Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер478 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/6_Sravnitielnaia_tablitsa_po_proiektu_Zakona_Ob_ORD_14
  1   2   3   4


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

салыстырма кесте


р/с №


Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі

Қолданылып жүрген редакция

Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар

Негіздеме

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»

2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

1

27-баптың

2-тармағы

2. Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-iздестiру iс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

2. Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты заңмен қорғалатын адамның тұрғын үйіне қол сұқпаушылықты, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиясын және өзге де банктік құпияны, хат жазысу, телефонмен және басқа да сөйлесу құрылғылары алқылы сөйлесулер, сөздер, почта және өзге де хабарламалар құпиясын қозғайтын жедел-іздестіру iс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

«Жедел-iздестiру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан «арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы» ұғымын алып тастауға байланысты.


1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi


2

66-баптың екінші бөлігі

2. Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдануды ұйымдастырады. Жедел-iздестiру қызметiнiң қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы болатын, нақты деректерi бар нәтижелерiн қылмыстық iске қосу үшiн қылмыстық iс жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасымен осы Кодекстiң 130-бабында белгiленген тәртiппен жiбередi.

2. Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел-iздестiру шараларын қолдануды ұйымдастырады. Жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiнiң қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер қамтылған нәтижелерiн қылмыстық iске қосу үшiн қылмыстық iсті жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасымен осы Кодекстiң 130-бабында белгiленген тәртiппен жiбередi.

  1. Жедел-іздестіру және карсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты.




3

130-баптың бірінші бөлігі

1. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстiң 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.

1. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстiң 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы» және «Жедел-іздестіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.


  1. Жедел-іздестіру және карсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты.



2. «Жедел-iздестiру қызметі туралы» Заңнан 14-бабына жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында жиналған материалдарды қылмыстық процеске енгізу тәртібі туралы енгізілетін өзгерістерге байланысты.


4

130-баптың бесінші бөлігі

5. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-iздестiру қызметi материалдарын табыс ету туралы шешiм қабылдай отырып, осы Кодекстiң 202-бабының ережелерiне сәйкес тиiстi қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуi бойынша жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерi табыс етiлiп отырған, қылмыстық процестi жүргiзушi орган; қандай жедел-iздестiру шарасының қандай нәтижелерi және қандай көлемде табыс етiлетiнi; аталған нәтижелердi алу үшiн пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық iс материалдарына қосу үшiн жiберiлетiн заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылатын шаралар көрсетiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органға жедел-iздестiру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-iздестiру қызметi нәтижелерiн қылмыстық iс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттiгiне негiздеме де келтiрiледi. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары олардағы нақты деректердi олардың тергелiп (қаралып) жатқан қылмысты iске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көлем мен нысанда табыс етiлуге тиiс.

5. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтері материалдарын табыс ету туралы шешiм қабылдай отырып, осы Кодекстiң 202-бабының ережелерiне сәйкес тиiстi қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуi бойынша жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтерiнiң нәтижелерi табыс етiлiп отырған, қылмыстық процестi жүргiзушi орган; қандай жедел-iздестiру шарасының қандай нәтижелерi және қандай көлемде табыс етiлетiнi; аталған нәтижелердi алу үшiн пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық iс материалдарына қосу үшiн жiберiлетiн заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылатын шаралар көрсетiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органға жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтерінің материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда осы қызметтер нәтижелерiн қылмыстық iс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттiгiне негiздеме де келтiрiледi. Жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтерiнiң материалдары олардағы нақты деректердi олардың тергелiп (қаралып) жатқан қылмысты iске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көлем мен нысанда табыс етiлуге тиiс.


Жедел-іздестіру және карсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты.


5

132-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасы

2. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган мына негiздердiң бiрi болған жағдайда:

4) жедел-iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасағандығына күдiк келтiрiлген адамды ұстауға құқылы.

2. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган мына негiздердiң бiрi болған жағдайда:

4) жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтерiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасағандығына күдiк келтiрiлген адамды ұстауға құқылы.

1. Жедел-іздестіру және карсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты.


6

197-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы

1. Қылмыстық iзге түсу мен қылмыстық iстердi тергеу кезiнде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

2) қылмыстық iс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiнiң материалдарын қылмыстық iске қосу туралы жазбаша нұсқаулар бередi;

1. Қылмыстық iзге түсу мен қылмыстық iстердi тергеу кезiнде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

2) қылмыстық iс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы, сондай-ақ жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтерiнiң материалдарын қылмыстық iске қосу туралы жазбаша нұсқаулар бередi;

2. Жедел-іздестіру және карсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты.


7

197-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы

1. Қылмыстық iзге түсу мен қылмыстық iстердi тергеу кезiнде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

8) қылмыстық iзге түсу органдарынан тексеру үшiн қылмыстық iстердi, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел- iздестiру қызметi, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәлiметтердi алады;

1. Қылмыстық iзге түсу мен қылмыстық iстердi тергеу кезiнде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

8) қылмыстық iзге түсу органдарынан тексеру үшiн қылмыстық iстердi, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел-iздестiру немесе қарсы барлау қызметтерi, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәлiметтердi алады;

3. Жедел-іздестіру және карсы барлау қызметтерін бөлуге байланысты.


8

237-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі

237-бап. Сөйлесулердi және сөздердi тыңдау мен жазу

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 120-бабында (бiрiншi бөлiк); 122-бабында; 128-бабында (бiрiншi бөлiк); 131-бабында (бiрiншi бөлiк); 143-бабында (үшiншi бөлiк); 157-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 164-бабында (бiрiншi бөлiк); 170-бабында (бiрiншi бөлiк); 175-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 177-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 178-бабында (бiрiншi бөлiк); 181-бабында (бiрiншi бөлiк); 185-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 192-бабында (бiрiншi бөлiк); 193-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 209-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 233-1-бабында (бiрiншi бөлiк); 233-3-бабында (бiрiншi бөлiк); 241-бабында (үшiншi бөлiк); 242-бабында; 251-бабында (бiрiншi бөлiк); 252-бабында (бiрiншi бөлiк); 270-бабында (бiрiншi бөлiк); 307-бабында (екiншi бөлiк); 308-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 311-бабында (бiрiншi бөлiк); 312-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 339-бабында (үшiншi бөлiк); 346-бабында (екiншi бөлiк); 347-1-бабында (бiрiншi бөлiк); 358-бабында (бiрiншi бөлiк); 361-бабында (екiншi бөлiк) көрсетiлген ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық iстер  бойынша, егер күдiктi, айыпталушы үшiншi бiр адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәлiметтер болса немесе егер үшiншi бiр адам басқа адамдарға беру үшiн күдiктiге, айыпталушыға арналған не күдiктiден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәлiметтер болса, тыңдау нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мәлiметтер алынады деп болжауға жеткiлiктi негiздер болған кезде күдiктiнiң, айыпталушының не үшiншi бiр адамның телефон және басқа да  сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерiн жасырын тыңдау және жазып алу тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысының негiзiнде жүргiзiледi.

Жоғарыда көрсетiлген қылмыстар тiзбесi бойынша бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу прокурордың санкциясымен ғана күдiктiге, айыпталушыға қатысты жүргiзiлуi мүмкiн.

237-бап. Сөйлесулердi және (немесе) сөздердi жасырын тыңдау және жазу

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 120-бабында (бiрiншi бөлiк); 122-бабында (бiрiншi бөлiк); 128-бабында (бiрiншi бөлiк); 131-бабында (бiрiншi бөлiк); 143-бабында (үшiншi бөлiк); 157-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 164-бабында (бiрiншi бөлiк); 170-бабында (бiрiншi бөлiк); 175-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 177-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 178-бабында (бiрiншi бөлiк); 181-бабында (бiрiншi бөлiк); 185-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 192-бабында (бiрiншi бөлiк); 193-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 209-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 233-1-бабында (бiрiншi бөлiк); 233-3-бабында (бiрiншi бөлiк); 241-бабында (үшiншi бөлiк); 251-бабында (бiрiншi бөлiк); 252-бабында (бiрiншi бөлiк); 270-бабында (бiрiншi бөлiк); 307-бабында (екiншi бөлiк); 308-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 311-бабында (бiрiншi бөлiк); 312-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктер); 339-бабында (үшiншi бөлiк); 346-бабында (екiншi бөлiк); 358-бабында (бiрiншi бөлiк) көрсетiлген ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық iстер  бойынша, егер күдiктi, айыпталушы үшiншi бiр адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәлiметтер болса немесе егер үшiншi бiр адам басқа адамдарға беру үшiн күдiктiге, айыпталушыға арналған не күдiктiден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәлiметтер болса, осы іс-шаралар нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мәлiметтер алынады деп болжауға жеткiлiктi негiздер болған кезде күдiктiнiң, айыпталушының не үшiншi бiр адамның телефон және басқа да  сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерiн жасырын тыңдау және (немесе) жазып алу тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысының негiзiнде жүргiзiледi.

Жоғарыда көрсетiлген қылмыстар тiзбесi бойынша сөздердi жасырын тыңдау және (немесе) жазып алу прокурордың санкциясымен ғана күдiктiге, айыпталушыға қатысты жүргiзiлуi мүмкiн.


1. Жедел-іздестіру іс-шаралар түрлерін нақтылау мақсатында.

«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заң бойынша «сөздердi жасырын тыңдау мен жазу» сияқты жедел-іздестіру іс-шарасы көзделген, ол оның мазмұнын бір уақытта материалдық жеткізгіште сөздік ақпаратты жасырын бақылауды білдіреді.

Алайда, қолданыстағы заңнамада бөлек «жасырын жазу» немесе «жасырын тыңдау» түріндегі жедел-іздестіру іс-шаралары көзделмеген, бұл сол бір жағдайларда жасалған қылмыс оқиғалары бойынша дәлелдемелерге рұқсат беру туралы бір-біріне қарама-қайшы шешімдер қабылданған біркелкі емес сот-тергеу практикасын тудырады.

Мысалы, тексерілетін адамның сөздерін диктофонға жазу және оларды арнайы құралдар арқылы бір уақытта тыңдау санкция алуға жатады деп, ал оларды бір уақытта тыңдау мүмкіндігісіз сөздерді аудиожазуға ғана санкция керек емес деп бағаланды.

Ал осы жедел-іздестіру іс-шараларының екеуі де қолданылатын техникалық құралдардың мүмкіндіктеріне қарамастан азаматтардың заңмен қорғалатын конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейді.

Осыған орай жедел-іздестіру іс-шараларының түрлерін заңнамалық нақтылау ұсынылады.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 354-IV Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес ҚР ҚК-нің 122-бабы бірінші бөлікпен толықтырылады. Ол өзгерістер бойынша осы баптың қалған бөліктері ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңымен ҚР ҚК-нің 242-бабы онша ауыр емес қылмыстар санатына жатқызылғандықтан, осы бап алып тасталады.


ҚР ҚК-нің 347-1-бабы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңымен алып тасталды.


ҚР ҚК-нің 361-бабының екінші бөлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 228-IV Заңымен ауыр қылмыстар санатына жатқызылуына байланысты алып тасталды.


2. Екінші абзацта жедел-іздестіру іс-шараларының түрлерін нақтылау ұсынылады, бұл ретте оларды жүргізу кезінде пайдаланылатын техниканы тізбектеу алынып тасталады, себебі осы түсіндірме «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңда бекітілетін осы жедел-іздестіру іс-шарасының анықтамасынан туындайды және қосымша сөздік жүктемені тудырады.
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница