Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының




НазваниеҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
страница4/6
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.92 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish524758_1164.doc
1   2   3   4   5   6



Нұсқаулық талаптарының базалық критериилері



Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру

1.

Директорлар   кеңесі  Ұйымның (Қордың)  мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті.

2.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың)  ішкі ережелері мен рәсімдерді сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шараларын мен өзге де талаптарын жүзеге асырады.

3.

Инвестициялық комитет қаржы құралдарын сатып алу/сату және инвестициялау жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін белгіледі және бекітті, сондай-ақ активтерді әртараптандыру, Ұйым (Қор) капиталының өтімділігі мен жеткіліктілігі, тиімділігі бойынша бағдарламаны айқындайды. Комитет құрамына тиісінше санаттың біліктілік куәлігіне ие кемінде үш адам кіреді.

4.

Директорлар кеңесі қажетіне қарай,  бірақ тоқсанына  кем    дегенде    бір    рет    мынадай есептерді талдайды:

жиынтық   баланс   және  өткен  жылдардағы алдындағы кезеңмен салыстырғандағы  Ұйымның (Қордың)  кірістері  мен  шығыстары туралы   есеп және жоспарланған қызметтің көрсеткіштері;

инвестициялар    туралы:  қаржы    құралдарын түрлеріне    қарай    топтастыра    отырып    және олардың баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып жасалған есептер;

жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндетемелерінің көлемін салыстыру туралы есеп (гэп-анализ);

процент тәуекелі бойынша Ұйымның (Қордың)  позициясына қысқаша талдау;

валюталардың    айырбас    бағамының    ауытқу тәуекеліне Ұйымның (Қордың)  ұшырауына қысқаша талдау;

Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының ағымдағы және болжанатын мұқтаждығына қысқаша талдау.

5.

Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді.

6.

Директор кеңесі Ұйымның (Қордың)  басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды

7.

Директорлар     кеңесі     жыл     сайын    басқарма қызметінің Ұйымның (Қордың)  ағымдағы      қаржы      жылына  жоспарланған мақсаттарына    жетуге    арналған    қызметтерін талдайды.

8.

Директорлар   кеңесі  өзінің   өкілеттілігі шегінде ағымдағы  жылдың  мақсатты  көрсеткіштеріне Ұйым (Қор) қызметінің  нәтижелері   сәйкес келмеген жағдайда,    Ұйым (Қор)  басқармасының    мүшелеріне шаралар қолдана алады.

9.

Ұйымның (Қордың)  ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде:

Ұйым (Қор)  бөлімшесінің   немесе  Ұйымның (Қордың)  жүргізетін операцияларға байланысты негізгі тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мен талдауға жауап беретін тәуекелдерді     басқару     жөніндегі тұлғаның өкілеттігі мен міндеттерін;

олардың   функционалдық  міндеттеріне   сәйкес келетін      Ұйымның (Қордың)      басқармасы      органдарының құрылымын;

Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттіктерін;

Ұйымның (Қордың)  есепті жыл ішінде әрбір     басшы        қызметкерінің (басқарма мүшелерінен басқа) қызметіне баға беру тәртібі, оның ішінде Ұйым (Қор)  қызметінің мақсатты көрсеткіштерін орындамағаны үшін Ұйымға (Қорға) шаралар қолдануды немесе жауапкершілікке тартуды реттейді.

10.

Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелестік, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, қосымша Ұйым (Қор)  капиталының қажетті мөлшерін ескере отырып жүргізеді.

11.

Тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды көздейді:

Ұйымның (Қордың)  басшы қызметкерлерінің өкілеттілігі мен функцоналдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды жүргізудің дұрыстығына қосарлы бақылауды және олармен байланысты тәуекелді бақылауды қамтамасыз етуді көздейтін ережені қарастырады.

12.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың)  қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктер мен функцияларды шоғырландыруға, сондай-ақ корпоративті стратегия бекіткен өткізілген операциялардың Ұйым (Қор) саясаты мен рәсімдеріне сәйкестігін анықтау бойынша басшы қызметкерлерге тексеру жүргізеді.

13.

Тәуекелдері басқару саясаты басқарманың және Ұйымның (Қордың) жауапты қызметкерлерінің, директорлар кеңесі мүшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды. 

14.

Директорлар кеңесі мен Ұйымның (Қордың) басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен Ұйымның (Қордың) Басқармасы тәуекелдері басқару жөніндегі өз функционалдық қызметтерін тиісінше орындауға жеткілікті.

15.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкерлері басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді, оның ішінде тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын қарастырады.

16.

Ұйымның (Қордың) бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттері тәуекелдерді басқару және ішкі аудит қызметі бойынша олар өткізетін операцияларға сәйкес келеді.

17.

Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерімен жұмыс жасау кезіндегі саясатына мыналар:

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкестігін тексеру рәсімдері;

салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына қаражаттың есепке алу мен уақтылы түсуінің сенімділігін қамтамасыз ететін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатының төлемдері мен аударымдары;

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) шағымдарын белгіленген мерзімде қаралуына, жинақталған зейнетақы қаражаттарының оларды аудару немесе төлем жасау сәтінде жоғалуын уақтылы қалпына келтіруге кепілдік беретін рәсімдер;

зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігіне мониторингті және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сай уақтылы инвестициялауды қамтамасыз ететін рәсімдер;

қордың комиссиялық сыйақыны есептеуі және төлем жасауының дұрыстығын тексеру;

зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі;

зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау мен олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

деректерді және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге ішкі бақылау тәртібі;

инвестициялық шешімді қабылдау, сондай-ақ инвестициялық шешімді қабылдау үшін ұсынымды беру рәсімдері;

зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және ресімдері;

Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтері мен инвестициялық кірістен өндіріп алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) осы ақпаратты ұсыну тәртібі жататын инвестициялық саясат кіреді.

18.

Ішкі аудит жөніндегі Ұйымның (Қордың) саясаты:

Ұйымның (Қордың) ұшырауы мүмкін барлық тәуекелдерді;

Ішкі аудит жүргізудің ауқымы мен жиілігін;

ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;

Ұйымның (Қордың) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды айқындайды.

19.

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты ішкі тексеру жүргізеді.

20.

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жүргізілетін операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің дұрыстығына және кастодин банктермен және Ұйымның (Қордың) есепке алу және құжат айналымының дұрыстығын салыстыруды жүзеге асырып, тұрақты ішкі тексеру жүргізеді.

21.

Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалған мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың сенімділігіне тексеру жүргізуге тұрақты негізде тексеру жүргізеді.

22.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексеру жүргізілетін Ұйым (Қор) бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен қажетті білімдері бар.

23.

Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты тексерілетін бөлімшенің қызметіне байланысты, оның ішінде коммерциялық болып саналатын немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны немесе құпиялылық режимі бар тиісінше барлық құжаттарға ішкі аудит қызметінің рұқсат алу құқығы көзделеді.

24.

Ішкі аудит бойынша Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты басшы қызметкерлердің немесе Ұйымның (Қордың) басқа бөлімшелерінің  функционалдық    міндеттерін орындаудағы тәуелсіздігі  және   ішкі   аудит қызметінің              директорлар              кеңесіне есеп беруі белгіленеді.

25.

Ішкі    аудит   қызметі   Ұйымның (Қордың) сыртқы аудитормен  бірлесіп  жылына кемінде бір рет Ұйымның (Қордың) ішкі   бақылау жүйесінен ішкі және сыртқы аудиторлар анықтаған   кемшіліктерді    талқылау    үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

26.

Ішкі аудит саясаты   директорлар кеңесі мен Ұйымның (Қордың) басқармасына   ішкі    аудит   қызметінің   әрбір тексеруінің   нәтижелерін   ұсынудың   оңтайлы мерзімдерін қарастырады.

27.

Ішкі   аудит  қызметінің  өкілеттіктері бөлімшелер үшін орындалуы  міндетті  болып табылатын          жүргізілген     тексерулер нәтижелері   бойынша  ұсыныстар  дайындауды қарастырады,   сонымен   бірге   оларды   жүзеге асыру тәсілдері мен шарттарын тікелей бөлімшелер айқындайды және Ұйымның (Қордың) басқармасы бекітеді.

28.

Ішкі аудит қызметі Ұйым (Қор) бөлімшелерінің ішкі аудит нәтижелері бойынша қабылданған, өткізетін және жоспарлаған іс-шараларына оларды оңтайлы орындау мақсатында мониторингті жүзеге асырады.  

29.

Ішкі саясатпен Ұйымның (Қордың) кірісін (шығысын), оның ішінде қызмет көрсетулердің динамикасында, сол бөлігінде, түрлерінде, Ұйымның (Қордың) аумақтық      және      функционалдық бөлімшелері    бойынша   ай сайын бақылап отыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі белгіленеді.

30.

Ішкі саясатпен директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық лимиттер шегінде, бөлімшелер қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің өкілеттіктері қарастырылады.

31.

Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес ең аз талап етілетін деңгейде Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

32.

Басқарма директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық лимиттер шегінде қаржы операцияларын жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) әр бөлімшелері үшін тәуекел лимиті айқындалады.

33.

Ішкі аудит қызметі  жүргізілген  тексерулер нәтижелері   бойынша   Ұйымның (Қордың) қызметкерлерінің зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы  Қазақстан Республикасы заңнамасын, халықаралық   стандарттарды, Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін   игеру деңгейін айқындайды.

34.

Ішкі аудит қызметі  қаржылық қызмет көрсетудің жаңа түрлерін ендірген кезде, Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтаумен байланысты, Ұйымның (Қордың) қосымша елеулі тәуекелдерін пайда болу мүмкіндігін бағалайды.

35.

Директорлар кеңесі және Ұйымның (Қордың) акционерлері басқармасының Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамсыздандыратын қаржылық және басқармалық есеп берулерін ұсыну мерзімдері мен нысандарын бекітті.

36.

Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімді және оларға ұсынымдарды талдайды.

37.

Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту бойынша сыртқы аудиторлардың қорытындысын талдайды.

38.

Есеп және есеп беру жөніндегі Ұйымның (Қордың) саясаты, сонымен бірге Ұйымның (Қордың) аудитін тексеру барысында мынадай мәселелерді қарастырады:

күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;

Ұйымның (Қордың) есеп    саясатының   қаржы    есебінің халықаралық стандарттарына сәйкестігі;

қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз айла-әрекет жасау фактілерінің болуы;

меншікті және зейнетақы активтерін есепке алудың дұрыстығын;

Ұйымның (Қордың) есеп беру саясатында белгіленген талаптарға есепке алу әдістері мен есеп беруді құрастырудың сәйкес келуі;

Ұйымның (Қордың) жылдық есептегі тәуекелдер құрылымы мен оның мөлшерін толыққанды және дұрыс ашып көрсетуі.

39.

Тәуекелдерді    басқару  бөлімшесі     зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігінің ықпал ету          әсерін болжайды:

қарсы әріптестер келісім-шарт бойынша өз міндетемелерін толық не ішінара орындамауы;     

Қазақстан Республикасының   тәуелсіз борыш рейтингінің  үш айда бір деңгейге және бір жылда екі деңгейге төмендеуі;

ұзақ мерзімді қаржы құралдарының мерзімінен бұрын өтеуі;

теңге бағамының құнсыздануы/көтеруі.

40.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

Ұйымның (Қордың) баланстық    және    баланстан    тыс есептеріне,            сондай-ақ            экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімтал кірістері мен шығыстарына;

өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруіне;

заемшының қаржылық жай-күйінің тәуелді борыштық бағалы қағаздарының портфелі, оның борыштың және есептелген проценттің негізгі сомасын өтеу жөніндегі оның мүмкіндіктеріне;

процент мөлшерлемесінің өзгеруіне сезімтал активтер, міндеттемелер мен баланстан тыс мақалалардың оларды өтеу мерзіміне сәйкес бөлінуіне (гэп-анализ);

шетел валютасы бағамының өзгеруіне сезімтал активтер, міндеттемелер мен баланстан тыс мақалаларға тұрақты талдау жүргізеді.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconСақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница