Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница4/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер478 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/6_Sravnitielnaia_tablitsa_po_proiektu_Zakona_Ob_ORD_14
1   2   3   4

36

12-баптың

4-1-тармағы

Жоқ.

4-1. Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке адамды тексеру және жеке адамдағы заттарды тексеру, көлік құралдарын тексеру, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып, тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.


Бұрын жедел-iздестiру iс-шаралары түрлерінде мазмұндалған осы шартты «Жедел-iздестiру қызметі туралы» заңның 11-бабының 16-тармағынан алып тастауға байланысты.

37

12-баптың

5-тармағы

5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел ұйымдарының арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру мақсатында қол сұғушылықтарын, сондай-ақ халықаралық терроризмдi анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек қана барлау және қарсы барлау ақпаратын алу үшiн арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары Қазақстан Республикасының бас прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.

5. Барлау және қарсы барлау қызметтері шегінде жүргізіліп отырған заңмен қорғалатын тұрғын үйге қол сұқпаушылықты, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиясын және өзге де банктік құпияны, хат жазысу, телефонмен және басқа да сөйлесу құрылғылары алқылы сөйлесулер, сөздер, почта және өзге де хабарламалар құпиясын қозғайтын жедел-іздестіру іс-шаралары олардың нәтижелерін қылмыстық істер бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттілігі жағдайларында ғана прокурордың санкциясымен жүргізіледі.

Осындай іс-шараларды қылмыстық істер бойынша дәлелдеуде пайдалану мақсаты қойылмай, ақпарат алу үшін жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiледі.


Жедел-iздестiру қызметінен барлау және қарсы барлау қызметтерін бөліп шығаруға байланысты, егер ол барлау және қарсы барлау қызметтерінің нәтижелерін қылмыстық процеске енгізуге байланысты болмаса, оларды жүзеге асыруға прокурорлық қадағалауды шектеу дұрыс болар еді.

Бұл ретте барлау және қарсы барлау қызметтері шеңберінде жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізу шарттары Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық актілерінде мазмұндалуға тиіс, ол үшін ұсынылып отырған тармақтың екінші абзацында сілтеме нормасы қалдырылады.


38

12-баптың

6-тармағы

6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, қаулы шығарылған кезден бастап олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.



Алып тасталсын


Қазақстан Республикасы Конституциясының 18, 23-баптарына сәйкес

әркiмнiң жеке өмiрiне, тұрғын үйіне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына, өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiѕ, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.

Осы құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.


«Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 12-бабы 4-тармағының ұсынылып отырған редакциясына сәйкес заңмен қорғалатын адамның тұрғын үйіне қол сұқпаушылықты, жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиясын және өзге де банктік құпияны, хат жазысу, телефонмен және басқа да сөйлесу құрылғылары алқылы сөйлесулер, сөздер, почта, телеграф және өзге де хабарламалар құпиясын қозғайтын жедел-іздестіру iс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiледi.

Қолданыстағы заңмен жедел-іздестіру iс-шаралары прокурорға міндетті түрде хабарланып, оның санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін жағдайлар белгіленген, алайда мұндай жағдайда санкцияны кейін алу көзделмеген.

Осы заң жобасымен аталған жағдайларда жедел-іздестіру iс-шараларын жүргізуге прокурордың санкциясын тиісті қаулы шығарылған кезден бастап 24 сағат ішінде міндетті түрде алу туралы енгізілетін түзетулерге байланысты.

Мұндай жағдайда осы тармақтың мәні іс жүзінде осы баптың 7-тармағымен қамтылады.

6 және 7-тармақтарда көрсетілген жағдайларда жедел-іздестіру iс-шараларын жүргізу үшін бірдей шарттар белгіленгенін ескере келе, аталған тармақтарды біріктіру, бұл ретте 12-баптың 6-тармағын алып тастау ұсынылады.


39

12-баптың

4-тармағы

7. Кейiнге қалдыруға болмайтын әрi ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға әкеп соғуы мүмкiн жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы тиiстi орган басшыларының бiреуiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде прокурорды хабардар ете отырып және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде кейiннен санкция ала отырып, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге жол берiледi.

Бұл ереже судьяларға қатысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу кезiнде қолданылмайды.

Судьяға қатысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.



7. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша, сондай-ақ кейiнге қалдыруға болмайтын әрi ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға әкеп соғуы мүмкiн жағдайларда жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтерiн жүзеге асырушы тиiстi орган басшыларының бiреуiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде прокурорды хабардар ете отырып және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде кейiннен санкция ала отырып, заңмен қорғалатын тұрғын үйге қол сұқпаушылықты, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиясын және өзге де банктік құпияны, хат жазысу, телефонмен және басқа да сөйлесу құрылғылары алқылы сөйлесулер, сөздер, почта және өзге де хабарламалар құпиясын қозғайтын жедел-іздестіру iс-шараларын жүргiзуге жол берiледi.


1. 6-тармаққа түсіндірмелерді қараңыз.


2. Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады. Бұл ретте жедел-iздестiру iс-шарасының түріне қарамастан, оны жүргізу үшін санкцияны міндетті түрде талап етілетін шарттар енгізіледі. («Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18, 23-баптарына сәйкес

әркiмнiң жеке өмiрiне, тұрғын үйіне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына, өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiѕ, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.

Осы құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.

4. Судьяларға қатысты норма «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда мазмұндалғандықтан, артық сөздік жүктемеге байланысты алынып тасталады.


40

12-баптың

8-тармағы

8. Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге санкция алу кезiнде прокурорға құпия көмекшiлер мен штаттағы жасырын қызметкерлердiң жеке басы туралы мәлiметтердiң құпиясын ашуға мүмкiндiк бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды жүргiзу үшiн негiздеме материалдар табыс етiледi.

Арнаулы жедел-iздестiру iс-шарасының нәтижесi туралы оны жүргiзуге санкция берген прокурор хабардар етiледi.



8. Заңмен қорғалатын тұрғын үйге қол сұқпаушылықты, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиясын және өзге де банктік құпияны, хат жазысу, телефонмен және басқа да сөйлесу құрылғылары алқылы сөйлесулер, сөздер, почта және өзге де хабарламалар құпиясын қозғайтын жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге санкция алу кезiнде прокурорға құпия көмекшiлер мен штаттағы жасырын қызметкерлердiң жеке басы туралы мәлiметтердiң құпиясын ашуға мүмкiндiк бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды жүргiзу үшiн негiздеме материалдар табыс етiледi.

Осы жедел-iздестiру iс-шараларының нәтижелерi туралы оны жүргiзуге санкция берген прокурор хабардар етiледi.


2. Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады. Бұл ретте жедел-iздестiру iс-шарасының түріне қарамастан, оны жүргізу үшін санкцияны міндетті түрде талап етілетін шарттар енгізіледі. («Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).

41

14-бап

14-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдарын  пайдалану



14-бап. Жедел-iздестiру іс-шараларын өткізу нәтижесінде алынған материалдарды пайдалану


Жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметтерiн бөлуге, сондай-ақ жедел-iздестiру iс-шарасының жаңа ұғымын енгізуге байланысты.


42

14-баптың

1-тармағы

1. Жедел-iздестiру қызметi процесiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу мен жүзеге асыру және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының айғақтарды жинауды, зерттеудi және бағалауды регламенттейтiн ережелерiне сәйкес тексерiлген жағдайда қылмыстық iстер бойынша дәлелдеу процесiнде пайдаланылуы мүмкiн.

Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары барлау және қарсы барлау қызметi барысында алынған, оларды пайдалану тәртiбi ведомстволық нормативтiк актiлерде белгiленген нәтижелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерiлгеннен кейiн осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да мiндеттердi орындау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн.


1. Жедел-iздестiру іс-шараларын өткізу нәтижесінде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу мен жүзеге асыру және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ олар прокурордың санкциясымен және (немесе) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының айғақтарды жинауды, зерттеудi және бағалауды регламенттейтiн ережелерiне сәйкес алынған жағдайда қылмыстық iстер бойынша дәлелдеу процесiнде пайдаланылуы мүмкiн.

Жедел-iздестiру іс-шараларын өткізу нәтижесінде алынған материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерiлгеннен кейiн осы Заңның 2-бабында және арнайы қызметтердің жұмысын реттейтін заңдарда көзделген басқа да мiндеттердi орындау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн.

  1. Жедел-iздестiру қызметінен барлау және қарсы барлау қызметтерiн бөліп шығару екіншілердің жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуіне қадағалауды шектейді, осыған орай олардың нәтижелерін қылмыстық процеске енгізу үшін бірыңғай шарттар енгізіледі.

Мұндай жағдайда барлау және қарсы барлау қызметтері шеңберінде жедел-iздестiру iс-шаралары оларды заңдастыру талап етілгенге дейін прокурордың санкциясынсыз жүргізілетін болады.


2. Арнайы қызметтердің алдында тұрған міндеттерді орындау кезінде қарсы барлау қызметінің материалдарын пайдалануға мүмкіндік беретін норма барлау және қарсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты енгізіледі.


43

25-баптың

2-тармағының

2) тармақшасы

2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:

2) арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын, оның iшiнде байланыс желiсiнде жүзеге асырудың заңдылығын тексерудi жүргiзедi;


2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:

2) жедел-iздестiру iс-шараларын, оның iшiнде байланыс желiсiнде жүзеге асырудың заңдылығын тексерудi жүргiзедi;

Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады.

(«Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).

«Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

44

35-баптың

2) тармақшасы

Жедел-iздестiру қызметiне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;


Жедел-iздестiру қызметiне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

2) жедел-iздестiру iс-шараларын, оның iшiнде байланыс желiсiнде жүзеге асырудың заңдылығын тексерудi жүргiзедi;

Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады.

(«Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).

«Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы

45

8-баптың

14-тармағы

Сыртқы барлау субъектілерінің құзыретіне мыналар жатады:

14) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;

Сыртқы барлау субъектілерінің құзыретіне мыналар жатады:

14) жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;

Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастауға байланысты.

(«Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).




Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница