I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары




НазваниеI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
страница1/13
Дата конвертации07.02.2016
Размер1.59 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish209149_8689.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы




I Бөлiм

Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң

негiздемесi мен шарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi

1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.

3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

 

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бақылау – мынадай шарттардың бірі:

бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;

бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған;

Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;

бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;

3) банк конгломераты – бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:

банк бас ұйым болып табылатын немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылатын;

банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайтын;

банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым болатын заңды тұлғалар тобы.

Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.

Егер құрамына банк кіретін заңды тұлғалар тобында бас ұйым ұлттық басқарушы холдинг болып табылса, онда:

банк;

банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг;

банктің, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдингтің еншілес ұйымдары;

капиталына банк, банктің еншілес ұйымдары, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг қомақты түрде қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады.

Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым – Қазақстан Республикасының резиденті емес банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті – еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;

4) банк холдингі – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:

банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі – меншікті капитал) – банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;   

6) банктің ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;

7) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

8) депозит – бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға – банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа) қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;

9) еншілес ұйым – басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

12) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

13) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;

14) тұрақтандыру банкі – консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсаты үшін уәкілетті органның шешімі бойынша құрылатын екінші деңгейдегі банк. Тұрақтандыру банкін құрудың, оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңда белгіленген.

 

2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары

1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылады.

Ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің аффилиирленген тұлғаларын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.

2. Ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбедегі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайды.

Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты аффилиирленген тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.

 

 3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

2. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.

Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.

Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

4. алынып тасталды

5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.

Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.

Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгілен­ген.

6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

 

4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінен, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізін­де және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде  не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес осы Заңға көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға.

 

6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу

1. уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:

а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;

б) 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды

в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.

2. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның,  кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады.

 

7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi

1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.

2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттiк банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттiк банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.

Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.

 

8-бап. Банктер үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет

1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 6-тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ  осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға , коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:

1) қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды кейіннен өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын ұйымдардың;

2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне  уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша енгізілген қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың;

3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың, сондай-ақ айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны басқару болып табылатын ұйымдардың, банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың;

4) заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың;

5) осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғалардың;

6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың;

7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың;

8) ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көз­дел­ген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге заңды тұл­ға­лардың акцияларын немесе жарғылық капи­талдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.

Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың банкке тиесілі акциялар саны бір заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.

3. Банктің осы баптың 2-тармағы 1)-3), 6) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:

1) 1), 3) және 7) тармақшаларда аталған ұйымдар үшін - банктің меншікті капиталының он бес процентінен;

2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының он процентінен аспауға тиіс.

Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылдаған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, бұл ретте акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан артық болмауға тиіс.

Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны:

қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының алпыс процентінен;

сақтандыру ұйымдары үшін - банктің меншікті капиталының қырық процентінен аспауға тиіс.

Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:

акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;

банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шектеулер банктің еншілес ұйымдарының және банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне қолданылады.

5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:

тізбесін  уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;

уәкілетті орган  белгілеген  рейтингтік агенттіктердің бі­рінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигация­ларымен;

банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен;

Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының банк пен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында шығарған облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.

 Мұндай облигациялармен мәміле жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерімен айналысуға құқылы:

1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру;

2) банк қызметінің мәселелері жөніндегі кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттерді сату;

3) өз мүлкін сату;

3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;

3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;

4) заем алушылардың кепілге қойған мүлкін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен сату;

5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;

6) басқа тұлғалардың банк қызметіне байланысты мәселелер бойынша мүдделерін, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру;

7) банк-қаржы қызметі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқуды ұйымдастыру;

8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттері атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconРеферат Тақырыбы: Тура салық
Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Сабақтың мақсаты: Білімділік дк-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. Эем мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары iconАсетов Алибек Асенович Фурье қатарларының абсолютті жинақталу шарттары
Магистрлік жұмыста ең жақсы жуықтау мен тегістік модулі терминдерінде Лебег кеңістіктерінен алынған функциялардың Фурье коэффициенттерінен...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon6М060700- биология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны
Гейлері, олардың құрлыққа шығуына байланысты ұлпалары мен мүшелерінің пайда болуы. Ұлпалардың классификациясы мен сипаттамасы. өсімдіктердің...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары
Ел экономикасы 2014 жылы әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюі және мұнай мен металдарға әлемдік бағаның елеулі төмендеуі жағдайларында...
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
I бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница