Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)




Скачать 383.06 Kb.
НазваниеДағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
страница1/3
Дата конвертации07.02.2016
Размер383.06 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/prog_postkriz_vosst_kaz.doc
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 4 наурыздағы

№ 225 қаулысымен бекітілген


Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)



  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде берген тапсырмасы.


Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі отырысының 2010 жылғы 6 желтоқсандағы хаттамасы

Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Бағдарламаның міндеттері

Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық).

Барынша мүмкін жұмыс орындарының санын сақтау.

Іске асыру мерзімі 

2011 - 2016 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламаға қатысушы – бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Индикаторлардың 2016 жылға дейінгі сандық көрсеткіштері кейіннен Бағдарламаға толықтырулар енгізе отырып, Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша анықталатын болады.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

2011 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет қаржыландыру көзі болып табылады, оның ішінде 2011 жылға – 8,756 млрд. теңге. Алдын ала бағалау бойынша:

барлық әлеуетті қатысушылар Бағдарламаға қатысқан,

барлық сауықтыру жоспарларының мерзімі ең жоғары болған (5 жыл),

барлық сауықтыру жоспарлары кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды талап еткен кезде ең пессимистік сценарий бойынша шығыстар 145,404 млрд. теңгеге дейін болуы мүмкін.

Осыларға жол беруді нақты бағалау осы шығыстарды 80 млрд. теңгеге дейін айтарлықтай қысқартуды болжамдауға мүмкіндік береді. Сондықтан 2012 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру сомасы жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.



2. Кіріспе


Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.

Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезіндегі өзінің сөзінде нақты және қаржы секторларының орын алып отырған проблемалары туралы атап өтті және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы осы мәселені шешу екі бағыт бойынша – бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыруға көмек көрсету және қаржы жүйесін сауықтыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп айқындап берді.

Сондықтан Экономиканы дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі және Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп әзірлеген қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі екі бөлік көзделеді.

Осы Бағдарлама берешегі 4,5 миллиард теңгеден асатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында әзірленді.

Берешегі осы сомадан кем болатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы) шеңберіндегі мемлекеттік қолдауды пайдалана алады.

Қаржы жүйесін сауықтыру үшін кредиттік портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті болуы жөніндегі талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады.

Мемлекет басшысы кәсіпорындарды сауықтырудағы мемлекеттің қолдауы уақытша шара болып табылады және кәсіпорындардың өсу стратегиясына көшуі үшін көрсетіледі деп айқындады.

Сондықтан Бағдарламаға ену мүмкіндігі 2011 жылмен шектелген.

Кейіннен өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтірген кәсіпорындар «Өнімділік 2020» бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатыса алады.

Бағдарламаның қолданысы кәсіпорындарды сауықтыру кезінде тараптардың еріктілігі, тепе-тең қатысуы, айқындылық, жариялылық, сондай-ақ тиімділік пен жүйелілік қағидаттарына негізделген.

Еріктілік қағидаты кәсіпорынның Бағдарламаға өтініммен қатысуына сайып келеді.

Тараптардың тепе-тең қатысуы кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар кредит берушілердің, меншік иелері мен мемлекеттің бірлескен және көрсетілетін қолдау көлемімен мөлшерлес күш-жігерімен жүзеге асырылуға тиіс екенін білдіреді.

Айқындылық қағидаты Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу рәсімдері мен нәтижелерін баяндаудың анықтығына және Бағдарламаның іске асырылуы үшін мемлекеттік және өзге органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп беруіне негізделеді.

Жариялылық қағидаты қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимді қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік органдардың қызметіндегі барынша ашықтықты және мемлекеттік қолдау нәтижелерін міндетті түрде жариялауды білдіреді.

Тиімділік және жүйелілік қағидаты мемлекеттік қолдау сауықтыру жоспарында айқындалған мерзімге сәйкес оң нәтиже межеленген кезде ғана ұсынылатынын білдіреді.

Бағдарламаға «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының ережелеріне сәйкес орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметін өндіруші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімін өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда, жүйе құрушы болып табылатын кәсіпорындар қатыса алады.

Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар қатысатын заңды тұлғалар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шет елдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.

Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келісімдер жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүс миллион) теңгені құрайтын немесе одан асатын және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледі деген негіздер бар сомаға 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жасалуы тиіс.

Егер кластерлік қағидат бойынша холдинг құрамына жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін кәсіпорын кірген жағдайда Бағдарламаға холдинг тобы қатысады.

Бағдарламаға 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кәсіпорындар қатыса алады.

Бағдарламада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

Сауықтыру кеңесі – мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сауықтыру кеңесінің төрағасы болып табылады. Сауықтыру кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Сауықтыру кеңесі туралы ережемен реттеледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

Салалық органдар – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі және басқалар.

Сауықтыру жоспары – іске асыру мерзімін, қол жеткізілетін нәтижелер мен ресурстарды, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді көрсете отырып, қолданыстағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында кредит берушілер мен кәсіпорындардың меншік иелері, сондай-ақ мемлекет тарапынан тепе-тең негізде жүзеге асырылатын қолдау шараларын қолдану кезінде кәсіпорынды сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені.

Кредит берушілер комитеті – еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жөніндегі кредит берушілердің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі кредит берушілердің өкілдерінен, кредит беруші – мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ кәсіпорынға талап қою сомасы неғұрлым көп кредит берушілердің өкілдерінен қалыптастырылған алқалы орган.

Консультанттар – әлеуетті қатысушылардан және олардың кредит берушілерінен және меншік иелерінен тәуелсіз, сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін Кредит берушілер комитеті таңдаған адамдар.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.

Сауықтыру – кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Кәсіпорын – акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсіпкерлік субъектісі.

Холдинг – ұйымдық-құқықтық нысанына қарамай, басқа кәсіпорындар акцияларының бақылау пакеттері мен қатысу үлестерін меншік құқығында иеленетін кез келген кәсіпорын.

Әлеуетті қатысушы – Бағдарламаға қатысуға құқығы бар және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға ниет білдірген кәсіпорын.

Әлеуетті қатысушының өтініші – Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы белгілеген нысанға сәйкес әлеуетті қатысушы толтыратын құжат.

Сауықтыру кеңесінің қорытындысы – әлеуетті қатысушыны сауықтыру жоспарын талдауға негізделген және оны негізге алған Сауықтыру кеңесінің әлеуетті қатысушыны Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешімі.

Қатысушы – Сауықтыру кеңесінің оң қорытындысын алған әлеуетті қатысушы.

Стратегиялық инвестор:

сауықтыру жоспарымен корреспонденцияланатын жеке инвестициялық бағдарламаны іске асыру шарттарында дауыс беретін акциялардың және/немесе акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын сауықтыру жоспарын іске асыру шеңберінде шығарылған акциялар пакетінің он және одан асатын пайызын сатып алуға мүдделі инвестор;

жеке инвестициялық бағдарламаны іске асыру және/немесе серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салым енгізу шарттарында жарғылық капиталдың 10 және одан астам пайызы мөлшерінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысу үлесін сатып алуға мүдделі инвестор.

Мониторинг жөніндегі консалтингтік компаниялар – қатысушыларды сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру үшін Уәкілетті орган тартатын және уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін компаниялар.

Сараптау қорытындылары – кәсіпорындардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне салалық органдардың қорытындылары.

Субсидиялау жөніндегі оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйым, оған:

қаржы ұйымдарына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде ақша қаражатын, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды аудару;

пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі жөніндегі міндеттер жүктелген.


3. Ағымдағы ахуалды талдау


Дағдарыс жағдайында мемлекет өзіне экономикалық үдерістерді тұрақтандырушы рөлін қабылдады, екінші деңгейдегі банктерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс саласы компанияларына айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті.

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін қомақты бюджет қаражаты және Ұлттық қор қаражаты оқшауландырылды.

Тұрақты жұмыс орындарының жұмыс істеп тұрғандарын сақтау және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсіуін қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мынадай:

жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау бағыттары бойынша банктің сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетіледі.

Сонымен бірге, екінші деңгейдегі банктердің ақпараты бойынша әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жекелеген кәсіпорындар да кредиттерді өтеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарды сезініп отыр.

Қалыптасқан ахуал банктерге бұрын мемлекет көрсеткен қолдауға қарамастан, олардың несие қоржынына, сондай-ақ облигациялық қарыздарға қызмет көрсетуге және салық міндеттемелерін орындауға теріс әсер етуі мүмкін.

Бұл кәсіпорындардың көпшілігінің Қазақстан экономикасы үшін маңызды мәні бар екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатынын атап өткен жөн.

Әлемдік тәжірибені талдау көрсетіп отырғандай, қаржы-экономикалық дағдарыстардың салдарын жою мемлекет тарапынан ауқымды қолдаумен сипатталады.

Мәселен, Түркияда 2001 жылғы ақпанда басталған қаржы-экономикалық дағдарыс 1990 жылдар ішінде болған дағдарыстардың тұтастай легімен салыстырғанда ең ауыры болды және экономикаға анағұрлым нұқсан келтірді. Нәтижесінде мемлекетке қомақты қаражат жұмсай отырып, 21 жеке банкке интервенцияны жүзеге асыруға және 4 ірі мемлекеттік банкті қайта құрылымдауды жүргізуге тура келді. Реформа басында корпоративтік берешек еленбеген еді, бірақ шетелдік валютада қарыздары бар ірі түрік корпорациялары дағдарысқа жауап ретінде түрік лирасының өте құнсыздануы салдарынан ауыр жағдайда қалды.

Осылайша, түрік үкіметіне корпоративтік сектор берешегінің проблемасын ерікті қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру жолымен шешуге тура келді. Банктер мен компаниялар арасындағы қайта құрылымдаудың бейресми рәсімі немесе соттан тыс әлемдік мәмілелер дауаларды шешу бойынша ең табысты және кеңінен қолданылатын әдістер болып табылады.

Ерікті қайта құрылымдау бағдарламасының сипаттамалары:

негізгі кредит берушілердің соттан тыс қайта құрылымдауды жүргізу мүмкіндігін қарастыруға әзірлігі;

кредит берушілер компанияның ұзақ мерзімді тыныс-тіршілігіне қатысты тәуелсіз сараптамаға бастамашылық ете алады;

сараптама кезінде кредит берушілер компанияға өз қызметін қалыпты режимде жүзеге асыру мүмкіндігін бере отырып, өнім берушілер мен клиенттердің сенімділігін қолдайтындай дәрежеде қолдау көрсетуге және өндіріс үдерісіне араласпауға келісім білдіреді;

тәуелсіз сараптама нәтижелеріне негізделе отырып, компанияның негізгі кредит берушілері ұзақ мерзімді қолдаудың шарттары мен қажеттілігін бірге шешеді;

үдерісті жылдамдату үшін жетекші банкті және кредит берушілер комитетін құруға болады;

бір санаттың ішіндегі кредит берушілер арасында шығындарды тең дәрежеде бөлу талаптарының бастапқылығын тану;

егер кредит берушілер компания ұзақ мерзімді перспективада шын мәнінде өміршең деп анықтаса, олар пайыздың мерзімін ұзарту, кредиттің кезеңін ұзарту, одан әрі қаржы беру немесе компанияның үлесін сатып алу сияқты неғұрлым ұзақ мерзімді қаржылық қолдау шараларын ұсына алады.

Стамбул ұстанымы – Нормативтік база мен құрылым. 2001 жылы Түркияда лондондық ұстанымға негізделген қайта құрылымдаудың ерікті заңды емес бағдарламасы әзірленді. Шығыс Азиядағы дағдарыс тәжірибесінің негізінде жасалған Стамбул ұстанымы деп аталған бағдарлама осы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін қажетті салықтық бастамаларды реттеп қолдануға бағытталды. Осы элементтер Қазынашылық пен Қаржы министрлігінің күшті қолдауын талап етті.

Банк секторын реттеу және қадағалау агенттігі 2002 жылы банктерді үйлестіруді қайта құрылымдауды қолдауға провизиялардың түсінікті қағидаларын белгіледі. Келісімге 34 коммерциялық банк, банктік емес қаржы делдалдары, сондай-ақ мемлекеттік банктер қол қойды.

Стамбул ұстанымын іске асыру. Үкімет 2002 жылғы 1 маусымда бағдарламаның басталғаны туралы жария етті. Бірақ оны іске асыру жұмыс істемейтін кредиттерді қайта құрылымдау және банктерді қайта капиталдандыру аяқталатын қыркүйектің аяғына дейін кейінге қалдырылды. Сол уақытқа капиталдандырылған банктердің банктерді қайта капиталдандыру және барлық провизиялық кредиттерді жинақтау үшін қажетті бастамалары болуы тиіс болатын. Банктер сондай-ақ одан әрі ұзарту мүмкіндігімен үш жылға арналған Бағдарламаның бір бөлігі болған салықтық жеңілдіктерді пайдалана алды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде үздік әлемдік практиканы ескере отырып, Қазақстанның орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін және жұмыс орындарын сақтау мақсатында оларға қолдау көрсеткен жөн.

  1   2   3

Похожие:

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) iconКонкурс «Бадам өзенінде орналасқан бөгетті ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары» тауарларын өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі, келесі лоттар: лот №1 Бадам өзенінде тасқын судың зардабын жою және алдын-алу мақсатында «ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жөндеуден өткізу пк
Мемлекеттік сатып алу бойынша «Бадам өзенінде орналасқан бөгетті ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары» конкурс тәсілімен мемлекеттік...
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) icon«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Азақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегиясы,...
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) iconЗайсан аудандық мәслихатының
...
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) iconОрал 200 9 ж
...
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) iconДағдарыстанкейiнқалпынакелтiрубағдарламасын (бәсекегеқабiлеттiкәсiпорындардысауықтыру) бекiтутуралы
Бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру тетiгiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) icon«Алматы қаласының бәсекеге ең қабілетті 50 мектебі» атты қалалық байқауға қатысуға

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) iconҚазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Азақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес, жаңа білімдерді тиімді тұжырымдауды, сондай-ақ қолдауды...
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) icon1 Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы
Бәсекеге қабілетті өнім өндірудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница