Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті




Скачать 232.09 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті
Дата конвертации07.02.2016
Размер232.09 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish841664_5038.doc


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің

регламенті


1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) оған Қазақстан Республикасының  Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы ереже), өзге де заңдарға және Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау барысындағы қызметінің жалпы ережелерін белгілейді.

2. Құжаттармен жұмыс істеуге, оларды орындау мерзімдеріне қойылатын Регламентте белгіленген талаптар Ұлттық Банк орталық аппаратының, филиалдарының, өкілдіктерінің, ұйымдарының (бұдан әрі – бөлімшелер) барлық қызметкерлеріне қолданылады.

3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарының талаптарына, «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 432 қаулысына (бұдан әрі – Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бекітілген Регламентпен айқындалады.

Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.


2-тарау. Жұмысты жоспарлау


4. Ұлттық Банк өз қызметін тоқсан сайынғы, жылдық және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің жұмыс жоспарларын дайындау және бекіту Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Ұлттық Банктің бекітілген жұмыс жоспарлары Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшыларына танысуға және орындауға жіберіледі.

5. Ұлттық Банктің жұмыс жоспарларынан іс-шараларды алып тастау немесе олардың орындалу мерзімдерін ауыстыру туралы шешімді құзыретіне Ұлттық Банктің жұмыс жоспарында қозғалатын мәселелер кіретін бөлімшенің басшысы ұсынған, Ұлттық Банк Төрағасының тиісті мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген қызметтік жазбаның негізінде Ұлттық Банк Төрағасы қабылдайды.

6. Ұлттық Банк қызметінің нәтижелері туралы жылдық есеп «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына және Ұлттық Банк туралы ережеге сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне бекіту үшін ұсынылады.


3-тарау. Ұлттық Банк Басқармасының және Директорлар кеңесінің отырыстарын жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі


7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес Басқарма және Директорлар кеңесі Ұлттық Банктің алқалы органдары болып табылады.

Басқарма Ұлттық Банктің жоғары органы, Директорлар кеңесі Ұлттық Банктің жедел басқару органы болып табылады.

8. Басқарманың және Директорлар кеңесінің отырыстарын жоспарлау, дайындау, өткізу, шешімдерін қабылдау және олардың орындалуын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2007 жылғы 27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңдарына, Ұлттық Банк туралы ережеге «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы жұмысының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы № 476 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі жұмысының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2000 жылғы 3 қазандағы № 400 қаулысына сәйкес айқындалады.

9. Ұлттық Банктің ресми веб-сайтында Басқарма мен Директорлар кеңесінің қызметі туралы ақпарат міндетті түрде орналастырылады.


4-тарау. Ұлттық Банктің филиалдарымен, өкілдіктерімен
және ұйымдарымен өзара іс-қимыл



10. Ұлттық Банктің құрылымына «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына және Ұлттық Банк туралы ережеге сәйкес орталық аппарат, филиалдар, өкілдіктер және ұйымдар кіреді.

Ұлттық Банк орталық аппаратының филиалдармен, өкілдіктермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына, Ұлттық Банк туралы ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ұлттық Банктің Ұлттық Банк бөлімшелері қызметінің тиісті функционалдық бағыттарының мәселелері жөніндегі актілерге сәйкес жүзеге асырылады.


5-тарау. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу, қарау


11. Ұлттық Банктегі кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

12. Ұлттық Банкке келіп түскен хат-хабарларды, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен және Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарларды қоспағанда, Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі жұмыс күндері сағ. 9-00-ден 17-00-ге дейін, сенбі күндері сағ. 9-00-ден 14-00-ге дейін қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен және Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарлар жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін, сенбіде сағат 17-00-ге дейін қабылданады.

Шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін) орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттардың шұғыл екенін растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы актілерінің және тапсырмаларының көшірмелері) ұсынған кезде жұмыс күні ішінде қабылданады.

Кіріс құжаттары электрондық құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде Ұлттық Банкке келіп түскен күні, шығыс құжаттары олар адресатқа жіберілген күні тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен, және Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарлар, Шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін) орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттар Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қабылданады.

13. Мемлекеттік органдардан қағаз және электронды жеткізгіштерге келіп түскен құжаттар бірдей болуға және белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалық бланкіде ресімделуге әрі мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

1) шығыс нөмірін және күнін;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Парламентінің, Парламент Палаталарының, Үкіметінің және Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті актілеріне және тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органның сауалына жауап берген кезде оның нөмірі мен күніне сілтемені;

3) мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолын;

4) орындаушының аты-жөні және оның телефон нөмірін.

Ерекше маңызы бар мәселелер бойынша электрондық құжаттар сондай-ақ қағазға басылып та (мұрағатты және құжаттаманы уәкілетті мемлекеттік басқару органы белгілеген сақтау мерзімімен) ресімделуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Парламентінің және Премьер-Министрі Кеңсесінің хат-хабарларын қоспағанда, осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және (немесе) оларды Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі тиісті мемлекеттік органға сол күні қайтарады.

14. Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта және Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттарды Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі қарайды, тіркеу мөртабанына нөмірін, күнін және парақтардың санын көрсете отырып тіркейді, Ұлттық Банктің басшылығы мен бөлімшелері арасында мәселелердің қатыстылығы бойынша бөледі және бақылауға қояды.

Тіркелген, тиісті түрде ресімделген кіріс хат-хабарларын Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі адресаттарға мәселелердің қатыстылығы бойынша бөлуіне сәйкес электрондық түрде және қағазға басып жібереді.

Шұғыл хат-хабарлардың көшірмесі келіп түскен құжаттарда қозғалатын мәселелер оның құзыретіне кіретін бөлімше басшысына электронды түрде бір мезгілде жіберіледі.

Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресаттарға жеткізуді, әдетте, Ұлттық Банкке келіп түскен сәтінен бастап екі сағаттың ішінде, ал шұғылын - дереу (кезектен тыс тәртіппен) жүзеге асырады.

15. Ұлттық Банк басшылығы кіріс хат-хабарларын оларға келіп түскен күні, ал шұғылын - дереу қарайды. Ұлттық Банк басшылығының қарау нәтижелері бойынша оларға қарарлар түрінде ресімделетін тиісті тапсырмалар беріледі және олар электронды құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде (электронды қол қоя отырып) және/немесе қағаз тасымалдауышта тіркеледі. Ұлттық Банк басшылығының қарары бар құжаттар орындау үшін бөлімшелерге жіберіледі.

16. Ұлттық Банкте шығыс хат-хабарларын дайындау, келісу және ресімдеу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

17. Ұлттық Банк Төрағасы, Төрағаның орынбасарлары, бөлімше басшылары қол қойған қағаз тасымалдауышта адресаттарға жіберілетін құжаттар электронды құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде Ұлттық Банктің шығыс құжаттарының журналында тіркеледі.

Хат-хабарларды жіберуге өткізер алдында орындаушы бөлімшенің жауапты қызметкері олардың дұрыс ресімделуін тексереді және оларды электронды құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде тіркеген күні Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесіне тапсырады.


6-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау,

ресімдеу және келісу тәртібі


18. Ұлттық Банкте оның құзыреті шегінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды Ұлттық Банктің тиісті бөлімшелері Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы  заңдарының, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Регламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы» 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулыларының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін дайындау, ресімдеу, келісу, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, жариялау, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (бұдан әрі - Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулық) 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 20 қаулысының талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.

19. Орталық мемлекеттік органдардың Ұлттық Банкке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының, Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулықтың, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі орталық мемлекеттік органдардың Ұлттық Банкке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын жобаны өткізуге жауапты және нормативтік құқықтық актілердің жобалары жіберілетін бөлімшенің құзыретіне қарай мүдделі бөлімше айқындайтын міндеттердің бөлінуіне сәйкес Ұлттық Банк басшылығының қарауына жібереді.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қараудың жалпы мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентімен және Қазақстан Республикасының және Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмаларымен айқындалады.

20. Орталық мемлекеттік орган (бұдан әрі - әзірлеуші орган) әзірлеген нормативтік құқықтық актінің жобасын (бұдан әрі – жоба) ескертулерсіз келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытынды дайындалған жағдайда әзірлеуші орган жұмыс тәртібімен жобаның Ұлттық Банкте өтуіне жауапты Ұлттық Банктің бөлімше басшысының шешімі бойынша жобаның төлнұсқасын бұрыштама қоюға ұсынады, бұл туралы бұрын ұсынылған ілеспе хатқа белгі (алушының аты-жөні, күні, қолы) қойылады.

Жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытындыға жобаның Ұлттық Банкте өтуіне жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі бөлімшелердің басшылары, міндеттерді бөлуге сәйкес Ұлттық Банктің басшылығы бұрыштама қояды.

21. Ұлттық Банкте мемлекеттік әзірлеуші орган толығымен келісетін ескертулері болған кезде жоба жұмыс тәртібімен пысықтауға қайтарылады, бұл туралы әзірлеуші органның бұрын ұсынылған ілеспе хатына белгі (алушының аты-жөні, күні, қолы) қойылады. Жобаны пысықтау мерзімі он жұмыс күнінен аспайды. Әзірлеуші органның жобаны пысықтауына қарай орын алған ескертулер жойылған жағдайда Ұлттық Банк жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды.

Осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзім ішінде жоба бойынша бұрын орын алған ескертулер ескеріліп пысықталған жоба ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ ішінара пысықталған жоба ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші органға ескертулер жібереді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 413  Жарлығына сәйкес әзірленген жобаны әзірлеуші орган келіскен және пысықтаған жағдайда, осы Жарлықта көрсетілген мерзімдер қолданылады.

22. Ұлттық Банкпен келісуден бас тартқан не ескертулерімен келіспеген жағдайда әзірлеуші органның басшылығы өзара қолайлы шешім дайындау үшін Ұлттық Банктің тиісті лауазымды адамдарының қатысуымен кеңес шақыруы мүмкін. Кеңестің мерзімдерін, өткізу тәртібін және қатысушыларды кеңесті өткізуге бастамашылық еткен әзірлеуші органның лауазымды адамы Ұлттық Банктің тиісті лауазымды адамымен консультациядан кейін айқындайды. Бұл ретте Ұлттық Банктің лауазымды тұлғалары желеу және өзге де дәлелсіз себептермен кеңеске қатысудан бас тарта алмайды.

23. Әзірлеуші органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шұғыл тапсырмаларын орындау барысында жобаларды Ұлттық Банкке ісуге ұсынған жағдайларда Ұлттық Банк өзінің ұсынысын шақыру бекітілген әзірлеуші органға, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін кемінде үш күн бұрын кешіктірмей, ал орындалу мерзімі кемінде бес күн болатын тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізеді.

24. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметі қорытындыларының жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізген кезде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін оларға қоса тіркейді, сондай-ақ (қажет болған кезде) қорытындының жобасына мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту мүмкіндігі бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

25. Ұлттық Банк әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу Регламенттің осы тарауында көзделген әзірлеуші органдардың жобаларын келісудің осындай тәртібімен жүзеге асырылады

Орталық мемлекеттік органдарда Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу жөніндегі жұмысты әзірлеуші бөлімше және Ұлттық Банктің үйлестіруші бөлімшесі (Астана қаласы) үйлестіреді.


7-тарау. Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін

және қызметтік құжаттарын жариялау және

мемлекеттік тіркеу тәртібі


26. Ұлттық Банк оған қатысты уәкілетті орган болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді және қызметтік құжаттарды жариялау және мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы заңдарына, «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулыларына,  Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.


8-тарау. Орындалуын бақылау


27. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

28. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):

1) Президенттің Ұлттық Банкке тапсырмалар беретін актілері;

2) Ұлттық Банкке тапсырмалар беретін Үкімет қаулылары, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері;

3) орындалу мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілер бар Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының Ұлттық Банктің атына тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралардың жоспарларында қамтылатындар), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;

4) Парламент депутаттарының сауалдары және Ұлттық Банктің қорытындысы қажет олар бастамашылық жасаған заң жобалары;

5) мазмұнынан белгілі бір мәселелер бойынша жауап беру, түсіндіру, ұсыныстар енгізу қажеттілігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

7) келісу үшін Ұлттық Банкке келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары;

8) Басқарманың және Директорлар кеңесінің қаулылары, Ұлттық Банк басшылығының бұйрықтары, өкімдері, тапсырмалары.

29. Ұлттық Банкте бақылаудағы құжаттарды бақылауға қою және бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

30. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері Ұлттық Банкке орындауға келіп түскен кезде үш күн мерзімде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары жасалады және Ұлттық Банк Төрағасының шешімімен бекітіледі. Бұл ретте орындаушыда осы тапсырмаға қатысты барлық құжаттар қамтылатын арнайы жинақтау папкасы жасалады.

31. Ұлттық Банктің бақылау жүйесін мыналар құрайды:

1) Ұлттық Банктің Төрағасы, ол Ұлттық Банктің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, оның ішінде бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

2) Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары, олар өздері жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, оның ішінде бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

3) Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшылары, олар өздері басқаратын бөлімшелердегі құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады; бақылаудағы құжаттардың мерзімін бұзуға немесе сапасыз орындалуына жол берген өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердің жұмысы үшін Ұлттық Банк басшылығының алдында дербес жауапкершілік атқарады;

4) Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесінің басшысы, ол құжаттарды уақтылы тіркеуді және бақылауға қоюды қамтамасыз етеді, Ұлттық Банк басшылығының қарарын ескере отырып, олардың орындалу мерзімдерін белгілейді, Ұлттық Банкте атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттардың тізбесін және олардың орындалу мерзімдерінің келгендігі туралы ескертулерді тарату (апта сайын) арқылы Ұлттық Банк басшылығын келіп түскен бақылау тапсырмалары мен олардың орындалу мерзімдері туралы хабардар етеді; іс қағаздарын жүргізуге және ішкі бақылауға жауапты Ұлттық Банк бөлімшелері қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді; Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесінің іс қағаздарын және жұмысын ұйымдастыруға дербес жауапкершілік атқарады; өз функцияларын тиімсіз жүзеге асыратын бөлімшелердің басшыларын, сондай-ақ бақылаудағы тапсырмалардың мерзімдерін бұзуға немесе сапасыз орындалуына жол берген Ұлттық Банк қызметкерлерін жауапқа тарту туралы өз құзыреті шегінде Ұлттық Банк басшылығына ұсыныстар енгізеді;

5) Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі, ол бақылаудағы құжаттардың орындалу және өткізу мерзімін, Ұлттық Банкте атқарушылық тәртіптің жай-күйін, құжаттардың тіркелуін, бақылауға қойылуын, орындалған құжаттардың бақылаудан алынуын, бақылаудағы тапсырмалар тізбесінің дайындалуын және Ұлттық Банк басшылығы мен Ұлттық Банк бөлімшелеріне оларды орындау мерзімдері туралы ескертулердің жіберілуін бақылауды жүзеге асырады; құжаттарды бақылауға қоюдың және оларды бақылаудан алудың дұрыстығына, бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін белгілеуге және ауыстыруға жауапкершілік атқарады.

6) функцияларына Басқарманың және Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, қаулыларын ресімдеу, Басқарманың және Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарлары мен қаулыларының орындалуын бақылау кіретін Ұлттық Банк бөлімшесі;

7) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше, ол құпия құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

32. Ұлттық Банк бөлімшелерінде бақылаудағы құжаттарды өткізу мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттарды қол қоюға немесе бұрыштама қоюға Ұлттық Банк басшылығына беру тәртібі Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген.

33. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін бөлімшелер дайындаған құжаттардың жобалары міндеттердің бөлінуіне сәйкес орындау мерзімі біткенге дейін үш күннен кешіктірілмей Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларына, ал орындау мерзімі біткенге дейін екі күннен кешіктірмей Ұлттық Банктің Төрағасына бұрыштама қоюға беріледі.

Орындалу мерзімі бес күнтізбелік күннен он күнтізбелік күнге дейінгі бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар міндеттердің бөлінуіне сәйкес Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларына бұрыштама қоюға және орындау мерзімі біткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Ұлттық Банктің Төрағасына қол қоюға беріледі.

Орындалу мерзімі бес күнтізбелік күнге дейінгі бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар міндеттердің бөлінуіне сәйкес Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларына бұрыштама қоюға және дайын болысымен, дереу Ұлттық Банктің Төрағасына қол қоюға беріледі және Ұлттық Банк басшылығы оларды тез арада (кезектен тыс тәртіппен) қарайды.

34. Ұлттық Банкте хат-хабарларды өткізуге байланысты рәсімдердің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында оның веб-сайтында мынадай ақпарат орналастырылады:

1) Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесінің құжаттарды орындау және өткізу мерзімдерін бақылауға жауапты қызметкерлерінің аты-жөні, лауазымы, тікелей телефоны;

2) Ұлттық Банктің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесі басшысының аты-жөні, лауазымы, тікелей телефоны;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық Банкте жұмыс істейтін сенім телефонының нөмірі;

4) Ұлттық Банк басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпарат.


9-тарау. Ұлттық Банкте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін

қарау және жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін

қабылдауды ұйымдастыру


35. Ұлттық Банкте жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау және қабылдау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қарашадағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің құпия мәселелер жөніндегі өтініштерін қарау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.


Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconЖоба Қазақстан Республикасының
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница