Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша




Скачать 223.28 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Дата конвертации07.02.2016
Размер223.28 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish152955_6938.doc


Бақылау

2011ж. 03.06.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2006 жылғы 27 қазандағы

№ 105 қаулысымен

бекітілді


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

алтынвалюта активтерін басқару бойынша


инвестициялық стратегия


(Өзгерістер мен толықтырулар:

1) ҚРҰБ БҚ № 139 2007ж.30.11.

2) ҚРҰБ БҚ № 81 2008ж.22.09.

3) ҚРҰБ БҚ № 104 2008ж.05.12.

4) ҚРҰБ БҚ № 13 2009 ж. 27.02.

5) ҚРҰБ БҚ № 104 2009 ж. 30.11.

6) ҚРҰБ БҚ № 44 2010 ж. 21.05.

7) ҚРҰБ БҚ № 51 2011 ж. 30.05.)


1-тарау. Жалпы ережелер



1. Осы Инвестициялық стратегия (бұдан әрі – Стратегия) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 165 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Осы Стратегия Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтынвалюта активтерін (бұдан әрі – АВА) басқаруға байланысты стратегиялық мақсаттарын және қызметін шектеуді айқындайды. Стратегияның ережелерін Ұлттық Банктің Басқармасы бір жыл ішінде кемінде 1 рет қарауы тиіс.

3. АВА басқару мақсаты активтердің өтімділігін және сақталуын, сондай-ақ орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда кірістілікті ұлғайтуды қамтамасыз ету болып табылады.

2-тарау. Негізгі ұғымдар



4. Базалық валюта – АВА басқару кірістілігін бағалау мақсаты үшін пайдаланылатын валюта.

5. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы – қағаз өтелгенге дейінгі орташа алынған мерзім. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге кірістілік көтерілген/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны шамамен қаншалықты төмендейтінін/көтерілетінін көрсететін көрсеткіш.

6. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) – нарықтық портфельдің эталондық портфельге қатысы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігіне ауытқуының өзгермелілігін (tracking error) көрсететін көрсеткіш.

7. Композиттік индекс – әлемнің дамыған елдерінің белгіленген кірісі бар бағалы қағаздары индекстерінің индексі.

8. Кредиттік рейтинг – белгіленген кірісі бар бағалы қағаздардың эмитенттеріне Standard & Poor’s, Fitch және Moody’s кредиттік рейтинг агенттіктері беретін, қаржы құралдары бойынша кредит тәуекелі деңгейінің көрсеткіші.

9. Қолма-қол валюта – кастодиан банктердің ағымдағы шоттарындағы және арнайы шоттарындағы (overnight шоттар) ақша қалдықтары.

10. Портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде қолма-қол.

11. Туынды құралдар – форвард мәмілелері, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық ставка (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің комбинациясын білдіретін басқа операциялар.

12. Асқан кірістілік – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейінің және эталондық портфель кірістілігі деңгейінің арасындағы айырма.

13. Құрылымдық өнім – активтер мен міндеттемелердің әр түрлі қаржы құралдарының біріктіру болып табылатын комбинациясы.

13-1. Оригинатор – бағалы қағаздардың шығарылу барысына және олардың инвесторлар арасында бөлінуіне басшылықты жүзеге асыратын заңды тұлға.

14. Балама құралдар – кірістілікті арттыруға арналған активтердің кластары (дамушы нарықтардың (Emerging Markets) акциялары мен облигациялары), кірістілігі жоғары облигациялар (High Yield Bonds), абсолюттік кірістілік өнімдері (Absolute Return), хедж-қорлар (Hedge Funds) және Қорлардың қорлары (Fund of Funds), жеке капитал (Private Equity), тәуекелі жоғары бағалы қағаздар (Distressed Securities), жылжымайтын мүлік (Real Estate)).

15. Тәуекелдерді хеджерлеу – қаржы тәуекелдерін және болуы мүмкін шығындарды төмендету мақсатында әртүрлі қаржы құралдарының көмегімен белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату арқылы портфельді құру процесі. Ұлттық Банкте хеджерлеу тәуекелдері осы Стратегияда белгіленген АВА-ны эталондық бөлуге толық немесе ішінара қайтып келу арқылы жүргізіледі. Хеджерлеу мақсатында опциондарды (call, put) сатуды қоспағанда барлық туынды қаржы құралы пайдаланылады. Стратегияны инвестициялау үшін рұқсат етілген кез келген құрал хеджирлеу объектісі бола алады.

16. Алынып тасталды.

17. Алынып тасталды.

18. Эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін құралдардың жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау кезінде өлшем ретінде болады. Эталондық портфель ретінде әлемдік жетекші қаржы компаниялары не Ұлттық Банк әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады.

19. Жүргізілетін активтердің портфелі – аударым жоспарланатын портфельдің талап етілетін өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылатын уақытшы портфель.

3-тарау. АВА басқару бойынша жалпы стратегия



20. АВА өтімділік портфелінен, инвестициялық портфельден, стратегиялық портфельден, дамушы нарықтар портфелінен және алтын портфелінен тұрады. Өтімділік портфелінің және инвестициялық портфельдің көлемі АВА жалпы көлемінің кемінде екіден бір бөлігінен тұруы тиіс.

21. Жекелеген активтердің кірістілігі АВА басқару тиімділігінің көрсеткіші болып табылмайды.

Тәуекелдерді азайту және күтілетін кірістілікті жақсарту мақсатында иелену уақыты ішінде кері кірістілігі бар активтерді сатуға рұқсат етіледі.

22. АВА инвестициялау мынадай қаржы құралдарына және олармен мынадай операциялар жүргізу арқылы жүзеге асырылады:

1) қолма-қол валюта;

2) ақша нарығының дисконтты бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар (CD) және коммерциялық қағаздар (CP) сияқты құралдары;

3) мемлекеттік (тәуелсіз), агенттік борыштық міндеттемелер, оның ішінде орнатылған опциондарымен, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, корпоративтік борыштық міндеттемелер;

4) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері тиісінше Standard&Poor’s немесе Moody’s бойынша А/А1 төмен емес немесе қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері тиісінше Standard&Poor’s немесе Moody’s бойынша А/А2 төмен емес қарсы әріптестермен валюта және алтын депозиттері (салымдары); ағымдағы шоттардағы қолма-қол ақшаның қалдықтарын ақша нарығының рейтингі АААm - Standard&Poor’s немесе Аaa – Moody’s қорларына немесе рейтингі АААm - Standard&Poor’s немесе ақша нарығының Аaa – Moody’s қорларына қойылатын талаптарды орындайтын қорларына инвестициялау;

5) туынды құралдар;

6) дамыған елдердің акциялары;

7) құрылымдық өнімдер;

8) балама құралдар;

8-1) айырбасталатын облигациялар;

9) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері тиісінше Standard&Poor’s немесе Moody’s бойынша А/А1 төмен емес қарсы әріптестермен инвестициялауға рұқсат етілген, нарықтық құны мәміленің мәміле жасау күнгі сомасының 100 пайызынан төмен емес мемлекеттік (тәуелсіз) бағалы қағаздар кепілге берілген репо және кері репо операциялары;

10) валюта айырбастауға байланысты операциялар және алтын сатып алу/сату операциялары;

11) туынды құралдармен операциялар ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері тиісінше А-дан (Standard&Poor’s) немесе А3-тен (Moody’s) төмен емес қарсы әріптестермен ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте туынды құралдардың мерзімдері бойынша мынадай шектеулер қолданылады: форвардтар – 1 жыл, опциондар және своптар – 15 жыл, фьючерстер – шектеусіз;

11-1) Ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі А- (Standard&Poor's) немесе А3 (Moody's) төмен емес қарсы әріптестермен ғана кредиттік-дефолт своп келісім-шарттарымен (credit default swaps) және басқа кредиттік туынды құралдармен операциялар. Инвестициялық портфель үшін Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның монетарлық операциялар бөлімшесіне жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша рұқсатымен тек кредиттік тәуекелдерді хеджирлеу үшін осындай операцияларға жол беріледі. Кредиттік-дефолт своптардың (credit default swaps) стандарттық нысандары, талаптары мен жасалу тәртібі Халықаралық своп дилерлер қауымдастығы (International Swap Dealers Association) құжаттамасына және CSA қосымшаларына (Credit support annex) қарай айқындалады. Қазақстан Республикасының банктеріне арналған кредиттік-дефолт своп келісімшарттарға АВА-н инвестициялауға тыйым салынады;

12) кредиттік рейтингтеріне шектеу қойылмаған қарсы әріптестер арасында бір мезгілде активтер жеткізілген кезде жүзеге асырылуы мүмкін «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша мәмілелер.

23. Валюта активтерінің ұлғаюына немесе азаюына байланысты Ұлттық Банктің шоттарынан валюта активтерінің барлық түсімдері және аударымдары өтімділік портфелі арқылы жүзеге асырылады. АВА портфельдері арасында активтерді аудару, өткізуге арналған активтердің атауларын және олардың көлемін анықтау Ұлттық Банк Төрағасының жетекшілік жасайтын орынбасарының немесе Төрағасының рұқсатымен Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесінің (бұдан әрі – монетарлық операциялар бөлімшесі) ұсынысы бойынша жүзеге асырылады. Осы мақсат үшін мерзімі бір айдан аспайтын аударылатын активтердің уақытша портфелі қалыптастырылады, оның активтерін инвестициялау Стратегияның 22-тармағында көзделген қаржы құралдарымен операциялар арқылы жүзеге асырылады.

24. Алынып тасталды.

25. Туынды құралдар АВА портфельдерін эталондық бөлуге жақындату арқылы әлуетті шығындардың тәуекелін хеджерлеу үшін және сол сияқты осы Стратегияда белгіленген шектеулер шеңберінде активтік позициялар ашу үшін пайдаланылуы мүмкін.

26. Ұлттық Банк Басқармасының жеке қаулысымен осы Инвестициялық Стратегияда белгіленген лимиттер мен шектеулердің болуы ықтимал АВА портфелінің (портфельдің бір бөлігінің) құны хеджерленуі мүмкін.

27. Репо немесе кері репо операцияларының ең ұзақ мерзімі 3 (үш) айдан аспауы тиіс. Валютадағы депозиттері орналастырудың ең ұзақ мерзімі 3 (үш) айдан аспауы тиіс.
4-тарау. Өтімділік портфелінің өлшемдері


28. Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын жүзеге асыру, өтімділіктің жоғары деңгейін және сақталуын ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мақсатында операциялар жүргізуге арналған. Асқан кірістілік алу өтімділік портфелінің активтерін басқару мақсаты болып табылмайды.

29. Алынып тасталды.

29-1. Өтімділік портфелінің дюрациясы 1 жылдан аспауы тиіс.

30. Өтімділік портфелінің базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады.

31. Өтімділік портфелінің көлемі мынадай өлшемдерге сай келуі тиіс:

1) ағымдағы міндеттемелерді есепке алмағанда 1 миллиард АҚШ долларынан кем болмауы тиіс;

2) алдағы 6 айда мемлекеттік сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлемінен кем болмауы тиіс. Осы шектеу күнтізбелік тоқсанда 1 рет (әрбір тоқсанның 10 күні) тексеріледі.

Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сай келмесе, осындай сәйкес келмеу анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару есебінен өтімділік портфелі толықтырылады.

32. Өтімділік портфелінің активтері кредиттік рейтингісі А- (Standard & Poor's) және/немесе A3 (Moody's) төмен емес елдердің қолма-қол валютасына, мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелеріне, кредиттік рейтингісі ААА (Standard & Poor's) және/немесе Aaa (Moody's) төмен емес халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелеріне, борыштық міндеттемелеріне, қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері А-1 (Standard&Poor’s) немесе P1 (Moody’s) төмен емес депозиттік сертификаттарға (CD), коммерциялық қағаздарға (CP), депозиттерге инвестициялануы мүмкін. Депозитке орналастырудың ең жоғары мерзімі 1 айдан аспауы қажет.

32-1. Құралдардың сыныптары бойынша өтімділік портфеліндегі ең жоғары ауытқулар Стратегияның 2-қосымшасының 3-кестесіне сәйкес айқындалады.

32-2. Өтімділік портфелінің активтері АҚШ долларынан өзгеше еркін айырбасталатын валюталарға, Қытай Халық Республикасының, сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының құрамына кіретін елдердің ұлттық валютасына инвестициялануы мүмкін. Бұл ретте АҚШ долларына номинирленген активтердің үлесі өтімділік портфелінің көлемінен 70 (жетпіс) пайыздан кем болмауы тиіс.

5-тарау. Инвестициялық портфельдің өлшемдері



33. Инвестициялық портфельдің мақсаты активтердің кірістілігін сақтау және орта мерзімді перспективада ұлғайту болып табылады. Бір күнтізбелік жылдан тұратын кезең ішінде үстеме кірістілік алу инвестициялық портфельді басқару тиімділігінің бағасы болып табылады.

34. Инвестициялық портфельдің базалық валютасы Стратегияның 1-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген валюталар корзинасы болып табылады.

Валюта корзинасын айқындау күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

Валютадағы барынша рұқсат етілетін ауытқу 1-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

34-1. Инвестициялық портфель активтерінің ең төменгі А- (Standard&Poor's)/А3 (Moody's) және одан жоғары кредиттік рейтингісі болуы тиіс. Егер актив бойынша кредиттік рейтингінің мәні А- (Standard&Poor's)/А3 (Moody's) төмен төмендесе, монетарлық операциялар бөлімшесі бір ай ішінде осы актив бойынша позицияны жояды.

35. Инвестициялық портфельдің эталондық портфелі мынадай композиттік индекс болып табылады:

30% - US Treasuries, 0-3 Yrs (G1QA),

35% - Euro Government Index AAA-AA (Standard&Poor's), 0-3 Yrs (EG6Y),

10% - ML UK Gilts Index, 0-3 Yrs (GBL0),

10% - ML Japanese Government Index, 0-3 Yrs (G1YA),

5% - ML Australian Government Index, 0-3 Yrs (GJBT),

5% - ML Canadian Government Index, 0-3 Yrs,

5% - ML South Korean Government Index, 0-3 Yrs (GBSK).

Эталондық портфельдегі елдер бойынша бөлу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі валюталар корзинасына сәйкес жүзеге асырылады.

36. Инвестициялық портфельдің дюрациясы эталондық портфельдің +30%/-40% шегінде болуы тиіс.

37. Инвестициялық портфельге кіретін туынды құралдарды қоса алғанда оның кірістілігі ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (expected tracking error) әрбір аптаның соңғы жұмыс күніндегі жылдық 2% аспауы тиіс. Осы шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар департаменті оны бес күн ішінде жояды.

38. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу әрбір валюта бойынша құралдар кластары бойынша Стратегияның 2-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес айқындалады.

Бұл ретте туынды құралдармен операциялардың түрі бойынша рұқсат етілген көлемдер Стратегияның 2-қосымшасымен айқындалады.

39. Тікелей және кері РЕПО операциялары көлеміне шектеу қойылмастан жүзеге асырылуы мүмкін.

40. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздарға арналған әрбір валюта бойынша Стратегияның 3-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес айқындалады.»;

41. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелеріне арналған әрбір валюта бойынша Стратегияның 3-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес айқындалады.


42. Кредит тәуекелдеріне шектеулер осы Стратегияның 9-тарауына сәйкес белгіленеді.


6-тарау. Стратегиялық портфельдің өлшемдері


43. Ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және АВА әртараптандыру осы портфельдің мақсаты болып табылады.

44. Стратегиялық портфельдің мақсатына сәйкес оның нәтижелерін бағалау 3-5 жылдық кезең үшін жүзеге асырылады.

44-1. Стратегиялық портфельдің көлемі АВА көлемінің 30%-нан аспауы тиіс. Бұл шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар бөлімшесі оны асып кеткен сәттен бастап үш ай ішінде жояды.

45. Стратегиялық портфельдің базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады.

45-1. Стратегиялық портфель активтерінің ең төменгі В- (Standard&Poor's)/В3 (Moody's) және одан жоғары кредиттік рейтингісі болуы тиіс. Егер актив бойынша кредиттік рейтингінің мәні В- (Standard&Poor's)/В3 (Moody's) төмен төмендесе, монетарлық операциялар бөлімшесі осы актив бойынша позицияны бір ай ішінде жояды.

46. Ықтималдық 95% болғанда бір айдағы тәуекелді мөлшері (VaR) стратегиялық портфель көлемінің 10%-нан аспауы тиіс. Осы шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар бөлімшесі оны отыз жұмыс күні ішінде жояды.

47. Стратегиялық портфель үшін мынадай бөлу активтерді мақсатты бөлу болып табылады:

30% - Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздар (Global Investment Grade Corporates);

30% - Дамыған елдердің акциялары (Global Equity);

30% - Дамушы нарықтардың облигациялары (Emerging market debt);

10% - Айырбасталатын корпоративтік облигациялар (Convertible corporates).

47-1. Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздардың мандаты үшін ML Global Large Cap Index, 1-10 Yrs (G5CI) индексі эталондық портфель болып табылады.

Дамыған елдер акцияларының мандаты үшін MSCI World Index (MXWO) индексі эталондық портфель болып табылады.

Дамушы нарықтар облигацияларының мандаты үшін мынадай елдердің: Бразилия, Түркия, Мексика, Ресей Федерациясы, Филиппин, Индонезия, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Чили, Перу, Оңтүстік Африка Республикасы, Литва, Польша, Панама, Уругвай, Хорватия, Венгрия, Колумбияның мемлекеттік бағалы қағаздарынан тұратын ML Emerging Customized Index (Q503) индексі эталондық портфель болып табылады.

Айырбасталатын корпоративтік облигациялар мандаты үшін ML Global Convertibles – Investment Grade Index (VGIG) индексі эталондық портфель болып табылады.

47-2. Корпоративтік бағалы қағаздар үшін Стратегиялық портфельдің 5% аспайтыны бір эмитенттің құралдарына инвестициялануы мүмкін.

48. Құрылымдық өнімнің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А- (Standard&Poors) немесе А2 (Moody’s) төмен, ал қысқа мерзімді кредиттік рейтингі А-2 (Standard&Poors) немесе Р-1 (Moody’s) төмен болмауы тиіс.

48.1 Егер құрылымдық өнім қарсы әріптестің know-how болып табылған жағдайда, Ұлттық Банк басқа қарсы әріптестерден осы құрылымдық өнім бойынша баға талаптарын сұратады.

48.2. Егер құрылымдық өнім Ұлттық Банктің сұратуы бойынша (request for proposal негізінде) құрылған жағдайда, Ұлттық Банк кемінде екі қарсы әріптестің құрылымдық өнім бойынша баға белгілеулерді сұратады. Бұл жағдайда Ұлттық Банк мәмілені ең жақсы талаптар бойынша жүзеге асырады.

48.3. Құрылымдық өнімді сатып алу, егер құрылымдық өнімнің эмитенті және/немесе оригинаторы әрбір айдың соңғы жұмыс күніндегі нарықтық құнды (Bid бағасын) бағалауды ұсыну міндеттемесін алған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

48.4. Құрылымдық өнімді өтеуге дейінгі ең жоғары рұқсат етілген мерзім 15 жыл.

48.5. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер агенттіктер, халықаралық қаржы ұйымдары және банктер эмиссиялайтын, ААА ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар құрылымдық өнімдерге қолданылмайды.

49. Алынып тасталды.

50. Алынып тасталды.

51. Стратегиялық портфельдегі құралдардың түрлері бойынша ең жоғары ауытқу Стратегияның 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.


6-1-тарау. Дамушы нарықтар портфелінің өлшемдері


51-1. Дамушы нарықтар портфелінің активтері орталық банктерімен айырбастау операциялары көзделген елдердің валюталарынан қалыптастырылады. Портфельдің көлемі АВА көлемінің 10%-нан аспауы тиіс.

51-2. Портфельдің активтері В- (Standard&Poor's)/В3 (Moody's) және одан жоғары ең төменгі кредиттік рейтингісі бар құралдарға инвестицияланады.

7-тарау. Алтын портфелінің өлшемдері



52. Алтын портфелі ішкі (Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) республикалық мемлекеттік кәсіпорынында (бұдан әрі – Орталық) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасынан тысқары орналастырылған) алтыннан тұрады.

53. Алтынмен салынған активтерді басқару мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының төмендеуі мүмкіндігінен сақтау және қорғау болып табылады. Асқан кірістілік алу алтынмен салынған активтерді басқару мақсаты болып табылмайды.

54. Сыртқы алтынның тұрақты ең аз көлемі 1 500 000 троя унциясы деңгейінде тұруы тиіс.

55. Алтындағы депозиттің (салымның) ең жоғары мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең жоғары мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс. Қамтамасыз ету ретінде осы Стратегияны инвестициялау үшін рұқсат етілген құралдар болуы тиіс.

56. Алтынды Қазақстан Республикасынан сыртқа әкетуге байланысты операциялар (ішкі және сыртқы алтынның өзгеруі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының өкімі негізінде жүзеге асырылады.

57. Алтынды Орталыққа есепке ала отырып ішкі нарықта сатып алған кезде осы алтын Ұлттық Банктің ішкі алтын позицияларына жатқызылады, ал Қазақстан Республикасынан тысқары ашылған шоттарға есепке алған кезде Ұлттық Банктің сыртқы алтын позицияларында есепке алынады.

58. Сыртқы алтын көлемінің 25% дейін алтынның бағасына байланысы бар, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі AAA төмен емес және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын бағалы қағаздарға инвестициялауға рұқсат етіледі.

8-тарау. Сыртқы басқаруға лимит



59. Сыртқы басқаруға берілген активтер АВА портфельдерінің біріне кіруі тиіс. Активтерді сыртқы басқаруға беру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бөлігін сыртқы басқаруға (Asset Management) беру тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 8 қаулысында айқындалған талаптар ескеріледі.


9-тарау. Кредит тәуекел лимиті



60. Ұлттық Банк тізбесін Ұлттық Банк айқындайтын қарсы әріптестермен операциялар жүргізеді. Кепілмен қамтамасыз етілмеген міндеттемелерге лимиттің, қарсы әріптестермен жүргізілетін операцияның жекелеген түрінің көлеміне лимиттің ең жоғары мөлшері Ұлттық Банктің қарсы әріптестермен және кастодиандармен операциялар бойынша кредит тәуекелін басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес белгіленеді.

61. Қарсы әріптестерге арналған лимиттер, жасалған мәмілелер бойынша қарсы әріптестердің кінәсынан есеп айырысуды аяқтаудың кешіктірілуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, мерзімді мәмілелер жабылған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде немесе келесі жұмыс күні Ұлттық Банктің қарсы әріптестермен және кастодиандармен операциялар бойынша кредит тәуекелін басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкес келтіріледі. Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері төмендеген, сондай-ақ қарсы әріптестердің туынды құралдармен аяқталмаған операциялар бойынша осы Стратегияның 6-тармағында белгіленген деңгейден төмен болған жағдайда, рейтинг төмендеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы позицияларды және мәмілелерді осы Инвестициялық стратегияның талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.

61-1. Сыртқы басқаруға берілген активтермен операцияларды ең төменгі кредиттік рейтингісі Стратегияда белгіленген шектеулерге сәйкес келетін қарсы әріптестер жүзеге асырады.




10-тарау. Есептілік



62. Монетарлық операциялар бөлімшесі АВА басқару жөнінде мынадай есептілікті дайындайды:

1) күн сайын:

инвестициялық портфель және өтімділік портфелі бойынша: портфельдердің дюрациясы мен кірістілігінің көрсеткіштерімен бірге валюталар бөлігінде әрбір портфель бойынша нарықтық құнын;

басқа портфельдер бойынша: кірістілік көрсеткіштерімен бірге әрбір портфель бойынша нарықтық құнын;

2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейін Ұлттық Банктің басшылығына және қажет болған кезде Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелеріне мынадай ақпараты бар АВА басқару жөніндегі есепті береді:

АВА портфельдері өлшемдерінің осы Стратегияның шектеулеріне сәйкестілігі және есепті кезеңдегі жөнсіздіктер туралы;

кірістіліктің (tracking error), тәуекелді мөлшердің (VaR) ауытқуы өзгермелілігінің көрсеткіштері, дюрацияның көрсеткіштері, кірістілік қисығындағы бөлулер, секторлық бөлу және эталондық портфельмен салыстырғандағы АВА-ны дербес және сыртқы басқаруды қоса алғанда, инвестициялық портфельдің валюталары бойынша бөлу;

қаржы нарықтарының жай-күйі және олардың АВА портфеліне әсер етуі, экономикалық шолу;

инвестициялық портфель бойынша: кірістіліктің ауытқуы өзгермелілігінің (tracking error) көрсеткіштері, дюрацияның көрсеткіштері, кірістілік қисығындағы бөлулер, секторлық бөлу және инвестициялық портфельдің валюталары бойынша бөлу; портфельдің, эталондық портфельдің кірістілігі және есепті кезеңдегі асқан кірістілік; инвестициялау тактикасына шолу;

стратегиялық портфель және өтімділік портфелі бойынша: құралдардың түрлері бойынша бөлу, валюталар мен елдер бойынша бөлу, кірістілік және тәуекел көрсеткіштері;

алтын портфелі және дамушы нарықтар портфелі бойынша: кірістілік көрсеткіштерімен бірге нарықтық құны.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің алтынвалюта
активтерін басқару бойынша


инвестициялық стратегиясына
1-қосымша


1-кесте


Валюталар корзинасы


Активтердің түрі

Корзинадағы үлесі

USD

30%

EUR

35%

GBP

10%

JPY

10%

AUD

5%

CAD

5%

KRW

5%


2-кесте


Валютадағы барынша рұқсат етілген ауытқу


Активтердің түрі

Ауытқу

USD

+/- 10 %

EUR

+/- 10 %

GBP

+/- 5 %

JPY

+/- 5 %

AUD

+/- 5 %




Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің алтынвалюта
активтерін басқару бойынша


инвестициялық стратегиясына
2-қосымша


1-кесте


Инвестициялық портфельді сектор бойынша бөлу




Активтердің түрі

Нарықтық құны (туынды құралдар үшін- олардың базалық активтерінің нарықтық құны)

Ең төменгі

Ең жоғары

Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, қолма-қол ақша.

70%

100%

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелер, корпоративтік борыштық міндеттемелер, ХҚҰ борыштық міндеттемелері, коммерциялық бағалы қағаздар (CP).

0%

30%

Депозиттер (салымдар). Депозиттерге орналастырылған РЕПО-дан қаражат.

0%

30%

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0%

30%


2-кесте

Операциялардың түрі

Операциялардың көлемі (нарықтық құны олардың құралдары негізінде болатын)

Ең төменгі

Ең жоғары

Форвард операциялары

0%

100%

Фьючерстерді сатып алуу/сату

0%

100%

FRA (болашақ пайыздық ставка туралы келісім)

0%

100%

Своптар

0%

50%

Опциондық келісім-шарттарды сатып алу

0%

50%

Опциондық келісім-шарттарды сату

0%

20%

Басқа туынды құралдар

0%

20%


3-кесте


Құралдардың сыныптары бойынша өтімділік портфеліндегі ең жоғары ауытқулар




Активтердің түрі

Нарықтық құны




Ең төменгі

Ең жоғары







Кредиттік рейтингісі А- ( Standard & Poor's) және/немесе A3 ( Moody's) төмен емес елдердің қолма-қол валютасы және мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері

70%

100%







Кредиттік рейтингісі ААА (Standard & Poor's) және/немесе Aaa (Moody's) халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелері, борыштық міндеттемелері

0%

30%







Қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері А-1 (Standard & Poor’s) немесе P1 ( Moody’s) төмен емес депозиттік сертификаттар (CD), коммерциялық қағаздар (CP)

0%

30%







Депозиттер (салымдар). Депозиттерге орналастырылған РЕПО-дан қаражат. Депозитке орналастыру мерзімі 1 айдан аспайды.

0%

30%












Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің алтынвалюта

активтерін басқару бойынша

инвестициялық стратегиясына

3-қосымша



1-кесте


Инвестициялық портфельдегі ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor's)/ Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздарға арналған әрбір валюта бойынша ең жоғары ауытқулар


Активтердің түрі

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

А-/А3-тен қоса алғанда А/А2-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар корпоративтік бағалы қағаздар


0%

4%

А+/А1-тен қоса алғанда АА-/Аа3-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар корпоративтік бағалы қағаздар


0%

6%


2-кесте


Инвестициялық портфельдегі ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor's)/ Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелеріне арналған әрбір валюта бойынша ең жоғары ауытқулар


Активтердің түрі

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

А-/А3-тен қоса алғанда А/А2-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері

0%

6%

А+/А1-тен қоса алғанда АА-/Аа3-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар елдер-дің мемлекеттік борыштық міндеттемелері

0%

9%

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің алтынвалюта

активтерін басқару бойынша

инвестициялық стратегиясына

4-қосымша



Стратегиялық портфельдегі құралдардың түрлері бойынша ең жоғары ауытқулар


Құралдардың түрі

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздар (Global Investment Grade Corporates)

20%

50%

Дамыған елдердің акциялары (Global Equity)

20%

40%

Дамушы нарықтардың облигациялары (Emerging market debt)

10%

30%

Айырбасталатын корпоративтік облигациялар (Convertible corporates)

5%

15%

Құрылымдық өнімдер

0%

10%

Инвестициялық портфель үшін рұқсат етілген құралдар

0%

30%

Абсолюттік кірістілік стратегиялары (хедж-қорлар және қорлардың қорлары (Hedge Funds, Fund of Funds))

0%

5%





Похожие:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconАлтынвалюта резервтерін басқару
Шы жылдардың басында ксро ыдырағаннан және 1991 жылдың аяғында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін және елдің алтынвалюта активтерін...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҰлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы
Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница