Қазақстан республикасының Қаржы рыногын




Скачать 98.89 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Дата конвертации07.02.2016
Размер98.89 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish103169_740.doc



күші жойылды-ҚҚА № 132 17.06.2006ж.


ҚРӘМ № 4267 27.06.2006ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2006 жылғы 27 мамыр № 124


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы






«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 45-бабының 4-тармағына, 49-бабына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 221 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3751 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 387 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3952 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 414 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3994 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 26 ақпандағы № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4172 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:

3-тармақта:

  1. тармақша мынадай мазмұндағы төртінші-алтыншы абзацтармен толықтырылсын:


«бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;

«А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;

бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы «А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);»;

мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:

«13-2) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары;»;

2-қосымшада:

«20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша _________________________________ (Ұйымның, Қордың толық атауы) Ұйымға және Қорға арналған «Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті»(К1) және «Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті» (К2) пруденциалдық нормативтердің есептелуі» кестесінде:

1-жолда “1.2.” деген цифрлар “1.5.” деген цифрлармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1.3, 1.4, 1.5-жолдармен толықтырылсын:

1.3

бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша




100%




1.4

«А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша




100%




1.5

бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша




100%




мынадай мазмұндағы 3-1-жолмен толықтырылсын:

3-1.

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы «А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)




100%




мынадай мазмұндағы 13-2-жолмен толықтырылсын:

13-2.

бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар-дың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары




50%




мынадай мазмұндағы 19.1, 19.2, 19.3-жолдармен толықтырылсын:

19.1

Басқаруға алынған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны (ЗАА)










19.2

кредит тәуекелінің коэффициенті (k)










19.3

орташа алынған жалпы кіріс (ОАЖК)










3-қосымшада:

«20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша ______________________ (Ұйымның, Қордың атауы) Ұйымға және Қорға арналған Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті»(К1) және «Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті (К2) пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтер» кестесі мынадай мазмұндағы 8015, 8016, 8017, 8018-жолдармен толықтырылсын:

8015

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша




8016

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша




8017

«А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша




8018

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша






4-қосымшада:

20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға және Брокерге және (немесе) дилерге арналған  “Меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті (К1) пруденциалдық нормативінің есептеуі” кестесі:

мынадай мазмұндағы 1.3, 1.4, 1.5-жолдармен толықтырылсын:

1.3

Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша




100




1.4

«А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша




100




1.5

Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар үшін есеп айырысу банктік қызмет көрсететін резидент емес-ұйымдардың шоттарындағы ақша




100




мынадай мазмұндағы 2-1-жолмен толықтырылсын:

2-1.

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, негізгі қарыз бен есептелген сыйаөы сомасын есепке ала отырып «А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар




100




мынадай мазмұндағы 12-2-жолмен толықтырылсын:

12-2.

бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар-дың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері қаржы құралдары рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы,қоғамының және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, қаржы құралдары рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары




50%





5-қосымшада:

« 20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға және Брокерге және (немесе) дилерге арналған  пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтер» кестесі мынадай мазмұндағы 8024, 8025, 8026, 8027-жолдармен толықтырылсын:

8024

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша




8025

Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша




8026

«А» санатынан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А2» санатынан төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша




8027

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша





2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):


1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;


2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.




4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға А. Дунаев

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердіңнысандарын және...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconЖинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке
Азақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница