Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы




Скачать 114.47 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы
Дата конвертации07.02.2016
Размер114.47 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish106558_5051.doc

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 118


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы нұсқаулық бекітілсін.


2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк заемдарын беру, олар бойынша қамтамасыз етуді қабылдау және тиісті құжаттама жүргізу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 404 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына жіберсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсiн.


Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2005 жылғы 30 қыркуйектегі

№ 118 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің


банктік заемдар беру ережесі


1-бөлім. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік заемдарының түрлерін және беру тәртібін, олар бойынша қамтамасыз етуді қабылдау рәсімін айқындайды.

2. Ұлттық Банк банктік заемдардың мынадай түрлерін береді:

1) банктерге және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін қайта қаржыландыру заемдары;

2) банктерге және/немесе заңды тұлғаларға берілетін арнайы мақсаттағы заемдар, оның ішінде соңғы сатыдағы заем беруші ретінде берілетін заемдар.

3. Қайта қаржыландыру заемдары банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және Ұлттық Банкте корреспонденттік шоттары бар ұйымдарға қамтамасыз етуге беріледі.

4. Арнайы мақсаттағы заемдар, оның ішінде соңғы сатыдағы заем беруші ретінде берілетін заемдар Ұлттық Банк Басқармасының шешімдері негізінде қамтамасыз ете отырып, сол сияқты қамтамасыз етпей-ақ беріледі. Ұлттық Банк заемдардың осы түрлерін берген кезде қамтамасыз етуді қабылдау туралы мәселені Ұлттық Банктің Басқармасы шешеді.

5. Ұлттық Банк берілген банктік заемдарға кепіл ретінде өтімділігі жоғары және тәуекелсіз бағалы қағаздарды, сондай-ақ басқа да активтерді қабылдайды.

6. Берілген банктік заемдар ұзартылуға тиіс емес. Артықшылық банктік заем шартына қосымша келісім жасай отырып, Ұлттық Банк Басқармасының арнайы шешімі бойынша ғана беріледі.

7. Банктік заемды қамтамасыз етуге қаржылық активтерді қабылдау, оларды заем шартының талаптары орындалған кезде баланстан тыс шоттардан есептен шығару оперцияларын есепке алу Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.


2-тарау. Қайта қаржыландыру заемдарын беру тәртібі


8. Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру заемдары қысқа мерзімді болып табылады және Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасына тең сыйақы ставкасы бойынша 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге ұлттық валютамен, сондай-ақ шетел валютасымен беріледі.

9. Қайта қаржыландыру заемдарын беру мерзімін (1 айдан аспайтын кезеңге), қамтамасыз ету тізбесін, қамтамасыз ету құнын және дисконттау пайызын Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті айқындайды, осы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында жарияланады.

10. Қайта қаржыландыру заемдарын беру нысандары:

1) кері РЕПО операциясы (осы операцияны жүргізу механизмі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің РЕПО операцияларын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі)

2) СВОП – шетел валютасымен операция.

3) қысқа мерзімді заемдар

11. Қайта қаржыландыру заемдарын алу құқығына Ұлттық Банкпен:

1) бағалы қағаздардың қайталама нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін қолданылатын стандартты шарттар мен терминдер туралы (кері РЕПО операциялары бойынша);

2) валюта операцияларын жүзеге асыру үшін қолданылатын стандартты шарттар мен терминдер туралы (шетел валютасымен СВОП операциялары бойынша) келісім жасасқан банктер және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ие болады.

3) қысқа мерзімді заем беру туралы келісім жасасқан банктер және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ие болады.

12. Ереженің 11-тармағының күші «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның автоматты РЕПО секторындағы биржалық терминал арқылы кері РЕПО операциялары түрінде қайта қаржыландыру заемдарын беру жағдайларына қолданылмайды.

13. Қайта қаржыландыру заемдары биржалық терминал немесе РЕЙТЕР терминалы арқылы жасалған мәмілелер және/немесе мәмілелердің негізі шарттарының растамасы негізінде, тараптардың бір-біріне SWIFT жүйесі бойынша, телекс немесе қолма-қол берілуі мүмкін.

14. Қайта қаржыландыру заемдары екінші деңгейдегі банктермен операцияларға Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленетін кредиттік тәуекел лимиті шегінде ұсынылады.


3-тарау. Арнайы мақсаттағы банктік заемдарды,

оның ішінде соңғы сатыдағы заем беруші ретінде

берілетін заемдарды беру тәртібі


15. Арнайы мақсаттағы банктік заемдарды, оның ішінде соңғы сатыдағы заем беруші ретінде берілетін заемдарды Ұлттық Банк банктерге және/немесе Ұлттық Банкте банктік шоттар ашқан заңды тұлғаларға-иеленушілерге бір жылдан аспайтын мерзімге ұлттық валютамен және шетел валютасымен береді. Осы заемдарды беру мерзімін, олар бойынша сыйақы ставкаларын Ұлттық Банктің Басқармасы айқындайды.

16. Арнайы мақсаттағы банктік заем алу үшін банктер және/заңды тұлғалар Ұлттық Банкке мыналарды тапсырады:

1) заемның мақсаты көрсетілген, банктік заем беру туралы өтініш;

2) Ұлттық Банктің және басқа банктердің бұрын берілген банктік заемдары бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер;

3) заемшының кепіл затына құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі;

4) кепіл затының сипаттамасы бар құжаттар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған кепіл мүлкін бағалау туралы есептің көшірмесі;

6) тәуелсіз аудиторлық ұйымның өткен қаржы жылы үшін қаржылық есептілік жасаудың шынайы және әділ болуы туралы аудиторлық есебі (тек заңды тұлғалар үшін);

7) бухгалтерлік баланс, соңғы есепті күнге арналған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебі (тек заңды тұлғалар үшін).

17. Ұлттық Банк банкке арнайы мақсаттағы заем беру туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органнан банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат сұратады.

18. Аудиторлық есептің болуы туралы талап Ұлттық Банктің құрылымына кіретін оның ұйымына, акциялары (орналастырылған акциялар санынан елу бір және одан астам пайыз) Ұлттық Банкке тиесілі акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.

19. Банк қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда Ұлттық Банкке соңғы сатыдағы заем беруші ретінде берілетін заем алуға өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:

1) банктік заем беру туралы өтініш;

2) банктің Директорлар кеңесінде бекітілген қаржылық сауықтыру бағдарламасының банкте болуы және оны әзірлеудің белгіленген мерзімі туралы;

3) заемшының кепіл затына құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі;

4) кепіл затының сипаттамасы бар құжаттар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған кепіл мүлкін бағалау туралы есептің көшірмесі.

20. Ұлттық Банк соңғы сатыдағы заем беруші ретінде берілетін заем берудің тиімділігі туралы шешім қабылдау үшін:

1) уәкілетті органнан банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты;

2) депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан (егер банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын болса) банктің міндеттемелерді уақытылы орындауы және осы ұйымға күнтізбелік жарналарды толық төлеуі туралы, осы банктегі кепілдік берілген депозиттер сомасы туралы ақпаратты сұратады.


4-тарау. Банктік заем шарты


21. Ұлттық Банк осы Ереженің 3-тарауында көзделген қысқа мерзімді заемдар және банктік заемдар берген кезде банктік заем шарты жасалады.

22. Банктік заем шарты мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс: кіріспе, шарттың мәні, банктік заем сомасы, банктік заемды беру мерзімі, сыйақы ставкасының мөлшері, қамтамасыз ету тәсілі және басқалар жөніндегі мәліметтер кіретін шарттың талаптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, есеп айырысу тәртібі, тараптардың жауапкершілігі, дауларды шешу тәртібі, басқа да талаптар, тараптардың орналасқан жері және деректемелері және басқа бөлімдер.

23. Банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындауды кепіл нысанында қамтамасыз ету банктік заем шартының ажырамас бөлігі болып табылатын кепіл туралы жеке шартпен ресімделеді.

24. Банктік заем шарты заем алушы банктік заем алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін, Ұлттық Банктің тиісті бөлімшелері оларды қарап, қорытынды бергеннен кейін жасалады.

25. Банктік заем шартына банктік заемдар берумен айналысатын бөлімшенің жауапты орындаушысы, басшысы, заң бөлімшесінің басшысы бұрыштама қояды, Ұлттық Банк Төрағасының банктік заемдар берумен айналысатын бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары және заем алушының уәкілетті өкілі қол қояды, тараптардың мөрімен бекітіледі.

26. Шарттың түпнұсқалары Ұлттық Банктің заң бөлімшесінде тіркеледі. Шарттың түпнұсқасы заемшыға берілген шарттарды есепке алу журналына қол қойдыра отырып беріледі.

27. Банктік заемдар берумен айналысатын бөлімше шарттың түпнұсқасынан үш көшірме алады, оның біріншісі бас бухгалтерия бөлімшесіне, екіншісі – берілген банктік заемдардың бухгалтерлік есебін жүзеге асыратын бөлімшеге, үшіншісі – банктік заем бойынша досье ресімдеу үшін банктік заемдар берумен айналысатын бөлімшеге беріледі.


5-тарау. Ұлттық Банктің

банктік заемдары бойынша қамтамасыз ету


28. Ұлттық Банк осы Ереженің 3-тарауында көзделген қысқа мерзімді заемдарды банктік заемдарды берген кезде Ұлттық Банк пен заем алушының арасында кепілге байланысты туындаған қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережелермен реттеледі.

29. Банктік заемдар берілген кезде кепіл беруші тек заем алушының өзі ғана бола алады, үшінші тұлғалардан кепіл қабылдауға, сол сияқты қайта кепіл салуға жол берілмейді.

30. Ұлттық Банк заем берушіден кепілге салынған мүлікті сақтандыруын талап етуге құқылы. Мемлекеттік тіркеуге жатқызылатын мүлікті осы мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын орган тіркеуге тиіс.

31. Заем алушының Ұлттық Банктің банктік заемын қамтамасыз етуге кепілге берген затының жалпы сомасы берілген банктік заемның және тұрақсыздық айыбын, кепілге салынған затты ұстау бойынша шығасыларды, өндіріп алу бойынша шығыстарды және болуы мүмкін басқа да шығыстарды есептегендегі ол бойынша сыйақының сомасынан кем болмауға тиіс. Кепілге салынған заттың бағасының төмендеуі салдарынан ол жеткіліксіз болған жағдайда, кепіл туралы шартта Ұлттық Банктің тиісті жазбаша талабын алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде заем алушының кепілді толтыру жөніндегі міндеттемесі көзделеді.

32. Ұлттық Банк активтерді рыноктық құнынан шығара отырып кепілге қабылдайды.

33. Кепіл туралы шарт банктік заем шартымен бірге бір мезгілде тұрақсыздық айыбын, есептелген сыйақыны және негізгі борышты қоса есептегенде, заем алушы банктік заем бойынша берешегін толық өтеп біткенге дейінгі мерзімге жазбаша нысанда жасалады.

34. Кепіл туралы шарт мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кіріспе, тараптардың толық атауы, олардың ұйымдық-құқықтық нысаны, тараптардың өкілеттігін растайтын құжатқа (жарғы, ереже, сенімхат немесе өзге құжат) нұсқама, тараптардың шартқа қол қоюға уәкілетті өкілдерінің қызметінің, аты-жөнінің көрсетілуін қамтиды;

2) шарттың мәні, тараптардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде кепіл затын беру жөніндегі қатынастарын, кепілге берілетін мүліктің түрін, оның бағасын, мекен-жайлардың толық сипатталуын, кепіл берушінің кепілге салған затқа меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, кепіл затының тиісті органдарда тіркелгені жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кепілге салынған заттың тараптардың қайсысында тұрғанын көрсетуді, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалу мерзімін айқындайды;

3) тараптардың құқықтары мен міндеттері – тараптардың кепілге салынған затты аман сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін, оны пайдалану бойынша құқықтарды, бүлінгені немесе жоғалғаны үшін жауапкершілікті, кепілді тоқтату талаптарын және кепілге салынған затты соттан тыс тәртіппен (сот арқылы) өндіріп алуды өтіну тәртібін, кепілді уәкілетті органда тіркеу жөніндегі міндеттемені, бұдан басқа, мүлікті қайта кепілге салуға тиым салатын міндетті талапты айқындайды;

4) дауларды шешу тәртібі – тараптардың жасалған шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындау барысында келіспеушіліктер туындаған кездегі іс-әрекет жасау тәртібі, тараптар осы келіспеушіліктер бойынша өзара келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда - дауларды қарайтын орын мен орган және басқалары;

5) басқа да талаптар – жасалған шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі (қажет болған жағдайда басқа тілдердегі) данасының санын, олардың заңдық күшінің бірдейлігін, жасалған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін, таратылған және қайта құрылған кезде тараптардың іс-әрекет жасау тәртібін, шарттың қосымшаларының (бұлар бар болған жағдайда) заңдық маңыздылығын және басқасын көздейді;

6) тараптардың орналасқан жері және деректемелері — тараптардың құрылтай құжаттарында көрсетілген почта адресін көрсете отырып олардың орналасқан жерін, банктік деректемелерін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН) және басқаларын көздейді.

35. Кепіл туралы шарт Ереженің 26-тармағында ресімделген тәртіппен ресімделеді.

36. Егер банктік заемның кепілі бағалы қағаздармен (кері РЕПО операцияларынан басқа) берілсе, онда кепіл туралы шарттың көшірмесі берілген шарттарды есепке алу журналында тіркеледі және тиісті рәсімдерді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру үшін ілеспе хатпен «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-на жіберіледі.


6-тарау. Банктік заем бойынша досье


37. Банктік заемдар берумен айналысатын бөлімше осы Ереженің 3-тарауында көзделген, берілген қысқа мерзімді заемдар банктік заенмдар бойынша сыйақы есептейді, кредиттік досье ресімдейді және жүргізеді, заемның уақытылы қайтарылуына бақылау жасайды.

38. Ұлттық Банктің банктік заемы бойынша досьесі заем алушы есептелген сыйақыны және ол бойынша тұрақсыздық айыбын қоса алғанда, банктік заемды толық өтегенге дейін қалыптастырады және жүргізеді. Әрбір банктік заем бойынша досье осы Ережеде көрсетілген құжаттары, сондай-ақ мынадай құжаттарды қамтиды:

1) банктік заем бойынша досьенің мазмұны сипатталған бақылау парағы;

2) заем бойынша мәміле паспорты – заем алушының толық атауы, оның тұрған жері, берілген заем бойынша операциялар жөнінде барлық мәліметтер тұрады;

3) банктік заемды қамтамасыз ету бойынша құжаттарды берілген банктік заемның бухгалтерлік есебін жүргізетін бөлімшеге өткізу жөніндегі хаттардың (өкімдердің) көшірмелері;

4) өкімдердің көшірмелері (беру, қайтару мерзімдерін ұзарту, мерзімі өткен несиелердің шоттарына жатқызу, есептелген сыйақыларды көрсету және басқалары жөнінде);

5) заем алушының карточкасы - банктік заем туралы мәліметтер көрсетіледі, атап айтқанда, заем алушының, банктік заем шартының нөмірі және күні, банктік заемның берілген күні, берілген банктік заемның сомасы, түрі, банктік заемды беру мерзімі, жеке несие шотының нөмірі, сыйақы ставкасының мөлшері, банктік заемды және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтару мерзімі;

6) жұмыс құжаттары (сыйақы, тұрақсыздық айыбы сомаларының есебі, берешектің қозғалысы жөніндегі мәліметтер, өтеу кестелері және басқалары);

7) банктік заем жөніндегі хаттар, сұратулар және басқа құжаттар.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы n 163 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы iconЕрежесін бекіту туралы
Республикасында банктерді ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница