Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница3/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер478 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/6_Sravnitielnaia_tablitsa_po_proiektu_Zakona_Ob_ORD_14
1   2   3   4

24

2-баптың

үшінші абзацы

Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:

- қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;

Алып тасталсын

Жедел-іздестіру қызметі ұғымына кірмейді, қарсы барлау және барлау қызметтері ұғымдарына жатады.

25

2-баптың алтыншы абзацы

Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:

- шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау;

Алып тасталсын

Жедел-іздестіру қызметі ұғымына кірмейді, қарсы барлау және барлау қызметтері ұғымдарына жатады.

26

5-бап

5-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау



5-бап. Жедел-iздестiру іс-шараларын жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау


Қарсы барлау қызметінің жедел-іздестіру қызметінен бөлініп шығуына және жедел-іздестіру қызметінің жаңа ұғымын енгізуге байланысты.


Бұрынғы редакция қалған кезде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі талаптар жедел-іздестіру қызметіне ғана жататын болады, ал барлау және қарсы барлау қызметтері де «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңда көзделген жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

27

5-баптың

1-тармағы

1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

1. Осы Заңмен және арнайы қызметтердің қызметін реттейтін заңнамалық актілермен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

Осы түзету жедел-іздестіру іс-шарасы ұғымын енгізуге байланысты енгізіледі, ол құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған олардың іс-әрекеттерінде көрінеді.


28

6-баптың

б-1) тармағы


Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:

б-1) сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi орган;

Алып тасталсын

Барлау қызметінің жедел-іздестіру қызметінен бөлініп шығуына байланысты.


29

6-баптың в) тармағы

Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:

в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;

Алып тасталсын

Барлау қызметінің жедел-іздестіру қызметінен бөлініп шығуына байланысты.


30

7-баптың

а) тармағы

Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;

а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;

а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

Мемлекеттің экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту жедел-іздестіру қызметі ұғымына кірмейді.

31

8-баптың

10-тармағы

Жоқ

10) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде iздеу-қызмет иттерiн, сондай-ақ бейне-, аудиотехниканы және өзге де арнаулы техникалық құралдарды қолдануға құқығы бар.

«Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 11-бабынан жедел-іздестіру қызметінің «iздеу-қызмет иттерiн пайдалану» және «заңмен қорғалатын жеке өмiрге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзiнiң және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәлiметтер алу үшiн техникалық құралдарды қолдану» сияқты түрлерін алып тастауға байланысты.

32

10-баптың

1-тармағының

в-1) тармақшасы

1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн:

в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;


в-1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның бірінші орынбасарының және орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру үшін, онда «Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары ...» деп көзделген.



33

11-бап

11-бап. Жедел-iздестiру iс-шаралары

1. Жедел-iздестiру iс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлiнедi.

2. Жалпы жедел-iздестiру iс-шаралары мыналар болып табылады:

1) адамдарға сауал қою;

2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне пайдалану;

3) енгiзу;

4) қылмыстық iс-әрекеттi имитациялайтын мiнез-құлық таныту; 

5) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру;

6) бақыланатын өнiм беру;

7) заңмен қорғалатын жеке өмiрге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзiнiң және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәлiметтер алу үшiн техникалық құралдарды қолдану;

8) анықтамалар алу;

9) үлгiлердi алу;

10) жедел сатып алу;

11) iздеу-қызмет иттерiн пайдалану;

12) жеке адамды белгiлерi бойынша iздеу және ұқсастыру;

13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын iздеу;

14) құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;

15) қылмысты әзiрлеушi, жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау;

16) ұсталған адамдарды жеке тексерудi, олардың жанында болатын, қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алып қоюды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi куәгерлердiң қатысуымен жүзеге асыру.

Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке тексеру және жеке тұлғаның жанында болатын заттарды тексеру, көлiк құралдарын тексеру, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн;

17) қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу;

18) байқау.

3. Арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары мыналар болып табылады:

1) почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн бақылау;

2) байланыс желiлерiндегi жедел iздеу;

3) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;

4) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алып тастау;

5) жедел кiру.


11-бап. Жедел-iздестiру iс-шаралары

Жалпы жедел-iздестiру iс-шаралары мыналар болып табылады:

  1. адамдарға сауал қою;

  2. азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне пайдалану;

  3. енгiзу;

  4. қылмыстық iс-әрекеттi имитациялайтын мiнез-құлық таныту; 

  5. астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру;

  6. бақыланатын өнiм беру;

  7. анықтамалар алу;

  8. үлгiлердi алу;

  9. жедел сатып алу;

  10. жеке адамды белгiлерi бойынша iздеу және ұқсастыру;

  11. ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын iздеу;

  12. құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;

  13. қылмысты дайындаущы, жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау;

  14. ұсталған адамдарды жеке тексерудi, олардың жанында болатын, қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алып қоюды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi куәгерлердiң қатысуымен жүзеге асыру;

  15. қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу;

  16. байқау;

  17. почта жөнелтiлiмдерiн бақылау;

  18. байланыс желiлерiндегi жедел iздеу;

  19. сөйлесулерді жасырын тыңдау;

  20. сөйлесулерді жасырын жазып алу;

  21. сөйлесулерді жасырын тыңдау және жазып алу;

  22. сөздерді жасырын тыңдау;

  23. сөздерді жасырын жазып алу;

  24. сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу;

  25. телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;

  26. байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алу;

жедел кiру.

1. Жедел-іздестіру іс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады.

(«Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).


2. Жедел-іздестіру іс-шарасының кез келген түрін жүргізу үшін бірыңғай шарттар белгіленгендіктен, жедел-іздестіру қызметінің «заңмен қорғалатын жеке өмiрге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзiнiң және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәлiметтер алу үшiн техникалық құралдарды қолдану» сияқты түрі алып тасталады, ал техникалық құралдарды пайдаланудың өзі «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары деп аталатын 8-бабына ауыстырылған.


3. Жедел-іздестіру қызметінің «iздеу-қызмет иттерiн пайдалану» сияқты түрі алып тасталады, ол «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары деп аталатын 8-бапқа ауыстырылды.


4. 16-тармақтың екінші абзацы алып тасталады, ол жедел-іздестіру іс-шараларының түрлеріне емес, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шарттарына қатысты болғандықтан, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 12-бабының 4-1-тармағына ауыстырылды.


5. 19-24-тармақтар жедел-іздестіру іс-шаралары түрлерін нақтылау мақсатында және «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабында олардың түсініктемелерін енгізуге байланысты енгізіледі.

(ҚР ҚІЖК-нің 237-бабының бірінші бөлігіне 1 түсіндірмені қараңыз).



34

12-баптың

2-тармағының бірінші абзацы

2. Жалпы және арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы барлық органдар өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жүргiзедi.



2. Жедел-iздестiру iс-шараларын жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы барлық органдар және арнаулы қызметтер өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жүргiзедi.


1. Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады («Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).

2. Жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты арнайы қызметтерге өз қызметін, оның ішінде жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін норма енгізіледі.


35

12-баптың

4-тармағы

4. Арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары:

1) егер күдiктi, айыпталушы үшiншi бiр адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәлiметтер болса немесе егер үшiншi бiр адам күдiктiге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшiн күдiктiден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәлiметтер болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 237-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша күдiктiге, айыпталушыға не үшiншi бiр адамға қатысты;

2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 237-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстарды жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн тек қана прокурордың санкциясымен жүргiзiледi.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) әзiрлеп және жасап жатқан қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары көрсетiлген санаттағы қылмыстарға қатысы бар тексерiлетiн адамдарға қатысты прокурордың санкциясымен жүргiзiледi.

Мұндай iс-шараларды жүргiзуге санкцияны жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстық және оларға теңестiрiлген прокурорлар бередi.

Осы Заңның 6-бабында көрсетiлген барлық органдардың мiндеттердi шешуi үшiн байланыс желiсiн пайдаланумен байланысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi күш пен қаражат бөлiнедi.

Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн және күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтерi мен құралдарын беретiн жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасына қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желiлерiн пайдалана отырып, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.

Барлау ақпаратын алу мақсатында байланыс желiлерiн пайдаланумен байланысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын техникалық жағынан сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


4. Заңмен қорғалатын тұрғын үйге қол сұқпаушылықты, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиясын және өзге де банктік құпияны, хат жазысу, телефонмен және басқа да сөйлесу құрылғылары алқылы сөйлесулер, сөздер, почта және өзге де хабарламалар құпиясын қозғайтын жедел-іздестіру iс-шаралары:

1) егер күдiктi, айыпталушы үшiншi бiр адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәлiметтер болса немесе егер үшiншi бiр адам күдiктiге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшiн күдiктiден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәлiметтер болса, күдiктiге, айыпталушыға не үшiншi бiр адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 237-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша;

2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 237-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстарды жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн;

3) мынадай дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған:

а) ауыр және аса ауыр қылмыстарға;

б) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 120-бабында (бiрiншi бөлiк); 122-бабында (бiрiншi бөлiк); 126-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 128-бабында (бiрiншi бөлiк); 131-бабында (бiрiншi бөлiк); 157-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 164-бабында (бiрiншi бөлiк); 170-бабында (бiрiншi бөлiк); 181-бабында (бiрiншi бөлiк); 206-бабында (бiрiншi бөлiк); 207-бабында (бiрiншi бөлiк); 209-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 233-1-бабында (бiрiншi бөлiк); 241-бабында (үшiншi бөлiк); 242-бабында; 250-бабында (бiрiншi бөлiк); 251-бабында (бiрiншi бөлiк); 252-бабында (бiрiншi бөлiк); 263-бабында (бiрiншi бөлiк); 264-бабында (бiрiншi бөлiк); 270-бабында (бiрiншi бөлiк); 271-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 287-бабында (үшiншi бөлiк); 288-бабында (үшiншi бөлiк); 291-бабында (үшiншi бөлiк); 293-бабында (екiншi бөлiк); 307-бабында (екiншi бөлiк); 308-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 311-бабында (бiрiншi бөлiк); 312-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 314-бабында (екiншi және үшіншi бөлiктер); 318-бабында (үшiншi бөлiк); 319-бабында (үшiншi бөлiк); 330-2-бабында (екiншi бөлiк); 339-бабында (үшiншi бөлiк); 348-бабында (екiншi бөлiк); 361-бабында (біріншi бөлiк) көрсетiлген қылмыстарға қатыстылығына тексеріліп отырған адамдарға қатысты жедел есепке алу істері бойынша тек қана прокурордың санкциясымен жүргiзiледi. Осы тармақшада көрсетілген қылмыстар түрлері бойынша заңмен қорғалатын тұрғын үйге қол сұғылмаушылық пен сөздер құпиясын қозғайтын жедел-іздестіру іс-шараларын ғана жүргізуге жол беріледі.

Мұндай iс-шараларды жүргiзуге санкцияны жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, облыстық және оларға теңестiрiлген прокурорлар бередi.

Осы Заңның 6-бабында көрсетiлген барлық органдардың мiндеттердi шешуi үшiн байланыс желiсiн пайдаланумен байланысты жедел-iздестiру iс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi күш пен қаражат бөлiнедi.

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтерi мен құралдарын беретiн жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасына қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желiлерiн пайдалана отырып, жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.

Барлау ақпаратын алу мақсатында байланыс желiлерiн пайдаланумен байланысты жедел-iздестiру iс-шараларын техникалық жағынан сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


1. Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады. Бұл ретте жедел-iздестiру iс-шарасының түріне қарамастан, оны жүргізу үшін санкцияны міндетті түрде талап етілетін шарттар енгізіледі. («Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).


2. Заңмен қорғалатын адамның тұрғын үйіне қол сұқпаушылықты, жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиясын және өзге де банктік құпияны, хат жазысу, телефонмен және басқа да сөйлесу құрылғылары алқылы сөйлесулер, сөздер, почта, телеграф және өзге де хабарламалар құпиясын қозғайтын жедел-іздестіру iс-шаралары ҚР ҚІЖК-нің 237-бабының бірінші бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша ғана емес, сондай-ақ оларды айқындау, болдырмау және жолын кесу мақсатында қылмыстық іс қозғалғанға дейін де жүргiзiлуге тиіс.

Осы түзетулердің өзектілігі қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау мәселелеріне байланысты.

Тізбектелген ауырлығы орташа қылмыстарды айқындау және ашу жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын органдар үшін айтарлықтай күрделі міндет болып қала береді, себебі олар қолда бар техникалық мүмкіндіктерді қолданыстағы заңнама шеңберінде пайдалана алмайды.

Осыан орай, енгізіліп отырған түзетулер экономика мен кәсіпкерлік, банктік қызмет, салық және кеден заңнамасы, көші-қон, контрабанда және т.б. салалардағы қылмыстарды дер уақытында болдырмауды, жолын кесуді, айқындауды және ашуды қамтамасыз етеді.


3. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру үшін, онда ««Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары ...» деп көзделген.


4. Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады («Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).


5. Қорғаныс министрлігінің әскери барлау оргнадарын жедел-iздестiру қызметін жүзеге асыратын оргнадар қатарынан алып тастауға байланысты.

Осы норманы Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық актілерінде белгілеу қажет.


6. Жедел-iздестiру iс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады («Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 1-бабының 3) тармақшасына түсіндірмелерді қараңыз).

1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница