Скачать 412.21 Kb.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 259 қаулысымен бекітілген «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
1. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызмет көрсету үдерісіне қатысатын жауапты тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе олардың шағын жүйелері. АТҚАЖ – Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелері мен банктер арасында электрондық құжаттар алмасуға арналған, ақпарат тасымалдаудың қорғалған жүйесі. «Статистика» ААШЖ – банктерден түскен есептік-статистикалық ақпаратты жинақтауға және өңдеуге арналған автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе. «Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу» ААШЖ – төлем балансының жекелеген баптарын қалыптастыру және елдің мемлекет кепілдік бермеген сыртқы борышын бағалау үшін Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметі бойынша есептік-статистикалық ақпаратты жинауды және өңдеуді ұйымдастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе. 2. Жалпы ережелер 2. Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарлау режимі валюталық операцияларға қатысушы резиденттердің валюталық шарт бойынша Ұлттық Банкке белгіленген нысанда ақпарат беруінен және кейіннен жүргізілген операциялар туралы және валюталық шарттағы өзгерістер туралы ақпарат беруден тұрады. Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны Ұлттық Банк растайды, бұл ретте валюталық операцияның қатысушы резидентіне белгіленген үлгідегі құжат – хабарлама куәлігі беріледі. 3. «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттiк қызметтерін (бұдан әрi – мемлекеттік қызметтер): 1) Ұлттық Банктің орталық аппаратында: Ұлттық Банктің Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің Халықаралық инвестициялар басқармасы (бұдан әрі – ТБжәнеВРД ХИБ); 2) Ұлттық Банктің аумақтық филиалында: Ұлттық Банк аумақтық филиалының бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты бөлімшесі) осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызметтер: 1) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтерінің стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі. 6. Осы Регламенттің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарлама куәлік (бұдан әрі – хабарлама куәлік) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады. Ұсыну нысаны: қағаз тасымалдауышта. 7. Мемлекеттік қызметтерді Ұлттық Банк көрсетеді. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарына өтініш жасау (анықтамалар, үзінді-көшірмелер және т.б. алу үшін) қажеттігі жоқ. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар 8. Ұлттық Банк орталық аппаратының және аумақтық филиалдарының мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты бөлімшесінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері күнделікті сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскі үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн не Ұлттық Банктің аумақтық филиалының ішкі еңбек тәртібіне сәйкес. 9. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат (Стандарт және осы Регламенттің мәтіні) Ұлттық Банктің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) және Ұлттық Банк орталық аппаратының және аумақтық филиалының үйлерінде орналастырылған. Сондай-ақ ақпаратты телефон (анықтамалар (консультациялар) алуға арналған телефондардың нөмірлері осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген) бойынша алуға болады. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысы туралы хабарлауды ТБжәнеВРД ХИБ немесе жауапты бөлімшенің қызметкері жүзеге асырады. 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі: резидент осы Регламенттің 15-тармағында белгіленген валюталық шарт туралы ақпаратты ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін. 11. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздеме: валюталық операцияларды жасау жағдайларын нақтылау мақсатында Ұлттық Банк тұтынушыдан тұтынушының валюталық операцияларды жүзеге асыруына негіз болатын валюталық шартты талап етуге құқылы. Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау тұтынушы талап етілетін құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады. 12. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері: 1) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша ақпараттандыру және консультация беру (қажет болған кезде); 2) осы Регламенттің 13-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау; 3) ТБжВРД ХИБ басшысының немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының құжаттарды қарауы және құжаттарды ТБжВРД ХИБ орындаушысына немесе жауапты бөлімшенің басшысына жіберуі; 4) жауапты бөлімше басшысының құжаттарды қарауы және құжаттарды нақты орындаушыға жіберуі; 5) ТБжВРД ХИБ орындаушысының немесе жауапты бөлімшенің құжаттарды қарауы, хабарлама куәлігін дайындауы; 6) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін ресімдеу және тұтынушыға (оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына сенiмхат негiзiнде) мемлекеттік қызметтерді беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып қағаз тасымалдауышта беру; 7) мемлекеттік қызметтер көрсету карточкасын ресімдеу және қызметті тұтынушыға толтыру үшін беру. Ұлттық Банктің аумақтық филиалында «Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу» ААШЖ-ға деректерді енгізу және бекіту қосымша жүзеге асырылады. Орталық аппаратта «Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу» ААШЖ-ға деректерді енгізу және бекіту, «Статистика» ААШЖ-да хабарламаны бекіту қосымша жүзеге асырылады. 13. Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдау: 1) Ұлттық Банктің орталық аппаратында: банктер Ұлттық Банктің орталық аппаратына АТҚАЖ тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде валюталық операция туралы хабарлайды. 2) Ұлттық Банктің аумақтық филиалында: заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар әкімшілік-шаруашылық бөліміне немесе жауапты тұлғаға (бұдан әрі – ӘШБ) валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны тапсырады немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының хат-хабарын қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салады не осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта жіберілімі арқылы жібереді. 4. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау 14. Келіп түскен хат-хабарларды ресімдеу және тұтынушының мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған сұратуының (хабарлауының) қабылданғаны (тіркелгені) туралы ақпаратты алу тәртібі: 1) Ұлттық Банктің орталық аппаратында. Банктердің валюталық операция туралы электрондық түрде келіп түскен хабарламалары «Статистика» ААШЖ-да қабылданады. Хабарламада қате болмаған жағдайда қабылданғаны туралы электрондық хабар қалыптастырылады және банкке жіберіледі. Хабарламада қате болған кезде қате туралы банкке электрондық хабар қалыптастырылады және хабарлама «Статистика» ААШЖ-ға қабылданбайды. Банк хабарламаға түзету енгізуі және қайтадан жіберуі тиіс. «Статистика» ААШЖ-ға хабарламаны қабылдау тәртібін түсіндіруді осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша Ұлттық Банк орталық аппаратының Ұлттық Банктің ақпарат технологиясына жауапты бөлімшесі жүзеге асырады. 2) Ұлттық Банктің аумақтық филиалында. Құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 13-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда тұтынушының қолына осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі. Талонды Ұлттық Банктің аумақтық филиалының құжатты қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазады. Тұтынушы құжаттарды почта арқылы жіберген немесе құжаттар пакетін хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді. Тұтынушының мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған сұратуының (өтінімінің) қабылданғаны (тіркелгені) туралы ақпаратты алуы осы Регламенттің 13-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 15. Тұтынушы мемлекеттік қызметтерді алу үшін талап етілетін құжаттар. Валюталық операция туралы хабарлама куәлігін алу үшін тұтынушы Ұлттық Банкке Стандарттың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы толтырылған хабарламаны ұсынады. Ұлттық Банк валюталық операцияларды жасау жағдайларын нақтылау мақсатында валюта шартын талап етуге құқылы, оның негізінде валюталық операциялар жүзеге асырылады. Бұл жағдайда осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері басынан бастап қайталанады. Шетел тілінде жасалған құжаттар Ұлттық Банкке мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. 16. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне қатысушы ҚФБ: Ұлттық Банктің орталық аппаратында: 1) Ақпарат технологиясы департаменті (бұдан әрі – АТД) – банктердің «Статистика» ААШЖ-ға АТҚАЖ бойынша түскен телеграммаларын қабылдайтын Ұлттық Банктің бөлімшесі; 2) ТБжВРД директоры не директорының орынбасары – Ұлттық Банктің орталық аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты Ұлттық Банк бөлімшесінің басшысы; 3) ТБжВРД ХИБ (басшы және орындаушы) – заңнамада көзделген жағдайларда валюталық операция туралы хабарлама куәлік беруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету карточкасын беруді және оны сақтауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ТБжВРД-ның бөлімшесі; 4) «Статистика» ААШЖ және «Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу» ААШЖ; 5) Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (бұдан әрі – ҰЖСҚБД) – толтырылған қызмет көрсету карточкаларын ТБжВРД ХИБ-да сақтау үшін қабылдауды және беруді жүзеге асыратын Ұлттық Банктің бөлімшесі; Ұлттық Банктің аумақтық филиалында: 1) әкімшілік-шаруашылық бөлімі немесе жауапты тұлға – кіріс хат-хабарларын қабылдауды, тіркеуді және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының жауапты бөлімшесіне тапсыруды, сондай-ақ толтырылған қызмет көрсету карточкаларын қабылдауды және сақтау үшін жауапты бөлімшеге беруді жүзеге асыратын Ұлттық Банктің аумақтың филиалының бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы; 2) Ұлттық Банктің аумақтық филиалының директоры не директорының орынбасары (бұдан әрі – АФ басшысы) – мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты аумақтық филиалдың басшысы; 3) жауапты бөлімше (басшы және орындаушы) – заңнамада белгіленген тәртіппен валюталық операциялар туралы хабарлама куәлік беруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету карточкасын беруді және оны сақтауды жүзеге асыратын аумақтық филиалдың бөлімшесі. 17. Мәтіндік кестелік сипаттама. Ұлттық Банктің орталық аппаратында: 1) мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ҚФБ іс-әрекеттері осы Регламенттің 6-қосымшасында берілген; 2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі үдерісі осы Регламенттің 7-қосымшасында берілген; Ұлттық Банктің аумақтық филиалында: 1) мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ҚФБ іс-әрекеттері осы Регламенттің 8-қосымшасында берілген; 2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі үдерісі осы Регламенттің 9-қосымшасында берілген. 18. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема: 1) Ұлттық Банктің орталық аппаратында осы Регламенттің 10-қосымшасында берілген; 2) Ұлттық Банктің аумақтық филиалында осы Регламенттің 11-қосымшасында берілген. 5. Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі 19. Осы Регламентті орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны және сақтамағаны үшін жауапкершілік Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне қатысушы ҚФБ-ның лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне жүктеледі. Жазалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 1-ҚОСЫМША Ұлттық Банк орталық аппаратының және аумақтық филиалдарының мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлiмшелерінің мекенжайлары және байланыс деректері
|
![]() | «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтер Валюталық операция және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі – мемлекеттік... | ![]() | Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы... |
![]() | «Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы... | ![]() | «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1 Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы... |
![]() | Резидент кәсіпорын резидент еместен 300 мың АҚШ долларынан астам сомаға және 180 күннен астам мерзімге кредит алуды жоспарлайды, яғни бұл операция ҚРҰБ тіркелуге жатады. Осы кредитті, шот ашуға хабарлама туралы куәлігі болса, осы резидент кәсіпорынның шетел банкінде ашылған шотына алуға бола ма? Шылған шетелдiк банктердегi шоттар арқылы валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілген.... | ![]() | «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік |
![]() | «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті | ![]() | «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті ФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жауапты тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері, қызметтер көрсету... |
![]() | Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi,... | ![]() | Жеке тұлғалардың валюталық операциялары бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі туралы Заңына өзгерістер енгізілуіне сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір... |