Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 196.72 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
Дата конвертации07.02.2016
Размер196.72 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish343723_8292.doc


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі





Национальный Банк

Республики Казахстан

___________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы 24 ақпан № 53





Алматы қ.


г. Алматы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 16.04.12ж. № 7576 тіркелген



Бағалы қағаздар ұстаушыларының

тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі

қызметті жүзеге асыру лицензияларына

ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге

эмитенттердің бағалы қағаздарын

ұстаушылар тізілімдері жүйелерін

құрайтын мәліметтер мен құжаттарды

беру қағидаларын бекіту туралы



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы:

1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне келісуге ұсынсын;

2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау – тапсыру кестесін (бұдан әрі – Кесте) ұсынсын.

4. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы және Тіркеушілер:

1) Кестеде көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;

2) Кестеде көзделген эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кестеде көзделген
іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне ұсынсын.



Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы № 53

қаулысымен

бекітілген





Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары


1. Осы Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру тәртiбiн белгiлейдi.

2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бірыңғай тіркеуші акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

2) бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы – бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаты;

3) орталық депозитарий қағидаларының жинағы – орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген орталық депозитарийдің ішкі құжаты;

4) тіркеуші бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензиясы негізінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

5) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын, тіркеушімен бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу шартын жасасқан тұлға, сондай-ақ тіркеушімен шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізуге немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізуге шарт жасасқан тұлға;

6) эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттар – тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4175 тіркелген) (бұдан әрі – № 62 ереже) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесінің 5, 6, 7, 8, 63 және 67-тармақтарында көзделген, қағаз және электронды тасымалдағыштардағы, сақтау мерзімдері аяқталмаған, тіркеушінің қолында бар барлық мәліметтер мен құжаттар.

3. Жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру осы Қағидаларда және бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында белгіленген тәртіппен, бірыңғай тіркеуші бекіткен және уәкілетті органмен келісілген Мәліметтер мен құжаттарды қабылдау – тапсыру кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүргізіледі.

4. Бірыңғай тіркеуші осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей тіркеушілерге Кесте жасау үшін қажетті ақпарат ұсыну туралы сұрау салулар жібереді. Бірыңғай тіркеушінің сұрау салуының нысаны мен мазмұны бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

Тіркеушілер бірыңғай тіркеушінің сұрау салуын алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей бірыңғай тіркеушіге Кесте жасау үшін қажетті ақпарат жібереді.

5. Бірыңғай тіркеуші Кестені бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында көзделген нысан бойынша жасайды және онда мыналар:

1) оның бекітілген және уәкілетті органмен келісілген күндері;

2) бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беретін тіркеушілердің атаулары;

3) тіркеушілердің бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларының берілген күндері мен нөмірлері;

4) тіркеушілердің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімдерінің басталу және аяқталу күндері;

5) тіркеуші эмитенттермен шарттарды бұзуға және бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беруге байланысты барлық қажетті
іс-әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілетті еткен тіркеушінің басшы қызметкерінің (басшы қызметкерлерінің) тегі (тектері), аты (аттары), бар болса – әкесінің аты (әкелерінің аттары), жеке куәлігінің (куәліктерінің) деректемелері және атқаратын қызметі (қызметтері);

6) тіркеушілердің мәліметтері мен құжаттары бірыңғай тіркеушіге берілетін эмитенттермен шарттарды жасау күндері;

7) мәліметтері мен құжаттары бірыңғай тіркеушіге берілетін эмитенттердің толық ресми атауы, тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тіркеушілер жүзеге асырған көрсетілген эмитенттердің бағалы қағаздарының түрлері мен ұлттық сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпарат қамтылады.

Кестеге кіргізілетін қосымша ақпарат тізбесі бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

6. Кестеге бірыңғай тіркеушінің бірінші басшысы қол қояды, ол бірыңғай тіркеушінің мөр бедерлемесімен куәландырылады және бекітілгеннен кейін келісуге уәкілетті органның атына жіберіледі.

Уәкілетті орган Кестені алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган Кестені келіскен жағдайда тіркеуші мен тіркеушілер оны іске асыруға кіріседі, уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда бірыңғай тіркеуші уәкілетті органға уәкілетті органның Кестені қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген Кестені ұсынады.

7. Бірыңғай тіркеуші мен тіркеушілер тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімі басталған күнге дейін он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қағаз және электронды тасымалдағыштарда эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың тіркеушілерден бірыңғай тіркеушіге берілуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру және технологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

8. Тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру жөніндегі іс-шараларды уақтылы орындау мақсатында тіркеушінің эмитентпен жасаған шартын бұзу тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімі басталған күнге дейін, бірақ көрсетілген күнге дейін жеті күнтізбелік күннен бұрын емес жүзеге асырылады.

Егер тіркеуші эмитентке осы эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың бірыңғай тіркеушіге берілу себебімен тіркеушімен жасалған шартты бұзу қажеттігі туралы хабарламаны жіберген күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң эмитент тіркеушіге шартты бұзуға дайын екендігі туралы хабарламаса, тіркеуші шартты бір жақты тәртіппен бұзады және Мәліметтер мен құжаттарды қабылдау – тапсыру кестесінде көзделген мерзімдерде бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беруді жүзеге асырады.

9. Тіркеушілер тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімі басталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың санын өзінің есепке алу деректерін жүргізілуін орталық депозитарий жүзеге асыратын жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен алдын ала салыстырып тексеруді жүргізеді.

Салыстырып тексеру № 62 ереженің 5-тарауында көзделген тәртіппен салыстырып тексеруді жүргізу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

10. Тіркеуші бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағыштарда беруді мыналардың:

1) тіркеушінің және бірыңғай тіркеушінің бірінші басшылары қол қойған, олардың мөрлерімен куәландырылған қабылдау – тапсыру актісінің;

2) тіркеуші мен эмитенттің арасында жасалған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуге арналған шартты бұзу күнінде жасалған, тіркеушінің және орталық депозитарийдің бірінші басшылары қол қойған, олардың мөрлерімен куәландырылған тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың санын өзінің есепке алу деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеру актісінің негізінде жүзеге асырады.

11. Егер осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің деректері жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен сәйкес келмесе, салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті өкілдері сәйкессіздіктің толық себебі көрсетілетін сәйкессіздік актісіне қол қою арқылы деректердің сәйкессіздігін растайды.

Сәйкессіздік актісі ресімделгеннен кейін салыстырып тексеруді жүзеге асырған тараптар сәйкессіздік актісін жасаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің деректері жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен сәйкессіздігі расталғаннан кейін бірыңғай тіркеуші жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерін басшылыққа ала отырып, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін қалыптастырады.

12. Тіркеушілер мен бірыңғай тіркеушінің арасындағы эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау – тапсыру актілерінің мазмұны және оларды ресімдеу тәртібі бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

Тіркеушілер мен орталық депозитарийдің арасындағы салыстырып тексеру актілерінің мазмұны және оларды ресімдеу тәртібі орталық депозитарий қағидаларының жинағында айқындалады.

13. Эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау – тапсыру актісіне тараптар қол қойған күн көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды бірыңғай тіркеушіге беру аяқталған күн болып табылады.

14. Тіркеушілер бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттарды беру күнінде сақталу мерзімі аяқталмаған (бағалы қағаздар ұстаушы осындай болмай қалған күннен бастап немесе тіркеуші мен эмитенттің арасында жасалған шартты бұзу күнінен бастап есептеледі) мынадай құжаттарды:

1) операциялар жүргізу бұйрықтарын;

2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептерді (бар болса);

3) бұйрықтарды орындаудан бас тартуларды;

4) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген құжаттарды;

5) тіркеуші эмитенттен (бұрынғы тіркеушіден) алған және тіркеуші эмитентке эмитентпен шарт жасау кезінде, сондай-ақ эмитентпен шарттың қолданылу кезеңінде жіберген құжаттарды;

6) операцияларды тіркеу журналын;

7) келіп түсетін құжаттарды тіркеу журналын;

8) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналын;

9) сенімхаттарды есепке алу журналын;

10) шығыс құжаттарын тіркеу журналын;

11) мұрағат жүргізу журналын;

12) тіркеуші бұрынғы тіркеушіден немесе эмитенттен алған бағалы қағаздар ұстаушыларының бастапқы тізілімін және бұрынғы тіркеушілер эмитентпен шарттарды бұзу күнінде жасаған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдерін (егер бұл құжаттар қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда);

13) тіркеуші эмитентпен шартты бұзу күнінде қалыптастырған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін;

14) қағаз тасымалдағыштарда берілуі бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында белгіленген құжаттарды қағаз тасымалдағыштарда береді.

15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген, тіркеуші эмитентпен шарттың қолданылу кезеңінде түпнұсқаларда алған құжаттар бірыңғай тіркеушіге түпнұсқаларда беріледі.

16. Бірыңғай тіркеушіге берілетін қағаз тасымалдауыштағы құжаттар баулықтанады, нөмірленеді және соңғы парақта қағаз пломбамен бекітіледі, оған мөр бедерлемесі қойылады, оның бір бөлігі қағаз пломбада, ал бір бөлігі тіркеушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылған парақта болуы тиіс.

17. Тіркеушілердің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтерді электрондық тасымалдағыштарда беру форматы мен тәсілі, сондай-ақ электрондық тасымалдағыштарға қойылатын талаптар бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

18. Бірыңғай тіркеуші осы Қағидаларда және бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында көзделген эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау – тапсыру тәртібі мен мерзімдері бұзылған барлық жағдайлар туралы уәкілетті органды бірыңғай тіркеуші бұзушылықты анықтаған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

19. Бірыңғай тіркеушінің эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды Кестеде айқындалған қабылдау – тапсыру кезеңінде бірыңғай тіркеуші мен эмитенттің арасында шарт жасамай-ақ қабылдауына жол беріледі.

20. Бірыңғай тіркеуші № 62 ережеде белгіленген тәртіппен тіркеуші және (немесе) орталық депозитарий ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

21. Тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беруі аяқталған күннен кейін тіркеуші бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайды.

22. Тіркеушілер мен бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлері Кестеде көзделген эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау – тапсыру мерзімдерінің орындалуын, сондай-ақ көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың тіркеушілерден бірыңғай тіркеушіге қабылдау – тапсыру барысында сақталуын қамтамасыз етеді.

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница