Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің




Скачать 306.13 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
страница1/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер306.13 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/283/strateg_plan_kaz.doc
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің мәжілісінде мақұлданған

2008 жылғы «11» наурыз

№ 9 хаттама


Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің

2008 – 2010 жылдарға арналған

стратегиялық даму жоспары


Астана, 2008ж.


Мазмұны


1.

Миссия

3

2.

Көкжиек

3

3.

Ағымдағы жағдайжы талдау

3

4.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары мен нысаналы индикаторлары

8

5.

Функционалдық мүмкіндіктер

16

6.

Ықтимал тәуекелдер

17

7.

Негізге алынып стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі



20




  1. Мисссия


Қазақстан Республикасы Эоконмика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің миссиясы – ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізуге және орнықты экономикалық өсуге ықпал ететін экономикалық саясат, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту.


2. Көкжиек


Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жсопарлау министрлігі – Қазақстан Республикасының әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруіне ықпал ететін стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жетілдіру жөніндегі салааралық және өңіраралық үйлестіруді кәсіби жүзеге асыратын мемлекеттік орган.


  1. Ағымдағы жағдайды талдау


Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайлардың өзгеруінің келеңсіз әсерін бастан өткеріп отыр. Бұл факторлардың макроэкономикалық теңгерімді бұзуы үшін айтарлықтай қатері бар, өйткені инфляцияның өсу қаупі, теңгенің айырбас бағамының шектен тыс нығаюы, экономиканың шикізат емес сектеорларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі күшейіп отыр.

Мұнайға әлемдік баға 2007 жылғы қаітар-желтоқсанда 46,8 %-ға, металдарға – 2,3 %-ға өсті. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2007 жылдың қорытындылары бойынша 2006 жылғы 8,6%-бен салыстырғанда 10,8%-ды құрады.

Бұл құбылыстар ел ішіндегі макроэкономикалық дамудың қазіргі теңгерімсіздігімен «қат-қабат» келді.

Экономикалық өсудің жартысына жуығы құрылыс пен қаржы салаларының жоғары үлесімен қамтамасыз етілді.

Жалақының өсу қарқыны еңбек қнімділігінің өсу қарқынан басып озды, бұл жағдай инфляциялық қысымның ұлғаюына міндетті түрде әкеліп соғады. 2007 жылдың 11 айында орташа нақты жалақы 17,3%-ға артса, ал еңбек өнімділігі 7,1%-ға ғана артты.

Орташа алғанда соңғы 5 жылда тұтынуға шекті бейімділік 0,88%-ды құрады, жинақтауға шекті бейімділік 0,12%-ды құрады, бұл елдің инвестициялық мүмкіндіктерін төмендетеді және халықтың табысы шамалы азайған жағдайда ЖІӨ-нің күрт төмендеу қатерін тудырады.

Бұл жағдайда Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында барабар салық бюджет және ақша-кредит саясатын жүргізу жөнінде өзіне міндеттеме алады.

2005 жылдан бастап бюджет саясаты жылжымалы негізде алдағы үшжылдық кезеңге арналып жыл сайын бекітілетін Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатының мақсатттары мен міндеттерін іске асыруға құрылуда. Фискалдық саясаты мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының құрамдас бөлігі бола отырып, инфляцияның орташа жылдық деңгейі, төлем балансының орнықтылығы, тауарлар мен қызметтерді түпкі тұтынудың және капиталды жинақтаудың өсуі бойынша белгіленген межені қолдауға жәрдемдесуге құрылған.

Сондықтан, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өзі үшін макроэкономикалық саясат жүргізуді үйлестіруді қамтамасыз етуді бірінші стратегиялық бағыт ретінде белгілейді.

Осы бағыт шеңберінде елдегі және әлемдегі болып жатқан процестерге жедел мониторинг жүйесін енгізу, Қазақстан экономикасының дәйекті дамуы, инфляцияның деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды салааралық үйлестіру үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатер тудыратын процестер мен факторлардың мониторингін және болжамдауын, макроэкономикалық көрсеткіштердің орнықтылығына зиян келтірмей, экономиканың дамуын ынталандыратын салық-бюджет саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Үкімет инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде жұмысты жүзеге асырды. 1997-2006 жылдар аралығы кезеңінде шетелдік инвестициялардың негізгі массасы өндіруші өнеркәсіпке жұмсалды, бұл ретте, өнеркәсіпке барлық инвестициялардың 4%-ға өңдеуші өнеркәсіпке ғана жұмсалды. Осы салаға инвестициялық салымдар деңгейінің төмендеуі есебінен өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ құрылымндағы үлесі 2003 жылғы 14,2%-дан 2005 жылғы 12%-ға дейін, 2006 жылдың қорытындылары бойынша 11,6%-ға дейін азайды, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 2003 жылғы 42,9%-дан 2006 жылғы 37%-ға дейін азайды.

Жалпы бұл елдегі инвестициялық ағынды кеңейту мен басқару бөлігінде мемлекеттің рөлі мен ұстанымын сапалы өзгерту қажеттігін айқындайды.

Осыған байланысты Министрліктің назары жаңа тиімді құралдарды енгізу есебінен экономикалық процестерді моделдеудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге аударылады. Экономиканың өңдеуші секторына сыртқы да және ішкі де инвестициялардың өсуін көздейтін «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыруды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, шикізат емес секторының ЖІӨ құрылымындағы үлесін ұлғайтуға, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің жұмыс істейтін тетігін жасауға және дамытуға, аралас салаларға арналған мультипликативтік және синергетикалық тиімділікке қол жеткізуге негізгі акцент жасалады.

Бұдан басқа, Министрлік Қазақстан Рсепубликасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын халықаралық нарықтардағы қорландырудың азаюын ескеріп, ел экономикасының жекелеген салаларына кредит беру көлемінің күрт қысқаруына жол бермеу бөлігінде қолдауға жәрдемдесетін болады.

Бұл ретте, Қазақстанның экономикалық дамуында әдетте кез-келген экономикалық дамудың негізгі жетістігі болып табылатын іскерлік белсенділіктің жеткіліксіздігі байқалады.

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына теріс әсер ететін факторлар Doing business әдістемесі бойынша бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша Қазақстан 178 елдің ішінде 71 орында. Барынша нашар бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша белгіленген: лицензиялау – 173 орын, меншікті тіркеу – 72 орын, халықаралық сауда жүргізу – 178 орын, жабық компаниялар – 100 орын және басқалар бойынша.

Жалпы бұл осы күнге дейін шағын және орта бизнестің әлеуеті толық көлемде іске асырылмағанын көрсетеді. Осыған байланысты Министрлік лицензиялау жүйесіне оңтайландыру жүргізуге, салық жүйесін реформалауды жоспарлап отыр.

Қағидатты назар аударуды талап ететін келесі проблема - аумақтық даму мәселесі болып табылады.

Қол жеткен оң нәтижелерге қарамастан жүргізілген экономикалық реформалар барысында әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік факторлары көзқарасы тұрғысынан әлі де өңірлердің экономикалық әлеуетінің барынша өсуі қамтамасыз етілген жоқ. Жалпы өңірлік өнімнің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және жан басына шаққандағы ақшалай табыстың салыстырмалы кестесі өңірлік бөлігінде олардың тұратын өңірі мен мемлекет кепілдік берген ұсынылатын әртүрлі қызметтер деңгейіне қарай едәуір сараланғанын көрсетіп отыр.

Мысалы, жылдан жылға жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемінде өңірлер арасындағы айырмашылық ұлғаюда. Егер 2000 жылы бұл айырмашылық жекелеген облыстар арасында 10,6 есені құраса, 2006 жылы 12,8 есені құрады.

Осыған байланысты Министрліктің назары өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдарға мемлекет кепілдік берген қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды орындауы үшін оларға тең мүмкіндіктер беруге ықпал етуге шоғырландырылатын болады.

2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес бұрын қалыптасқан практикаға қарағанда өңірлік саясаттың басымдығы өңіраралық теңсіздікті жою емес, қайта елдің экономикалық әлеуетін, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайын тиімді пайдалануды ұтымды аумақтық ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Бiркелкi дамыту тұжырымдамасының орнына полярлық дамыту тұжырымдамасы қабылданды, мұнда өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген әрi елдiң қалған барлық өңiрлерi, ал перспективада бүкiл Орталық Азия өңiрi үшiн «локомотивтер» рөлiн атқаратын неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан қалалар немесе өңiрлер өсу полюстерiне айналуы тиіс.

Тұтастай алғанда елдің және атап айтқанда, оның экономикасының дәйекті дамуын барынша тежейтін басқа бір проблема мемлекеттік сектордың жеткіліксіз тиімділігі болып табылуда. Қазіргі жағдайларда осындай мемлекеттік институттардың сапасы елдің бәсекеге қабілеттілігін алдын ала айқындайтын жағдай болып қалуда.

Экономиканың мемлекеттік секторында өз қызметімен жеке секторды алмастыратын мемлекет қатысатын бірқатар ұйымдар жұмыс жасауда.

2007 жылдың І жартыжылдығындағы қаржы шаруашылық қызметі жоспарының орындалуына жасалған талдау 333 республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 186-ның (56%) қызметі рентабельді, 56-ның қызметі (17%) шығынды, 91-нің (27%) – нөлдің нәтижеде екенін көрсетті.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын 146 АҚ-тан (ЖШС) 81-нің (55%) қызметі рентабельді, 49-ның қызметі (33%) шығынды, 16-нің (12%) – нөлдің нәтижеде екенін көрсетті.

Мемлекеттік холдингтарға жасалған функционалдық талдау холдингтің құрамына кіретін барлық компаниялардың жарғыларында заңнамада тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру көрсетілгенін көрсетті. Алайда, бұлайша көрсету мақсаттар мен міндеттерде (функцияларда) айқындалған компания қызметінің нақты түрлерін көрсетпейді және оның ашықтығына ықпал етпейді, қайта Компания қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жүзеге асыруға көмектеседі. Холдингтердің бірқатар компанияларында басты және ішкі еншілес компанияларымен бірге еншілес компаниялардың функцияларын, сонымен қатар өзара да қайталаушылық анықталды. Басқа да проблемалар орын алуда.

Сондықтан да Министрліктің қызметі бағыттарының бірі экономиканың мемлекеттік секторын жаңғырту болып айқындалған, соның шеңберінде мемлекеттік сектордың оңтайлы мөлшеріне қол жеткізу және мемлекеттік секторда корпоративтік басқару принциптерін енгізу міндеттері шешілетін болады.

Мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесі халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін толық көлемде қамтамасыз етпейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел кері байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасының төмендігі байқалады.

Бұл бағыттың өзектілігі мемлекеттік органдардың қызметін Қазақстанның алдында тұрған, соның ішінде мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға, мемлекеттік органдардың өз функцияларын іске асырған кезде «мүдделер қақтығысын» болдырмауға бағытталған жаңа жағдайлар мен міндеттерге бағдарлану қажеттілігіне негізделген.

Қазіргі кезде жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар пәрменді шаралар қабылданды. Іске асырудың маңызды кезеңіне әкімшілік реформа кіреді. Сонымен қатар мемлекеттік аппараттың «ауқымдылығы» мен қарқындылығы өзекті проблема болып қалуда, оның құрылымдық құрамаларының Қазақстанның алдында тұрған жаңа жағдайлар мен міндеттерге икемділігі мен сайма-сайлығы жоқ.

Осыған байланысты Министрлік қызметінің келесі бағыты болып мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру белгіленді.

Осы бағыттың шеңберінде мемлекеттік функциялардың аражігін ажырату және қайталауды болдырмау, оларды бәсекелестік ортаға беру және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізу арқылы мемлекеттік функцияларды оңтайландыруды жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеуінің қаржылық негізін қалыптастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

Алайда, бағдарламаларды әзірлеудің қалыптасқан рәсімдері мен әдістемесі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді және мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды қамтамасыз етпейді.

Бюджет қаражаты көбінесе жеткілікті негізсіз және тиімсіз жұмсалады және орта мерзімді жоспарлар басымдықтарын іске асырумен нашар байланысқан. Бірінші кезекте бұл мемлекеттік органдардың жеткіліксіз бюджеттік тәртібінен көрінеді. Атап айтқанда, 2007 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджет жөнінде игерілмеген бюджет қаражатының сомасы 26,3 млрд. теңгені құрады.

Елдің экономикалық дамуының осы және басқа да қиындықтары негізінен осы күнге дейін барлық мемлекеттік органдарда бар мемлекеттік жоспарлау процесінің жеткіліксіздігінің салдары болып табылады.

Әдетте, мемлекеттік аппараттың қызметі қойылған мақсаттар мен міндеттерге нақты байланыссыз формалды процестер мен рәсімдерге бағытталған. Нәтижесінде маңызды міндеттердің көбі тиімсіз, уақытында шешілмейді немесе жалпы шешілмейді.

Сондықтан, Министрлік мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалауды өзі үшін орта мерзімді кезеңге арналған келесі стратегиялық бағыт ретінде айқындайды.

Осы бағыт шеңберінде нәтижелерге бағдарланған және тұрақты сапалық экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.



  1. Қызметтің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары мен

нысаналы индикаторлары


1-стратегиялық бағыт. Макроэкономикалық саясатты жүргізуді үйлестіруді қамтамасыз ету

1-мақсат

Нысаналы индикаторлар

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

ІЖӨ орташа жылдық нақты өсімі 2008-2010 жылдары 5-7 % деңгейінде.

Мемлекеттік бюджеттің ІЖӨ-ге қатысты % шығыстарының болжамды деңгейі 2008-2010 жылдары - 23-24%.

Мемлекеттік бюджеттің ЖІӨ-ге қатысты % мұнай емес тапшылығы 2008-2010 жылдары – 3-4 %.

Жинақтауға шекті бейімнің болжамды деңгейі 2008-2010 жылдары - 0,12-0,15 %.

Жалпы сыртқы қарыздың деңгейі ЖІӨ номиналды көлемінен аспауға тиіс.

Міндеттер

Көрсеткіштер

1. Ел экономикасының ілгері дамуына қауіп төндіретін немесе мүмкіндік тудыратын елдегі және әлемдегі саяси және экономикалық үдерістердің өзгеруін айқындайтын және дер кезінде ден қою тетіктерін енгізу

Елдегі және әлемдегі болып жатқан процестерге («интерактивті тақтайшада» даму қарқынын визуализациялай отырып) жедел мониторинг жүргізу жүйесін әзірлеу және енгізу.

Қазақстан экономикасының ілгерілетіп отырып дамыту үшін мүмкіндік тудыратын немесе қауіп төндіретін процестер мен факторларға ай сайын мониторинг жүргізу және болжамдау.

Инфляция деңгейін төмендетуге және мароэкономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру жөніндегі шараларға салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы инвестициялық рейтингінің көрсеткіштерін сақтау және жақсарту үшін халықаралық рейтинг агенттіктерімен өзара тиімді іс-қимыл жасау.

2. Макроэкономикалық болжамдау және талдау жүйесін жетілдіру

Макроэкономикалық болжамдау әдістемесін әзірлеу.

Экономиканың дамуының сценарийлерін моделдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді құру және енгізу.

3. Макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығына зиянын тигізбей экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін бюджеттік саясатты әзірлеу және іске асыру

Макроэкономикалық болжамдау және фискалдық саясаттың негізгі параметрлері құрамында бюджеттік саясатты және бюджет параметрлерін айқындау.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығына зиянын тигізбей экономиканың орнықты дамуына ынталандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік шығыстардың байсалды саясатын жүргізу арқылы фискалдық реттеудің сайма-сай жүйесін қамтамсыз ету.

Бес жылдық кезеңде жылдық орташа мәндегі ЖІӨ-ден 1%-дан аспайтын шекте, Ұлттық қордың бес жыл кезеңдегі жылдық орташа өсімінен аспайтын сомада қарыз алу есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыруды жүзеге асыру.

Даму бағдарламаларын қаржыландыруға Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттердің мөлшерін бюджет жобасы әзірлеу алдындағы жылдың соңындағы жинақтардың 1/3 бөлігі шегінде шектеу.

4. Халықтың жинақтауға бейімін ынталандыру

Халықтың қаражатын инвестициялау үшін қаржы құралдарын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеу.

5. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызды қоса алғанда елдің қарызын басқарудың бірыңғай және тиімді жүйесін енгізу

Жалпы сыртқы қарыз туралы заң жобасын әзірлеу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жалпы сыртқы қарызын басқару бойынша тұжырымдаманың іске асырылуының тоқсан сайынғы мониторингі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президенті Әкімшілігіне сыртқы қарызды басқару бойынша талдамалық ақпаратты ұсыну.

  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconШығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Новая система государственного планирования, ориентированного на результаты
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің iconПӘ 2012 жылғы жоспарының іс-шарасы және мемлекеттік органдардың 2012 жылғы қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша Сараптама комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынымдары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің іс-шаралар жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница