Ңгейдегі банктерді консервациялау ж




Скачать 243.1 Kb.
НазваниеҢгейдегі банктерді консервациялау ж
страница1/3
Дата конвертации07.02.2016
Размер243.1 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kdif.kz/files/pravila/5pravila_o_konservacii_bankov_kaz.doc
  1   2   3
Екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару (банктің уақытша басқарушысы) жөніндегі уақытша әкімшіліктің банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыруы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 177 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 47-бабының 2-тармағының в) тармақшасына, 61-2, 61-3-баптарына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару (банктің уақытша басқарушысы) жөніндегі уақытша әкімшіліктің банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыруы туралы ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына мәлімет үшін жіберсін.

5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

2009 жылғы 5 тамыздағы № 177

қаулысына қосымша

 

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару Ережесін бекіту туралы» 1996 жылғы 29 ақпандағы № 48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 439 тіркелген);

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 413 қаулысының 1-тармағының в) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 64 тіркелген);

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы «Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 340 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 714 тіркелген);

4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 439 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару Ережесі туралы» 1996 жылғы 29 ақпандағы № 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 240 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3129 тіркелген);

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы» 1996 жылғы 29 ақпандағы № 48 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4047 тіркелген);

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару ережесін бекіту туралы» 1996 жылғы 29 ақпандағы № 48 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 207 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5412 тіркелген).

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2009 жылғы 5

тамыздағы № 177 қаулысымен

бекітілді

 

 

Екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару (банктің уақытша басқарушысы) жөніндегі уақытша әкімшіліктің банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыруы туралы ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк) консервациялау режимін қолдану (белгілеу) тәртібін айқындайды, сондай-ақ консервациялау режиміндегі банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны (бұдан әрі - банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операция) жүргізу тәртібін анықтайды.

2. Консервациялау режимін белгілеу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкке қатысты қолданатын санкциясы болып табылады және банкті басқару немесе банкті уақытша басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті (бұдан әрі - банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы)) шектелген (бір жылға дейін) мерзімге тағайындауды ұсынады.

3. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) міндеттері өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін банктің қабілеттілігін сақтау немесе қалпына келтіру, жұмыстағы кемшіліктерді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен банктің ішкі құжаттарының жөнсіздіктерін жою, сондай-ақ банктің қаржылық ахуалын сауықтыру, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың банк ұсынған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және банктегі тәуекелдер мен ішкі бақылауды басқару жүйесін жақсарту мақсатындағы өзге іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

 

2-тарау. Банкті консервациялау режимін белгілеу

 

4. Банк Банктер туралы Заңның 62-бабының 2-тармағымен көзделген негіздемелердің кез келгені бойынша уәкілетті органның шешімімен консервацияға ұшырауы мүмкін.

5. Консервациялау кезеңінде банкті басқару Банктер туралы Заңның 65-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

6. Уәкілетті органның банкті консервациялау режимін белгілеу туралы шешімі (оның тиісінше куәландырылған көшірмелері түрінде) банктің басшылығына шешім шығарған күні, мұндай тапсыру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, қолхат арқылы тапсырылады. Оны тапсыру үшін банктің тиісті лауазымды тұлғалары уәкілетті органға шақырылады.

Жоғарыда аталған шешімді банктің басшылығына шешімді шығарған күні қолхат арқылы тапсыру мүмкін болмаса, осы шешімді банктің басшыларына тікелей сол банкте уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғалары тапсырады.

Сонымен қатар, банктің басшылығы банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) басшысына банк мүлкін барлық мөрлерді, мөртабандарды, клише мен пломбирлерді, ұйымды тіркеумен байланысты құжаттарды, банкке берілген лицензиялардың түпқұжаттарын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық жеткізушілерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді, банк меншік иесі болып табылатын құжаттандырылған нысанда шығарылған басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын, сондай-ақ Банктер туралы Заңның 56-бабында көзделген банктің құжаттарын қосып, қабылдау-өткізу актісі бойынша береді.

7. Уәкілетті органның банкті консервациялау жүргізу туралы шешімін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде банктің қаражаты есебінен жариялайды.

8. Банкке берілген қызметті шектеу тізбесі мыналарды қамтиды:

1) банк филиалдарының оның атынан мәмілелерді дербес жасау құқықтарын тоқтата тұру;

2) бұрын жасалған сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің иелігінен мүлікті алу туралы өзге мәмілелердің, заемдарды беру туралы шарттардың және кредит тәуекелі бар қаржыландырудың басқа түрлерінің орындалуын тоқтата тұру;

3) банк міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерді орындауды толық немесе ішінара тоқтата тұру.

9. Банкті консервациялау банктің өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

10. Консервациялау іс-әрекеті басталуымен және консервациялау мерзімінде банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) Банктер туралы Заңның 65-бабының 2-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.

11. Банкті консервациялау мерзімі ішінде банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметіне бақылауды уәкілетті орган Банктер туралы Заңның 66-бабына сәйкес жүзеге асырады.

12. Банкті консервациялау кезеңіндегі негізгі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі-консервациялау жоспары) мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:

1) баланстан тыс есептелген банктің барлық активтерін және мүлігін, оның ішінде кепілдік мүлігін түгендеуді және олар жөнінде құқық белгілейтін құжаттарды, баланстық және баланстан тыс шоттардағы нақты қалдықтарды анықтауды жүргізу;

2) басқарудың оңтайлы құрылымын және банк қызметкерлерінің санын анықтау;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, уәкілетті органға және корреспондент банктерге банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) мүшелерінің қойылған қолдарының үлгілері мен банктің мөр бедері бар жаңа құжатты беру;

4) банктің қызметіне байланысты, оның ішінде ерекше қатынастарымен банкпен байланысты тұлғалармен бұрын жасаған шарттарының мақсатқа лайықтылығын анықтау және банктің мүдделеріне сәйкес келмейтін шарттарды бұзу жөніндегі шараларды қабылдау;

5) жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы (басқа бағалы қағаздарды шығару туралы) шешімді қабылдау арқылы банкті капиталдандыру жөніндегі шараларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды орналастыруды және/немесе бес жылдан астам өтеу мерзімі бар реттелген борышты тартуды жүзеге асыру;

6) мерзімі өткен несиелік және дебиторлық берешекті өндіріп алу жөніндегі, банктік заем шартының және банк үшін құнды болып табылмайтын басқа активтер талаптарының құқықтарын басқаға беру жөніндегі жұмысты жүргізу, қаржыландырудың кез келген түрін жүзеге асыруды тоқтату, өтімді активтердің көлемін ұлғайту арқылы активтердің сапасын жақсарту;

7) шығыс операцияларын жүргізуге бақылау белгілеу, қолданыстағы тарифтерді, сыйақы ставкаларын, банк операциялары бойынша комиссиялық алымдарды, еңбекақы төлеу шығыстарын, жалпы шаруашылық шығыстары мен аммортизациялық аударымдар нормаларын қайта қарау жолымен банктің кірістілігін ұлғайту;

8) банктегі тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру.

Қажет болғанда консервациялау жоспары банктің активтері мен міндеттемелерін беру бойынша операцияны іске асыруды көздейді.

13. Банкті капиталдандыру жөніндегі шаралардың аясында банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) қажет болғанда инвесторлармен банк шығарған акцияларды, сондай-ақ осы банктің акцияларына айырбасталатын облигацияларды сатып алуға опциондар жасайды.

Банктің акциялары Банктер туралы
  1   2   3

Похожие:

Ңгейдегі банктерді консервациялау ж icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы шілде
Бұл ретте қорландыру ресурстары үшін жоғары бәсекелестік, тәуекелдің жоғары деңгейінде кредит операцияларының шектеулі кірістілігі...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж iconХлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі
Ауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтау, консервациялау және жою...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж iconЕрежесін бекіту туралы
Республикасында банктерді ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж iconҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж iconКелісілді
Банктерді ерікті тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір
Валюталық заемдарға сұраныстың анағұрлым маңызды төмендеуін Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының негізгі операторлары болып...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж icon«Q azaq Banki» АҚ Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы ережелер Алматы облысы
Берілетін несиелердің шекті сомалары және мерзімдері. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемдері (коммерциялық банктерді...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж icon6. Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық бірлестіктерді
Мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адам жеке басын куәландыратын құжатын, заңды тұлғаның құжаттарын...
Ңгейдегі банктерді консервациялау ж icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы ақпан
Осы үрдіс активтер бойынша алғашқы бестікті құрайтын, активтердің 78% тиесілі болатын және кредиттеудің осы сегменттерінде көшбасшы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница