«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір




Скачать 174.7 Kb.
Название«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір
Дата конвертации07.02.2016
Размер174.7 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish180581_5512.doc
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»
екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір



Ұлттық Банк 2009 жылғы сәуірде жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» жеке сұхбат нысанында тұрақты зерттеу нәтижесі бойынша кредит нарығында осының алдындағы тексерілген кезеңдерде қалыптасқан үрдістердің сақталғандығын көрсетті. Ағымдағы экономикалық конъюнктура тәуекелдердің жалпы экономикалық бағытының және заемшылардың жеке тәуекелдерінің сақталуына жағдай жасап, банктердің заемшыларға қатаң талаптарды қолдауын және кредиттеу кезінде, оның ішінде мемлекеттік қаржы ресурстары есебінен қаржыландырылатын салалардың айрықша тәуекелді түрлеріне қатысты олардың кейбірін одан әрі күшейтуді қалыптастырады.


I. Корпоративтік сектор заемдарының нарығы


1. Алдыңғы тексерілген кезеңдегідей банктер корпоративтік заемшылар тарапынан кредиттеудің барлық сегменті бойынша сұранысты консервативті түрде бағалайды. 2008 жылғы 1-тоқсанда респонденттердің 44% сұраныстың өзгермегендігін, ал тиісінше 32% және 27% сұраныстың аздап өсуін және төмендеуін атап өтті (диаграмма 1)1.

Іс жүзіндегі бар тәуекелдерге барабар кредиттік ресурстар беруге банктердің жоғары талаптары қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұранысты шектейді, ол көбінше айналым капиталын қаржыландыруда ағымдағы тұтынуды қанағаттандырумен және іс жүзінде бар борыштарды қайта құрылымдаумен сипатталады. Бұл ретте ең көп нарықтық үлеске ие бірінші 5-тіктегі банктер мемлекеттің қаржы қаражатын берудің басым бағдарламасымен байланысты шағын бизнеске ғана қатысты сұраныстың ұлғайғандығын көрсетті. Бұдан басқа, ірі банктердің маңызды нарықтық үлесі және дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде қайта бөлінген қаражаттың көлемі банктерге өздерінің бәсекелестік басымдықтарын пайдалануға мүмкіндік береді – бірінші 5-тіктегі банктер заемшылардың басқа банктерден кредит тарту сұранысына мүмкіндіктерінің төмендеуінің оң ықпалын көрсетті.

2
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға

сұраныстың өзгеруі


. Кредиттік нарықта шетел валютасындағы қысқа және ұзақ мерзімді заемдарға сұраныстың төмендеуі,
оның ішінде ұлттық валютаны құнсыздандыруды жүзеге асыру, кірістері ұлттық валютада көрсетілген заемшылар үшін валюталық тәуекелдің өсуі және мемлекеттік қаржы бағдарламасының басымдылығы салдарынан байқалды. Валюталық заемдарға сұраныстың анағұрлым маңызды төмендеуін Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының негізгі операторлары болып табылатын 5 ірі банк басынан өткізді.

3. Нарықта бұрынғысынша консервативті-қатаң кредиттік саясаттың сақталғаны байқалады (2-диаграмма) - респонденттердің 56%-ы кредиттік саясатты бұрынғы деңгейде қалдырды, ал 38%-ы оны одан әрі күшейте түсті. Негізгі себеп – кредиттік тәуекелді басқару қажеттілігі, оның ұлғайғанын 2009 жылдың 1-тоқсанында респонденттердің 83%-ы атап өтті. Клиенттердің экономикалық тәуекелдерінің өсуіне байланысты банктер несие портфелінің маңызын өсіруге мүдделі емес.



2-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі


Өткен кезеңдерде кредиттік саясатқа ықпал еткен негізгі факторлар өз маңыздылығын сақтап қалды. Соңғы тексеріліп отырған кезеңде экономикалық дамудың теріс үрдістері, тәуекелділігі жоғары заемдар үлесінің өсуі, ірі заемшылардың қаржылық жағдайларының нашарлауы және экономиканың негізгі салаларында тәуекелдер бағдарының өзгеруі күшейтуга айрықша ықпал етті. Бұл, өз кезегінде, кепілдік талаптардың және заемдарды өтеу мерзімдерінің, сондай-ақ кредиттеудің тәуекелділігі жоғары түрлері бойынша маржалардың бұдан әрі қарай күшейтілуіне ықпал етті (орташа алғанда респонденттердің 50%-ы күшейтілгендігі туралы мәлімдеді).

Банктер анағұрлым тәуекелді салалар қатарына құрылыс және жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар жататындығын атап өтті, сондай-ақ сауда, тау кен және өңдеуші өнеркәсіп, қонақжай және мейрамхана секторының тәуекелдері өсіп отыр.


4. 2009 жылғы 1-тоқсандағы кредиттеу жағдайына келсек кредиттеудің тәуекелділігі жоғары түрлері бойынша маржа (респонденттердің 47%), кредиттің ең көп мөлшері (респонденттердің 44%) және кепілдік талаптар (респонденттердің 58%) шамалы қатаңдатылды.


5. 2009 жылдың 2-тоқсанында банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуін күтуде (респонденттердің 40%-дан астамы). Бұл ретте банктер осы сұраныс көп жағдайда экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды кеңейтумен байланысты болады деп есептеуге бейім. Сонымен бірге, бағдарламаға қатыспайтын банктер сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама бойынша талаптарды заемшылардың бәрі бірдей қанағаттандыра алмайтынына қарай, кредиттік ресурстарға сұраныстың сақталуын күтуде. Сондай-ақ ағымдағы жағдайда кредиттік нарықта мемлекеттік бағдарламаның міндеттерінен туындаған шағын бизнесті кредиттеудің нақты басымдығы мен түрлі тәуекелдерге аз ұшырауы және күйзеліске барынша тұрақтылығы себепті неғұрлым ірі бизнесті кредиттеуге банктердің тілек білдіруі және мүдделі болуы арасында алшақтық байқалғаны атап өтуге тұрарлық.

Кредиттік саясат негізінен 2009 жылдың 2-тоқсанындағы үрдістерді сақтады – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 70%-ы қолдады.

Бұл кредиттеудің негізгі баға талаптарына қатысты дұрыс деп саналады, мұнда олардың сақталуын стандартты кредиттер маржасы бойынша респонденттердің 79% жуығы және тәуекелді кредиттеу түрлерінің маржасы бойынша 47%, ал аздап қатаңдану стандартты кредиттер бойынша 15% және тәуекелді кредиттер бойынша 50% атап өтті. Кредиттердің бағалық емес талаптарының бұрынғы деңгейде сақталуын банктердің 64% астамы қолдап отыр.


6. Банктер кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялардың және борыштарды қайта құрылымдау операцияларының жоғарғы деңгейінің сақталуын атап өтті. Тұтастай алғанда банктердің 35% кепіл мүлігін өндіріп алу жөніндегі операциялардың өсуі және банктердің 68% берілген заемдарды қайта құрылымдау операцияларының өсуі жөнінде мәлімдеді. Банктердің 2009 жылғы 2-тоқсандағы күтулері мынадай болып бөлінді: 56% кепілді өндіріп алу, 74% - заемдарды қайта құрылымдау бойынша операциялардың өсуін күтуде. Банктер мұны алдағы тоқсанда нақты заемшылардың тәуекелдерінің өсуімен байланыстырады. Бұл, бірінші кезекте өтеу мерзіміне, қамтамасыз ету сапасына және заемшылардың жалпы қаржылық жай-күйіне (кірістердің төмендеуі және өтімділік деңгейінің одан әрі түсуі) қатысты болды.


II. Жеке тұлғаларға берілетін заемдар нарығы


1. Кредиттік нарықтың бөлшек секторы тұтынушылық кредиттеуге (респонденттердің 53% сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталуын атап өтті) және ипотекалық кредиттеуге шектеулі сұраныстың (респонденттердің 48% ғана сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталуын атап өтті) болуымен сипатталады – 3, 4-диаграммалар.


4-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі (тұтынушылық кред-у)





С
3-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі (ипотека)


ұраныстың төмендеуін атап өткен банктердің үлесі ипотека бойынша 36% және тұтынушылық кредиттеу бойынша 28%. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде жылжымайтын мүлік нарығын дамытудағы айқын еместік бағасы, борышқа қызмет көрсету мүмкіндігіне халық сенімінің төмендеуі және тұтыну шығыстарының неғұрлым жоғары деңгейінің кері әсері сұраныстың төмендеуіне ықпал жасаудың негізгі факторлары болды. Әсіресе сұраныстың едәуір төмендегені шетел валютасында кредиттеу сегменттерінде байқалды.

2. 2008 жылдың бірінші тоқсанында кредиттік саясат бөлігінде банктердің негізгі тобы оны өзгеріссіз қалдыруды жөн көрді (респонденттердің 60%-қа жуығы). Мұндай ахуал өткен кезеңдерде кредиттік саясаттың күшейтудің деңгейіне жетумен сипатталады. Басқа банктер арасындағы жағдай біртекті болмады, оның үстіне бірінші бестіктегі банктердің бірнешеуі кредиттік саясатты тіпті әсіресе ипотекаға қатысты жұмсартты (мемлекеттік бағдарлама бойынша талаптарды ескере отырып). Тұтас алғанда, кредиттік саясаттың ағымдағы деңгейі екі негізгі міндетті орындауды жалғастыра берді: бір жағынан, әлеуетті заемшыларға қалыптасқан жоғары талаптар сенімсіз заемшылардың келіп қосылуын шектейді және басқа жағынан, ағымдағы заемшылардың бар заемдарға қызмет көрсетуінің қолайлы деңгейін қолдау банктердің заемдарды белсенді қайта құрылымдауы қажеттілігін талап етеді. Бірақ, банктердің көпшілігі көрсеткендей, қолданған шараларға қарамастан, проблемалы заемшылар деңгейі өсе түсуде.

Ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу жағдайларынан 2009 жылғы 1-тоқсанда бұдан әрі кепіл талаптары, тәуекелді кредиттеу түрлері бойынша маржа жағдайлары және заемдардың кепіл мүлігімен қамтамасыз етілуі шамалы қатаңдатылды. 5 ірі банк осы жағдайларды бұрынғы деңгейде қалдырды, бұл Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын іске асырумен байланысты болды. Қалған жағдайлар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және алдыңғы тоқсанда қалыптасқан өз мәндерін сақтады. Заемшылардың төлем қабілетінің төмендеуі, кепілдік қамтамасыз етудің жоғары тәуекелдері және еліміздің экономикалық дамуының теріс үрдісі оған ықпал еткен негізгі факторлар болып табылады.


3. Бөлшек секторда мерзімді өткізіп алу, сондай-ақ кредиттеудің екі сегментінде заемдарды қайта құрылымдау санының өсуі сақталды (ипотекалық кредиттеу бойынша респонденттердің 56% және тұтынушылық кредиттеу бойынша респондентердің 50% оның өсуін атап өтті). Жалпы банктердің кредиттеудің бөлшек секторын дамытуға қатысты пікірі банктердің кредиттік ресурстарды шектеулі ұсынуы себепті қалыпты сипатта болды: ипотекалық кредиттеу және тұтынушылық кредиттеу бойынша банктердің 50% астамы кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялардың өсуін; ипотекалық кредиттеу бойынша банктердің 59% және тұтынушылық кредиттеу бойынша банктердің 56% борыштарды бұдан әрі қайта құрылымдауды күтеді.

Б
5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)



анктерде кредиттеудің қатаң талаптарын сақтаумен, проблемасы бар кредиттермен жұмыс бойынша ішкі бөлімшелердің қарқынды жұмысымен қатар банктер жұмыстың стандартты рәсімдерінен басқа, төлемдерді мерзімінен бұрын өтеу үшін ынталандыруларды ғана емес (төлемді кешіктіргені үшін айыппұл санкцияларын қолданбау және төлемдердің графигін қайта қарау арқылы кредиттің жалпы мерзімін ұзарту) және «soft collection» деп аталатын рәсімдерді белсенді түрде қолдана бастады, яғни заемшыларға алдағы төлемге дейін бірнеше күн бұрын телефон соғу немесе клиенттердің ұтқыр құрылғыларына хабарлама жіберу арқылы оны төлеу туралы хабарланады.


6-диаграмма. Кредиттік саясаттың өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)





4. Банктердің заемшылардың дефолты санының өсуін болдырмау жөніндегі теңгерімділік тәсілі және берілген заемдарды қайтару жөніндегі қолданылатын шаралар кредиттеудің ағымдағы жағдайын сақтауға ықпал жасауын жалғастыруда: орташа 78% банктер келесі тоқсанда кредиттеудің негізгі баға және бағалық емес жағдайлары сақталады деп көрсетті.


5. Банктердің сұранысқа қатысты жақын арадағы 3 айдағы күтулері алдыңғы тоқсандағы осындай үрдістерді көрсетеді: Ағымдағы кредит саясатының сақталуы кезінде (респонденттердің 31% ипотека бойынша респонденттердің 16% қарсы шамалы өсуін күтеді) тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың барынша оптимисті түрде өсуі. Соңғы 3 тоқсандағы кредит саясатындағы өзгерістер банктердің күтуімен негізінен сәйкес келді, бұл банктердің кредит нарығындағы қолайсыз жағдай кезінде іс-әрекетінің бір ізділігін сипаттайды. Келесі тоқсанда кредит саясатын қатаңдату туралы ипотекалық кредиттеу бойынша 25% банк және тұтынушылық кредиттеу бойынша 19% банк өз ойларын білдірді.


6. Нақты заемшылардың негізгі тәуекелдеріне қатысты банктердің күтулері таяудағы 3 айда: банктердің жартысынан астамы заемшылар заемдардың мерзімін өткізіп алу мен ұзарту деңгейінің өсуімен, сондай-ақ қамтамасыз ету сапасының бұдан әрі нашарлауына байланысты өзінің қаржылық жай-күйінің шамалы нашарлауын басынан өткізеді деп санауға бейім.


7-диаграмма. Жылжымайтын мүлікке орташа бағаның күтулері





7. Жылжымайтын мүлікке орташа бағаның күтулеріне қатысты, оның одан әрі төмендеуінің нақты тренді сақталып отыр (7-диаграмма). Бұл көп дәрежеде кепілдік қамтамасыз етумен байланысты кредиттеудің қатаң талаптарын қолдауға қатысты бөлігінде банктердің әсеріне ықпал етеді.


III. Тәуекелдер картасы


Банктер пікіртерім нәтижесі бойынша несие портфелі сапасының аздап нашарлауының жалғасуын атап өтті. Банктер пайдаланатын несие портфелінің сапасын жақсарту және тәуекелдерді төмендету жөніндегі негізгі шаралар төменде келтірілген:


- заемшылардың берешектерін қайта құрылымдау бағдарламасын кеңейту;

- активтерді қысқарту тактикасы («активтердің көлемі емес, сапасы» ұстанымы);

- клиенттердің қаржылық жай-күйін мұқият талдау және мониторинг жүргізу;

- сақтандыру компанияларымен жұмыс (қаржы тәуекелдердін сақтандыру);

- коллекторлық рәсімдерді күшейту;

- операциялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі рейтингілік модельдер мен рәсімдерді ендіру.


Банктердің бағасы бойынша жұмыс істемейтін заемдардың шегі әлі бола қойған жоқ, сондықтан таяудағы 3 айда несие портфелі сапасының одан әрі аздап нашарлауын банктердің 71%, 23% - сол деңгейде сақталуын күтеді. Корпоративтік сектор және жеке тұлғалар бойынша мынадай мәндер белгіленді: тиісінше 59% және 61% – нашарлауы; 35% және 33% - бұрынғы деңгейде. Алдыңғы тексеру кезеңімен салыстырғанда портфель сапасының нашарлауын күтетін банктер санының өскені байқалып отыр.

Қосымша қаржыландыру көздеріне қатысты жоғары басымдылық алдыңғы кезеңдегідей заңды және жеке тұлғалардың (79% және 71% жоғары басымдылықты байқады) салымдарын тартуға берілді. Банктер бүгінгі күні бәсекелестік факторының депозиттерді тарту саласында маңызды рөлі бар екендігін атап өтті, ол 1-тоқсанда мемлекеттің кейбір ірі банктер капиталына енуіне байланысты біршама шиеленісе түсті.

Жұмыс істейтін акционерлердің қаражаты есебінен капиталдың ұлғаюы (респонденттердің 54%) және алынған пайданы қайта инвестициялау (респонденттердің 41%) екінші деңгейдегі банктердің арасындағы жоғары басымдылықты сақтайды.

Банк секторын және экономиканы мемлекет тарапынан қолдау жөніндегі шараларға қатысты банктердің пікірі өзгермей қалды – респонденттердің 50%-ға жуығы қабылданып жатқан шараларға және болжамды шараларға оң қатынасын білдірді. Осы уақытта банктер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бағдарламасы арқылы мемлекеттік қаражатты экономикаға және халыққа тиімді беру міндетінің басымдылығын атап өтті.

Банктер ұшырайтын тәуекелдерге қатысты айтар болсақ, онда кредиттік тәуекел (респонденттердің 83%-ы), валюталық тәуекел (респонденттердің 51%-ы) және өтімділік тәуекелі (респонденттердің 37%-ы) бөлігінде едәуір өскені тіркелді. Валюталық тәуекелдің едәуір өсуі 2009 жылдың 1-тоқсанында ұлттық валютаға жүргізілген құнсызданудан туындады. Құнсызданудың банктік нарыққа ықпалы банктерді шартты түрде 2 топқа бөлді: өз заемшылары арқылы несие портфелінің сапасына теріс ықпалды жанама бастан кешірген банктер мен оның ықпалын кешеуілдеу тиімділігімен күткен банктер. Сонымен бірге, өз валюталық ұстанымдарын теңестіру туралы алдын ала қам жеген банктердің көп бөлігі құнсызданудың тікелей ықпал етуінен құтылып шықты.

К
8-диаграмма. Екінші деңгейдегі банктердің кредит тәуекелін қабылдауы


редит тәуекелі деңгейінің өсуін нақты орташа бағалау алдыңғы тексерілетін кезеңнің күтулерімен сәйкес келді (8-диаграмма).
Тәуекелдерді басқарудың қолданылған шараларына қарамастан, 2009 жылғы 2-тоқсанда банктердің 85% кредиттік тәуекелдің бұдан әрі өсуін күтуде.

Кредиттік тәуекелден кейін өтімділік тәуекелі (респонденттердің 37%) және операциялық тәуекел (респонденттердің 34%) болады. Валюталық тәуекел мәнінің төмендеуі ұлттық валютаның ағымдағы айырбастау құнының сақталуын оптимистік күтуге және валюталық ұстанымдарда айырмаларды жою жөніндегі қабылданған шараларға байланысты.

Резидент еместер алдындағы 2009 жылғы 1-тоқсандағы міндеттемелерді өтеудің көздеріне қатысты (1-кесте), банктердің жауаптары бойынша, орташа алғанда2 ішкі міндеттемелер есебінен банктер 60%, активтерді қысқарту және резиденттерге талаптар есебінен - өтеулердің 16% жуығын жапты. ГЭП қорландыруының қалған үлесі резидент еместерге алдында міндеттелерді сыртқы нарықта қаржыландыруға (12%), сыртқы активтердің төмендеуіне (6%) және капиталдың ұлғаюына (3%) тиесілі.


1-кесте. 2009 жылғы 1-тоқсанда резидент еместер алдындағы міндеттемелерді өтеудің

көздерін бөлу


Дерек көздері

10

10

20

30

40

50

60

70

80

90<

Резидент еместерден қаржыландыруды тарту (міндеттемелердің ұлғаюы)

5*

(32,17%)**

1

(2,4%)







1

(7,8%)







1

(0,0003%)




1

(2,12%)

Ішкі қаржыландыру (міндеттемелердің ұлғаюы)

1

(0,0003%)

1

(0,99%)

1

(7,8%)




1

(13,76%)

1

(8,6%)




3

(9,9%)

2

(2,4%)

4

(28,42%)

Капиталдың ұлғаюы

5

(31,34%)

























1

(0,0005%)

Активтерді іске асыру/ резидент еместерге талаптардың қысқаруы

5

(17,68%)

1

(13,76%)

1

(19,65%)



















1

(0,11%)

Активтерді іске асыру/ резиденттерге талаптардың қысқаруы

5

(17,7%)




1

(13,76%)




1

(8,64%)







2

(20,64%)




1

(0,23%)

* сұралған, жоғарыда аталған көздер есебінен міндеттемелердің өтеуін атап өткен банктер саны

** жоғарыда аталған көздер есебінен міндеттемелердің өтеуін атап өткен банктердің активтерінің үлесі


Келесі 12 айда банктер ішкі қаржыландыру есебінен сыртқы міндеттемелерді өтеу бойынша алдағы төлемдердің 42% жабылады деп бағалайды3 (2-кесте). Бұл ретте туындайтын қорландыру тапшылығы активтерді іске асыру есебінен (резиденттерге талаптардың қысқаруы) барынша белсенді түрде жабуды болжамдайды – сыртқы міндеттемелердің жоспарланған өтеулерінің 30%.

2009 жылы сыртқы нарықтардағы қайта қаржыландыру пайызы баға бойынша сыртқы міндеттемелердің жоспарланған өтеулерінен 15% деңгейінде (алдыменен шетелдік негізгі банктердің қолдауы есебінен) болды.


2-кесте. Алдағы 12 айда резидент еместер алдындағы міндеттемелерді

өтеудің көздерін бөлу

(2009 сәуір – 2010 сәуір)


Дерек көздері


10

10

20

30

40

50

60

70

80

90<

Резидент еместерден қаржыландыруды тарту (міндеттемелердің ұлғаюы)

4

(29,92%)

1

(2,24%)




1

(7,8%)










1

(0,0003%)

1

(2,4%)

3

(2,8%)

Ішкі қаржыландыру (міндеттемелердің ұлғаюы)

2

(2,44%)

2

(8,8%)




1

(13,76%)

2

(10,89%)







2

(7,61%)

1

(0,0001%)

3

(27,85%)

Капиталдың ұлғаюы, оның ішінде мемлекеттің қатысуы есебінен

4

(9,89%)

1

(7,8%)




1

(13,76%)
















1

(0,0005%)

Активтерді іске асыру/ резидент еместерге талаптардың қысқаруы

4

(23,52%)

2

(7,8%)

1

(19,65%)



















1

(0,11%)

Активтерді іске асыру/ резиденттерге талаптардың қысқаруы

3

(26,96%)

2

(10,06%)







1

(8,64%)







2

(20,64%)




1

(0,23%)




1 Осы және бұдан былайғы диаграммадағы нәтижелер респонденттер жауаптарының таза пайыздық өзгеруінің өзгеруі түрінде көрсетілді, ол қандай да болмасын параметрдің ұлғаюын/жұмсаруын атап өткен % респонденттердің және қандай да болмасын параметрдің төмендеуін/қатаңдатылуын атап өткен % респонденттердің айырмасы ретінде есептеледі. Бұл жағдайда диаграммада 2009 жылдың 1-тоқсанындағы нақты сұраныстың өзгеруі (нақтырақ алдыңғы 3 аймен салыстырғанда оның өзгермеуі) және сұранысты күтудің өзгеруі (2009 жылдың 2-тоқсанында сұраныстың өсуін күткен респонденттердің саны 2009 жылдың 1-тоқсанында сұраныстың өсуін күткен респонденттердің санынан жоғары) көрсетілген.

2 Орташа баға банктердің жауаптарына қарай қалыптастырылған - банктердің сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер графигі базасында есептелген үлес салмағын ескере отырып, көрсетілген диапазонның орташа мәні. Іріктеу – 11 банк – сыртқы нарықтардағы негізгі заемшылар.

3 Орташа баға банктердің жауаптарына қарай қалыптастырылған - банктердің алдағы пайызсыз сыртқы борышының негізгі сомасының өтеулері базасында (2009 жылғы сәуірден бастап 2010 жылғы сәуір), 31.12.08 жағдай бойынша бағалар базасында есептелген үлес салмағын ескере отырып, көрсетілген диапазонның орташа мәні. Іріктеу – 11 банк – сыртқы нарықтардағы негізгі заемшылар.






Похожие:

«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір iconЕкінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» бойынша екінші деңгейдегі 33 банкке зерттеу жүргізілді
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы шілде
Бұл ретте қорландыру ресурстары үшін жоғары бәсекелестік, тәуекелдің жоғары деңгейінде кредит операцияларының шектеулі кірістілігі...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан
Бұл ретте кредит ресурстарына1 сұраныстың нақты түсуі жеке тұлғалар тарапынан байқалса, ал корпоративтік сектор тарапынан заемдық...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы ақпан
Осы үрдіс активтер бойынша алғашқы бестікті құрайтын, активтердің 78% тиесілі болатын және кредиттеудің осы сегменттерінде көшбасшы...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде
Несие портфелі сапасын аздап қалпына келтіру жалғасып отыр, бұл ретте оның жақсаруын банктер салық заңнамасының жұмсаруымен және...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір

«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір iconЗерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қатысты бағалау неғұрлым айқын болып отыр
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы сәуір
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы сәуір
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір icon1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қаңтар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница