Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 209.43 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
Дата конвертации07.02.2016
Размер209.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish625270_7813.doc


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

kazak_gerb_4

Жоба

Национальный Банк

Республики Казахстан

____________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ







Алматы қ.

г. Алматы



Инвестициялық қоры активтерінің

құрамына кіретін қаржы құралдарын

және өзге мүлікті инвестициялау

қағидаларын және акционерлік және

пайлық инвестициялық қорлардың

құрамына кіретін қаржы құралдарының

тізбесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидалары;

2) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Акционерлік және пайлық инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 258 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3131 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Басқарушы компаниялар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде өз қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы ___ __________

№___ қаулысына

1-қосымша


Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін

қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидалары


Осы Қағидалар «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және акционерлік және пайлық инвестициялық қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау тәртібін белгілейді.

1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) инвестициялық қор – Заңға сәйкес құрылған акционерлік немесе инвестициялық қор;

2) қарсы әріптес – Қазақ Республикасының немесе шетел мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;

3) баға белгілеу – почта, электронды немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қаржы құралдары бойынша қарсы әріптестерінің баға ұсыныстары;

4) халықаралық қаржы ұйымы – халықаралық шарты (келісімі) не жарғы негізінде құрылған және қолданыстағы халықаралық мәртебесі бар ұйым;

5) басқарушы компания – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы берген лицензиясы негізінде инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысы;

6) principal protected notes – негізгі борыш сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздары;

7) Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – баға белгілеу сол немесе өзге активтер (акциялар, облигациялар, тауар өнімдері – мұнай, алтын, бидай және т.б.) сыныбына не индекстерге байланысты гибридтік сауда құралы.

2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды Заңның, осы Қағидаларының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №6290 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №5844 тіркелген) талаптарына және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарушы компания брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалануымен инвестициялық басқаруға қабылдаған инвестициялық қорлары активтерінің есебінен мәмілелерді дербес жасайды (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қорлары активтерінің есебінен мәмілелерді жасаған кезде).

Басқарушы компаниясы инвестициялық басқаруға қабылдаған инвестициялық қоры активтерінің есебінен бастапқы ұйымдастырылмаған нарықта мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (оларды орналастырған кезде) мәмілелерді дербес жасайды.

4. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде басқарушы компания «Бағалы қағаздар туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген талаптарын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №3870 тіркелген) басшылыққа алады.

5. Егер инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқару бойынша шартымен басқарушы компания осы шарттың талаптарын орындалуын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі көзделсе, онда шарт мыналарды:

1) акционерлік инвестициялық қордың не инвестициялық пай қорының ұстаушылары алдындағы міндеттемелері бойынша басқарушы компанияның жауапкершілігін;

2) осы Қағидаларды және осы инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын сақтауымен инвестициялық қордың активтерін басқару шартын көздейді.

6. Басқарушы компания инвестициялық басқарудағы ашық және аралық инвестициялық пай қорлардың және жылжымайтын мүлік қорларының активтерін Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесіне инвестициялайды.

Басқарушы компанияда инвестициялық басқаруындағы акционерлік инвестициялық қорлардың (жылжымайтын мүлік қорларын қоспағанда) және жабық инвестициялық қорларының активтері инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау объектілерінің тізбесінде инвестицияланады.

7. Жылжымайтын мүлік қорларының, ашық және инвестициялық аралық пай қорларының активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға осы туынды қаржы құралдары Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесінде көзделген жағдайында хеджирлеу мақсаты үшін рұқсат беріледі.

8. Басқарушы компания инвестициялық қор активтерін инвестициялауды Заңда және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгілен инвестициялау лимиттерін сақтаған кезде жүзеге асырады.

9. Басқарушы компания инвестициялық қор (тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды қоспағанда) активтерін басқару процесінде мыналарды болжайтын инвестициялық шешімдерді қабылдамайды:

1) эмитентте дефолт болған (эмитенттің бағалы қағаздарын және басқа міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда) не қор биржасының осы қаржы құралдарымен сауда-саттықты тоқтау күнінен бастап акционерлік инвестициялық қордың, сондай-ақ ашық және инвестициялық аралық пай қорының активтері есебінен қаржы құралдарын сатып алу;

2) ұйымдастырылмаған нарықта талаптарында мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын қайта сатып алу не қайта сату міндеттемесі көзделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;

3) ашық және инвестициялық аралық пай қорларының активтерімен жай серіктестіктерде қатысу;

4) инвестициялық шешім қабылдау күнінде теріс меншікті капиталы бар шаруашылық серіктестіктерде қатысу үлесін сатып алу;

5) активтерінің елу пайызынан астамы сот талқылауының мәні болып табылатын заңды тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу.

10. Инвестициялық қордың активтері есебінен мәмілелер мынадай талаптарды орындау кезінде халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында жасалады:

1) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сатып алу бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының барынша көп мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

2) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сату бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының ең аз мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша, principal protected notes қоспағанда, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға және (немесе) сатуға баға белгілеулердің талдамасы бар не осындай баға белгілеулер болмаған жағдайда үш әртүрлі қарсы әріптестердің үштен кем емес баға белгілеулері болады. Қарсы әріптестің осы қаржы құралы бойынша баға ұсыныстары болмаған жағдайда қарсы әріптестің баға белгілеулерінің жоқтығы немесе қаржы құралына баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәміле жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі;

4) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А»-дан төмен емес рейтингіне немесе басқа рейтингтік агенттіктері бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие болған халықаралық (шетелдік) қаржы ұйымы осы мәміле бойынша қарсы әріптес болады.

11. Инвестициялық қордың активтері есебінен рrincipal protected notes сатып алу кезінде есеп айырысулар «жеткізілім төлемге қарсы» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

12. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтері есебінен мүлікті сатып алуды сатып алынатын мүлікке қатысты инвестициялық қордың меншік құқығын белгілейтін құжаттарды ресімдеу жолымен жүзеге асырады.

13. Инвестициялық қор активтері құрылымының осы Қағидаларда және (немесе) инвестициялық декларацияда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне әкеп соғатын басқарушы компанияның іс-әрекетінен болмаған жағдайлар туындаған кезде басқарушы компания осындай сәйкессіздіктерге байланысты инвестициялық қызметті тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) іс-шаралардың атауын, оларды орындауға жауапты басқарушы компанияның басшы қызметкерлерін және орындау мерзімін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп осындай сәйкессіздік фактісі мен себептері жөнінде хабарлайды.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда басқарушы компания оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шараларды орындаудың мерзімі аяқталған соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді. Іс-шаралар жоспарына қатысты уәкілетті органның ескертулерін алған кезде басқарушы компания уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хат алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы __________ №____

қаулысына 2-қосымша

 

Акционерлік және инвестициялық пай

қорларының құрамына кіруі мүмкін

қаржы құралдары тізбесі


 

1. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, әрбір жеке ашылған не аралық инвестициялық паи қорларының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:




Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (оның ішінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмитеттеген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне салымдар:

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі «В-» төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер;

банктер резидент емес бас банкі «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі «А-» төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы бар резидент емес еншілес банктер болып табылады;

5.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және (немесе)

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5251 болып енгізілді) (бұдан әрі – 77 қаулы) көзделген «акция» секторының бірінші (ең жоғары) немесе екінші (ең жоғары) санаттың талаптарына сәйкес акциялар;

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі «В-» төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар немесе

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, 77 қаулымен көзделген «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» борыштық бағалы қағаздар;

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымының инфра құрылымды облигациялары;

басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының (басқарушы компаниясы активтері есебінен осы пайлар сатып алынатын инвестициялық пай қорларының басқарушы компаниясы болып табылатын инвестициялық пай қорларын қоспағанда), қор биржасының ресми тізіміне енгізілген пайлары;

осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздар

6.

«Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBm-» төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBf-»төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың бағасы.

7.


Базалық активі Тізбенің 1-тармағының кестесінің 5, 12, 13 жолдарында көрсетілген акциялар болып табылатын не базалық активі «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі «В-» төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлы қолхаттар

8.

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ» төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар шетелдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

9.

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ» төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валютасы




10.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзiмi бар металл депозиттері, оның iшiнде "Standard & Рооr's" агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiндегi металл депозиттер

11.

Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:

Азия даму банкі;

Америкааралық даму банкі;

Африка даму банкі;

Еуропа Даму банкі;

Еуропа инвестициялық банкі;

Еуропа Қайта құру және даму банкі;

Ислам даму банкі;     

Халықаралық есеп айырысу банкі;

Халықаралық Қайта құру және даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

12.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған акциялар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар;

13.

Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес танитын шетел ұйымы шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар

14.

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған Principal protected notes, ол мына талаптардың біріне сәйкес келеді:

Айналыс мерзімі бес жылдан аспайды;

principal protected notes шығарылым талаптарымен қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайы көзделмеген

15.

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдары

16.

базалық активі Ашық және аралық инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары, шетел валютасы, сондай-ақ мынадай есепті көрсеткіштер (индекстер) болып табылатын, хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар):

CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)

DAX (Deutscher Aktienindex)

DJIA (Dow Jones Industrial Average)

ENXT 100 (Euronext 100)

FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)

KASE (Kazakhstan Stock Exchange)

MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)

MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)

NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)

RTSI (Russian Trade System Index)

S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)

TOPIX (Tokyo Price Index)

HSI (Hang Seng Index)

17.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысу үлесі

18.

Баға белгілеу қаржы құралдарына не қор биржаларында не «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі тәуелсіз рейтинг тік бағасы бар шетел аумағында жұмыс істейтін тауар биржаларында сатылатын тауарларға немесе көрсетілген қаржы құралдарынан немесе тауарлардан тұратын индекстерге байланысты Exchange Traded Fund паилары


2. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, жылжымайтын мүлік әрбір жеке қорының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:


 №

Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (оның ішінде басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмитеттеген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерге салымдар:

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі «ВВ-» төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер;

банктер резидент емес бас банкі «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі «А-» төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВB» төмен емес рейтингілік бағасы бар резидент емес еншілес банктер болып табылады;

5.

Мәміле жасау күніне олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болған жағдайдағы акциялар







6.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар;

7.

Шетел ұйымдары шығарған «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;


8.

Шетел ұйымдары шығарған «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар акциялар

9.

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ»-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:     

Азия даму банкі;

Америкааралық даму банкі;

Африка даму банкі;

Еуропа Даму банкі;

Еуропа инвестициялық банкі;

Еуропа Қайта құру және даму банкі;

Ислам даму банкі;     

Халықаралық есеп айырысу банкі;

Халықаралық Қайта құру және даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

10.

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ»-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

11.

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ»-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шетелдік валюта;




12.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзiмi бар металл депозиттері, оның iшiнде "Standard & Рооr's" агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiндегi металл депозиттер

13.

Хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары осы қосымшаға сәйкес базалық активі жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары болып табылады.

14.

Жылжымайтын мүлік қорына кіретін мүлікке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға қатысу үлесі

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница