Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы




НазваниеЖоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы
страница1/16
Дата конвертации07.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/b48/.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16



Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


Мемлекеттік мүлік туралы


Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікке және жарғылық капиталдағы мемлекетке тиесілі акциялар мен үлестерге, мемлекеттің ұлттық холдингтерге, ұлттық компаниялар мен стратегиялық объектілерге ықпалының аясын айқындайды. Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесі және өзге де құқықтарды иеленуші ретінде құқықтарды тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге; мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құзыретінің аражігін айқын ажыратуға және осы органдар мен олардың басшыларының мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуге жауапкершілігін арттыруға; ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар арқылы мемлекеттік мүлікті корпоративтік басқарудың құқықтық негіздерін белгілеуге, олардың мемлекеттік органдармен нақты өзара іс-қимылын және олардың мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуін қамтамасыз етуге жауапкершілігін айқындауға бағытталған.


1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер

1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік мүлік – Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүлкі;

2) республикалық мүлік – коммуналдық мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасының мүлкі;

3) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүлкі;

4) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мүлкі, оның ішінде облыстық бюджет және облыстық қазынаны құрайтын облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік (аудандық коммуналдық мүлікті қоспағанда);

5) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мүлкі, оның ішінде ауданның бюджеті және аудандық қазынаны құрайтын аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік;

6) мемлекеттің мүліктік құқықтары – мыналарды қамтитын мемлекеттің мүлікке құқықтары:

мемлекеттік меншік құқығы;

мемлекеттің өзге де заттық құқықтары (сервитуттар, жалға алу, мүлікті өтеусіз пайдалану және басқалары);

мемлекеттің міндетті құқықтары (талап ету құқықтары);

мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар;

мұрагерлік құқықтар;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мүліктік құқықтар;

7) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің) мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;

8) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мемлекеттік мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті қоспағанда, стратегиялық объектілерді жекешелендіру және мемлекеттік меншік мониторингі саласында өз құзыреті шегінде басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

9) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарын өзге де орталық атқарушы органдарға берген жағдайда осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы ережелері осындай орталық атқарушы органға қолданылады;

10) мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алып қою – жер учаскесін немесе өзге де мүлікті өтемін төлеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім негізінде және алып қойылатын мүлік иесімен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің құны мен өтемі төленетін шығындардың мөлшері туралы келісім негізінде, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда осы Заңға сәйкес, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау және ұлт меншігіне алу соттың шешімі негізінде жүзеге асырылатын азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі мүлікті мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншік құрамына мәжбүрлеп өтемін төлеп иеліктен шығару;

11) мүлікті реквизициялау – дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия жағдайында, соғыс жағдайы күшінде болған кезеңде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаты бар өзге де мән-жайлар кезінде мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен қоғам мүддесі үшін мүлікті меншік иесіне мүліктің құнын төлей отырып алып қою;

12) ұлт меншігіне алу – осы Заңға сәйкес қабылданатын мүлікті ұлт меншігіне алу туралы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылатын, азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті Қазақстан Республикасы мүлкінің құрамына мәжбүрлеп өтемін төлеп иеліктен шығару;

13) мемлекет мұқтажы – мемлекеттің функциясынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсатты көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүлікті мемлекет меншігіне ауыстыру қажеттігінің болуы;

14) жекешелендіру – мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;

15) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;

16) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншіктегі республикалық кәсіпорындар және республикалық мекемелер;

17) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншіктегі коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мекемелер;

18) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мекемелер;

19) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мекемелер;

20) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауапты коммерциялық ұйым;

21) қазыналық кәсіпорын – мемлекет жедел басқару құқығында берген мүлкі бар коммерциялық ұйым;

22) мемлекеттік мекеме – мемлекет құрған және бюджет қаражатынан және (немесе) басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де көзден қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым;

23) шаруашылық жүргізу құқығы – меншік иесі ретінде мемлекеттен мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген шекте осы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы;

24) жедел басқару құқығы – мемлекеттен мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген шекте өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы;

25) ұлттық компания – акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке, ұлттық басқару холдингіне тиесілі және қызметін ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда жүзеге асыратын немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылатын (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам;

26) ұлттық басқару холдингі – ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы үлестерін) тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;

27) ұлттық холдинг – ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерін тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;

28) стратегиялық маңызы бар мүлік (стратегиялық объектілер) – қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оған құқықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне ықпал ететін мүлік;

29) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектіні басымдықпен сатып алу құқығы – Қазақстан Республикасының стратегиялық объекті тиесілі азаматтардан немесе заңды тұлғалардан, осындай тұлға стратегиялық объектіні иеліктен айыру бойынша мәміле жасауды ниет етіп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіден өндіріп алу немесе конкурстық (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектіні иеліктен айыру жағдайында стратегиялық объектілерді нарықтық құны бойынша сатып алудың үшінші тұлға алдындағы басым құқығы;

30) мемлекеттік мүлік тізілімі – мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;

31) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алуға жатқызылатын мемлекеттік мүлік;

32) мемлекеттік мүлікті есепке алу – осы Заңның 14-тарауында көзделген ережелерге сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін есепке алу объектісі туралы ақпаратты жинау мен қорытындылаудың ретке келтірілген жүйесі;

33) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасының шешімімен айқындалатын заңды тұлға.


2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері

1. Мемлекеттік мүлік республикалық мүлік және коммуналдық мүлік деп бөлінеді.

2. Республикалық мүлік құрамына:

1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:

республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

республикалық заңды тұлғаларға бекітілмеген, өзге де мемлекеттік мүлік;

2) республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік кіреді.

3. Коммуналдық мүлік құрамына:

1) жергілікті қазынаның мүлкі:

жергілікті бюджеттің қаражаты;

коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген өзге де коммуналдық мүлік;

2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік кіреді.


3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы

1. Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен айқындалады.

2. Осы Заңның қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке таратылады.

3. Республикалық мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерде, ал коммуналдық мүлік – осы әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерде немесе халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлкінің құқықтық режимі, егер халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, осы мүлік тұрған шетел мемлекеттерінің заңнамасымен айқындалады.

5. Осы Заңның күші мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ өздері көздеген жағдайларда – азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қолданылады.

6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.


4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

1. Осы Заң мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы мемлекеттің құқықтары мен міндеттерін айқындайды, мемлекетке меншік құқығында тиесілі мүлікті иеленуді, пайдалануды және билік етуді қоса алғанда, мемлекеттің мемлекет мүлкіне құқықты жүзеге асыруының тәртібін, мемлекеттік мүлікке құқықтардың, оның ішінде мүлікті мемлекет иелігіне алған және жекешелендірген кездегі оны иелену мен тоқтату құқықтарының, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иеленуінің және (немесе) пайдалануының тәртібін белгілейді.

2. Осы Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі үлестерін және мемлекеттік мүлікті құрайтын өзге де мүлікті басқару тәртібін айқындайды.

3. Стратегиялық маңызы бар мүліктің (стратегиялық объектінің) құқықтық режимінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен айқындалады.

4. Мемлекеттің бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатына құқықтарын жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының бюджет қызметін реттейтін заңнамалық актілерімен реттеледі. Осы Заңда көзделген мемлекеттік мүлік ұғымы Қазақстан Республикасының бюджет қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына қолданылады.

Мемлекеттің мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған өзге де мүлікке мемлекеттік құқықтарды жүзеге асыру ерекшелігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленеді.

5. Мемлекеттің мәдени және тарихи құндылықтарға құқықтарын жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен белгіленеді.

6. Мемлекеттің зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарын жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттеледі.

7. Егер Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамалық актісінде өзгеше көзделмесе, осы Заңның ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және мемлекет немесе ұлттық холдинг бақылайтын өзге де заңды тұлғалар туралы ережелері ұлттық басқару холдингіне және оның құрамына кіретін ұлттық компаниялар мен оның бақылауындағы өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және олар құрған заңды тұлғалардың мүлкін иелену, пайдалану және билік ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалған тәртіппен реттеледі.

9. Осы Заңның күші республикалық маңызы бар қала, астана, арнайы экономикалық аймақтар, мемлекеттік материалдық резерв туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық аймақтардың, мемлекеттік материалдық резервтің мемлекеттік мүлкін басқару бойынша қатынастарға қолданылады.


5-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері

Мемлекеттік мүлікті басқару мынадай принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) есеп беру және бақылауда болу;

3) жариялылық; заңдылық;

4) мемлекет мүлкін тиімді пайдалану; есептілік және бақылауда болу;

5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету. жариялылық;

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы iconМемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы icon2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы icon«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы iconКоммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы icon«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттері мен құзыретін, сондай-ақ Мемлекеттік шекара қорғанысына (күзетіне) қатысатын...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы icon«Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ТардағыЗаңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағыЗаңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы iconМүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабының, Қазақстан Республикасының...
Жоба Қазақстан республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы iconОблыстық коммуналды қ менші кке бюджет қаражаты есебінен салын ған мүлікті қабылдау жән е оны одан әрі пайдалану Қағидалары
Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница