Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының




НазваниеҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
страница3/6
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.92 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish524758_1164.doc
1   2   3   4   5   6



Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру ережесінің

3-қосымшасы


Тәуекелді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар




Талаптар атауы

Талаптар критерийі



Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративті стратегияны жасады.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметінің стратегиясын бекітті.

Ұйымның (Қордың) корпоративті стратегиясында Ұйымның (Қордың) қызметінің қысқа мерзімді (бір жылдан кем) және ұзақ мерзімді (екі жыл мен он жылға дейін) мақсаттары белгіленді.

Ұйымның (Қордың) ұзақ мерзімді стратегиясы осының алдындағы Ұйымның (Қордың) қызметінде теріс көрініс тапқан факторларды алып тастау мақсатында жасалды және тұрақты жетілдіріліп отырады.



Директорлар кеңесі талап бойынша корпоративті басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін Ұйымның (Қордың) басқару саясатын белгіледі.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) мүддесіне байланысты дауларды реттеу жөніндегі саясатты бекітті.

Директорлар кеңесі стратегияларға, саясатқа және рәсімдерге қарама-қайшы келетін операцияларды жасау мүмкіндігін алып тастау мақсатында Ұйымның (Қордың) тәуекелмен байланысы бар (кредиттік тәуекел, проценттік тәуекел, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюталық тәуекел) операцияларына мониторинг жүргізеді




Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінде құрылған комитеттер арқылы Ұйымның (Қордың) қызметіне мониторинг өткізеді.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) ішкі ережелері мен рәсімдерінің сақтауына бақылауды жүзеге асырады және ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерін, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге талаптарын орындайды.

Инвестициялық комитет қаржы құралдары мен инвестициялауды сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін анықтайды және бекітеді, сондай-ақ Ұйымның (Қордың) активтерінің, капиталдың рентабельділігін, өтімділігін және жеткіліктілігін әртараптандыру жөніндегі бағдарын белгілейді. Комитет құрамына тиісті санаттағы біліктілік куәліктері бар үш адамнан кем болмауы керек.



Директорлар кеңесі ай сайын Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты қабылдайды, есепті ай ішіндегі Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды, баға береді.



Директорлар кеңесі қажеттілік шегіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес ретпен, мынадай есептерге талдау жасайды:

Ұйымның (Қордың) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы кірістері мен шығыстары туралы жиынтық балансы және есебі және жоспарлы қызмет көрсеткіштері;

инвестициялар туралы есептер: қаржы құралдарының олардың түрлерін және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу және сату жалпы сомасын көрсету бойынша топталуы;

Ұйымның (Қордың) активтер мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру туралы есеп (гэп - талдау);

Ұйымның (Қордың) проценттік тәуекел бойынша позициясын қысқаша талдау;

Ұйымның (Қордың) валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы тәуекеліне душар болуын қысқаша талдау;

Ұйымның (Қордың) меншікті капиталдағы ағымдағы және болжалданып отырған қажеттіліктерін қысқаша талдау.

Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге де талаптарының, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалмау себептерін анықтай отырып бақылау жүргізеді.



Директорлар кеңесі жыл сайын Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттеріндегі мүдделерге байланысты болуы мүмкін дауларға талдау жасайды.

Директорлар кеңесі жыл сайын Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттері бойынша жылдық есептерге талдау жасайды.





Директорлар кеңесі жыл сайын басқарманың есепті жыл ішіндегі қызметіне талдау жасайды.

Директорлар кеңесі жыл сайын басқарманың есепті жыл ішіндегі Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржы жылына жоспарлаған қызметінің мән-мақсатына жетуіне талдау жасайды.

Директорлар кеңесі егер Ұйымның (Қордың) қызметінің нәтижесі ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштерімен сәйкес келмеген жағдайда өз өкілеттігі шегінде Ұйымның (Қордың) басқармасының мүшелеріне шара қолдануы мүмкін.



Басқарма Ұйымның (Қордың) басқармасының ұйымдастыру-функционалдық құрылымының қалыптасу рәсімдерін белгілейді.

Ұйымдастыру құрылымына

(ұйымдастыру құрылымының схемасы) Ұйымның (Қордың) әр қызметшісі енгізілуі міндетті емес, бірақ оған Ұйымның (Қордың) барлық басшы қызметкерлері енуі тиіс.

Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру құрылымының схемасы оның ішінде мыналарды реттейді:

Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің немесе Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операцияларына байланысты негізгі тәуекелдерді талдауға және тәуелсіз бағаға жауап беретін тәуекелдерді басқарушы тұлғаның өкілеттігі мен міндеттері;

функционалды міндеттері бойынша сәйкес келетін Ұйымның (Қордың) басқару органдарының құрылымы;

Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттігі;

есепті жыл ішінде Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерінің қызметіне баға беру тәртібі (басқарма мүшелерінен басқа), оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі мақсатты көрсеткіштерін Ұйымның (Қордың) орындамағаны үшін шара қолдану немесе жауапкершілікке тарту.



Директорлар кеңесі қысқа мерзімді кезеңге жасалған жылдық бюджет/қаржылық жоспар жасау тәртібін бекітеді және резиденттері Ұйымның (Қордың) клиенттері болып табылатын Қазақстан Республикасының, шетелдердің болашақ экономикалық талаптарын және әлемдік қаржылық және тауарлық рыноктардың конъюнктурасын ескеріп ұзақ мерзімді кезеңге жасалған стратегиялық жоспарын бекітеді.


Жылдық бюджетті және стратегиялық жоспарды басқарма Ұйымның (Қордың)ағымдағы және болашақ бәсекелес және экономикалық ортасын және нормативтік құқықтық базаны, қосымша қажетті капитал мөлшерін ескере отырып жасайды.





Басқарма Ұйымның (Қордың) жүргізген әлеуеттік және мүмкін тәуекелдерді бірегейлендіреді және бағалайды, тәуекелдерді басқарудың реттелген рәсімдерін қолданады.



Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын бөлімшесі қаржы құралдарының сыртқы және ішкі рыноктарының теріс серпінділігі жағдайында оның зейнетақы активтеріне, кірістілікке және өтімділік ықпалына баға беру әдісін пайдаланады.

Басқарма әлуетті және мүмкін тәуекелді беретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды бірегейлендіреді және оған талдау жасайды, олардың Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесіне баға береді.

Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде басқарма жеке-жеке жүргізіліп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдің жол берілетін мөлшеріне лимиттер белгілейді, Ұйымның (Қордың) аталған лимиттерді сақтауы үшін бақылаудың тиімді шараларын қабылдайды.



Басқарма Ұйымның (Қордың) мүмкін және әлуетті тәуекелдерін бақылауды жүзеге асырады.

Басқарма жиынтық лимиттердің сақталуын тәуекел түрлері бойынша олардың ай сайынғы есебі негізінде бақылайды.

Басқарма мүмкін және әлуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің сақтауын бақылайды, Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегіндегі тәуекелдер мөлшерін сақтау мониторингін жүзеге асырады.



Ұйымның (Қордың) бағалы қағаздар рыногындағы болуы мүмкін тәуекелдерді әртараптандыру (бөлу) саясатын ұстанады.

Басқарма Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен төлем қабілетінің қажетті деңгейін сақтау мақсатындағы тәуекелді ескеріп, қаржы құралдарымен жүргізілген операциялардың құрылымы мен көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оларды Ұйымның (Қордың) жауапты бөлімшелерінің орындауына бақылау жасайды.

Ұйымның (Қордың) әртараптандыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген әртараптандыру нормаларын сақтайтын мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-функционалдық және операциялық құрылымы бар.



Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру және функционалды құрылымы, Ұйымның (Қордың) қаржылық қызметі бойынша шешімдер қабылдау рәсімдері Ұйымның (Қордың) ішкі саясатымен реттеледі.



Тәуекелдерді басқару саясаты Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін ережелерді, соның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарлы бақылау жасауды көздейді және соған байланысты тәуекелдерді бақылауды көздейді.

Ішкі аудит қызметі басшы қызметкерлердің Ұйымның (Қордың) қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функциясын топтауды анықтауға, сондай-ақ жүргізілген операциялардың Ұйымның (Қордың) бекітілген корпоративті стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келу мәніне тексеру жүргізеді.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің және жауапты қызметкерлердің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық қызметін анықтайды.





Ұйымда (Қорда) кезең-кезеңімен Директорлар кеңесіне, басқармаға Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық қызметі туралы және Ұйымның (Қордың) қабылдаған тәуекелдер мөлшері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқарудың есеп және есеп беру жүйесі бар.

Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық жай-күйі туралы ақпараттар форматы және ол қабылдаған тәуекелдер белгілі бір басқарудың есеп беру нысаны түрінде стандартталған, оның ішінде кредиттік, проценттік тәуекелдерді, өтімділікті жоғалту тәуекелін, валюталық, ел (трансферттік) тәуекелдерін, сондай-ақ тәуекелдерге душар болу дәрежесін анықтайды, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын бірегейлендіреді және өлшем жасайды.

Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және басқармасына ұсынылатын басқарушылық ақпарат тізбесі Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі мен басқармасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болып табылады.





Ұйымның (Қордың) тәуекелді басқару жөніндегі ішкі саясатымен, оның ішінде функциясы тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдерді орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары да белгіленеді.



Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкері басшы қызметкердің біліктілік, оның ішінде жұмыс өтіліне, тәуекелдерді басқару жөніндегі функционалды міндеттерін жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін талаптарына сәйкес келеді.

Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің тәуекелді басқару жөніндегі және ішкі аудит қызметінің қызметкерінің функционалды міндеттері олар жүргізіп отырған операцияларға сәйкес келеді.





Директорлар кеңесі салымшылар (алушылар) активтерімен, жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу, инвестиция саясатымен, хеджирлеу әдістерін пайдалану саясатымен жұмысты ұйымдастыруды реттейтін ішкі саясатты бекітеді.


Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерімен жұмыс жөніндегі саясатына мыналар жатады:

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкестігін тексеру рәсімдері;

салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдердің және жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының уақтылы түсуінің есебін алу шынайылығын қамтамасыз ететін рәсімдер;

салымшылардың (алушылардың) зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша шағымдарын белгіленген мерзімде қарауға кепілдік беретін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару сәтіндегі немесе төлем жасау сәтіндегі жоғалтуларды уақтылы қалпына келтіру;

зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігі мониторингін қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сай уақтылы инвестициялау рәсімдері;

Қордың комиссиялық сыйақысын есепке алу және төлем жасау дұрыстығын тексеру;

мыналарды енгізетін инвестициялық саясатты:

зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі;

зейнетақы активтерін қатыстыра отырып мәмілелер жасау тәртібі және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру;

деректердің бүтіндігі мен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібі;

инвестициялық шешімдер қабылдау рәсімдері, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар беру;

зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және рәсімдері;

зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістерден алынатын Ұйымның (Қордың) комиссиялық сыйақысының мөлшері, сондай-ақ осы ақпараттың Ұйымның (Қордың) салымшыларына (алушыларына) берілу шарттары.



Ішкі аудит қызметі қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелеріне мерзімді түрде, бірақ жылына бір реттен кем емес ішкі аудиторлық тексеру жүргізеді, оның ішінде тәуекелді басқару жүйесін және ішкі бақылауды жақсарту мақсатында.

Ұйымның (Қордың) ішкі аудит бойынша саясаты мыналарды анықтайды:

Ұйымның (Қордың) душар болған барлық тәуекелдерін;

ішкі аудитті жүргізу ауқымын және жиілігін;

ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;

Ұйымның (Қордың) ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарын.

ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты түрде ішкі тексерулер жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау дұрыстығына және кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруларды жүзеге асырудың, есепке алудың және құжат айналымының дұрыстығына тұрақты ішкі тексерулер жасайды.

Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың шынайылығына тұрақты түрде тексеру жүргізеді.

Ішкі аудит қызметінің қызметкері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексерулер жасалып отырған Ұйымның (Қордың)бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі және қажетті білімі болады.

Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты бойынша ішкі аудит қызметі тексеріп отырған бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық немесе өзге де конфиденциалды құпия режимдегі құжаттарды қарау құқығы көзделеді.

Ұйымның (Қордың) ішкі аудит саясатымен олардың функционалды міндеттерін орындауы Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінен немесе басқа бөлімшелерден тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Директорлар кеңесіне есептілігі белгіленеді.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) сыртқы аудиторымен бірлесіп, жылына бір реттен кем емес ретпен Ұйымның (Қордың) ішкі бақылау жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.



Басқарма әрбір тексеру қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсыныстар береді.

Ішкі аудит қызметінің саясаты бойынша ішкі аудит қызметі оңтайлы мерзім ішінде әрбір тексеру қорытындысын Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және Басқармасына ұсыну көзделеді.

Ішкі аудит қызметінің өкілеттігі бөлімше үшін орындауы міндетті болып табылатын жасалған тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдері мен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді және Ұйымның (Қордың) Басқармасы бекітеді.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың)бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданған іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарлаған мониторингті жүзеге асырады.



Басқарма және қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға жауап беретін Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің басшылары Ұйымның (Қордың) ай сайынғы кірістер (шығыстар) мониторингін Директорлар кеңесі бекіткен лимит шегінде сақтау мақсатында жүргізеді.



Ішкі саясат бойынша ай сайын Ұйымның (Қордың) кірістерін (шығыстарын), оның ішінде серпінділігі, бөлігі бойынша, қызмет түрлері бойынша, Ұйымның (Қордың) аумақтық және функционалды бөлімшелерін қадағалайтын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі белгіленген.

Ішкі саясат бойынша Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегіндегі бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің өкілеттігі көзделген.

Бөлімшелер Ұйымның (Қордың) күтілетін кірісіне қабылданып отырған тәуекелді ескере отырып баға береді.



Басқарма қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға жауапты Ұйымның (Қордың) бөлімшелері бойынша қаржы ресурстарын бөлу мониторингін Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі белгілеп, жол берген лимитін сақтай отырып, оның ішінде тәуекелге және кірістілікке және Ұйымның (Қордың) тәуекелі мен меншікті капиталына қатысты етіп жүргізеді.

Басқарма Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін барынша төмен деңгейге сай келуін қамтамасыз етеді.

Басқарма Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде Ұйымның (Қордың) қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын әр бөлімшесі үшін тәуекел лимитін белгілейді.



Басқарма Ұйымның (Қордың) шарт жасау қатынастарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен операциялар жүргізу жөніндегі ішкі саясатты сақтау жөнінде тұрақты мониторинг жүргізеді.


Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша Ұйымның (Қордың) қызметкерінің Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық стандарттарды, зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу деңгейін анықтайды.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымда (Қорда) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.



Басқарма Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есебін, инвестициялық шешімдер бойынша есепті береді.

Директорлар кеңесі Басқарманың Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне баға беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық және басқару есебін ұсыну нысаны мен мерзімін бекітті.

Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімдерді және оларға ұсынымдарды талдап отырады.

Директорлар кеңесі ішкі бақылауды жетілдіру және тәуекелдерді басқару жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларына талдау жасайды.



Басқарма тұрақты түрде тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру жүйесін жақсартуды жүзеге асырады.



Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру саясаты сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы қорына аудит жүргізу барысында мынадай мәселелерді тексеруді көздейді:

күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;

Ұйымның (Қордың) есеп саясатының қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;

қаржылық есептердегі негізсіз бухгалтерлік айла-шарғы фактілерінің болуы;

жеке және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы;

Ұйымның (Қордың) есеп саясатында белгіленген талаптар бойынша есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;

Ұйымның (Қордың) жылдық есебінде тәуекелдердің құрылымы мен мөлшерін толық және дұрыс ашу.



Басқарма соңынан Директорлар кеңесіне тиісінше есеп бере отырып, ай сайын Ұйымның (Қордың) қызметіне қойылатын экономикалық талаптардың сыни көрсеткіштеріне талдау жасайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі зейнетақы активтерінің тиімділігіне және өтімділігіне ықпал ететін мынадай факторларға болжам жасайды:

қарсы әріптестердің келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауы;

Қазақстан Республикасының тәуелсіз борыштық рейтингінің үш ай ішінде бір деңгейге және бір жыл ішінде екі деңгейге төмендеуі;

ұзақ мерзімді қаржы құралдарының мерзімінен бұрын өтелуі;

теңге бағамының девальвациялануы/ ревальвациялануы.



Басқарма зейнетақы активтерін сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жасалатын операциялардың қажетті кірістілігі жөніндегі шараларды әзірледі.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мыналарға тұрақты талдау жасайды:

Ұйымның (Қордың) баланстық және баланстан тыс есептерін, сондай-ақ экономикалық талаптарға байланысты өзгеруге бейім кірістер мен шығыстарды;

өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруі;

заемшының қаржылық жай-күйіне, оның борыштық негізгі соманы және есептелген сыйақыны өтеуге байланысты мүмкіндіктеріне қатысты борыштық бағалы қағаздар портфелі;

олардың өтеу мерзіміне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне бейім активтерді, міндеттемелерді және баланстан тысқары баптарды бөлу (гэп-талдау);

шетел валютасы бағамының өзгеруіне бейім активтерді, міндеттемелерді және баланстан тысқары баптарды бөлу.


Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру ережесінің

4-қосымшасы


Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар





Талаптар атауы

Талаптар критерийі



Директорлар кеңесі қаржы құралдарын және баға жөніндегі тәуекелді сатып алу/сату жөніндегі операцияларды басқарудың ішкі саясатын бекітті.

Қаржы құралдарын және баға жөніндегі тәуекелді сатып алу/сату жөніндегі операцияларды басқарудың ішкі саясаты мыналарды реттейді:

Ұйымның (Қордың) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты өтімділікті жоғалту тәуекелін анықтау;

Ұйымның (Қордың) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты проценттік тәуекелін анықтау;

Ұйымның (Қордың) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты валюталық тәуекелін анықтау;

туынды қаржы құралдарымен операцияларға тиесілі тәуекелдерді анықтау;

Ұйымның (Қордың) рыноктық тәуекеліне өлшем жасау кезінде пайдаланылатын моделдер;

тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің Ұйымның (Қордың) рыноктық тәуекел жөніндегі позициясы туралы есебін Директорлар кеңесіне және Басқармаға ұсыну мерзімділігі.



Директорлар кеңесі фронт- және бэк-офистердің функционалды міндеттерін бөлуге негізделген, нақты айтқанда мәмілені жүзеге асыратын фронт-офис пен аталған операциялардың есебін көрсетумен айналысатын бэк-офис арасындағы қосарлы бақылау саясатын бекітті.


Қосарлы бақылау жүйесі мыналарды көздейді:

фронт және бэк-офистерді бөлу;

бэк-офистің фронт-офистегі операцияларға қойылатын талаптарды уақтылы тексеру мүмкіндігі;

қосарлы бақылау жүйесі қатысушылары арасындағы болуы мүмкін келісімдерді шектеу шаралары;

фронт және бэк-офистерде және бөлімшелердің міндеттерін бір мезгілде бір тұлғаның орындауына тыйым салу.



Басқарма Ұйымның (Қордың) операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді бекітті.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) операцияларын кірістермен операцияларды жүзеге асыру және Ұйымның (Қордың) меншікті капиталы мен кіріс мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдау кезіндегі заңсыздық жағдайларын анықтау және алдын алу мақсатында тексереді.



Ұйымның (Қордың) автоматтандырылған жүйесі бар (қаржы құралдарының портфелін басқару, операциялармен қамтамасыз ету, шоттарды өңдеу және есеп айырысу жүргізу, тәуекелдерді басқару).


Ұйымда (Қорда) қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды қамтамасыз етудің техникалық жүйесі бар.

Ұйымда (Қорда) тәуекелдерді басқару үшін қажет ақпаратты жинау жүйесі бар.

Ұйымда (Қорда) ақшамен және қаржы құралдарымен есеп айырысу жасайтың техникалық жүйе бар.

Ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар Ұйымның (Қордың) бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге, тәуекелдерді басқаруға жауап беретін бөлімшелерінің беріп отырған мәліметтерінің нақтылығын тексереді.



Ұйымның (Қордың) нақты уақыт режиміндегі тәуекелдерді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен операциялар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі бар.

Ұйым (Қор) жеке рыноктық операциялардан басқа сауда операцияларын өңдейді.

Ұйым (Қор) баға тәуекеліне душар болған кірістерді/шығыстарды және активтер және міндеттемелер бойынша тәуекелдерді бақылайды және күнделікті олардың құнын бағалап отырады.





Ұйым (Қор) кезең-кезеңімен әлуетті рыноктық тәуекелге, сондай-ақ қаржы құралдарының ағымдық рыноктық бағасын ескеріп, кірістерге/шығыстарға баға береді.



Ұйым (Қор) қаржы құралының рыноктық құны болмаған жағдайда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес осы қаржы құралының құнсыздануына тест жүргізеді.

Ұйым (Қор) тұрақты түрде әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен операциялардан түскен кірістерге /шығыстарға баға береді.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша әділ бағасын анықтау дұрыстығы жөнінде мониторингті жүзеге асырады.

Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі баға тәуекелін ескере отырып, қаржы құралдарының құнын анықтау рәсімдерін бекітеді.

Ұйым (Қор) тәуекелді бағалау және ағымдық бағаны рынокқа бейімдеу моделі негізінде қаржы құралдарының құнына баға береді, оның ішінде стресс-тестинг (stress-testing) және бэк-тестингті (back-testing) жүзеге асырады.

Ұйым (Қор) қаржы құралдарымен операциялар жасау кезінде шешімдер қабылдауға байланысты тәуекелді бағалау қорытындысын және тұрақты стресс-тестинг қорытындысын пайдаланады.



Директорлар кеңесі қаржы құралдарымен операциялар бойынша жиынтық лимитті, ал Басқарма – жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді, сондай-ақ халықаралық практикада «stop-loss» ережесі бойынша қабылданған лимиттерді белгілейді.


Директорлар кеңесі кезең-кезеңімен жиынтық лимитті және «stop-loss» лимиттерін белгілеу ережесін анықтайды. Ұйымның (Қордың) Қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын жүзеге асыратын бөлімшесі жұмыс күні ішінде Ұйымның (Қордың) Басқармасына Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша позициясын ұсынады.

Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді белгілеу рәсімдерін және «stop-loss» лимиттерін белгілеу ережесін белгілейді.




Басқарма әр қаржы құралы бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерін бекітті.

Басқарма халықаралық практикада әрбір шетел және барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операциялары бойынша қабылданған позициялар лимитін белгілейді.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі спот және форвард операцияларының мерзімдерін өтеуді басқару үшін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімінің кестесін күнделікті қолданады.

Басқарма қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттерінің диапазонын белгілейді.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) «stop-loss» лимиттерін белгілеу ережесін қолдануының дұрыстығын тексереді.



Директорлар кеңесі баға тәуекелі бойынша позициясын анықтау жөніндегі шешімді қабылдау, оның ішінде қаржы рыногының мөлшері мен өтімділігін ескере отырып, қаржы құралдары бойынша бөлу саясатын бекітті.



Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралдарының өтімділігіне сәйкес қаржы құралдары лимитінің тепе-теңдігіне талдау жасайды.





Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітеді.

Директорлар кеңесі мыналар белгіленген инвестициялық саясатты бекітті:

инвестициялау мақсаты, инвестициялау операцияларын бекіту жөніндегі өкілеттіктер, сондай-ақ инвестициялау жоспар мен лимиттері;

құпия ақпаратты пайдаланып жасалған операцияларды жібермеу мақсатында көрсетілген қаржы қызметіне байланысты өзге функциялардан инвестициялық операцияларды жүргізу функциясын ажырату рәсімдері;

қаржы құралдарының түрлері бойынша, инвестициялық қызмет мақсаты бойынша инвестициялық критерийлер;

қаржы құралдарының қолда болуын, айналыс талаптарын және кірістілігін талдау рәсімдері.



Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес ретпен нәтижесі кезең-кезеңімен тоқсанына бір реттен кем емес Басқармаға және жарты жылда бір реттен кем емес – Директорлар кеңесіне ұсынылатын инвестициялар көлеміне талдау жасайды.

Басқарма Ұйымның (Қордың) инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингі рәсімдерін бекітті.

Мониторинг қорытындысы ай сайын инвестициялық портфельдің кірістер/шығыстар туралы есебімен бірге Ұйымның (Қордың) Басқармасына және Директорлар кеңесіне ұсынылады.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі инвестициялық портфельдің мониторингін қаржы құралының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімі, валюта түрі және инвестициялау мақсаты бойынша жүзеге асырады.



Басқарма инвестиция портфелін құрылымдандыру рәсімдерін оның орташа және ұзақ мерзімді перспективадағы инвестициялық рентабельділігінің тұрақты көрсеткіштеріне қолдау жасайтындай етiп бекітті.



Құрылымдандыру рәсімдері:

айына бір реттен кем емес мерзімде инвестиция портфеліне рыноктық құн бойынша қайта бағалау жүргізуді;

жарты жылда бір реттен кем емес мерзімде әр есепті кезең үшін қаражатты, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескеріп, инвестициялардың қаржылық қорытындысына бағалау жүргізуді көздейді.



Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сатудан шыққан шектен тыс шығыстарды ескерту және Ұйымның (Қордың) аталған саясатты сақтауына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі саясатты белгіледі.


Басқарма қаржы құралдарын сатып алу/сатудан шыққан шектен тыс шығыстарға, оның ішінде қаржы құралдары рыногындағы лездік ауытқуларға жол бермеу жөніндегі шұғыл рәсімдерді анықтады.

Ұйым (Қор) оның рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен операциялардан кірістер/шығыстардың өзгеруіне байланысты талдау жасайды.

14.


Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау функциясына кіретін бөлімше өтімділікті жоғалту тәуекелін, проценттік тәуекел және валюталық тәуекелді жоғалту мониторингін жүзеге асырады.

Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау функциясына кіретін бөлімше:

активтер мен міндеттемелерді басқару мәселелерін қарайды;

тәуекелдерді басқару бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды;

апта сайын баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша өтімділіктің жоғалу тәуекелін, проценттік және валюталық тәуекелдерді қадағалайды;

апта сайын- Басқарманы және ай сайын Директорлар кеңесін Ұйымның (Қордың) өтімділіктің жоғалу тәуекелі, проценттік және валюталық тәуекелдер бойынша сатып алу/сату операцияларының түрлері динамикасының позициясы бойынша хабардар етіп отырады;

сатып алынатын қаржы құралдарының кірістілігінің жарамды деңгейі бойынша ұсынымдар береді.

15.

Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау функциясына кіретін бөлімше қажетті ақшаны ақша ағыны кестесінің көмегімен және рынокқа ақша тартуды тұрақты қамтамасыз ететін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімі кестесінің көмегімен бақылау жасайды.

Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау функциясына кіретін бөлімше:

Күн сайын ақша ағыны кестесін жасайды және жақын арадағы он жұмыс күні үшін өтімділік гэп-позиция мониторингін жүргізеді;

Тұрақты түрде (мысалы, апта сайын) есеп айырысу күніне сәйкес активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімінің кестесін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде өтімділіктің гэп-позиция мониторингін жүргізеді;

мониторингті және өтімділіктің гэп-позициясын басқаруды ұлттық валютаға немесе басқа шетел валютасына айырбастамай әр валюта бойынша жүзеге асырады.

Ұйым (Қор) өтімділікке бақылауды Ұйымның (Қордың) баланстан тыс операцияларын өтеудің болжалданып отырған көлемін ескере отырып жүзеге асырады.

16.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны лимитерді белгілеу арқылы бақылайды.

Басқарма өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияға лимиттерді белгілейді.


Активтер мен міндеттемелер басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгертілуін ескере отырып қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге тұрақты шолу жасайды.

17.

Ұйым (Қор) өтімділікті жоғалту тәуекелін тежеу қажеттілігін еске ала отырып, сондай-ақ бағалы қағаздарға инвестициялау кезінде кредиттік тәуекелді назарға ала отырып, күн сайынғы операцияларды жүзеге асырады.

Ұйым (Қор) шетел валютасында міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілеттілігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.


18.

Директорлар кеңесі әдістемелерді пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау саясатын, оның ішінде болжанатын тәуекел бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын бекітті.(VАR-әдісі)


Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше кемінде тоқсанына бір рет тұрақты VАR үлгісіне енгізуге рұқсат беруді ескере отырып, өтеу мерзімі бойынша кірістіліктің деңгейін айқындайды және проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер бойынша дюрация көрсеткіштері мониторингін тұрақты түрде жүргізеді.

19.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімшенің

процентті тәуекелді бағалау үшін деректерді жинау және талдау жүйесі бар.


Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:

проценттік тәуекелді, проценттік тәуекелдің негізгі дерек көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтарға, заем капиталы рыногының мөлшерлемесіне, құрастырма опциондарға) мониторингті жүзеге асырады.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесінің валюта бағамдарын өзгеруін жан-жақты талдау үшін қосымша жүйесі бар.

Директорлар кеңесі валюта бағамын өзгертуді талдауға сәйкес валюта позициялары бойынша шешімді қабылдау саясатын бекітеді.

20.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше және тәуекелдерді       басқару бөлімшесі тәуекелдер Ұйымның (Қордың) капиталымен және кірістерімен салыстырғанда      сандық қатынаста шамадан тыс болған жағдайларда тәуекелдерді кеміту жөніндегі шараларды қабылдайды.

Тәуекелдерді       басқару бөлімшесі     мыналарды жүзеге асырады:

түрлі талдау әдістемесін пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқару;

гэп талдау тәуекелге сезімталдықты бағалауды тұрақты жүргізеді;

стресс-тестинг, рыноктағы қолайсыз факторлар көбейген жағдайда шұғыл іс-әрекет жасау жоспарында олардың нәтижелерін пайдаланылады;

туынды қаржы құралдарының көмегі немесе басқа рыноктық операциялар арқылы, оның ішінде процент тәуекелін хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады;

гэп бойынша және тәуекелдер бойынша меншікті капитал бірдейлігін ескере отырып, проценттік тәуекел мөлшерімен лимиттерді белгілейді.

21.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше басқарма бекіткен әдістемені пайдалана отырып валюталық тәуекел деңгейін бағалайды және талдайды.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:

валюталық бағамды өзгертуді талдау үшін қосымша жүйесі бар;

валюталық бағамды өзгертуге сезімталдықты айқындау үшін валюталық құралдар құнын бағалау келтірілетін ашық валюталық позицияны немесе үлгілерді тұрақты талдайды.

22.

Директорлар кеңесі тәуекелді валюта тәуекелдері сандық қатынаста меншікті капитал мен Ұйым (Қор) кірістерінің мөлшерінен асып түсетін жағдайларда азайту жөніндегі саясатты бекітті.



Тәуекелдерді басқару бөлімшесі   жарты жылда кемінде бір рет   стресс-тестинг жүргізеді және рыноктағы қолайсыз факторлар көбейгенде шұғыл іс-әрекет жасау жоспарында олардың нәтижелерін пайдаланады.

Ұйым (Қор) активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды қаржы құралдарының көмегі арқылы валюта тәуекелін уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады.

Директорлар кеңесі ашық валюта позицияларын және валюта нетто-позиция лимитін белгілейді.







Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінің 5-қосымшасы



Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін, ақпараттық жүйелерін және басқарма ақпаратының жүйелерін функциялауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар





Талаптың атауы

Талаптың критерииі

1.

Басқарма бағалы қағаздар рыногында қаржылық қызмет көрсетудің операциялық техникасы бойынша рәсімдерді және олардың бухгалтерлік есеп беруін, сондай-ақ ақша аударымдарының жүйелерін бекітті.



Ішкі рәсімдер мыналарды реттейді:

Ұйымның (Қордың) өндірістік қызметін басқаруды қамтамасыз ететін бөлімше;

бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің техникалық тәртібі;

Ұйымның (Қордың) жүргізетін операцияларының бухгалтерлік есебі;

Ұйымның (Қордың) операцияларына және олардың есепке алынуына қосарлы бақылау;

Ұйымның (Қордың) құжат айналымына бақылау;

Ұйымның (Қордың) кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін ақпаратын бақылау және куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-әрекетті куәландыру және реттеу рәсімдері;

ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің рәсімдері;

Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жинақталған зейнетақы қаражаты есептеулерінің алгоритміне сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік құнының есеп айырысулары, шартты бірліктің саны.

2.

Басқарма қаржы құралдарымен жасалған операцияларды есепке   алудың   дұрыс жүргізілмеуі           және шынайы      көрсетілмеу мүмкіндігін   шектейтін рәсімдерді белгілейді.

Ішкі         аудит         қызметі        жарты жылда кемінде бір рет бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың есепке алу журналында сенімді және уақтылы көрсетілуі, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды   жүргізудің операциялық техникасын   олардың    сақтауын бағалау мақсатында бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

3.

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және функциялау жөніндегі басқару мен ішкі ережелері бар.

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлауға, әзірлеуге және функциялауға қатысты ережелері мен басшылықтары бар.

4.

Ұйымның (Қордың) басқармасы электрондық өңдеу жүйесінің ішкі аудитінің рәсімдерін бекітті.



Деректерді электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді  өңдеу мәселелеріне жауап    беретін    Ұйым (Қор) қызметкерінің    жұмыс профиліне  сәйкес    біліктілігі   және   тәжірибесі болады.

Тексерулерді  ішкі  аудит  қызметі     басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері  туралы  басқарма  мен  директорлар кеңесіне тұрақты хабарлайды.

Ұйымның (Қордың) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына уақтылы аударуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдары бар.

5.

Басқарма компьютерлік және телекоммуникациялық жүйеге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын-алу бойынша саясатты бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсаттың деңгейін тексеретін жүйесі бар.

Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базасына электрондық кілттерді бақылау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін бекітті және жауапкершілігін белгіледі.

6.

Басқарма деректер базасының ақпараттық жүйелерді сақтау, оның ішінде төтенше жағдайлар болған кезде қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындау рәсімдерін бекітті.


Рәсімдер: дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет      көрсетулерін   қамтамасыз       ететін сертификатталған    бағдарламалық    қамтамасыз етудің;

өрт         қауіпсіздігі мен                  сейсмологиялық орнықтылықтың    талаптарына    жауап    беретін деректердің    ақпарат    базасының    техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;

автономды электр қуатының; резервтегі        компьютерлер        мен        желілік коммуникациялардың  міндетті     түрде   болуын қарастырады;

Ұйым (Қор) деректердің     жүйелік-маңызды бағдарламалық    файлдар    мен    файлдардың резервтік көшірмелерін тұрақты    қалыптастырады.

7.

Басқарма төтенше жағдайлар болған жағдайда жауапкершілікті және өкілеттілікті табыстау рәсімдерін бекітті.

Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютер орталығы үшін жүйе жүмысындағы төтенше іркілістер болған жағдайда ережелер мен нұсқаулықтарды көздейді.

8.

Басқарма зейнетақы активтерінің есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналын жүргізу ережесін бекітті.

Зейнетақы активтерінің есебінен жасалған қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелердің есепке алу журналын жүргізу ережесі мыналар:

мәмілелерді есепке алу журналының саны мен атауы;

журналдары толтыру тәртібі мен кезеңділігі;

зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі бар.

9.

Басқарма деректердің және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясатын бекітті.

Деректердің және ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаты мыналарды:

құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесі;

құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау;

құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін көздейді.

10.

Ақпараттық

қамтамасыз              ету бөлімшесі проблемалардың   қайтадан пайда                  болуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік   шараларын әзірлеу  жөнінде  кезек күттірмейтін шаралардың қолданылатынын ескере  отырып,  нақты жүйелік проблемаларға есеп жүргізеді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық   проблемалар   есебінің   парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді.

Ақпараттық           қамтамасыз     ету     бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы     ақпарат    жүйесін     дайындаушыларға хабарлайды      және      олардың      қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.

Ақпараттық   қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

11.

Басқарма               құпия ақпараттың          жария болуын   және ақпарат деректерінің бұрмалануын болдырмау     жөніндегі рәсімдерді бекітті.

Рәсімдер:

рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;

рұқсат алу тәртібін;

ақпарат деректеріне рұқсат алуды бақылау тәртібін;

ақпарат деректеріне  рұқсаты  бар  тұлғалар тізбесін көздейді.

12.

Басқарма   құралдарды үнемі инспекциялау және жұмыс туралы есептерді тексеру арқылы іркілістердің алдын-алу жөніндегі ресімдерді бекітті.

Ақпараттық       қамтамасыз       ету       бөлімшесі кемінде тоқсанына бір рет деректердің       автоматтандырылған       базасын функциялауын қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.

Ақпараттық       қамтамасыз       ету       бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

13.

Басқарма    деректердің автоматтандырылған базасын       басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау      жөнінде рәсімдерді бекітті.



Ақпараттық       қамтамасыз       ету       бөлімшесі деректердің       автоматтандырылған       базасын басқару          терминалдарын          пайдаланудың мониторингін   жүргізеді   және   сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрлері мен көлемдерінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.

Ұйымда (Қорда)        пайдаланушының        жеке        басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйесі бар.







Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінің

6-қосымшасы

1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconСақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница