Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




Скачать 483.58 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница3/3
Дата конвертации07.02.2016
Размер483.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/e5b/ mjblev 09.02..doc
1   2   3

5. Функционалдық мүмкіндіктер мен ықтимал тәуекелдер


2008 жылы Министрлік қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру, түпкілікті нәтижелерге бағдарланған тиімді мемлекеттік басқару әдістерін енгізуді ынталандыру мақсатында Министрліктің бұйрығымен Мемлекеттiк әкімшілiк қызметшілердің жұмыс сапасын бағалауды жүргізу тәртібі мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету туралы ережесі бекітілді.

Осы аталған құжатқа сәйкес нәтижелері сыйақы беруге негіздеме болатын белгілі бір өлшемдерге сәйкес қызметшілердің жұмыс сапасы ай сайын бағаланады.

Министрлік қызметінің ішкі тәртібін жетілдіру үшін әртүрлі кеңестерді ұйымдастыру тәртібі, кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, қарау тәртібі, НҚА жобаларын дайындау және келісу, корпоративтік мәдениетті енгізу, БАҚ-та Министрлік қызметін жария ету және т.б. тәртіптер айқындалған Министрліктің регламенті бекітілді.

Министрлік көрсететін қызметтердің сапасын арттыру үшін мыналар жоспарланып отыр:

1) адам ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бұл үшін сапалы және тиімді жұмысқа кадрлық әлеует дәлелдері тетіктерінің кеңейтілген аясын енгізу мәселелерін қарастыратын кадрлық әлеуетті қалыптастыру, дамыту және сақтау жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ кадрлардың тұрақтамауын орнықты төмендетуге және министрлік қызметкерлерін оң кәсіптік және әлеуметтік көңіл-күйін арттыруға бағытталған корпоративтік мәдениет элементтерін енгізу бойынша іс-шаралар қабылданатын болады.

Шешендік өнер, риторика және менеджердің кәсіптік дағдылары бойынша Министрлік қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылатын болады. Ұжымды біріктіру, корпоративтік рух пен қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдау үшін корпоративтік және спорт шаралары ұйымдастырылатын болады.

2) Министрлік қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктерінің сапасын және қанағаттандыру мүмкіндіктерін арттыру.

Атап айтқанда, ақпаратты жинақтау және пайдалану жүйесінің еңбек сыйымдылығын ретке келтіруге және қысқартуға, Министрлік қызметкерлерінің Интернетке, заң базасына, ақпараттық деректер базасына қол жетімділігін 100% қамтуға, сондай-ақ ақпараттық ресурстармен тиімді жұмыс істеу және Министрлік қызметкерлерінің оларды күнделікті жұмыста пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар қабылданатын болады;

3) жұртшылық және жеке сектормен тиімді байланыстарды дамытуға бағытталған қосымша тетіктерді әзірлеу және енгізу.

Соның ішінде Министрліктің веб-сайтын жетілдіру, оны өзекті жаңарту, сондай-ақ онда азаматтардың Министрліктің басшылығымен «ашық пікір алмасуына», «кері байланысты» ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы веб-парақтар ашудағы жүйелі жұмыс жалғасатын болады.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуде бизнес және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысу деңгейі ұлғайтылатын болады.


Басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен

өзара іс-қимыл


Министрліктің таңдаған стратегиялық бағыттары бойынша алға қойған мақсаттарына қол жеткізуі көбінесе басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылының тиімділігі дәрежесіне байланысты болады.


Стратегиялық

бағыттар

Салааралық үйлестіруді талап ететін

іс-шаралар

1

2

1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту


ҰБ – инфляциялық процестерді ұстауға және елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізу;

ҚҚА – қаржы нарығы субъектілерінің қызметінде тәуекелдерді азайту, сондай-ақ қаржы нарығында дағдарысты жағдайларға жол бермеу бойынша шараларды уақтылы қабылдау;

ИСМ – шикізаттық емес секторды дамытуды ынталандыру саясатын жүргізу және іске асыру, инфрақұрылымдық инвестициялық жобаларды, оның ішінде, өңірлік деңгейде тиімді іске асыру, шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру; АШМ – елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, тамақ өнеркәсібін дамыту;

СІМ – халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізу шеңберіндегі ынтымақтастық, беделдік және ақпараттық – таныстырылым іс-шараларын өткізу, шетелде қазақстандық инвесторлардың мүдделерін білдіру жүйесін құру;

Қаржымині – кедендік реттеу және салықтық

1

2




әкімшілендіру салаларында әкімшілік және төрешілдік кедергілерді азайту; әдістемеге сәйкес Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің "Жалпы салық ставкасы" көрсеткіші бойынша кәсіпорындар бөлінісінде ақпарат беру;

ЭМРМ - энергия үнемдеу, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда қазақстандық мазмұнды көбейту бойынша жұмыстар, өнеркәсіптің қайта өңдеуші салаларын қажетті шикізатпен (жер қойнауын пайдалану құқығы) қамтамасыз ету;

ТМРА – тиімді тарифтік саясат жүргізу;

БҚА – жосықсыз бәсекені анықтау тетіктерін жетілдіру;

СА – статистикалық деректерді уақтылы және сапалы беру;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ – серпінді жобаларды, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын тиімді іске асыру, кәсіпкерлікті, инфрақұрылымдық және басқа да жобаларды дамыту, шағын және орта бизнестi қолдау;

ӘКК – мастер-жоспарларды әзірлеу жұмыстарын жүргізу

Облыстардың әкімдіктері – өңірлерде бағалардың тұрақтануын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу, өңірлерде инвестициялық жобаларды (оның ішінде, серпінді) іске асыру мониторингі, қажетті қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын салу, шағын және орта бизнестi қолдау;

Барлық мемлекеттік органдар – Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіндегі тиісті көрсеткіштердің позицияларын жақсартуға бағытталған шараларды тиімді іске асыру;

Барлық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ – Үкіметтің, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің

1

2




Қазақстан Республикасының 2009 – 2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын тиімді және уақтылы іске асыру

2. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру

АБА – «электрондық үкімет» шеңберінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін енгізу;

Орталық мемлекеттік органдар – елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын, нәтижелерге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу бойынша нәтижелерге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын сапалы іске асыру, мемлекеттік функцияларды реттеу;

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері – жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу бойынша нәтижелерге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын сапалы іске асыру, өңірлік жоспарларды әзірлеу және іске асыру.


Министрлік өз қызметі процесінде бірқатар тұтастай тәуекелдердің туындауымен бетпе-бет келуі мүмкін. Тәуекелдердің түрі мен көзіне байланысты оларды басқару үшін Министрлік стандартты және жағдаяттық арнайы шараларды іске асыратын болады. Төменде негізгі тәуекелдердің тізбесі келтіріліп отыр.


Тәуекелдің атауы

Алдын алу және (немесе) ден қоюдың уақтылы шаралары қабылданбаған жағдайда болуы мүмкін салдарлар

Басқару тетіктері мен шаралары

1

2

3

Сыртқы тәуекелдер

Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына

Бағалардың өсуі кезінде:

1.Мұнайға әлемдік бағалардың артуы нәтижесінде мұнай мен мұнай өнімдеріне ішкі

1. Ұлттық қордың жұмыс істеу жүйесін жетілдіру

2. Елде және әлемде

1

2

3

әлемдік бағалардың тұрақсыздығы

бағалардың артуы

2. Мұнай экспорты көлемінің ұлғаюы нәтижесінде ішкі нарықта мұнай мен мұнай өнімдеріне ұсыныстар көлемінің төмендеуі

3. Экономиканың шикізаттық бағыттылығының және оның сыртқы нарыққа тәуелділігінің күшеюі

4. Инфляция деңгейінің өсуі

5. Энергия ресурстарына бағалардың артуынан мультипликативтік әсердің есебінен экономиканың өсу қарқынының баяулауы

болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесін енгізу

3. Макроэкономикалық тәуекелдер мониторингі




Бағалардың төмендеуі кезінде: Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсімдердің қысқаруы

1. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемінің қысқаруы

2. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуі





Ауыл шаруашылығы шикізатына әлемдік бағалардың тұрақсыздығы

Бағалардың өсуі кезінде:

1. Ішкі нарықта азық-түлік бағаларының өсуі

2. Ішкі нарықта азық-түлік шикізаты мен азық-түлік өнімдеріне ұсыныстар көлемінің төмендеуі

3. Инфляция деңгейінің өсуі

1. Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту бойынша мемлекеттік саясат шараларын жетілдіру

2. Инфляциялық үдерістерді реттеу




Бағалардың төмендеуі кезінде:

1. Ауыл шаруашылығы саласында кірістіліктің және ауыл шаруашылығында өсу қарқынының төмендеуі

2. Мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемінің қысқаруы





1

2

3

Әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы

1. ЖІӨ-нің өсу қарқынының төмендеуі

2. Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсімдердің қысқаруы

1. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басымды емес шығыстарды секвестрлеу

2. Бюджет тапшылығы мөлшерiнің ұлғаюы

3. Экспорт-импорт кеден баждарын реттеу

Ішкі тәуекелдер

Ресурстардың экономиканың салалары арасында бірдей бөлінбеуінің салдарынан экономиканың шикізат секторына тәуелділігінің күшейюі

Елде «Голланд ауруының» дамуы

1. Резерв құру және молықтырудың

тиімді теңгерімін қолдау есебінен тұтынуды және инвестициялық белсенділікті жандандыру

2. Құрылымдық және инвестициялық саясат шараларымен үйлестірілген фискалдық, ақша-кредит саясат құралдарының үйлесімділігі


ЕДБ, зейнетақы қорларының және басқа да қаржылық ұйымдардың портфелінің және активтері сапасының

нашарлауы


1. Экономикаға салынатын инвестицияларды қаржыландырудың қысқаруы

2. Жүйелі банктік дағдарыс қаупі

3. Қаржы ұйымдарына халық тарапынан сенімнің жоғалуы

4. Халықтың депозит, зейнетақы жинақтары және басқа да активтер түріндегі жинақтарының жоғалуы

Банк секторын сауықтыру шараларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-қимылды іске асыру

Банк секторы кірістілігінің, жеткіліктілігінің және капиталының өтімділігінің төмендеуі

1. Екінші деңгейдегі банктердің проблемалы активтері мен жұмыс істемейтін қарыздарының өсуі

2. Төлемеушіліктің өсуі мен қарыз берудің қатаң шарттары




1

2

3




3. Қазақстандық банктердің жеткіліксіз капиталдандырылуы

4. Өтімділік тапшылығы

5. Клиенттердің, инвесторлар мен несие берушілердің тарапынан сенімнің төмендеуі

6. Активтер сапасының нашарлауы және экономикаға кредит берудің төмендеуі

7. Банктердің нарықтағы жағымсыз өзгерістерге ұшырауға бейімдігі




Институционалдық

Тиісті мемлекеттік органдардың елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын сапасыз іске асыруы

Салалық және өңірлік дамудың белгіленген өлшемдеріне қол жеткізбеу

Стратегиялық (бағдарламалық) құжаттардың іске асырылуына және олардың барабар шараларды уақтылы қабылдауына тиісті мемлекеттік органдар басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру

Жергілікті атқарушы органдардың жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуге дайын болмауы


Жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша енгізілетін шаралардан теріс нәтиже алу


Жергілікті деңгейде нәтижеге бағдарланған жоспарлауды енгізу жөніндегі ауқымды жүйені құру және сүйемелдеу. Уақтылы және жеткілікті көлемде тренингтер өткізу

Білікті құрамның Министрліктен кетуі

Елдің басты экономикалық ведомствосының кәсіби мүмкіндігінің күрт төмендеуі – олардың экономикалық дамудың шешуші міндеттерін орындауға қабілетсіздігі

Тиімді еңбек қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саясат әзірлеу, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ынталандыру.



6. Негізге алынып Стратегиялық жоспар әзірленген

нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негізі болған бағдарламалық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:

1) «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі;

2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексі;

3) «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы;

4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы;

5) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Заңы;

6) «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы;

7) «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығы;

8) «Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығы;

9) «Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығы;

10) «Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымындағы № 620 қаулысы;

11) «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы;

12) «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы;

13) «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысы;

14) «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 273 қаулысы;

15) «Нәтижелерге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 қаулысы;

16) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысы;

17) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 13 отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасының макроэкономикалық болжам және фискалдық саясаттың негізгі параметрлері;

18) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 11 отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.


7. Бюджеттік бағдарламалар


Қалыптастырылған стратегиялық бағыттарға, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін оның сипаттамасы, саны, сапасы, нәтижесі мен бюджет көрсеткіштері көрсетіле отырып 16 бюджеттік бағдарлама айқындалды. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуының түпкі көрсеткіштері дәлдік, салыстырмалық, экономикалық мақсатқа сәйкестік, бақылау және тексеру қағидаттары ескеріліп жасалды.

1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінiң 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Негізге алынып стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon1. «Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері», «Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімдері бойынша
Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 2011 жылдарға арналған cтратегиялық жоспарының іске асырылу барысы туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны
Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница