60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі




Скачать 342.71 Kb.
Название60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі
страница1/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер342.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kase.kz/files/reports/2010_fb_kz/newdocs.doc
  1   2   3   4

Анықтамалық ақпарат

60 кесте. 2010 жылы бекітілген KASE ішкі құжаттарының, сондай-ақ KASE ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі

Жалпы бөлімі

1. Есептеу палатасы жұмысының ережелеріне енгізілген № 3 өзгерту

Бекітілген күні: 2010 жылыдң 14 қаңтары

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 13 қаңтары

Комментарийлер: өзгертулер KASE-дегі мүшелік санаттары жүйесінің өзгеруіне байланысты енгізілді.

2. Сауда-саттық жүйесімен алыстан кіру тәртібінде жұмыс жасау ережелеріне енгізілген № 7 толықтырулар мен өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 29 қаңтары

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 29 қаңтары

Комментарийлер: Аталмыш түзетулер осы Ережелерді Нақты уақыт тәртібінде жүргізілетін сауда-саттық туралы биржалық ақпараттарды берудің коммерциялық шарттары туралы биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну туралы қағиданың нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

KASE сауда-саттық терминалына берілетін және онда демонстрацияланатын Сауда-саттық ақпарат (Сауда-саттық ақпарат) түзетулермен ақпараттық өнім - KASE зияткерлік меншігі ерекше құқығының нысаны ретінде анықталды. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасына, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 5 тарауына сәйкес келеді (Ерекше бөлігі): сауда-саттық ақпарат заңнамамен қарастырылған тәсілдермен қорғалуы тиіс, ашылмаған ақпарат анықтамасына жатады.

Сауда-саттық ақпаратқа:

– KASE-нің мәмілелерді жасауға қабылдаған өтінімдерінің бағасы мен көлемі туралы ақпараттар;

– KASE-де өткізілетін сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер бағасы мен көлемі туралы ақпараттар;

– KASE ішкі құжаттарына сәйкес сауда-саттық күнінің барысы және/немесе қорытындысы бойынша KASE-нің есептейтін, индикаторлар мәні туралы мәліметтер жатады.

Түзетулер KASE сауда-саттық жүйесі терминалының ажырамас бөлігі ретінде Сауда-саттық ақпаратты қолдану ережелері белгіленді, соның ішінде, Сауда-саттық ақпараты KASE мүшелеріне:

– биржалық сауда-саттық ережелеріне сәйкес KASE-де өтетін сауда-саттықтарда мәмілелерді жасау мақсатында оны қолдану үшін;

– Биржа мүшелерінің клиенттері өкімі бойынша және/немесе мүддесі үшін және/немесе есебінен тек Биржада мәміле жасасуға қажетті көлем мен құрамда ғана оны осындай клиенттерге тек сауда-саттық терминалы арқылы тегін көрсету (көрсетілім) үшін таратылатыны анықталды.

Сауда-саттық ақпаратын KASE мүшелеріне және олардың клиенттеріне кез келген басқа әдіспен және кез келген басқа мақсаттарда тарату Биржада Сауда-саттық ақпаратын қайталап тарату болып табылып, тек аталмыш Қағидаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Бұған қоса, түзетулер редациялық сипатқа ие.

3. Нақты уақыт тәртібінде жүргізілетін сауда-саттық туралы биржалық ақпараттарды берудің коммерциялық шарттары туралы биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну туралы қағидаға енгізілген № 2 өзгерту

Бекітілген күні: 2010 жылдың 25 ақпаны

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 26 ақпаны

Комментарийлер: Биржа өткізетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты еркін (тегін) барлық тұлғаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін, әдейі кідірту ұзақтылығының өзгеруі бір ізге салынып, биржалық нарықтың барлық секторлар бойынша 15 минутты құрайды.

4. Эмитенттердің қаржылық есеп берушілігі және аудиті жөніндегі Биржалық кеңес Комитеті туралы қағида

Бекітілген күні: 2010 жылдың 30 наурызы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 26 сәуірі

Комментарийлер: Қағида ҚҚА Басқармасының "Қор биржасы сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастырушылық құрылымына және листингілік комиссиясының құрамына қойылатын талаптары туралы, және сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" 2009 жылдың 28 қарашасындағы № 195 қаулысына сәйкес әзірленді және Қаржылық есеп берушілік және эмитенттер аудиті жөніндегі Биржалық Кеңес Комитетінің құрылымын, қызметін, құқықтарын, жауапкершілігін және қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

Қағидаға сәйкес аталмыш Комитет Биржаның тұрақты құрылымынан тыс органы болып табылады, оның негізгі қызметтері: бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілуі болжанған немесе ресми тізімге енгізілген эмитенттердің қаржылық есеп берушілігі жөніндегі аудиторлық есеп берулерді, сондай-ақ көрсетілген есепке қосымша берілген қаржылық есеп берушілікті қарастыру және аталған есептер мен қаржылық есеп берушілікті қарастыру нәтижелері туралы тиісті ақпаратты дайындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу және олардың аталмыш тізімде болуы үшін Биржа мойындайтын аудиторлық ұйымдар тізімін қалыптастыру.

5. Биржалық ақпаратты тарату ережелеріне енгізілген № 4 өзгертурелр мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 26 тамызы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 05 қарашасы

Комментарийлер: түзетулер арқылы бағалы қағаздардың рұқсаттамасы бастамашыларынан алынған, сондай-ақ листинг, делистинг және KASE ресми тізімі санатын (санатшасын) ауыстыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен ақпараттарды KASE Интернет-сайтында орналастыру мерзімі белгіленді.

Бұған қоса, Листингілік комиссия қызметіне байланысты редакциялық нақтылау енгізілді.

6. Есеп айырысу палатасы жұмысының ережелеріне енгізілген № 4 толықтырулар мен өзгертулер

Бекітілген күні: 2010 жылдың 29 қыркүйегі

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 04 қазаны

Комментарийлер: түзетулер арқылы Ережелер:

– сауда-саттық қатысушылары мен KASE арасында жыл сайын (15 қаңтардан кешіктірмей), 01 қаңтарына сауда-саттық қатысушыларының ағымдағы шоттарында қалыптасқан, қалған ақшаны салыстырып тексеруді қарастыратын нормамен толықтырылды. Аталмыш тексеру Қалдық қаражатты салыстырып тексеру актісіне сәйкес жазбаша түрде жүзеге асырылады (Ережелердің 1 Қосымшасы);

– сауда-саттық қатысушының ақшасын оның, KASE есеп жүйесінде ашылған, ағымдағы шотындағы жеке субшоттары арасында қайта бөлу туралы өкім, сауда-саттық қатысушы ақшасын оның ағымдағы шотында сақталуы туралы өкім және сауда-саттық қатысушының шотындағы ақшаны оған қайтару туралы өтініш болып табылатын тиісінше 2, 3 және 4 Қосымшалармен толықтырылды.

Бұған қоса, түзетулер редакциялық сипатқа ие.

Биржа мүшелері

7. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне енгізілген № 3 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 21 қаңтары

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 21 қаңтары.

Комментарийлер: түзетулер арқылы:

1) шетел валютасы нарығындағы белсенділік көрсеткішін есептеу формуласы, соның ішінде мәмілелер көлемі көрсеткішін нетто-жайғасымның жаңа көрсеткішіне ауыстыру арқылы, өзгертілді;

2) репо операциялары нарығында мәмілелер көлемі көрсеткішін есептеу кезінде тек жабылудың орындалған және мерзімдері ұзартылмаған репо операцияларына ғана жататын мәмілелер көлемі есепке алынады деп белгіленді (KASE Басқармасының аталған шешімі бойынша 2008 жылы KASE мүшелерінің белсенділігі көрсеткішін есептеу кезінде "мерзімдері ұзартылмаған репо операцияларына ғана жататын" белгілері қолданылмайтын болды);

3) Бейнарықтық сипаттағы жеке мәмілелердің әсер етуін болдырмау мақсатында, мәміле белсенділігінің көрсеткішін есептеу кезінде Биржаның пікірінше:

– өзінің мәні жағынан (соның ішінде өз бағасының деңгейі жағынан) нарықтық болып табылмайтын;

– мәмілелер көлемінің, мәмілелер санының және сауда шоттары санының көрсеткіштерін жасанды (қасақана) арттыру мақсатында жасалған;

– трейдердің анық техникалық қателіктерінің нәтижесінде жасалған, мәмілелерді алып таустауға құқылы екені анықталды;

4) аталмыш Әдістемеде белгіленген KASE қызметтері мен өкілеттілігін жүзеге асыру тәртібін сипаттайтын, процедуралық сипаттағы жаңа тармақ енгізілді.

Бұған қоса, түзетулер редакциялық сипатқа ие.

8. Мүшелік жарна және биржа алымдары туралы қағидаға енгізілген № 15 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 29 сәуірі

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 21 мамыры

Комментарийлер: түзетулер арқылы Қағида мәтіні, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзінің биржалық сауда-саттықтарда шетел валюталарымен жасаған мәмілелері бойынша Биржа пайдасына комиссиялық алымдарды төлеуден босатылуын қарастыратын нормамен толықтырылды. Бұдан бұрын аталмыш норма Биржалық кеңестің 1995 жылдың 07 тамызындағы шешіміміен бекітілген, Қазақстан халықаралық валюталық-қор биржасы сауда-саттығында шетел валюталарымен саудаласу ережелерінде белгіленген болатын. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі үшін "валюталық нарық мүшесі" санаты бойынша ай сайынғы мүшелік жарна мөлшері нақтыланды.

Аталмыш түзетулер арқылы Биржаның арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар барысында "мәміле жасасу фактісінің болуы-болмауына қарамастан", аталмыш мамандандырылған сауда-саттықты ұйыдастырып өткізгені үшін комиссиялық алымдарды төлеуді талап етуі анықталды.

9. Ең үздік биржа мүшелерін жыл сайынғы марапаттау ережелеріне енгізілген 9 өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 06 мамыры

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 06 мамыры

Комментарийлер: 2009 жылғы тәжірибені мұқият сараптап, KASE әр бір үміткер үшін қаржы нарығының тиісті секторындағы марапатқа немесе:

– ұйымдастырылған қаржы нарығының осы немесе шектес секторындағы мәмілені осы үміткердің орындамауының;

– Биржаның ішкі құжаттарында белгіленген нормалар мен тәртіптерді бұзуының

әр жағдайында белсенділік көрсеткішін 0,05 нүктеге төмендету жағына қарай есептелінген белсенділік көрсеткішін түзету жүйесін енгізуді қарастыратын, түзетулерді әзірледі.

Бір бұзушылық үшін 0,05 нүкте деп қарастырылған белсенділік көрсеткіші дисконтының мөлшері 2009 жылдың мәліметтері бойынша эмпирикалық тәсілмен анықталды. Биржа дисконтты анықтау кезінде күрделі математикалық аппараттарды қолданудан бас тартты, өйткені ол Ережелер мәтінін елеулі күрделендіріп, аталған түзетулерді қабылдауға әсерін тигізбейді.

Бұған қоса, осы түзетулер арқылы, дәлелденген кінәсінен репо операциясының жабылу мәмілесінің бірін де орындалмаған үміткер, "Репо операциялары нарығының көшбасшысы" номинациясы бойынша, сондай-ақ, осы қаржы құралы мәміле заты болып табылатын, ұйымдастырылған нарық секторларына тиесілі номинациялар бойынша марапаттау тізімінен шығарылатыны анықталды.

10. Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері

Бекітілген күні: 2010 жылдың 25 маусымы

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2011 жылдың 17 қаңтары

Комментарийлер: Маркет-мейкерлер қызметі ережелерінің жаңа редакциясы KASE Биржалық кеңесінің 2010 жылдың 27 мамырында қабылдаған, маркет-мейкерлер қызметін жетілдіру жөніндегі Концептуалды ұсыныстарға сәйкес, аталмыш құжаттың алдыңғы редакциясының негізінде әзірленді.

Ережелердің жаңа нұсқасын әзірлеу қажеттілігі аталмыш құжаттың бұрыңғы редакциясына маркет-мейкерлерге қарастырылған баға белгілеулерін, спрэдтерді және міндетті баға белгілеулерін шығару уақыты жағынан өзгертулерді, сондай-ақ көптеген түзетулерді енгізуге байланысты туындады, нәтижесінде құжат құрылымын өзгерту қажеттілігі пайда болды.

Ережелердің бұрынғы редакциясымен салыстырғанда құжаттың жаңа редакциясына мынадай маңызды өзгертулер енгізілді:

1. Маркет-мейкерлерге "тайм-аут" деп аталатын - сауда күні шегінде міндетті баға белгілеулерінің жаңа мәндерін шығару үшін маркет-мейкерге ұсынылатын уақыт аралығын пайдалануға мүмкіндік беріледі, бұл уақытта маркет-мейкерге өз міндеттерін орындамауға рұқсат етіледі. Қандай да бір бағалы қағаздар маркет-мейкерлеріне берілетін тайм-аутты қолдану тәртіптемесі осы атаулыдағы бағалы қағаздардың өтімділік түрі мен дәрежесіне байланысты анықталады. Тайм-ауттың ұзақтылығы белгілі бір қаржы құралдары бойынша маманданымдарда белгіленеді. Мысалы, өтімді акциялар мен облигациялар бойынша бір сауда-саттық сессиясы барысында тайм-ауттың ұзақтылығы 30 минуттан, ал өтімсіз акциялар бойынша 15 минуттан аспауы тиіс.

2. Бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер Ежелереде анықталған сессия кезеңдерінде кез келген жағдайда – бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық сессиясының ашылу сәтінен бастап 15 минута арасында, күту режимі кезеңінде және акциялар бойынша акционды өткізу кезеңінде міндетті баға белгілеулерін сақтап отыруға міндетті.

3. Бағалы қағаздар бойынша үздік міндетті баға белгілеулер арасында спрэдтердің максималды мәні осындай бағалы қағаздар өтімділігі дәрежесіне байланысты анықталады:

– KASE ресми тізімінің ең жоғарғы санаты бойынша сауда-саттықтарға жіберілген акциялар, және өтімді акциялары бойынша – 7 %;

– өтімсіз акциялар бойынша – 10 %;

– облигациялар бойынша – 4 %;

– кірістілігінің есебі KASE сауда жүйесінде жүзеге асырылмайтын облигациялар бойынша, – 8 %.

Сонымен, бұрын қолданыста болған Ережелермен салыстырғанда өтімді акциялар бойынша спрэдтер 10 %-дан 7 %-ға дейін (бұл акцияларды сатып алуға баға белгілеулер мәнінен) қысқартылды, облигациялар бойынша 2 %-дан 4 %-ға дейін кеңейтілді (өтеуге кірістілігінің баға белгілеулері мәндерінің арасындағы абсолютті көрсетілімінің айырмашылығы бойынша), өтімсіз акциялар бойынша бұрынғы деңгейде қалдырылды.

4. Міндеттерді уақытында орындамағаны және толықтай орындамағаны, соның ішінде міндетті баға белгілеулерді белгілеу және сақтап отыру бойынша міндеттерді орындамаудың әрбір жағдайы үшін, сондай-ақ міндетті баға белгілеулерін белгілеуден бас тартқаны үшін маркет-мейкердің жауапкершілігі өзгертілді.

5. Бұрын қолданыста болған маркет-мейкерлерді екі санатқа: мамандер және маркет-мейкерлерге бөлу жойылды. Бұл қазіргі уақытта міндетті баға белгілеудің көлемі бойынша және міндетті баға белгілеулердің спрэдтері бойынша KASE-нің мамандарға қоятын жоғарғы талаптарына қатысты мамандар санатын нарық қатысушылары талап етпейдігіне байланысты болып отыр. KASE болашақта мамандарға қолданылатын жаңа талаптар мен міндеттерді белгілеумен, санаттарға бөлуді қайта жаңғырту мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Бұған қоса, Ережелер "Валюталық фьючерс маркет-мейкері мәртебесінің маманданымы" 3 қосымшасымен толықтырылды. Ережелерді қолданысқа енгізуден бастап Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Қлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Маркет-мейкерлер қызметінің ережелерінің; Қор нарығы мүшелері үшін маркет-мейкер мәртебесінің маманданымының; АҚШ доллары маркет-мейкері мәртебесінің маманданымы; Ресей Федерациясының рублі маркет-мейкері мәртебесінің маманданымының; халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының маркет-мейкері мәртебесіне ие, "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің міндеттері мен құқықтарының күші жойылды деп танылды.

11. Мүшелік туралы қағидаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

Бекітілген күні: 2010 жылдың 29 шілдесін

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізілген күні: 2010 жылдың 02 қыркүйегі

Комментарийлер: өзгертулер арқылы бейбанкілік ұйымдар болып табылатын KASE қор нарығының мүшелері жеке капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің есебін KASE-ге бұрынғыдай ай сайын емес, тоқсан сайын ұсынуға міндетті екені белгіленді. Бұған қоса, мұндай мүшелердің тоқсан сайынғы қаржылық есеп беруді ұсыну уақыты өзгертілді.

Қағида Биржа мүшесінің, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттейтін және қадағалайтын мемлекеттік органмен белгіленген, пруденциалдық нормативтерді және басқа да нормалар мен шектелімдердің бұзылуы жайында осындай бұзушылықтардың орын алуы күнінен бастап үш жұмыс күні арасында Биржаға жазбаша түрде хабарлауын қарастыратын нормамен толықтырылды.

  1   2   3   4

Похожие:

60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: мүдделі тұлғалар (соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары) және өз персоналының қарым-қатынастар аясындағы kase...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon61 кесте. 2012 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ, ішкі құжаттарына енгізілген түзетулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: бағалы қағаздар эмитенті ретінде, Биржаның инсайдерлік ақпараттарын құрайтын, сондай-ақ Биржаның, сауда-саттық ұйымдастырушысы...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconTable 60. List of kase internal documents and amendments to kase internal documents, approved in 2010

60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon59 кесте. 2011 жылдағы kase техникалық кешенінің модернизациясы мен дамуы бойынша атқарылған жұмыстар тізілімі
Осж қолданысқа енгізілді, осыны енгізу шегінде осж сервері мен сайты іске асырылды
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология...
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің смж ішкі құжаттарының тізімі
Е 01-14 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі туралы ереже
60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница