60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі




Скачать 342.71 Kb.
Название60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі
страница3/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер342.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kase.kz/files/reports/2010_fb_kz/newdocs.doc
1   2   3   4
24. Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламентіне енгізілген № 31 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 қазаны

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 29 қазаны

Комментарийлер: түзетулерде мыналар қарастырылған:

– АҚШ долларынан басқа, шетелдік валютада номинацияланған, облигациялармен жасалатын KASE-дегі сауда-саттықтарды өткізуде лоттың мөлшері мен валютасын KASE Басқармасының шешімімен анықталады;

– бағалы қағаздар шығарылымының аңдатпасында немесе эмиссиялық құжаттарда лоттың мөлшері аталмыш Регламентте белгіленгеннен ерекшеленса, KASE ресми тізіміне енгізілген, облигациялармен сауда-саттықты өткізуде KASE Басқармасының шешімімен лоттың мөлшері өзгеруі мүмкін.

25. Бағалы қағаздар сауда-саттығының қорытындысы бойынша толық қамтылумен Т+О схемасы бойынша есептесу жүргізудің регламенті

Бекітілген күні: 2010 жылдың 30 қарашасы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: қолданысқа енгізілмеген

Комментарийлер: Регламент KASE сауда-саттықтарында жасалған, бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есептесулерді жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ жасалатын мәмілелерді қамтумен байланысты сауда-саттық процедураларды өткізу тәртібін анықтайды.

Аталмыш Регламент қолданысқа енгізілген күннен бастап, бұдан бұрын қолданыста болған, "Бағалы қағаздар сауда-саттығы қорытындысы бойынша есептесулерді жүргізу регламенті" атты KASE ішкі құжаты жарамсыз деп танылатын болады.

26. Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне енгізілген № 12 толықтыру мен өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 23 желтоқсаны

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2011 жылдың 21 ақпаны

Комментарийлер: түзетулер арқылы мыналар белгіленді:

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ноталарының кірістілігін есептеу, Әдістеменің бұрынғы редакциясында қарастырылғандай, бағалау күніне дейінгі отыз күннің арасында Биржаның сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелердің негізінде емес, бағалау күніне дейін KASE сауда-саттық жүйесінде жасалған, соңғы отыз мәміленің параметрлері негізінде жүзеге асырылады;

– өтелуіне дейін 1 460 күннен астам мерзімі бар, индекстелінбеген мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі, осындай бағалы қағаздарды орналастыру және қосымша орналастыру бойынша, бағалау күніне дейінгі, соңғы үш аукционда KASE сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша сатып алушы үшін өтеуге кірістілігінің мәнінен есептелінген орташа арифметикалық мәні ретінде есептелінеді;

– ҚҚА Басқармасының 2004 жылдың 21 тамызындағы № 259 қаулысымен, ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 03 қыркүйегіндегі №121 қаулысымен оларға енгізілген өзгертулерті ескеріп, бекітілген Инвестициялық қор активтері құнын, инвестициялық қордың таза активтерінің құқын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын қайта сатып алу құнын есептеу және анықтау ережелеріне Әдістемені сәйкестендіру мақсатында, Әдістеме мәтіні Қазақстан Республикасының резиденттерінің – ұйымдардың өтімсіз борыштық бағалы қағаздар анықтамасымен толықтырылды.

Шетел валютасының нарығы

27. Шетел валютасымен жасалатын сауда-саттықтың қорытындылары бойынша есептесулерді жүзеге асыру ережелеріне енгізілген 17 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 29 сәуірі

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 07 маусымы

Комментарийлер: Қазақстан Республикасында 2010 жылдың 07 маусымынан бастап тиісінше ISO 13616: IBAN және ISO 9362: BIC халықаралық стандарттарына негізделінген, клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлерінің (ИИК) және жаңа банктік сәйкестендіру кодтарының (БСК) қолданылуына, сондай-ақ 2010 жылдың 13 тамызынан бастап төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруда сәйкестендіру нөмірлерінің және бизнес-сәйкестендіру нөмірілерінің (ЖСН және БСН) қолданылуына байланысты түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, Ережелер мәтінінде қазақстандық теңгедегі KASE корреспонденттік шотының деректемелері өзгертіліп толықтырылды, сондай-ақ KASE валюталық нарығы мүшелерінің өзінің банктік шоттарының деректемелерін қазақстандық теңгеде Биржаға ұсынуын қарастырылған, формамен толықтырылды.

28. Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламентіне енгізілген № 30 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 05 мамыры

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 11 мамыры

Комментарийлер: өзгертулерге сәйкес 2010 жылдың 11 мамырынан бастап шетел валюталарымен биржалық сауда-саттықтарды өткізуде лоттардың мөлшерлері:

– USDKZT_TOD құралы бойынша – 5 000 АҚШ долларынан 50 000 АҚШ долларына дейін;

– USDKZT_TOM және USDKZT_SPT құралдары бойынша – 50 000 АҚШ долларынан 100 000 АҚШ долларына дейін;

– EURKZT_TOD және EURUSD_TOD құралары бойынша – 5 000 еуродан 50 000 еуроға дейін;

– EURKZT_TOM, EURKZT_SPT, EURUSD_TOM және EURUSD_SPT құралдары бойынша – 5 000 еуродан 100 000 еуроға дейін;

– валюталық своп операцияларын жүзеге асыруда – валюталық своп операциясының заты болып табылатын, 50 000 валюта бірлігінен 100 000 валюта бірлігіне дейін ұлғайтылды.

29. Шетел валютасымен жасалатын сауда-саттықтың қорытындылары бойынша есептесулерді жүзеге асыру ережелеріне енгізілген № 18 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 мамыры

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 01 қыркүйегі

Комментариийлер: өзгертулер арқылы, сатылатын шетелдік валютаны мерзімдік жеткізу режимін таңдаған сауда-саттық қатысушыларына үшін, KASE алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етуде бағалы қағаздарды оқшаулаудағы өзара қарым-қатынас туралы KASE-мен алдын ала келісім-шарт жасасудың міндетті шарты жойылды.

30. Шетел валютасымен жасалатын сауда-саттықтың қорытындылары бойынша есептесулерді жүзеге асыру ережелеріне енгізілген № 19 өзгерту

Бекітілген күні: 2010 жылдың 23 қыркүйегі

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 18 қазаны

Комментарийлер: KASE банк-корреспонденті "Ресей Федерациясының Акционерлік коммерциялық Жинақ банкі" ААҚ атауының "Ресей Жинақбанкі" ААҚ-на өзгеруіне байланысты өзгертулер енгізілді.

Репо операцияларының нарығы

31. Автоматы репо нарығының маманданымына енгізілген № 12 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 14 қаңтары

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 13 қаңтары

Комментарийлер: KASE-дегі мүшелік санатының жүйесі өзгеруіне байланысты өзгертулер енгізілді.

32. Репо операциялары нарығының индекаторын есептеу әдістемесі

Бекітілген күні: 2010 жылдың 17 наурызы

Бекітілді: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 01 сәуірі

Комментарийлер: Әдістеме KASE есептейтін репо операциялары нарығының индикаторларының тізбесін және осы индикаторларды есептеу тәртібін анықтайды.

Әдістемеде 2010 жылдың 01 қаңтарынан бастап KASE нақты уақыт режимінде репо операциялары нарығының екі индикаторын есептейтіні анықталды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо нарығында бір күндік мерзімімен репоның орташа сараланған пайыздық мөлшерлемесі болып табылатын, қолданыстағы TONIA индикаторы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо нарығында жеті күндік мерзімімен репоның орташа сараланған пайыздық мөлшерлемесі болып табылатын, жаңа индикаторы TWINA индикаторы.

2011 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін TONIA индикаторы, 2010 жылдың 01 сәуірінен бастап күшін жойған, "Ақша нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес репо операциялары бойынша KASE сауда-саттығының күні аяқталғаннан кейін күн сайын есептелді.

33. Репо операциялары нарығының индекаторын есептеу әдістемесіне енгізілген № 1 өзгерту

Бекітілген күні: 2010 жылдың 12 мамыры

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 12 мамыры

Комментарийлер: өзгерістер редакциялық сипатқа ие.

34. Автоматы репо нарығының маманданымына енгізілген № 13 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 24 мая 2010 года

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 25 мамыры

Комментарийлер: өзгерістер арқылы мыналар белгіленді:

– репо операцияларының заты ретінде қолдануға рұқсат етілген, бағалы қағаздар қатарына, нақты мерзімі қайта сатып алуы кезінде белгіленген айналым мерзімінің екіден бір бөлігінен асып түскен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтық қазыналық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) енгізілді;

– репо операцияларының заты ретінде қолдануға рұқсат етілген, бағалы қағаздар қатарынан бағалы қағазды алып тастау, осы қағаз бойынша репо операциясы үш ай арасында жүзеге асырылмаған жағдайда, KASE Басқармасының шешімінсіз жүзеге асырылады;

– өздерінің борыштық бағалы қағаздары иелерінің алдында қандай да бір қарыздары бар (бағалы қағаздардың тиісті шығарылымы аңдатпасында (аңдатпаларында) қарастырылған айыппұлдар мен тұрақсыздық төлемін қосқанда) эмитенттердің ғана бағалы қағаздарын репо операцияларының заты ретінде қолдануға тыйым салынады.

35. Репо оперцияларын жүзеге асыру ережелеріне енгізілген № 15 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 мамыры

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 25 тамызы

Комментарийлер: түзетулерде, репо операциялары қатысушыларының жоғары және төменгі қайта бағалау жағдайында өтемақыны аудару туралы талаптарын жолдау мүмкіндігін және аталған талаптар бойынша өтемақыны міндетті түрде аударуын қарастыратын, мерзімнің қысқарылуы қарастырылған.

Сонымен қатар, түзетулер редациялық және нақтылау сипатына ие.

36. Репо операцияларын жүзеге асыру Ережелеріне енгізілген № 16 өзгерту

Бекітілген күні: 2010 жылдың 04 қазаны

Бекітілді: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: қолданысқа енгізілмеген

Комментарийлер: репоның жабылу мәмілелері бойыша бұрындары туындаған міндеттемелерді сауда-саттық қатысушыларының тиісті түрде орындауын қамтамасыз ету мақсатында өзгерту енгізілді.

Мерзімдік контракттар нарығы

37. Фьючерстің тазартылған құйма алтынға маманданымына енгізілген № 1 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 14 қаңтары

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 13 қаңтары

Комментарийлер: KASE-дегі мүшелік санаты жүйесінің өзгеруіне байланысты өзгертулер енгізілді.

38. Мерзімдік контракттардың биржалық сауда-саттық ережелері

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 мамыры

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 20 қазаны

Комментарийлер: Мерзімдік контракттардың биржалық сауда-саттық ережелері, мерзімдік биржалық нарықта мәмілелер жасау шарттары мен тәртібін анықтау мақсатында, Биржалық кеңестің 2010 жылдың 30 наурызында бекіткен, Мерзімдік контракттар нарығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

Аталмыш Ережелерді қолданысқа енгізуге байланысты 2010 жылдың 20 қазанынан бастап KASE мынадай ішкі құжаттарының күштері жойылды:

– "Мерзімдің контракттар бойынша биржалық сауда-саттық және есептесу ережелері";

– "Бір мың АҚШ долларына алты айлық фьючерстің маманданымы";

– "АҚШ долларының еуро бағамына алты айлық фьючерстің маманданымы ";

– "Фьючерстің тазартылған құйма алтынға маманданымы".

39. Мерзімдік нарықта клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 мамыры

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 20 қазаны

Комментарийлер: Мерзімдік нарықта клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері, жасалған мерзімдік мәмілелер бойынша Биржаның клирингілік қызметті жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде мерзімдік биржалық нарықта мәмілелерді жасауда және орындауда Биржаның мерзімдік нарық мүшелерімен өзара әрекеттесу тәртібін анықтау мақсатында, Биржалық кеңестің 2010 жылдың 30 наурызында бекіткен, Мерзімдік контракттар нарығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

40. Мерзімдік нарықтың сақтық және кепілдік қорлары туралы қағида

Бекітілген күні: 2010 жылдың 25 маусымы

Утверждено: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 20 қазаны

Комментарийлер: Мерзімдік нарықтың сақтық және кепілдік қорлары туралы қағида, мерзімдік биржалық нарықта есептесу тәртібін реттеуді қамтамасыз ету мақсатында, Биржалық кеңестің 2010 жылдың 30 наурызында бекіткен, Мерзімдік контракттар нарығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді және "Мерзімдік нарықта клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері" және "Мерзімдік контракттардың биржалық сауда-саттық ережелері" атты Биржаның ішкі құжаттарының қосымшасы болып табылады.

Қағидаға сәйкес:

1. KASE сақтық қоры Биржалық кеңес шешімінде анықталған сомада және тәртіпте теңгеде қалыптастырылады;

сақтық қордың қаражаты KASE есептік шоттарында сақталуы тиіс және:

– бір жолғы жарна есебінен;

– мерзімдік нарықтағы сауда-саттық қорытындылары бойынша комиссиялық алымдар есебінен аталмыш комиссиялық алымдар сомасынан он бес пайыз мөлшерінде, өткен ай үшін осы айдан кейін он бес жұмыс күні арасында KASE алған айсайынғы жарналар есебінен;

– мөлшері Биржалық кеңестің жеке шешімдерімен анықталатын қосымша сомалар есебінен толықтырылады.

2. Кепілдік қорлар мерзімдік келісімшарттардың әрбір типтері үшін жеке-жеке, KASE мерзімдік нарығы мүшелерінің тиянақталған мөлшерде теңгедегі бір жолғы міндетті кепілдік жарнаны төлеуі арқылы қалыптастырылады.

Мерзімдік келісімшарттың түрлі типтері үшін міндетті кепілдік алымдардың түрлі мөлшерлері белгіленеді. Кепілдік жарна сомасына сыйақы есептемейді және төлемейді.

Қағидада, KASE сақтық және кепілдік қорларды, KASE бір және одан көп мүшесінің дәрменсіздігі жағдайында, олардың нетто-міндетемелерін мерзімдік нарықта орындау мақсатында ғана қолданатыны анықталды. Кепілдік қорлардың әрқайсысының қаражаты тек бір типтегі мерзімдік келісімшарттар бойынша есептесулерді аяқтау үшін қолданылуы мүмкін.

Нетто-міндеттемелері сақтық және кепілдік қорлардың қаражаты есебінен орындалған, Биржа мүшелерінің әрқайсысы Биржаның корреспонденттік шотына ақша аудару арқылы сақтық және кепілдік қорлар қаражатын Биржаға өтеуі тиіс.

41. Мүшелік жарна және биржа алымдары туралы қағидаға енгізілген № 16 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 25 маусымы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 02 қыркүйегі

Комментарийлер: мерзімдік контракттар операциялары бойынша комиссиялық алымдарды есептеу тәртібін анықтау мақсатында өзгерістер енгізілді.

42. Мерзімдік контракттардың биржалық сауда-саттық ережелеріне енгізілген № 1 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 29 маусымы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 01 қарашасы

Комментарийлер: түзетулер редакциялық және түзетушілік сипатқа ие.

43. Мерзімдік контракттардың биржалық сауда-саттық ережелеріне енгізілген № 2 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 04 қазаны

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 08 қарашасы

Комментарийлер: Фьючерстің KASE Индексі мәніне биржалық сауда-саттығына жіберу үшін Кепілдік қорға міндетті кепілдік жарнаның төлеу бойынша KASE мүшелеріне талап қою мақсатында түзетулер енгізілді.

1   2   3   4

Похожие:

60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: мүдделі тұлғалар (соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары) және өз персоналының қарым-қатынастар аясындағы kase...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon61 кесте. 2012 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ, ішкі құжаттарына енгізілген түзетулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: бағалы қағаздар эмитенті ретінде, Биржаның инсайдерлік ақпараттарын құрайтын, сондай-ақ Биржаның, сауда-саттық ұйымдастырушысы...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconTable 60. List of kase internal documents and amendments to kase internal documents, approved in 2010

60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon59 кесте. 2011 жылдағы kase техникалық кешенінің модернизациясы мен дамуы бойынша атқарылған жұмыстар тізілімі
Осж қолданысқа енгізілді, осыны енгізу шегінде осж сервері мен сайты іске асырылды
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің смж ішкі құжаттарының тізімі
Е 01-14 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі туралы ереже
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница