Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды




Скачать 492.75 Kb.
НазваниеАвтореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды
страница1/3
докторы А Т
Дата конвертации07.02.2016
Размер492.75 Kb.
ТипАвтореферат
источникhttp://www.iie.kz/userfiles/avtoref2010.doc
  1   2   3


ӘӨЖ 94:314.7/8](574) Қолжазба құқығында


Ниязханқызы Гүлжанат




Қазақстан Республикасындағы көші-қон және оның әлеуметтік-демографиялық дамуға әсері (1991-2009 жылдар)


07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін


дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ





Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010



Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихи демография және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде орындалды.



Ғылыми жетекші:

ҚР ҰҒА академигі, тарих

ғылымдарының докторы, профессор

М.Х. Асылбеков



Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Т.О. Омарбеков


тарих ғылымдарының кандидаты

Қ.Қ. Сүлейменова






Жетекші ұйым:

Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті



Диссертация 2010 жылы «29» сәуір күні сағат 14-00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңесінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады. (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29)


Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева

КІРІСПЕ




Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Тәуелсіз Қазақстанның алдында жүзден астам ұлт өкілдерінен тұратын халықтың болашағын қамтамасыз ету, экономикалық-нарықтық қатынасты негіздеу, ұлтаралық қатынастарды заман талабына сай ілгері дамыту мәселесімен бірге, ел қоғамындағы әлеуметтік-демографиялық ахуалды жақсарту да үлкен міндет.

Қазақстанның егемендік алуымен бірге басқа ұлт өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына, алыс-жақын шетелдерге қоныс аударуы басталды. Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму бағыттарындағы орасан зор ғаламдық өзгерістер көші-қон мәселелерін күрделендіріп жіберді: көші-қон көлемдері мен оның толқындарының бағыттары ғана өзгеріп қойған жоқ, сондай-ақ амалсыз көші-қон, жер ауып келген халықтардың қайта кетуі, экологиялық және басқа себептер бойынша жаңа көші-қон түрлері пайда болды. Сондықтан, зерттеу жұмысында Қазақстандағы көші-қон процесінің 1991-2009 жж. барысы, себептері, үрдістері, нәтижелері сараланады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолы жеңіл бола қойған жоқ. Демографиялық ахуалға кезінде кері әсерін тигізген әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздің негізгі байлығы болып табылатын - адамдар ресурстары жағдайын да көрініс тапты. Жеке дербес мемлекет болып қалыптасып, дамып, өз саясатын жүргізе бастаған Қазақстанға алғашқы күннен бастап-ақ терең тарихы бар көші-қон мәселелеріне қатысты өз бағытын айқындауға тура келді. Егеменді Қазақстанның көші-қондық қозғалысына он сегіз жыл, оның өзіндік тарихы бар, оны өзіндік «кезеңдерге» бөліп, динамикасын, бағыттары мен көлемін талдау қажет. Қазақстан Республикасындағы көші-қонның себептері мен нәтижелері қандай, көші-қонның, кеңірек алсақ, демографиялық және әлеуметтік дамудың болашағы нені меңзейді? Осы сұрақтарға жауап алмайынша, тиімді де сенімді мемлекеттік саясат жүргізу мүмкін емес. Сондықтан да өзара байланыста болатын көші-қон мен демографиялық жағдайлардың арақатынасының соңғы кеңестік санақ кезінен бергі барысын көрсете отырып, негізгі заңдылықтары мен үрдісін анықтау өзекті мәселе болып табылады.


ХХ ғ. соңғы онжылдығында республика халқы 1.2 миллионнан аса адамға кеміп, келгені мен кеткені 3.6 миллионға жуық (1991-2000 жж. иммигранттар - 807 мың, эмигранттар – 2772 мың, барлығы – 3579 мың) адам көшіп-қонды. Республика ішіндегі көші-қон толқындары да едәуір өсе түсуде. Республикадан басқа мемлекеттерге қоныс аударушылардың басым бөлігі еңбек жасындағылар, қажетті мамандық иелері, ғылыми сала қызметкерлері. Бұл процесс көші-қоншылардың келген және шыққан жерлеріндегі этникалық құрылымына, халықтың білім деңгейі мен жастық-жыныстық, әлеуметтік құрылымына, некеге тұру деңгейінің өзгерістеріне және табиғи өсім үрдістеріне әсер етеді. Өз кезегінде халықтың жастық-жыныстық құрамы көші-қоншылардың белсенділігін айқындайды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 ж. 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында барша әлемді алаңдатқан күйзеліс кезеңінен шығудың жолдарын қарастыра отырып, біздің болашағымыздағы ең басты мәселе ретінде елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуді атап көрсетеді [1]. Әлеуметтік тұрақтылықтың еліміздің негізгі байлығы – халық санының өсіміне тигізер әсері оң болмақ. Ал, халықтың өсімі – мемлекеттің алдында тұрған үлкен мәселе. Оны шешу – заман талабы. Өйткені, осыншама кең-байтақ жеріміз бола тұрып, халықтың саны өспесе, ұлт болшағына үлкен қатер төнетіндігі сөзсіз. Осы мақсаттарға жетуде халықтың табиғи өсімімен қатар, елдегі этнодемографиялық дамудың қозғаушы күштерінің бірі – көші-қон құбылыстарын реттеу өте маңызды.

Көші-қон процесіне байланысты Қазақстан республикасы да салиқалы саясат жүргізе бастады. Ол саясат халықтардың орналасуына, тұрғындар өмір сүрген жердегі саяси, экономикалық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты жүргізіледі және әртүрлі нысанда көрініс табуда. Бұл үрдісті жүргізу тетігі мемлекеттік деңгейде сараланып, көші-қон мен халықты орналастыруға байланысты мәселелердің мәні мен маңызы барлық ғылыми білімдердің қарастыратын мәселесіне айналуда. Сондықтан да, 1991-2009 жж. көші-қонның Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-демографиялық дамуға әсерін зерттеу Отан тарихы ғылымының тарихи демография саласындағы өзекті мәселелерінің бірі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық тарихнамада көрсетілген мерзімдегі Қазақстандағы көші-қон процестерінің мәселелеріне байланысты арнайы зерттеулер, тарихи демографиялық бағыт бойынша, жеткілікті түрде жүргізілді деп айта алмаймыз. Тарихи демография арнайы сала ретінде қалыптаса бастаған ХХ ғ. 70-80-жж. бері осы тақырыпқа ішінара болса да тоқталып, халықтың этнодемографиялық дамуы мәселесін қарастырған жалпы және диссертациялық зерттеулер жариялануда. Бірақ көші-қон проблемасы арнайы ғылыми зерттеуге әлі түскен жоқ. Бұл диссертациялық жұмыста ХХ ғ. соңынан осы күнге дейінгі көші-қон процестерінің ерекшелігі зерттелетіндіктен, мәселеге қатысты тарихнамалық еңбектерді кеңес дәуіріндегі және қазіргі кезеңдегі зерттеулер деп екі топқа бөле талдаймыз.

Кеңестік замандағы еліміздің демографиялық даму барысына арналған зерттеулерде негізінен Қазақстан Кеңес Одағының құрамдас бөлігі ретінде қаралып, басқа ұлт өкілдерін қоныстандырудың барысы мен қорытындылары кеңестік саясат негізінде жүргізілген шаралардың оңды нәтижесі деп көрсетілді. Мұндай бағытқа Н.В. Алексеенконың, Н.Ф. Голиков пен А.И. Седловскийдің, Н.Ф. Голиков, Б.Я. Двоскин және М.Д. Спектордың, Ф.Н. Базанованың, Е.И. Гладышеваның [2] және т.б. зерттеулері жатады.

Қазақстандағы әр кезеңдердегі, соның ішінде оның кеңестік дәуір уақытындағы демографиялық ахуалдың әр бағыттары, оларды жақсартудың шаралары мен ұсыныстары, осы саладағы ғылыми тұжырымдар мен сараптамалар көптеген диссертациялық зерттеулердің тақырыбына айналды. А.Н. Алексеенко, Е.Г. Васильева, Б.Б. Мананов, М.М. Тажин, Г.В. Кан, В.В. Козина, М.К. Төлекова, М.Н. Сдықов, А.И. Құдайбергенова, Б.Р. Найманбаев, Қ.М. Ерімбетова, Қ.А. Еңсенов, А.И. Каржаубаева, З.Ә. Сабданбекова, Қ.Қ. Сүлейменова, О.Д. Табылдиева, Ш.А. Сәлімгереева және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде Қазақстандағы халық санының өсіп-өнуі, табиғи және механикалық қозғалыстың барысы мен салдарларына талдау жасалынып, республика тұрғындарының демографиялық ахуалы мен көші-қон түрлеріне ғылыми тұрғыда баға берілуде [3.

Егемендік жағдайында Қазақстандағы демографиялық құбылыстарды зерттеуге арналған еңбектердің көпшілігінде Қазақстандағы этно-демографиялық даму тарихына талдау жасалынып, қазақ жерінің көп ұлт өкілдері мекеніне айналуының барысы, оның кері әсерлері сараланған. Мысалы, Қазақстандағы кеңес кезеңіндегі демографиялық ахуалға талдау жасалған М.Х. Асылбеков пен Ә.Б. Ғалидың, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың, республиканың Орталық аймағындағы демографиялық дамудың тарихы баяндалған В.В. Козинаның зерттеуі де осы мақсатта жазылған. Т. Жұмасұлтанов пен А. Ибраеваның зерттеуінде көне заманнан ХХІ ғ. басына дейінгі Қазақстан тұрғындарының қалыптасу тарихына жалпы шолу жасалса, М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның бірлескен ғылыми зерттеулерінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі демографиялық өзгерістер мен оның барысы, маңызы, республикадағы қазақтардың әлеуметтік-демографиялық дамуы қарастырылып, Қазақстандағы ХХ ғ. 80-90 жж. демографиялық құбылыстардың қарама-қайшы жақтарына ғылыми талдау жасалынған [4].

Отан тарихының әдістемелік, теориялық және қолданбалы мәселесін өңдеу барысында тарих ғылымының өзекті мәселелеріне байланысты әдіснамалық тұжырымдар С.Ф. Мажитовтың зерттеулерінде көрсетіледі [5, 10-29-бб.].

Туған отанынан тыс жерлерде өмір сүруге мәжбүр болған қазақтардың тарихы мен ұрпақтарының қазіргі күнгі жағдайлары саясат пен ұлттық демографиялық зерделеу негізінде еліміздің тарихы, руханияты, ұлттық сана мен болмысы және ділімен қатар көші-қон мәселесі де бірқатар ғалымдар еңбектерінде талдануда. Авторлар республика халқының қазіргі кезеңдегі өсу динамикасына шолу жасай отырып, көші-қон мәселесінің тіршілік талабы екендігін қоғам дамуының заңдылықтарына орай көрсеткен [6].

Зерттеу жұмысында тақырыпқа байланысты жарық көрген еңбектер мен зерттеулер салыстырмалы тұрғыда жүйеленіп, сараланып берілді. Бірақ, тарих ғылымының зерттеу бағыттарының бірі болып табылатын тарихи демографиялық мәселелердің ішінде 1991-2009 жж. қөші-қон мәселесі және оның Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық дамуға әсері дәйекті түрде осы күнге дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасындағы халықтың саны мен құрамына көші-қон процесінің тигізген әсері кезеңдерге бөліне отырылып, алғаш рет осы диссертациялық жұмыста арнайы ғылыми зерделеуге түседі.

Зерттеудің деректік негізі. Еңбек көптеген және әртүрлі деректерге негізделіп жазылды, олардың ең бастылары:

1. Көші-қон процесін реттеу мен бақылауды жүйеге келтіру жолындағы мемлекеттік көші-қон саясатын құқықтық қамсыздандыру мақсатында қабылданған заңдық құжаттар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылары мен Үкімет пен басшы органдардың заңдық актілері, ережелері мен әртүрлі құжаттары. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Халқымыздың көші-қоны туралы» Заңы (1997 ж. 13 желтоқсан), ҚР көші-қон саясатының Тұжырымдамасы (2000 ж. 5 қыркүйек), ҚР көші-қон саясатының 2001-2010 жж. арналған салалық Бағдарламасы (2001 ж. 29 қазан) мен «Нұрлы көш» Бағдарламасы және т.б.

2. Мұрағат қорларының мәліметтері. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қр президенті мұрағаты, ҚР Ұлттық мұрағаты, сондай-ақ, облыстық мұрағаттар, соның ішінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстық, Семей қалалық мұрағаттар қорларындағы құжаттармен жұмыстар атқарылды. Мысалы, ҚР Ұлттық мұрағатындағы «Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті» деп аталатын 53-қорда 1992 ж. 15 желтоқсанында құрылған Еңбек министрлігі Көші-қон департаментінің, 1997 ж. 8 желтоқсанда ҚР Президентінің № 3783 Жарғысы бойынша құрылған ҚР Көші-қон және демография жөніндегі Агенттіктің, 2004 ж. әкімшілік реформаларының негізінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті болып қайта құрылған мекемелердің 1998-2004 жж. құжаттары сақтаулы. Диссер-тациялық жұмыста осы қордың ҚР Президентінің, үкіметтің көші-қонға байланысты шешімдері, оралмандарға, босқындарға, азаматтығы жоқ азаматтарға және т.б. қатысты құжаттары пайдаланылды. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық мұрағатындағы 64-қорда тәуелсіздік жылдарындағы статистикалық мәліметтер, соның ішінде, қайта құрылып, жылдарға сәйкес атаулары өзгеріп отырған: 1990-1996 жж. ҚР статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті, 1996 ж. ҚР Ұлттық статистика агенттігі, 1997 ж. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттіктің статистика мен талдау жөніндегі комитеті, 1998 ж. қайтадан ҚР Ұлттық статистика агенттігі аталған мекеменің құжаттары жинақталуда. Диссертацияда 64-қорда жинақталған осы ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің құжаттары қолданылды.

Кеңестік дәуірдің соңғы кезеңіне қатысты мәліметтер ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы 698-қорында (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Орталық статистикалық басқарма), 1987-қорында (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің еңбек ресурстарын реттеу жөніндегі Мемлекеттік Комитет) шаруашылықты реттеуге байланысты көшірілгендер туралы мәліметтердің ішінде Қазақстанға қатысты мағлұматтар кездеседі.

Кезіндегі Семей облыстық мемлекеттік мұрағат, ал қазіргі Шығыс Қазақстан облысы қазіргі заман тарихы құжаттама орталығының (ШҚОҚЗТҚО) 615-қоры «Семей облыстық атқару комитетінің статистикалық басқармасы» деп аталады. Бұл қорда жинақталған мұрағат деректері облыс көлеміндегі халықтың құрамындағы өзгерістері, соның ішінде халықтың көші-қоны туралы мағлұмат алуға көмектесті. Ядролық қарудың зардаптарынан демографиялық ахуалы нашарлаған Семей жері халқының құрамындағы өзгерісті нақтылаудағы бұл құжаттардың маңызы зор. Осы мұрағаттың 652-«Семей облысы атқару комитетіндегі жұмыс күшін тіркеу және бөлу бюросының» қорында көшіп келушілердің саны және әлеуметтік, ұлттық құрамы жөніндегі материалдар жинақталған. Сондай-ақ, осы мұрағаттағы «Семей облыстық әкімдік аппаратының» құжаттары сақталынған 810-қордағы сандық және мәтіндік мәліметтер осы аймақтан халықтың сыртқа көші-қонының мөлшерін нақтылауға дерек болды.

3. Жарияланған статистикалық еңбектер, 1989 және 1999 жж. санақтар материалдары мен Статистикалық агенттіктің ағымдағы мәліметтері қолданылды. 2009 ж. Қазақстанда екінші ұлттық халық санағы өтті. Санақ материалдары әлі жарияланған жоқ. Бірақ, негізгі қорытынды көрсеткіштер баспасөз беттерінде айтыла бастады. Диссертацияда осы санақтың мәліметтері де мүмкіндігінше қолданылды.

4. Тақырыпты талдауда, сондай-ақ, баспасөз беттерінде жарияланған экономикалық, әлеуметтiк, ұлттық және демографиялық және көші-қон саясаты жөнiндегi материалдар, 1989-2009 жж. республика, жекелеген облыстар, аудандар бойынша көші-қон мәселесі көтерілген мақалалар, хабарламалар және басқа да баспасөз мәлiметтерi зерттеу жұмысын жазуға кеңінен пайдаланылды. Сонымен зерттеу жұмысында өзара бірін-бірі толықтыратын, әрі нақтыландыратын деректер қолданылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасында жүрген көші-қон процесін, оның түрлері мен барысын, нәтижелерін, оның елдің әлеуметтік-демографиялық дамуға әсерін анықтап, кешенді түрде зерттеу; еліміздегі көші-қонның түрлеріне орай, осы процестің барысы мен тұрғындардың ұлттық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістері мен әлеуметтiк-психологиялық тұрғыдан тұрғындардың басынан өткізудегі күрделi тарихи-демографиялық даму үрдiстерiн жүйелi зерделеу. Осыған орай диссертациялық зерттеуде төмендегi мiндеттердi жүзеге асыру көзделдi:

  • Қазіргі әдістемелік қағидалар тұрғысынан республикадағы көші-қон процестері мәселесін зерттеушiлердiң тарихи-демографиялық, тарихи және әлеуметтік-саяси негiздегi еңбектеріндегі зерттелу деңгейін талдау;

  • Қазақстандағы кеңестік дәуірдің соңғы жылдарындағы (1989-1991 жж.) сыртқы және ішкі көші-қон процесін және оның әсерін қорытындылау;

  • 1991-2009 жж. көші-қон процестері динамикасының негізгі факторларын ашып көрсету;

  • 1991-2009 жж. көшi-қон үрдiстерiнiң ерекшеліктерін, барысын және нәтижелерін кезеңдерге бөле отырып айқындау;

  • Көшi-қон процестерінің негізгі бағыттарын, түрлерін анықтап, аймақтық ерекшеліктерін саралау;

  • Тәуелсіздік кезеңіндегі көші-қон процестерінің халық санының динамикасы мен жастық, жыныстық, территориялық орналасуы, білім деңгейі және т.б. құрамының өзгеруіне ықпалын анықтау;

  • Кіші қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының көші-қон мен өз кезегінде халық санының динамикасына әсерін көрсету;

  • 1991-2009 жж. көшi-қон ағындарын республика тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер етушi негізгі фактор ретінде негіздеу;

  • Зерттеудің мерзімдік шеңберіндегi Қазақстанның әлеуметтiк дамуына көші-қон процесінің әсерін нақтылау;

Көші-қон процестерінің өркениетті даму жолындағы тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiне сай, ұлттық саясатты жүргізудің тұжырымдамасы ретiнде практикада қолдануға болатын iс-шаралар бағыттарының қалыптасуындағы маңыздылығын көрсету.

Жұмыстың әдістемелік негіздері. Зерттеу тарихилық, жан-жақтылық, объективтілік және басқа ғылыми методологиялық қағидалары сүйеніп жүргізілді. Тарих ғылымындағы зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы жүйелілік-құрылымдық, салыстырмалы-тарихилық және т.б. әдістемелік талаптарына сай іске асырылды. Зерттеудің басты әдістемелік негізін демографиялық-статистикалық талдау, салыстырмалы зерттеу және нақтылығын анықтау әдістері құрады. Әдістер кешенінің қолданылуы пайдаланылған әдебиеттердің сипаттамасына орай анықталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияда 1991-2009 жж. көші-қон процестерінің барысын көрсете отырып, осы процестің Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдайға әсерін алғаш рет жан-жақты баға беруге әрекет жасалынды. Нақтылап айтқанда:

  • республикадағы көші-қон процестері мәселесіне арналған зерттеу-шiлердiң тарихи-демографиялық, тарихи және әлеуметтік-саяси негiздегi еңбектері объективті түрде талданды;

  • Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік көші-қон саясатының құқықтық қамсыздандырылу барысы талданып, оны қадағалау тетіктерін жетілдіру жолындағы мемлекеттік іс-шаралар сараланды;

  • 1989 ж. кеңестік соңғы санақтан тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы көші-қон процестерінің барысы мен ерекшеліктері нақтыланды;

  • 1991-2009 жж. аралығындағы республикадағы көші-қонның ерекшелігі, барысы мен негізгі үрдістері екі кезеңге бөліне отырып анықталынды;

  • Қазақстандағы көрсетілген кезеңдегі көші-қон құбылыстарының облыс, аудандар бойынша қозғалысына талдау жасалынды;

  • 1991-2009 жж. көші-қон процестері динамикасының негізгі факторлары ашып көрсетілді;

  • ХХ ғ. соңы ХХІ ғ. басында Қазақстанда көрініс тапқан көшi-қон процес-терінің түрлері нақтыланып, талданды;

  • Аталған мақсатта көрсетілген мерзімдегі шетелдерден тарихи отандарына қайтып оралған отандастарымыздың еңбекке араласуы бағытындағы атқарылған істері сараланды;

  • Республикаға осы уақыттағы келгендер мен кеткендердің жас мөлшер-леріне, білім дәрежелеріне талдау жасалынды;

  • 1991-2009 жж. көшi-қон ағындары республика тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық дамуына, әсіресе, оның саны мен сапалық көрсет-кіштеріне, ең алдымен, ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер етушi негізгі фактор ретінде негізделді.

Зерттеу нысаны 1989-2009 жж. аралығындағы республикадағы көші-қон құбылыстары, оның көлемі, негізгі үрдістері, түрлері, нәтижелері мен әсерлері, қорытындысы мен заңдылықтары негізінде Қазақстандағы көші-қон процесінің ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу пәні 1991-2009 жж. Қазақстандағы көші-қон процестерінің түрлері мен нәтижелеріне тарихи демографиялық тұрғыдан талдау жасау.

Зерттеудің қорғауға ұсынылатын тұжырымдары:

– ХХ ғ. соңына қарай Қазақстанда жүрген саяси ірі оқиға – тәуелсіздіктің жариялануы көші-қон құбылыстарының белсенді жаңа түрлерін туындатып, республика тұрғындарының ұлттық құрамының өзгеруіне елеулі әсер етті;

– Тәуелсіздік жылдарындағы көші-қон процестерінің негізгі векторлары кеңестік дәуірмен салыстырғанда кері бағытта болды;

– Кеңес өкіметінің асыра сілтеушілік саяси науқандарының, ашаршылық, індет, ауа көшу секілді апаттарының нәтижесінде сыртқа кеткен отандас-тарымыздың қайта оралуына негізделген көші-қон түрі пайда болып, қазақ халқының үлесінің өсуіне оң әсерін тигізді;

– Әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде қуғын-сүргінге ұшырап депортацияланған, еңбек лагерлеріне күштеп жер аударылған көші-қоншылардың ұрпақтарының өздерінің тарихи отандарына кері көші-қоны – парасатты құбылыс;

– 1991-2009 жж. аралығындағы республикадағы көші-қондағы ерекшелік – ішкі көші-қонда село-қала бағыты ерекше белсендірілді, деурбаниязациялану процесі тоқтатылды;

– Қазақтар тұңғыш рет, кейінгі сексен үш жылдан аса мерзімдегі тарихында Қазақстан халқының көпэтникалық құрамы жөнінен өзінің тарихи аумағында көпшілік бола алды;

– 1991-2009 жж. көшi-қон ағындары республика тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер етушi негізгі факторға сай болды;

– Аталған кезеңдегi Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық, саяси дамуының аймақтарға тән ерекшеліктері ішкі көші-қон процестеріне әсер етті;

– ХХ ғ. соңына қарай елдегі жағдай бірсыдырғы тұрақтанып, 2004 ж. бастап механикалық және табиғи өсімнің оң айырымына өтуі байқалды.

Диссертацияның территориялық ауқымы 1991-2009 жж. арасындағы болған әкімшілік-территориялық өзгерістердің негізіндегі Қазақстанның қазіргі территориясын, яғни, 14 облыс пен республикалық деңгейдегі Астана және Алматы қалаларын қамтиды.

Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1991-2009 жж. қамтиды. Еңбек Қазақстан Республикасындағы халық санының динамикасына әсер еткен көшi-қон процестері мен оның әлеуметтік-демографиялық дамуға әсерін зерттеуге арналғандықтан, 1991 ж. бастау керек болғанымен, 1989 ж. санақ мәлімет-терімен салыстыру қажеттілігіне орай, мерзімдік шеңбері осы 1989 жылдан басталады. 2009 ж. Қазақстан Республикасының екінші ұлттық санағы өтті. Бұл санақтың мәліметтері әлі толық жарияланған жоқ. Соған қарамастан, статистикалық агенттіктің ағымдық мәліметтеріне сүйене отырып, 2009 ж. диссертациялық жұмыстың соңғы мерзімдік шекарасы ретінде алдық.

Зерттеу жұмысының қолданыстық маңызы. Зерттеуде ұсынылған мәліметтер, жасалған қорытындылар мен тұжырымдарды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы, оның арнайы курстары, тарихи демография, әлеуметтану, деректану, саясаттану пәндерi бойынша оқылатын дәрістер мен семинарларында пайдалануға болады. Көші-қоншылар, оның ішінде оралмандарға, сыртқы, республика iшілік көшi-қонға байланысты ғылыми мәлiметтердi жалпы зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.

Жұмыстың сыннан өтуі. Диссертация ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстанның тарихи демография және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде орындалып, талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды. Зерттеудің жалпы мазмұны Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімдегі 4 ғылыми басылымдарда жарияланды. Халықаралық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конфер-енцияларда 5 баяндама ретінде ғылыми көпшілік назарына ұсынылды.

Диссертацияның құрылымы кіріспеден, қысқартылған сөздерден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

  1   2   3

Похожие:

Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2010 жылы «24» қыркүйекте таратылды
...
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2010 жылы қыркүйекте таратылды
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2010 жылы қыркүйекте таратылды
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2007 жылы «19» қыркүйекте таратылды
Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми...
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2010 жылдың «28» қазан айында таратылды
Нәрестелердің қалыпты микрофлорасының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі колибактериофагтардың маңызы
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2010 жылы «15»
Диссертация 2010 жылы «3» шілде сағат 10. 00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының...
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2010 жылы
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасында орындалды
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconАвтореферат 2008 жылѓы 20 мамырда таратылды
Ж±мыс Абай атындаѓы Ќазаќ ±лттыќ педагогикалыќ университетініњ теориялыќ жєне ќолданбалы саясаттану кафедрасында орындалѓан
Автореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды iconРеферат 2012 жылы «10» мамырда таратылды
Педагогика жғне психология магистрі академиялық дғрежесін алу ‰шін дайындалѓан диссертацияныњ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница