I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары




НазваниеI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
страница3/33
Дата конвертации07.02.2016
Размер3.16 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kdif.kz/files/zakony/12_ZRK_o_bankah_i_bank_deiatelnost_sost20120705_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Заңымен 12) тармақша өзгертілдi (бұр. ред. қара)

12) ақшаны бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттары талаптарының негізінде екінші деңгейдегі банктерге және уәкілетті органға орналастыруды;

13) талап ету құқықтарын және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алған басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуді;

14) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың заңды тұлғаларға талап етудің сатып алынған құқықтарының және басқа да күмәнді және үмітсіз активтердің құнын бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды жүзеге асырудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.

 

11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу

1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:

1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;

2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «банк» деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.

2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.

 

ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілдi

7-бап. Банкiлер мен мемлекеттің жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi

1. Банкiлер мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.

2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттік банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттік банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.

Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.

 

11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-бап жаңа редакцияда; 16.07.99 ж. № 436-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара): 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілдi; 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен  8-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара)  (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет

1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмілелерді кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыруға, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

2. Банк холдингтеріне операциялар мен мәмілелерді кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыруға, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:

1) банктер:

қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды;

3-тармақтың төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, онда банк холдингі болған кезде олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларда қолданылмайды. Бұл ретте банк холдингінің болу талабы дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктерге қолданылмайды;

сатып алатын акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он пайызынан аз мөлшерде заңды тұлғаларды;

бағалы қағаздарды банк кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес-еншілес арнайы ұйымдарды;

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;

3-тармақтың сегізінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес ұйымдарды;

банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру айрықша қызметі болып табылатын еншілес ұйымдарды;

төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылардың арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;

электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйекті болуын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғаларды;

кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде заңды тұлғаларды;

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржалары мен орталық депозитарийді;

кредиттік бюроларды;

ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге де заңды тұлғаларды;

2) банк холдингтері:

қаржы ұйымдарын;

екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын оларды басқару және (немесе) одан кейін өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттерін-ұйымдарды;

бағалы қағаздарды банк холдингінің кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-арнайы ұйымдарды;

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;

банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру айрықша қызметі болып табылатын ұйымдарды;

төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;

банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ олардың акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларда қолданылмайды.

Банктің еншілес ұйымдары, осы Заңның
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Похожие:

I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Банк осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconРеферат Тақырыбы: Тура салық
Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Сабақтың мақсаты: Білімділік дк-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. Эем мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconАсетов Алибек Асенович Фурье қатарларының абсолютті жинақталу шарттары
Магистрлік жұмыста ең жақсы жуықтау мен тегістік модулі терминдерінде Лебег кеңістіктерінен алынған функциялардың Фурье коэффициенттерінен...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon6М060700- биология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны
Гейлері, олардың құрлыққа шығуына байланысты ұлпалары мен мүшелерінің пайда болуы. Ұлпалардың классификациясы мен сипаттамасы. өсімдіктердің...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары
Ел экономикасы 2014 жылы әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюі және мұнай мен металдарға әлемдік бағаның елеулі төмендеуі жағдайларында...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница