Ұлттық Банк




Скачать 67.98 Kb.
НазваниеҰлттық Банк
Дата конвертации07.02.2016
Размер67.98 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish538091_3095.doc




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының Қаулысы










Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану
ережесін бекіту туралы



«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану ережесі бекітілсін.


2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі

3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.


4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.


5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.


Ұлттық Банк


Төрағасы Ә. Сәйденов


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы «__» ______
№ __ қаулысымен
бекітілген


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі

банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар
қолдану ережесі



Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін белгілейді.


1-тарау. Жалпы ережелері


1. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банктер мен ұйымдарға олар банк қызметі, ақша төлемдерін және аударымдарын жүзеге асыру, ақша-кредит саясаты, бухгалтерлік есептің және қаржылық есептіліктің ақша айналысы мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің және операцияларды автоматтандыру жүйелерінің талаптарын бұзған жағдайда ықпал ету шараларын және/немесе санкциялар қолданады.

2. Ұлттық Банк банкке немесе ұйымға мынадай ықпал ету шараларының бірін қолданады:

1) міндеттеме хат;

2) ескерту;

3) жазбаша нұсқау.

3. Ұлттық Банк банкке немесе ұйымға мынадай ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді мыналарды:

жөнсіздіктің сипаты және банк немесе ұйым және олардың клиенттері үшін ықтимал салдарын;

бұзушылықтың жиілігін және ұзақтығын;

банкке немесе ұйымға қолданылған ықпал ету шараларының, санкциялардың болуын;

банктің немесе ұйымның басшы қызметкерлерінің жіберілген жөнсіздіктер туралы хабардар болуын ескере отырып Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға, банктің немесе ұйымның лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтауға байланысты қабылдайды.

4. Ұлттық Банк санкциялар ретінде жөнсіздіктің сипатына қарай және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мынадай шараларды қолданады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша банктерге немесе ұйымдарға айыппұл салу және өндіріп алу;

2) ұйымның Заңның 30-бабы 2-тармағының 10)-12) тармақшаларында көзделген жекелеген банк операцияларын жүргізуге және қызметінің айрықша түрі Заңның 30-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген операция болып табылатын заңды тұлғаның лицензиясын тоқтата тұру не қайтарып алу;

3) банктің және қызметінің айрықша түрі Заңның 30-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген операция болып табылатын заңды тұлғаның айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін қолдануды алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру.

5. Ықпал ету шараларының бірін қолдану басқа ықпал ету шараларын қолдануды жоққа шығармайды және бұрын қолданылған шараларды тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды.

Ұлттық Банк банктерге және ұйымдарға санкцияларды оларға бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қармастан қолданады.

6. Ұлттық Банк қолданылған ықпал ету шараларын және санкцияларды есепке алуды жүргізеді.


2-тарау. Міндеттеме хат


7. Ұлттық Банк банктен немесе ұйымнан кездескен кемшіліктерді мойындау фактісі және банк немесе ұйым басшылығының оларды жоспарланған іс-шараларды көрсете отырып белгіленген мерзімдерде қатаң түрде жою жөніндегі кепілдігі бар міндеттеме хатты талап ете алады.

8. Ұлттық Банктің міндеттеме хатты ұсыну туралы талабы банктің немесе ұйымның қызметінде тиісті міндеттемелер алған тұлғалар тарабынан шаралар қолданумен объективті түрде жойылуы мүмкін болатын кемшіліктер байқалған жағдайларда қолданылады.

9. Міндеттеме хатты ұсыну мынадай жағдайлардың бірі:

тиісті міндеттеме қабылдаған тұлға оны орындауға ниетті және қамтамасыз етуге жағдайы бар деуге негіз болған;

міндеттемеде шаралардың нақты құрамы және оларды жүзеге асырудың Ұлттық Банк жөнсіздіктерді жою үшін жеткілікті деп таныған мерзімдер бар болған кезде жеткілікті ықпал ету шарасы болады.


3-тарау. Жазбаша ескерту


10. Ұлттық Банк банкке немесе ұйымға қатысты Заңның 47-бабының а) және б) тармақшаларында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы жазбаша ескертуді Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған немесе егер анықталған кемшіліктер Ұлттық Банк белгілеген мерзімде жойылмаған жағдайда шығарады.

11. Жазбаша ескерту банктің немесе ұйымның бірінші басшысына немесе оның орнындағы тұлға жіберіледі.

12. Банктің немесе ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға бес жұмыс күні ішінде міндетті түрде банктің немесе ұйымның атқарушы органының және басқарушы органының (олар бар болса) барлық мүшелерін шығарылған жазбаша ескерту туралы хабардар етеді.


4-тарау. Жазбаша нұсқау


13. Ұлттық Банк банкке немесе ұйымға қатысты анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындау үшін міндетті түзету шараларын қабылданғаны туралы жазбаша нұсқау шығарады.

14. Жазбаша нұсқау банкке немесе ұйымға қатысты осы жіберілген жөнсіздіктердің сипатынан туындаған жағдайларда міндеттеме хатты және/немесе жазбаша ескертуді банкке немесе ұйымға қатысты қолданудың олардың қызметін түзетпейтінін немесе тиісті түзетуді қамтамасыз ете алмайтынын ескере отырып қолданылады.

15. Ұлттық Банктің жазбаша нұсқауы жөнінде сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.

16. Ұлттық Банк түзету шараларын жазбаша нұсқауда көрсетеді және орындау үшін міндетті болып табылады.

17. Жазбаша нұсқау банктің немесе ұйымның бірінші басшысына немесе оның орнындағы тұлға жіберіледі.

18. Банктің немесе ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға бес жұмыс күні ішінде міндетті түрде банктің немесе ұйымның атқарушы органының және басқарушы органының (олар бар болса) барлық мүшелерін шығарылған жазбаша нұсқаулық туралы хабардар етеді


5-тарау. Ықпал ету шараларын орындау тәртібі


19. Банк немесе ұйым Ұлттық Банктің оларға қатысты ықпал ету шараларын анықталған жөнсіздіктерді немесе болып отырған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың тиісті жоспарын міндетті түрде ұсыну талабымен қолдану туралы шешімі алған кезде банк немесе ұйым осындай шешімді алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке іс-шаралар жоспарын қажет болған кезде осы мәселе бойынша өзге құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.

Ұлттық Банк ұсынылған іс-шаралар жоспарын он жұмыс күні ішінде қарайды және ол бойынша өз қорытындысын жібереді. Ұлттық Банк іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, банкке немесе ұйымға нақты іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау қажеттілігі туралы нұсқау жібереді.

20. Банк немесе ұйым Ұлттық Банкке ықпал ету шараларының тиісті құжатта көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы хабарлайды.

Егер жөнсіздікті жоюды орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан асқан жағдайда банк немесе ұйым Ұлттық Банкке ай сайын жөнсіздіктерді жоюдың біртіндеп орындалуы туралы хабарлайды.

21. Банктің немесе ұйымның Ұлттық Банктің ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімінде көзделген талаптарды және іс-шараларды орындау мерзімінің басталуы олардың Ұлттық Банктің осы шешімін кіріске алып тіркеу күні саналады.


6-тарау. Қорытынды ереже


22. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шешіледі.

Похожие:

Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банк Магистратурасы
Республикасы Ұлттық Банк Магистратурасы — Қр президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Қазақстан Қаржыгерлерінің ІІІ конгреcсінің...
Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру
Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы...
Ұлттық Банк icon1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық Банк icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
...
Ұлттық Банк iconБухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру
Рылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызметтер көрсету...
Ұлттық Банк icon«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет регламенті
Рылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызмет көрсету...
Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру туралы
Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі «Ұлттық жинақ ақша деңгейі» ҒБИ
Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті
Жарлығына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы ереже), өзге де заңдарға және Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының...
Ұлттық Банк icon«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
ФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жауапты тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері, қызметтер көрсету...
Ұлттық Банк iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница