Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
страница1/5
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish769636_9370.doc
  1   2   3   4   5





ҚРӘМ № 4181 10.04.2006ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2006 жылғы 25 ақпан № 40


Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы


өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 58 30.03.2007ж.

2.ҚҚА № 155 28.05.2007ж.

3.ҚҚА № 250 30.11.2007ж.

4.ҚҚА № 155 29.10.2008ж.

5.ҚҚА № 227 02.11.2009ж.


Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.



Төраға А. Дунаев





Келісілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төраға

Сәйденов Ә.Ғ.


______________________

қолы, күні, елтаңбалы мөр



Келісілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті

Төраға

Нургазин Н.М.


______________________

қолы, күні, елтаңбалы мөр




Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы

25 ақпан № 40 қаулысының

1-қосымшасы



Қазақстан Республикасында

банктерді еріксіз тарату

Е Р Е Ж Е С І


Осы Ереже банкті сот шешімі бойынша, оның ішінде банкроттық негізінде еріксіз түрде тарату тәртібін (бұдан әрі - еріксіз тарату), еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясы (бұдан әрі - тарату комиссиясы) қызметінің ерекшеліктерін, таратылатын банктің кредиторлар комитетінің қалыптасу және қызмет ерекшеліктерін, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тарату комиссиясының қызметін бақылау жөніндегі өкілеттіктерін, тарату өндірісіне қатысушылардың депозиттерге міндетті кепілдік беру жөніндегі ұйыммен өзара іс-әрекет ету мәселелерін белгілейді.


1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын жалпы ережелер

және негізгі ұғымдар


1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы Заң), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

2. Осы Ереже соттың шешімі бойынша еріксіз таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.

Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен белгіленеді.

3. Сот:

  1. 1) банктің банкрот болуына;

2) уәкілетті органның банк заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын жүргізуге банктің лицензияларын айыруына;

3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздемелер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (шағымына) байланысты банкті еріксіз таратады.

4. Осы Ережені пайдалану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

2) бастапқы баға – онымен әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалайтын бағасынан төмен болмайтын баға;

3) ең төменгі баға – бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;

4) кепілдік беру жөніндегі ұйым – екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;

5) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;

5-1) кредиторлар санаты – бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен көзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

6) кредиторлар талаптарының тізілімі – уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде қойған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ еріксіз таратылатын банкке ұсынылған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемінде өтемақы төлеу бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;

7) қатысушы банк - банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне ену сәтіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;

8) құндылықтар – Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар; ??

9) лот – бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік;

10) мерзімді баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюлллетень, олардың қосымшасы;

11) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті   болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы;;

12) сату объектісі – жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылған таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;

13) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;

13-1) күтпеген шығыстар – мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;

14) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;

15) сауда-саттық жеңімпазы – сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

16) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;

17) сауда-саттық қатысушысы – сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

18) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі – лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;

19) сауда-саттықтың голландтық әдісі – лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;

20) тарату комиссиясы - банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын орган;

21) тарату комиссиясының шығыстары – банкті еріксіз тарату процесінде тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі – тарату шығыстары);

22) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;

23) тарату массасының мақсатсыз шығысы – уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

24) тарату шығыстарының бекітілген сметасы – уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекіткен сәйкес уақыт кезеңіне арналған смета;

25) тарату шығыстарының сметасы – тарату комиссиясының уақыттың белгілі кезеңіне болжанған шығындарын көрсететін құжат;

26) тарату ісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

27) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты еріксіз тарату процесінде болып табылушы банк;

28) таратылатын банктің мүлкі – құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы;

29) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) - банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін банк операцияларын жүргізуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға);

30) уәкілетті орган – қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

5. Банкті банкрот деп таныған жағдайда оны таратылуы осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


2-тарау. Банкті еріксіз тарату тәртібі


6. Банктегі тарату ісінің басы банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енгізілген күні болып табылады.

7. Банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі аяқталғанға дейін:

1) акционерлердің жалпы жиналысының, еріксіз таратылатын банктің басқа да органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның ішінде мүлікке ие болу және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

2) таратылатын банктің атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды банктің тарату комиссиясының төрағасы немесе төрағаның осы іс-әрекеттерді жасауға белгіленген тәртіппен сенімхат берген тұлғасы жасаған жағдайда, заң күші болады;

3) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі біткен болып саналады;

4) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;

5) таратылатын банктің мүлкіне өндіріп алуға заңнамада белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады;

6) таратылатын банктің қатысуымен сотта қаралатын мүліктік сипаттағы даулар тоқтатылады, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заң күшіне енгізілмесе;

7) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қатысушы банктің депозиторларына өтеуі тиіс ақша сомасы мөлшеріндегі талаптарды қоспағанда, банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап банктің тарату комиссиясының атына ғана беріле алады және осы Ережеде және қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады;

8) соттардың таратылатын банкке қойылатын мүліктік талаптарға қатысты атқару құжаттары тарату комиссиясына банктер туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі.

7-1. Банкте тарату процесінің басталуы банктің барлық дебиторлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақы есептеуді тоқтатуға негіздеме болып табылмайды.

Банктің дебиторлық берешегі бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банктің арасында жасалған шартта көзделген талаптар бойынша жүзеге асырылады.

8. Банкті еріксіз таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің қаражаты есебінен ғана жұмсалады.

Банктің тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлердің еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, еріксіз тарату негізі бойынша банк қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында банкті еріксіз тарату туралы сот қабылдаған шешім жөніндегі ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы бойынша шығыстарды және әділет органының еріксіз таратуы мен банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстардың орнын толтыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда банкті таратуды аяқтағаннан кейін мұрағатқа сақтау үшін құжаттарды беру негізі бойынша банктің қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеумен байланысты шығыстарды уәкілеттің органның қаржыландыруына тыйым салынады.


3-тарау. Тарату комиссиясы


9. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктері ауысады.

Тарату комиссиясы он жұмыс күн ішінде уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) қабылдау-өткізу актісі бойынша банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдайды.

Тарату комиссиясы банктің істерін, оның ішінде кредиторлары және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі істерін аяқтау үшін шаралар қолданады.

10. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.

Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімдерін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс жоспары жарты жылға бөлу арқылы бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі. Одан әрі, тарату комиссиясы жұмыс Жоспарын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онынан кешіктірмей береді.

11. Қатысушы банкті таратқан кезде кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтініші негізінде тарату комиссиясының құрамына оның өкілі енгізілуі мүмкін.

12. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның қызметіне дербес жауап береді.

Тарату комиссиясының төрағасы жоқ кезде оның міндеттерін төраға тарату комиссиясының мүшелері арасынан тағайындайтын орынбасары орындайды.

13. Банктің филиалдары не өкілдіктері бар болса, оларды сол жерде құрылған тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) таратады.

14. Бөлімшені тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясы мүшелерінің ішінен тағайындаған басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басқарады.

Бөлімшенің басшысы өзі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және тарату комиссиясының төрағасы оған берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімшенің басшысы және бөлімше тұтастай алғанда тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

15. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және филиалды не банктің өкілдігін таратуға жауап береді.

16. Тарату комиссиясы мүшелерінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясының құқықтары және міндеттері, еңбекақы талаптарымен қоса тарату комиссиясының төрағасымен жасалынатын еңбек шартында белгіленеді. Тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында анықталады.

17. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруын жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының қызметін бақылайды.

Тарату комиссиясының Төрағасы осы Ереженің 111-тармағына сәйкес таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттігіне енген мәселелерден басқа банкті тарату өндірісі мәселелері бойынша шешімді дербес қабылдайды, тарату өндірісі барысында пайда болатын мәселелерді шешуге байланысты шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және басқа құжаттарға қол қояды.

18. Төраға, бөлімшенің басшысы және тарату комиссиясының мүшелері банкке келтірілген зиян үшін және банкті тарату барысында жіберілген өзге де тәртіп бұзушылықтар үшін жауап береді.

Асыра сілтеу фактілері және өзге де заң бұзушылықтар байқалған кезде тарату комиссиясы бұл жөнінде белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

19. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

1) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде шағым-талаптар (өтініштер) беру тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өздерінің талаптарын беруге құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, банкті еріксіз тарату туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялайды;

2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлік пен олармен жасалатын мәмілелерді тіркейтін органдарға, сондай-ақ бағалы қағаз тіркеушілеріне, орталық депозитарийге, кредиттік бюроларға банкті еріксіз тарату туралы ақпарат береді және тарату комиссиясы жасамаған банк мүлігін иеліктен алу жөніндегі, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын банк болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алып тастау мәмілелерін тіркеуге тыйым салады;

2-1) cалық органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы Қазақстан Республикасының салық салу жөніндегі заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етеді;

3) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу жөніндегі міндеттерін жүктеуді растайтын құжаттармен бірге банктің басшылығына қол қойдыра отырып, таныстырады;

4) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушыдан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бланкілерді және барлық басқа құжаттарды тез арада талап етеді;

5) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде банктің мүлкін қабылдайды;

6) банк кассасын тез арада түгендейді, ақша қалдығын осы Ереженің 55-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, таратылатын банктің ағымдағы шотына есептейді;

7) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде банктің корреспондентік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын банктің теңгемен және қажетті жағдайда шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;

8) соттың банкті еріксіз тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы қабылдаған шешім жөнінде хабарландыруды банктің клиенттеріне көрінетін жерге іліп қояды;

9) банк қызметкерлерін еңбек заңнамаларына сәйкес қажет болса жұмыстан босатады;

10) банктің активтерін анықтайды;

11) банк активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады;

12) банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

13) бағдарламалық қамтамасыз етудің және электронды ақпарат тасымалдаушылардың, сондай-ақ банктің басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

14) толық материалдық жауап беретін адамдардың, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізетін және банктің қаржылық және басқа есебін және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасауды өңдейтін электронды жүйеге кіре алатын адамдардың шеңберін белгілейді;

15) заңнамада белгіленген тәртіппен банктің істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін банк құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;

16) тарату комиссиясы құрылатын күнгі электрон түріндегі есеп-бухгалтерлік ақпараттарын басып шығарады. Электрон түріндегі осы ақпарат жоқ болғанда, қағаз түріндегі ақпарат негіз етіп алынады;

17) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді;

18)АЛАНЫП ТАСТАЛСЫН;

19)АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН;

20) таратылатын банк кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды банктің бекітілген аралық тарату баласына және кредиторлардың тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

21) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмысқа адамдарды еңбек, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қабылдайды;

22) банкті таратудың барлық кезеңдерінің ішінде банктің мүлкі мен құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

23) банкті тарату ісінің барысы туралы ақпаратты мерзімдік баспа басылымдарында жарты жылда бір рет жариялайды;

24) уәкілетті органның талабы бойынша тарату ісіне қатысты мәліметтер береді;

24-1) «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 жылы қарашада жарияланған, № 16, 229-бап) жаңа банкке мәміле паспорты бойынша мәміле паспортының міндеттемелерін орындау жөніндегі ақпаратты береді;

25) банкті тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органмен келісуге жібереді;

26) банктің тарату ісі аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа береді және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды;

27) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктері және міндеттері бар.

20. Уәкілетті орган берген лицензиялардың түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.

21. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болған жағдайда шетел валютасында таратылатын банктің бас офисі орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалында ашылады.

Осы Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда таратылатын банктің, оның ішінде таратылатын банктің филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына кіріске алынады.

Банктің тарату комиссиясының бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы таратылатын банктің бас офисіне тарату комиссиясы бөлімшесінің кассасы арқылы келіп түсетін ақшаны кіріске алады және осы Ережеге сәйкес шығыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясынан ақша алады.

Банктің тарату комиссиясынан қабылдаған шетел валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары тозу дәрежесі бойынша сұрыптау және түпнұсқалығын және төлеуге жарамдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтау орталығына жіберіп, кейін банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотына кіріске алады. Банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотынан шетел валютасын беру есепшот арқылы жүзеге асырылады. Сұрыптау процесінде төлеуге жарамсыз, сондай-ақ айналыста болуға жарамайтын шетел валютасын анықтаған жағдайда банктің тарату комиссиясы оны сатады не екінші деңгейдегі банктер немесе Ұлттық пошта операторы арқылы айырбастайды.

Таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясына және (немесе) оның бөлімшелерінің тек уәкілетті органның келісімімен ғана екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашуға жол беріледі.

Банктің және оның филиалдарын (өкілдіктерін) таратуды аяқтаған кезде банктің тарату комиссиясы таратылатын банктің ағымдағы шоттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген) белгіленген тәртіппен жабады.

21-1. Таратылатын банк алдындағы берешегі жоқ банк клиенттерінің жазбаша талабы бойынша банк банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғаннан кейін таратылатын банктің банктік шоттарына келіп түсетін клиенттер ақшасының қайтарылуы кідіріссіз (талапты алған күннен бастап үш банктік күн ішінде) жүзеге асырылады,

Банк банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғаннан кейін таратылатын банктің корреспонденттік шотына қателесіп аударылған ақшаның жіберушілерге қайтарылуы клиенттердің жазбаша талабы бойынша есепке алудың қателігін растайтын барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап үш банктік күн ішінде банктің тарату комиссиясымен жүзеге асырылады.

22. Еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясы уәкілетті орган белгілеген мерзімде істелінген жұмыс туралы есеп береді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпарат береді.

Банктің филиалдарында және өкілдіктерінде өзінің қызметін жүзеге асыратын бөлімше тарату комиссиясының төрағасына істелінген жұмыс туралы есеп береді.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconБасқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы
...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconРеттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы №223 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі Агенттік) Қаулы етеді
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница