоқ.

Бас схема елімізді перспективалық аумақтық ұйымдастырудың стратегиялық мәселелерін қарайды және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру мақсатында елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға қамтамасыз етуге бағытталған шараларды белгілейді.

МҚК міндеттері қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамаларын жүйелі жинау және есепке алу арқылы тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бірлікке (аумаққа) сәйкес келетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде бірыңғай, аумақтық таратылған, Қазақстан Республикасының тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бөлінісіне сәйкес келетін ақпараттық жүйе қалыптастыру, осы салада мемлекеттік басқаруды тікелей іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері үшін ақпарат берудің ашық және қол жетімді жүйесін құру, сондай-ақ жоспарлау мен құрылыста ақпараттық жүйені одан әрі пайдалану болып табылады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен
...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconСтроительные нормы Республики Казахстан
...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінiң 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары
...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер
...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconКейбір шет елдердегі құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік сарапатама жүргізу тәжірибесі туралы
Рады. Ақпарат әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарда келтірілген, сондай-ақ тәжірибе алмасу тәртібімен Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
«Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница