Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница2/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер478 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/6_Sravnitielnaia_tablitsa_po_proiektu_Zakona_Ob_ORD_14
1   2   3   4

9

237-баптың екінші бөлігі

2. Күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттердi жәбiрленушiге, куәға немесе олардың отбасы мүшелерiне қолдану қаупi болған кезде тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша олардың келiсiмiмен, бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiнiң жасырын тыңдалуы және жазылуы, сондай-ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерiнiң тыңдалуы және жазылуы мүмкiн.

2. Күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттердi жәбiрленушiге, куәға немесе олардың отбасы мүшелерiне қолдану қаупi болған кезде тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша олардың арызы бойынша немесе олардың жазбаша келiсiмiмен әңгiмелесулерiнiң жасырын тыңдалуы және (немесе) жазылуы, сондай-ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерiнiң жасырын тыңдалуы және жазылуы мүмкiн.




1. Азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілдіктерін күшейту және нормалар коллизияларын жою мақсатында («Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6-тармағы).


2. Жедел-іздестіру іс-шаралары түрлерін нақтылау мақсатында.

(ҚР ҚІЖК-нің 237-бабының бірінші бөлігіне 1-ші түсіндірмені қараңыз).

10

237-баптың үшінші бөлігі

3. Тергеушi сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi тыңдау мен оларды жазуды қажет деп таныған соң дәлелдi қаулы шығарады, онда: қылмыстық iс және осы тергеу iс-әрекетi жүргiзiлуге тиiс негiздер, сөйлескен сөздерi тыңдалатын және жазылатын адамдардың аты-жөнi және ол қандай уақыт аралығында жүргiзiлетiнi; сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазуды техникалық тұрғыдан жүзеге асыру тапсырылған орган көрсетiледi. Аталған қаулы прокурорға ұсынылады және ол санкция берген жағдайда тергеушi оны орындау үшiн тиiстi органға жiбередi.

3. Тергеушi сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi жасырын тыңдауды және (немесе) оларды жазуды қажет деп таныған соң дәлелдi қаулы шығарады, онда: қылмыстық iс және осы тергеу iс-әрекетi жүргiзiлуге тиiс негiздер, сөйлескен сөздерi жасырын тыңдалатын және (немесе) жазылатын адамдардың аты-жөнi және ол қандай уақыт аралығында жүргiзiлетiнi; сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi жасырын тыңдауды және (немесе) жазуды техникалық тұрғыдан жүзеге асыру тапсырылған орган көрсетiледi. Аталған қаулы прокурорға ұсынылады және ол санкция берген жағдайда тергеушi оны орындау үшiн тиiстi органға жiбередi.


Жедел-іздестіру іс-шаралары түрлерін нақтылау мақсатында.

(ҚР ҚІЖК-нің 237-бабының бірінші бөлігіне 1-ші түсіндірмені қараңыз).

11

237-баптың төртінші бөлігі

4. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу тергеушiнiң қаулысы бойынша прокурордың санкциясынсыз, оған кейiннен жиырма төрт сағат iшiнде сөйлескен сөздердiң тыңдалғаны, жазылғаны туралы хабар жiбере отырып, жүргiзiледi. Аталған хабарды алғаннан кейiн прокурор осы тергеулiк iс-әрекеттiң заңға сәйкестiгiн тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады. Сөйлескен сөздi, әңгiмелесудi тыңдаудың, жазудың заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда аталған iс-әрекет iс бойынша дәлел ретiнде жiберiле алмайды.

4. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi жасырын тыңдау және (немесе) жазу тергеушiнiң қаулысы бойынша прокурордың санкциясынсыз, оған кейiннен жиырма төрт сағат iшiнде сөйлескен сөздердiң жасырын тыңдалғаны және (немесе) жазылғаны туралы хабар жiбере отырып, жүргiзiледi. Аталған хабарды алғаннан кейiн прокурор осы тергеулiк iс-әрекеттiң заңға сәйкестiгiн тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады. Сөйлескен сөздi, әңгiмелесудi жасырын тыңдаудың және (немесе) жазудың заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда аталған iс-әрекет iс бойынша дәлел ретiнде жiберiле алмайды.


Жедел-іздестіру іс-шаралары түрлерін нақтылау мақсатында.

(ҚР ҚІЖК-нің 237-бабының бірінші бөлігіне 1-ші түсіндірмені қараңыз).

12

237-баптың бесінші бөлігі

5. Сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу алты айдан аспайтын мерзiмге белгiленуi мүмкiн. Олар бұл шараларға қажеттiлiк жойылған кезде, бiрақ кез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешiктiрмей тергеушiнiң қаулысы арқылы тоқтатылады.

5. Сөйлескен сөздердi, әңгiмелесулердi жасырын тыңдау және (немесе) жазу алты айдан аспайтын мерзiмге белгiленуi мүмкiн. Олар бұл шараларға қажеттiлiк жойылған кезде, бiрақ кез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешiктiрмей тергеушiнiң қаулысы арқылы тоқтатылады.


Жедел-іздестіру іс-шаралары түрлерін нақтылау мақсатында.

(ҚР ҚІЖК-нің 237-бабының бірінші бөлігіне 1-ші түсіндірмені қараңыз).

«Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңы


13

1-баптың

3) тармақшасы

3) арнаулы жедел-iздестiру iс-шарасы - заңмен қорғалатын адамның жеке өмiрiне араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтiлiмдерi құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тiкелей қатысты жедел-iздестiру iс-шарасы;





Алып тасталсын

Жедел-іздестіру іс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлуді алып тастау ұсынылады.

Аталған бөлу арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларына ғана санкция беру арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту үшін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңмен 1994 жылы енгізілген болатын.

Алайда, уақыт көрсеткендей, осы норма сол бір жағдайларда жасалған қылмыс оқиғалары бойынша дәлелдемелерге рұқсат беру туралы бір-біріне қарама-қайшы шешімдер қабылданған біркелкі емес сот-тергеу практикасын тудырды.

Мысалы, тексерілетін адамның сөздерін диктофонға жазу және оларды арнайы құралдар арқылы бір уақытта тыңдау санкция алуға жатады деп, ал оларды бір уақытта тыңдау мүмкіндігісіз сөздерді аудиожазуға ғана санкция керек емес деп бағаланды.

Ал осы жедел-іздестіру іс-шараларының екеуі де қолданылатын техникалық құралдардың мүмкіндіктеріне қарамастан азаматтардың заңмен қорғалатын конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейді.

Сонымен бірге, Жоғарғы Сот «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі нормативтік қаулысының 22-тармағында жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауы, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы жјне басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығына азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеуге байланысты жедел-іздестіру іс шараларының нәтижелері, егер олар заңға негізделсе және осы іс шараларды өткізу прокурордың санкциясымен алынса, онда олар іс бойынша дәлелдемелер ретінде пайдаланыла алады деп бекітілген.

Осыған орай заң жобасы сондай-ақ санкция берудің бірыңғай шарттарын енгізеді, осылай жедел-іздестіру қызметі туралы заңнама Жоғарғы Соттың аталған нормативтік қаулысымен сәйкес келетін болады.

Мұндай жағдайда жедел-іздестіру іс-шараларын «жалпы» және «арнаулы» деп бөлу қажет емес.

Сондай-ақ Ресей Федерациясының да заңнамасына оларды қандай да бір кіші түрлерге бөлу көзделмеген (1995 жылғы 12 тамыздағы «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Федералдық заңның 6-бабы).

14

1-баптың

11) тармақшасы

11) жалпы жедел-iздестiру iс-шарасы - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың осы қызметтiң мiндеттерiн шешуге бағытталған, бiрыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;

11) жедел-iздестiру iс-шарасы – құқық қорғау органдарының және арнайы қызметтердің олардың алдында тұрған мiндеттердi шешуге бағытталған, бiрыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;

Жедел-іздестіру іс-шаралары ұғымын заңнамалық бекіту және жедел-іздестіру және карсы барлау қызметтерін бөлу мақсатында.


15

1-баптың

15) тармақшасы

15) жедел-iздестiру қызметi - адамның және азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдастыру және басқару iс-шараларының ғылыми негiзделген жүйесi;

15) жедел-iздестiру қызметi – адамның және азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерiн, мемлекетті, ұйымдарды, меншiктi қылмыстық қол сұғудан қорғау мақсатында құқық қорғау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызметтің ерекше түрі;





16

1-баптың

19) тармақшасы

19) сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексерiлетiн адамның, күдiктiнiң, айыпталушының сөздiк ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткiзгiште анықтау;

19) сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу – бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздiк ақпаратты жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткiзгiште анықтау;

Жедел-іздестіру іс-шарасының осы түрін нақтылау мақсатында.

Жедел-іздестіру іс-шарасының осы түрінің анықтамасында оның кімге қатысты жүргізілуге тиіс екендігін түсіндіру қажеттілігі жоқ, ол мәлімет «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 12-бабымен реттелген жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу шарттарына жататындықтан, сонда мазмұндалуға тиіс.


17

1-баптың

19-1) тармақшасы

19-1) жоқ

19-1) сөздердi жасырын тыңдау – бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздiк және өзге де ақпаратты жасырын бақылау;

Жедел-іздестіру іс-шарасының осы түрін заңнамалық бекіту мақсатында.



18

1-баптың

19-2) тармақшасы

19-2) жоқ

19-2) сөздердi жасырын жазып алу – бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздiк және өзге де ақпараттың мазмұнын жасырын анықтау;

Жедел-іздестіру іс-шарасының осы түрін заңнамалық бекіту мақсатында.


19

1-баптың

21) тармақшасы

21) телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу - егер тексерiлетiн адам, күдiктi, айыпталушы үшiншi бiр адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәлiметтер болса немесе егер үшiншi бiр адам телефонды және басқа да сөйлесу құрылғысын пайдаланып, тексерiлетiн адамға, күдiктiге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшiн тексерiлетiн адамнан, күдiктiден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәлiметтер болса, тексерiлетiн адамның, күдiктiнiң, айыпталушының не үшiншi бiр адамның сөздiк ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткiзгiште анықтау;

21) сөйлесулерді жасырын тыңдау және жазып алу – телефон немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы берілетін сөздік және өзге де ақпаратты жасырын бақылау және бір уақытта оның мазмұның материалдық жеткізгіште анықтау;

Жедел-іздестіру іс-шарасының осы түрін нақтылау, сондай-ақ оның атауын ҚР ҚІЖК-нің 237-бабының ұсынылып отырған редакциясына сәйкес келтіру мақсатында.



20

1-баптың

21-1) тармақшасы

21-1) Жоқ

21-1) сөйлесулерді жасырын тыңдау – телефон немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы берілетін сөздік және өзге де ақпаратты арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, жасырын бақылау;

Жедел-іздестіру іс-шарасының осы түрін заңнамалық бекіту мақсатында.


21

1-баптың

21-2) тармақшасы

21-2) Жоқ

21-2) сөйлесулерді жасырын жазып алу – телефон немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы берілетін сөздік және өзге де ақпаратты материалдық жеткізгіште жасырын анықтау;

Жедел-іздестіру іс-шарасының осы түрін заңнамалық бекіту мақсатында.


22

подпункт 25) статьи 1

25) Жоқ

25) тексерілетін адам – құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер үшін жедел қызығушылық тудырған, оның дайындалып жатқан, жасалып жатқан не жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы мәліметтерді алу мақсатында оған қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу қажет адам;

Жедел-іздестіру қызметінің осы объектісінің мәртебесін заңнамалық бекіту мақсатында.


23

1-баптың

26) тармақшасы

26) Жоқ


26) қарсы барлау қызметі – шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметтерінің және өзге де шетелдік ұйымдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру қызметінен елдің конституциялық құрылымының, экономикалық және қорғаныс әлеуетінің негіздерін қорғауға бағытталған арнайы қызметтер жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.

Қарсы барлау қызметінің жедел-іздестіру қызметінен бөлініп шығуына және жедел-іздестіру қызметінің жаңа ұғымын енгізуге байланысты.


1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница