60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі




Скачать 342.71 Kb.
Название60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі
страница2/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер342.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kase.kz/files/reports/2010_fb_kz/newdocs.doc
1   2   3   4
12. Мүшелік жарна және биржа алымдары туралы қағидаға енгізілген № 17 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 23 қыркүйегі

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 01 қарашасы

Комментарийлер: түзетулер мынаны қарастырады.

1. Репо операциялары бойынша комиссиялық алымдар мөлшерінің ақша нарығындағы мөлшерлемелер деңгейіне байланыстылығын жою мақсатында репо операциялары бойынша комиссиялық алымдар мөлшерін есептеу тәртібі өзгертілді. Аталмыш түзетулерге сәйкес репо нарығының қатысушылары, мөлшері репо операцияларының ашылу мәмілелері көлемінен және операция мерзіміне байланысты болатын (Intraday мерзімімен репо операциялары бойынша комиссиялық алымдарды есептеу үшін осы операция мерзімі бірге тең болып қабылданады), комиссиялық алымдарды KASE-ге төлейтін болады.

2. Операция мерзіміне байланысты репо операциялары бойынша комиссиялық алымдар мөлшерін есептеуге арналған мөлшерлемелер анықталды (репоны ашу мәмілесі сомасынан пайызы):

– қоса санағанда 3 күнге дейін 0,000065 %;

– қоса санағанда 4 күннен 7 күнге дейін 0,000060 %;

– қоса санағанда 8 күннен 30 күнге дейін 0,000055%

– қоса санағанда 31 күннен 90 күнге дейін 0,000050 %;

3. Репо операциялары бойынша комиссиялық алымдарды төлеудің "тиянақталған" тәсілі жойылды.

4. Репо операциялары бойынша комиссиялық алымдар репо операцияларының жабылу күніне есептеледі. Репо операцияларының мерзімі өзгергенде комиссиялық алымдар осы репо операцияларының нақты мерзіміне қарай есептеледі.

13. Мүшелік жарна және биржа алымдары туралы қағидаға енгізілген № 19 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 қазаны

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2011 жылдың 05 қаңтары

Комментарийлер: өзгерістер арқылы, бағалы қағаздармен жасалатын репо операциялары бойынша"тиянақталған" тәсілмен комиссиялық алымдарды төлеу тәртібін белгілейтін, нормалар Қағидадан алынып тасталды.

14. Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген № 1 өзгерістер мен толықтырулары

Бекітілген күні: 2010 жылдың 30 қарашасы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2011 жылдың 17 қаңтары

Комментарийлер: түзетулер арқылы Валюталық фьючерс маркет-мейкері мәртебесінің маманданымына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, Ережелер "Фьючерстің KASE Индексі мәні бойынша маркет-мейкер мәртебесінің маманданымы" 3-1 Қосымшасымен толықтырылды.

Бағалы қағаздар нарығы

15. Листингілік компанияларды жыл сайынғы марапаттау ережелеріне енгізілген № 3 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 14 қаңтары

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 13 қаңтары

Комментарийлер: өзгерістер редакциялық сипатқа ие.

16. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Биржаның ресми тізіміне айналысқа жіберу ережелері

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 қаңтары

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 04 наурызы

Комментарийлер: ережелер:

– 2009 жылы KASE ресми тізімінің құрлымы өзгеруіне байланысты;

– ҚҚА Басқармасының "Қор биржасындағы айналысқа, сондай-ақ сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына қойылатын талаптары туралы" 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысымен және АӨҚО ҚРА Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы № 04.2-09/119 бұйырығымен белгіленген, МБҚ рұқсаттамасы мен KASE ресми тізімінде тұруына қойылатын талаптардың белгіленуіне байланысты;

– жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын KASE ресми тізіміне айналысқа жіберу процесін жеңілдету үшін әзірленді.

Ережелерде жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын KASE ресми тізіміне айналысқа жіберу тәртібі түбегейлі өзгертілді. Енді аталмыш бағалы қағаздарды айналысқа жіберу, тізімі Ережелерде анықталған, құжаттарды қарастырғаннан кейін, Биржа Басқармасы жүзеге асырады. Аталмыш бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне айналысқа жіберу мәселесін бұрынғыдай Листинігік комиссия және KASE Биржалық кеңесінің қарастыруы белгіленбеген. Сонымен қатар, аталмыш бағалы қағаздардың Биржаның ресми тізімінде болу мерзімінде жергілікті атқару органдарына ағымдағы ақпаратты ашу қарастырылмаған. Алайда, аталмыш бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің KASE-де болуы бұрынғыдай міндетті болып табылмайды.

Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған, Қазақстан Республикасы МБҚ KASE ресми тізіміне енгізу Биржа шығарылымның тіркелуі туралы ақпаратты алғаннан кейін, автоматты түрде жүзеге асырылады. Аталмыш бағалы қағаздар бойынша KASЕ-де маркет-мейкердің болу талабы белгіленбеген.

Ережелерге сәйкес жергілікті орындаушы органдардың бағалы қағаздары Биржа Басқармасының шешімімен KASE ресми тізімінен мынадай жағдайларда шығарылуы мүмкін:

– осы бағалы қағаздардың 60 күнтізбелік күн аралығында маркет-мейкерінің болмауы;

– жергілікті орындаушы органдар осы бағалы қағаздар бойынша дефолт жариялауы;

– осы бағалы қағаздардың шығарылуын уақытша тоқтату.

Мемлекеттік бағалы қағаздар мен шет мемлекет бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінен, олардың айналыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты немесе олардың күшін жоюына байланысты, шығарылуы автоматты түрде жүзеге асырылады.

2010 жылдың 04 наурызынан бастап "Мемлекеттік бағалы қағаздарды Биржадағы айналысқа жіберу ережелері" және "Шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздарды Биржадағы айналысқа жіберу ережелері" атты KASE ішкі құжаттарының күші жойылды деп танылды.

17. Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне енгізілген № 11 өзгерістер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 29 сәуірі

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 31 мамыры

Комментарийлер: параметрлері бағалы қағаздардың нарықтық бағасын есептеу үшін қолданылуы мүмкін, мәмілелер мен өтініштер түрлерін Әдістемеде бір мағынада анықтау мақсатында өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, өзгерістер редакторлық сипатқа ие.

18. Қор нарығы индикаторларын есептеу әдістемесіне енгізілген № 4 өзгерістер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 30 сәуірі

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 04 мамыры

Комментарийлер: өзгертулер арқылы аталмыш Әдістемеге енгізілген өзгертулер және/немесе толықтырулар осы өзгертулердің және/немесе толықтырулардың қолданысқа енгізілу күніне кемінде 15 күн қалғанда, редакциялық немесе түсініктемелік сипатқа ие және/немесе:

– индикаторларды есептеу;

– параметрлері белгілі бір индикаторды есептеу мақсатында қолданылатын, бағалы қағаздарды қалыптастыру;

– белгілі бір индикаторды есептеу мақсатында қолданылатын, бағалы қағаздар параметрлерін анықтау;

– Биржаның Тәуекел комитетінің өз өкілеттілігін орындау тәртібіне әсер етпейтін өзгерістер және/немесе толықтыруларды қоспағанда, Биржаның Интернет-сайтында орналасуы (жариялануы) тиіс.

Сонымен қатар, өзгерістер редакторлық сипатқа ие.

19. Листингілік ережелерге енгізілген № 1 толықтырулар мен өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 09 маусымы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 25 тамызы

Комментарийлер: түзетулер Листингілік ержелерді АӨҚО ҚРА Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы № 04.2-09/119 бұйырығының Қосымшасына және "Листингілік комиссия туралы қағида" атты KASE ішкі құжатына сәйкестендіру мақсатында енгізілді.

Сонымен қатар, түзетулерде мыналар қарастырылған.

1. ІРО өткізу мақсатында акцияларын KASE ресми тізіміне енгізетін компаниялар үшін листингілік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер енгізілді.

2. Халықаралық тәжірибеге сәйкес ақпаратты ашудың қолданыстағы тәжірибесін жетілдіру мақсатында рұқсаттама бастамашыларының акциялары ресми тізімнің "акциялар" секторының бірінші санатында тұрған эмитенттерге ашылуы тиіс ақпаратты ашу бойынша қосымша шарттар енгізілді, сонымен қатар ақпаратпен қоса, оның, нотариуспен, немесе эмитентпен, немесе рұқсат ету бастамашысымен расталған, ағылшын тіліне аудармасы берілуі тиіс.

Акциялары ақпаратты ашу бойынша талаптарды қолданысқа енгізу күніне KASE ресми тізімінің бірінші санаты бойынша тұрған, рұқсаттама бастамашылары үшін ағылшын тілінде ақпаратты ашу бойынша талаптарды қолданысқа енгізу күні 2011 жылдың 01 қаңтары деп анықталды.

3. Акциялардың баланстық құнының эмитенттің қаржылық есеп беруі негізінде анықталуын қарастыратын, Есеп берушіліктің халықаралық стандарттарының, сондай-ақ "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бақылау Ережелерін бекіту туралы" ҚҚА-ның 2005 жылдың 26 наурызындағы # 109 қаулысы талаптарының өзгеруіне байланысты қаржылық есеп беруді ұсыну бойынша талаптар кеңейтілді.

4. Бағалы қағаздарды ресми тізімнің "буферлік санат" санатынан басқа санатқа (санатшаға) ауыстыруда рұқсаттама бастамашысынан өтінімдер қабылдау шарттары бойынша, листингілік алымдарды төлеу тәртібі бойынша, Листингілік комиссия шешімдерінің күшіне енуінің шарттары бойынша, бұрын реттелмеген, нақтыландыратын процедуралар енгізіліді.

5. Барлық бағалы қағаздар эмитенттеріне бірдей жағдай жасау үшін, қолданыстағы Листингілік ережелердің қолданысқа енгізілуіне дейін ресми тізімге енгізілген, бағалы қағаздар сауда-саттықтарының осы тармақты қолданысқа енгізу күнінен бастап үш ай арасында ашық болу шарты нақтыланды. Егер осы мерзім аяқталғаннан кейін аталмыш бағалы қағаздармен сауда-саттықтар ашылмайтын болса, Листингілік комиссияның жақындағы отырысында аталмыш бағалы қағаздар делистингі туралы мәселе қарастырылатын болады. Осы норманың күші "Самрұқ-қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ шығарған бағалы қағаздарға тарамайды.

6. Баға белгілеушілерді Биржа мойындаған баға белгілеушілер тізіміне енгізу және олардың аталмыш тізімде болуы үшін, KASE-нің баға белгілеушілерге қоятын талаптары (5 Қосымша) белгіленді.

7. Редакциялық түзетулер енгзілді.

20. Листингілік ережелерге енгізілген № 2 толықтырулар мен өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 26 тамызы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 01 қарашасында қолданысқа енгізілген 24 баптың 1 тармағы 5-1) тармақшасын қоспағанда, 2010 жылдың 11 қазаны

Комментарийлер: түзетулер келесі мақсаттарда енгізілді:

– Листингілік ережелер нормаларын, соның ішінде Қазақстан Республикасынан басқа, мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылуы көзделген облигациялар шығарылы аңдатпасын ұсыну ерекшелігіне, кәсіпорын маманы – облигациялар эмитентіне емес, гарантқа ақпарат ашу, бағалы қағаздардың ресми тізімде тұруы кезінде ұсынылатын құжаттарды рәсімдеу бойынша талаптарды қолдануға қатысты нормаларды Биржаның және бағалы қағаздар рұқсаттама бастамашыларының әртүрлі талқылау жағдайларын болдырмау;

– Қазақстан Республикасынан басқа, мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылуы көзделген облигациялар бойынша құжаттарды қарастыру мерзімінің қысқартылуы;

– KASE ресми тізіміне енгізілуі көзделген, бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарында да, ресми тізімде тұрған бағалы қағаздардың шығарылымдарында да міндетті ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) болуы бойынша талапты енгізу, бұл халықаралық инвесторларды және ақпаратты жүйелерді Биржаның ресми тізімінде тұрған эмитенттер және олардың бағалы қағаздары турасындағы ақпаратпен халықаралық нарықтың жалпыға бірдей қабылданған форматта қамтамасыз ету жағынан қажет.

Сонымен қатар, аталмыш түзетулер арқылы редакциялық нақтылау, соның ішінде Қазақстан Республикасынан басқа, мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылуы көзделген облигациялардың мәртебесіне қатысты нақтылаулар қарастырылған.

21. Борыштық бағалы қағаздар кірісітілігінің орташа сараланған мөлшерлемесін есептеу әдістемесі

Бекітілген күні: 2010 жылдың 23 қыркүйегі

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 18 қазаны

Комментарийлер: Әдістеме "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, зейнеақы активтерін инвестициялық басқаруды және жинақтаушы зейнетақы қорлары портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалауды жүзеге асыратын, ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы" ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 15 шілдесіндені № 105 қаулысындағы нормаларды орындау мақсатында әзірленді.

Әдістеме:

– Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау Агенттігі Басқармасының 2005 жылдың 28 науырызындағы № 109 қаулысымен бекітілген жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық пакеттеріндегі Қаржы құралдарын бағалау ережелеріне сәйкес, Биржалық кеңестің дисконттау мөлшерлемелерін анықтау мақсатында;

– Биржаның ішкі құжаттарымен қарастырылған өзге мақсаттарда қандай да бір кезеңде KASE ресми тізімінің қандай да бір секторының қандай да бір санатындағы (санатшасындағы) борыштық бағалы қағаздар кірістілігінің орташа сараланған мөлшерлемесі мәнін есептеу тәртібін анықтайды.

22. Листингілік ережелерге енгізілген № 3 толықтырулар мен өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 04 қазаны

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 08 қарашасы

Комментарийлер: түзетулер мынадай мақсаттарда енгізілді:

– 2010 жылдың тамызында ҚҚА Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің "Инвестициялық қор активтерінің құнын, инвестициялық қордың таза активтерін, пайлық инвестициялық қордың есептеу құнын және акционерлік инвестициялық қор акцияларын қайта сатып алу құнын есептеу және анықтау ережелерін бекіту туралы" 2004 жылдың 21 тамызындағы # 259 қаулысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы" қаулы жобасын қарастырғаны баяндалған, 2010 жылдың 26 тамызындағы хатта айтылған ҚҚА нұсқамасын орындау, осыған орай KASE-ге өзінің ішкі құжаттарына түзетулер енгізу қажет.

Аталмыш жобаға сәйкес "жай акциялардың баланстық құны және артықшылықты акциядардың баланстың құны деп қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті органымен келістірілген, қор бирдасының ережелеріне сәйкес анықталған, тиісінше жай акциялардың құнын және артықшылықты акциялардың құнын түсінеміз;

– ҚЕХС сәйкес акциялардың баланстық құнын есептеу тәртібін анықтау;

– барлық листингілік компаниялардың акциялардың баланстық құнын есептеудің біркелкі тәртібін қолдануы;

Аталмыш түзетулер арқылы листингілік компаниялардың қаржылық жағдайы туралы Биржаға ұсынылатын есептерде, Листингілік ережелердің 6 Қосымшасына сәйкес есептелген, осы листингілік компанияның бір акциясының (жай және артықшылықты) баланстық құны жайында мәліметтер болуы тиіс.

23. Сауда-саттық жүргізу әдістері туралы қағиаға енгізілген № 5 өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 28 қазаны

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 28 желтоқсаны

Комментарийлер: өзгертулерде мыналар қарастырылған:

– арнайы мамандандырылған сауда-саттықтардың потенциалды қатысушыларын бұдан да ерте хабардар ету мақсатында арнайы мамандандырылған сауда-саттықты өткізуге өтінішті берудің соңғы мерзімі сауда-саттықтың өту күніне дейінгі екі күннен жеті күнге дейін ұзартылды;

– кепілдік жарнаның мөлшерін сатушы (сатып алушы) анықтайды және алдын ала толық төленуі сауда-саттық қатысушыларына белгілі бір қиындықтар тудыратындықтан, лоттың белгіленген мөлшерінің жоспарланған құнынан 20 % аспауы тиіс (KASE басқа ішкі құжаттарына сәйкес анықталған кепілдік жарнаны қоспағанда)

1   2   3   4

Похожие:

60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: мүдделі тұлғалар (соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары) және өз персоналының қарым-қатынастар аясындағы kase...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon61 кесте. 2012 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ, ішкі құжаттарына енгізілген түзетулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: бағалы қағаздар эмитенті ретінде, Биржаның инсайдерлік ақпараттарын құрайтын, сондай-ақ Биржаның, сауда-саттық ұйымдастырушысы...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconTable 60. List of kase internal documents and amendments to kase internal documents, approved in 2010

60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon59 кесте. 2011 жылдағы kase техникалық кешенінің модернизациясы мен дамуы бойынша атқарылған жұмыстар тізілімі
Осж қолданысқа енгізілді, осыны енгізу шегінде осж сервері мен сайты іске асырылды
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің смж ішкі құжаттарының тізімі
Е 01-14 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі туралы ереже
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница