Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі




Скачать 491.58 Kb.
НазваниеНақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі
страница1/3
Дата конвертации07.02.2016
Размер491.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kzref.at.ua/_ld/3/334_y0t.doc
  1   2   3
§1. Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және

олардың жіктелуі



Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

1. Жұмсау мерзімі бойынша:

  • Қысқа мерзімді;

  • Ұзақ мерзімді:

  • Мерзімсіз.

2. Тағайындалуы бойынша:

  • Қаржылық;

  • Нақты.

3. Шығу тегі бойынша:

  • Бірінші;

  • Екінші.

4. Болу формасы бойынша:

  • Құжаттық;

  • Құжатсыз.

5. Ұлттық тегі бойынша:

  • Отандық;

  • Шетелдік.

6. Қолдану түрі бойынша:

  • Инвестициялық (капиталдық);

  • Инвестициялық емес.

7. Иемдену қатары бойынша:

  • Жеке;

  • Жалпы.

8. Шығарылым формасы бойынша:

  • Эмиссиондық;

  • Эмиссиондық емес.

9. Меншік формасы бойынша:

  • Мемлекеттік;

  • Корпоративтік.

10. Айналыс сипаты бойынша:

  • Нарықтық;

  • Нарықтық емес.

11. Тәуекелділік деңгейі бойынша:

  • Аз тәуекелділікпен;

  • Мүмкін үлкен тәуекелділікпен.

Тәуекелділік түрлерін мынаған бөлуге болады:

  • Капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелділік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;

  • Уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;

  • Заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелділік;

  • Өтімділік тәуекелділігі – инвестицияны өтізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелділік;

  • Нарықтық тәуекелділік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;

  • Кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелділік.

  • Проценттік тәекелділік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;

  • Валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.

12. Қолма-қол табыс бойынша:

    • Табыстық;

    • Табыссыз.

13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:

  • Борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;

  • Иелі үлестік – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ мүліктегі үлес;

  • Жеке жобалар.

14. Экономикалық мәні бойынша:

  • Мүліктік;

  • Міндеттік.

15. Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • Қаржылық (БЕС 8 «Қаржылық инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс);

  • Еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестиция (БЕС 13, БЕС 14, БЕС 15 және оған әдістемелік ұсыныс).

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлердің алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болшып бөлінеді.

Инвестиция өзінің алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар ― бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық­өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге ( бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куіәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:

бағалы қағазды ұсынушыға ― құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.

атаулы бағалы қағаздар ― белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.

ордерлік бағалы қағаздар ― ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп ― индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздары төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттерінің бардық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және кооперативтік (шаруашылық жүргізуші субъктілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық­шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акцтялар, облигацтялар) және саудалық (коммерцтялық вексельдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер және т.б.) болып бөлінеді.

Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Саудалық бағалы қағаздар коммерцтялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз ― қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі ― бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағлалы қағаздардың атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шарт­ ты бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.

Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Инвестор инвестицтялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип ― өсім қоржыны, екінші тип ― табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен процнттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың маскималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент ­ кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативік қоржынның өсаімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттерден табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақщалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялардан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық конъктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқа жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі. Ақша нарығының қоржындары капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақщалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағасын көтерсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.

Инвестиция – экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инфестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төменбеуімүмкін.

Инвестициялардың мақсаты ― жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестициялар-ға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.

Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капииалына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.

Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуыына болады.


§2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,

еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің

инвестициясының есебі


Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 94-бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаны қалыптастырған жарғылық капиталдың бір бөлігіне иелік етуші заңды тұлға еншілес б.т. немесе жасалған келісімшартқа сәйкес негізгі серіктестік еншілес серіктестік қабылдаған шешімді анықтай алады. Негізгі серіктестік еншілес серіктестікке толық (100%) немесе толығырақ (90%) бақылау жүргізе алады.

Бақылау – бұл оның қызметінен пайда алу мақсатында серіктестіктің қаржылық және басқа саясатын анықтау құқы.

Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржылан-дырылатын объекеті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-дан астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50%-дан аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.

Инвестицияның есебі 2-бөлім «Ұзақ мерзімді активтер» шоттарында жүргізіледі, оның құрамына:

  • 2200 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар»

  • 2210 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар»

  • 2300 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар»

  • 2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар»

  • 2320 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы»

Тәуелді шаруашылық серіктестердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал еткінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да бола алмайды. Субъектінің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-дан астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвести-циясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:

    • үлестік қатысу әдісі;

    • құн әдісі.

Үлестік қатысу әдісі – инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инверсордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серік- тестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығысға) жатқызылады.

Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.

Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.

Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.

Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.

Егер де тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтері қайта бағаласа, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсіі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады.

Мысал. “Шығыс” ААҚ қоғамы “Темір” ААҚ-ның 33% және “Цемент” ААҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акйияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге құраған.

“Шығыс” ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша “Темір” ААҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал “Цемент” ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен. Ал келесі жылы “Темір” ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “Цемент” ААҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.

Екінші жылдың қорытындысы бойынша “Темір” ААҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, ал “Цемент” ААҚ – 1500 мың теңге деңгейінде зиян шеккен.




Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан (немесе олардан алынған) баға бойынша акциялары сатып алынды:

- “Темір” ААҚ - 33% айналыстағы акциясы

- “Цемент” ААҚ - 28% айналыстағы акциясы



3 110 000

4 600 000


2210




3310



Жиыны

7 710 000







Бірінші жылы

2.

“Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының объектілерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып, инвестицияның құны өскен. “Шығыс” ААҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99 000 теңге құраған (300 000 * 33%)



99 000




2210



5320

3.

Бірінші жылдық нәтижесі бойынша:

- инвестицияның құнының өсуімен бірге “Шығыс” ААҚ үлесі де өскен, өйткені “Цемент” ААҚ үлесі 1 400 000 теңге құраған (5 000 000 * 28%)

- “Темір” ААҚ зиян шеккендіктен, “Шығыс” ААҚ инвестициясының құны да азайған. “Темір” ААҚ шеккен зияннан “Шығыс” ААҚ-на тиесілі 3 267 000 (9 900 000 * 33%) теңге құраған

- Шеккен зиянның үлесі инвестицияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58 000 теңге сомасы баланстан тыс шотта есепке алынған (3 267 000 – 3 110 000 – 99 000)

- “Цемент” ААҚ-тан “Шығыс” ААҚ-на тиесілі дивиденд сомасына инвестиция құны азайды, “Шығыс” ААҚ-ның алынатын дивиденд сомасы 560 000 теңге құраған (2 000 000 * 28%)



1 400 000


3 209 000


58 000


560 000



2210


7610


011


2140



7610


2210


-


2210

4.

Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс” ААҚ өз балансында “Цемент” ААҚ 5 440 000 теңге сомасындағы инвестициясын ғана көрсеткен (4 600 000 + 1 400 000 – 560 000)










Екінші жылы

5.

“Шығыс” ААҚ-ында инвестициясының құны азайған, өйткені “Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының құнын арзандатқан:

- бұрындары жасалған қайта бағаланған сомасының шегінде

- бұрындары артық жасалған соманың негізінде 36 300 теңге (135 300 – 99 000)




99 000


36 300



5320


7450



2210


2210

6.

“Цемент” ААҚ өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, “Шығыс” ААҚ-ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны өскен



140 000



2210



5320

7.

Екінші жылдың нәтижесі бойынша:

- “Темір” ААҚ таза табысында “Шығыс” ААҚ қатысу үлесі өсуіне байланысты инвестицияның құны өскен. Қатысу үлесі 33 000 теңге құраған (1 000 000 * 33%). Өткен кезеңде зиян шеккендіктен, осы ағымдағы кезеңдегі инвестицияның өскен құны баланстан тыс шотта есепке алынған, сол зиян сомасы ескерілген соң барып, өскен құны көрсетіледі [272 000 (330 000 – 58 000)].

- “Темір” ААҚ-нан “Шығыс” ААҚ-ның алатын дивиденд сомасына инвестицияның құны азайтылды 660 000 (200 000 * 33%)

- “Цемент” ААҚ зиян шеккендіктен ондағы “Шығыс” ААҚ үлесі азаюына байланысты инвестицияның құны азайтылды


272 000


58 000


66 000


420 000


2210


-


2140


7610


7610


011


2210


2210




Екінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс” ААҚ балансында 5 160 000 теңгеге “Цемент” ААҚ-ның және 70 700 теңге “Темір” ААҚ-ның инвестициясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5 230 700 теңге құрады











Құн әдісі – инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсе-тілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктесті-гінің жинақталған жалпы таза табысының дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

Инвестиция сатиып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе нивестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеу-лерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивиденттерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табысмтарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.

Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инестордың балансы сол сомаға азаяды.

Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға ораламаыз. Екінші жылдың наурызында “Темір” ААҚ – 3500000 теңгеге, ал “Цемент” ААҚ – 5000000 теңгеге өз акцияларын сатқан. Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік:




Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Заңды тұлғалардан, онда қалыптасқан (немесе олардан алынған) бағасы бойынша акциялары сатып алынды:

- “Темір” ААҚ - 33% айналыстағы акциясы

- “Цемент” ААҚ - 28% айналыстағы акциясы



3 110 000

4 600 000


2210


4110

Жиыны

7710000







2.

Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Цемент” ААҚ 2000 мың теңгеге дивидендті жария еткен, сондықтан “Шығыс” ААҚ оны табыс ретінде көрсетуі керек 373 333 теңге (2 000 000 * 28%/12) яғни инвестицияны алғанға дейін алынған табыс – 186 667 теңге (2 000 000 * 28% * 4/12), инвестицияның баланстық құнын азайтады



373 333


186 667



2170


2170



6120


2210

3.

Келесі жылдың наурызында сатылған инвестиция:

- инвестицияның баланстық құнының сомасына

- инвестицияны сатқан кездегі, оның келісімшарттық құнына


7 523 333

8 500 000


4710

2110


2210

6210

4.

Сатып алушылар ұсынылған шотты төледі

8 500 000

1030

2110


Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.

Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Енші-лес шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі секріктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:

    • үлестік қатысу әдісі;

    • ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.

Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестицияны бөліп, біріктірілген қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлоық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:

    • егер де еншілес серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;

    • егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаржатын қайтару қабілетін төмендетеді.

Негізгі серіктестіктің біріктірілген есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі боцынша ескеріледі.

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестиция-сының есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзегеасыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісімшартын жасайды.

Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады:

    • бірлесіп бақылайтын өндіріс;

    • бірлесіп бақылайтын активтер.

Бірлесіп бақылайтын өндіріс – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысу-шылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.

Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың жне т.б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.

Бірлесіп бақыланатын активтер – жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.

Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.




Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің мына игіліктерді салу арқылы инвестициялвры жасалынды:

- тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер

- ақша қаражаттары

- есеп беретін адамдарға берілген соманың есебінен

- еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерден

- заңды және жеке тұлғалардан



200 000

300 000

50 000

600 000


450 000



2210

2210

2210

2210


2210





1330,2400, 2700

2150

4120, 4130


4110, 4170

Жиыны

1 600 000







2.

Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен инвестициялар

100 000

2210

6130

3.

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер өз активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын өсіреді



300 000



2210



5320

4.

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын төмендеткен:

- бұрындары жасалған қайта бағалау сомасының шегінде

- бұрындары жасалған қайта бағалаудың артық жасалған сомасына



300 000


150 000



5320


7470



2210


2210

5.

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен


540 00


2210


7610

6.

Инвестицияны үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алған кезде инвестордың алатын (немесе алуына жататын) дивидендтер сомасына инвестицияның құны азайды


140 000


2120, 2130, 2170


2210

7.

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуімен байланысты инвестицияның құны азайды


2 000 000


7610


2210

8.

Егер де инвестицияның баланстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс шоттарда есепке алынады


50 000


011


-

9.

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен кезде бұрындары инвестиция құнын төмендету үшін есептен шығарылған құн қалпына келтіреді, бұл кезде баланстан тыс шоттар жабылады



300 000



2210




7610


10.

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясы сатылды:

- инвестицияның баланстық құнына

- инвестицияның сатылған бағасы бойынша



300 000

700 000



7410, 1210

1280, 1220



2210, 2310

6210


  1   2   3

Похожие:

Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі iconТақырыбы: Қаржы құқығының ұғымы мен түрлері және мемлекеттің қаржылық қызметі
Осыған байланысты Қазақстан республикасында мемлекеттік, қоғамдыө жіне әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың...
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі icon3 І. Дебиторлық Қарыздар жөніндегі түсінік және олардың жіктелуі
Кіріспе 3
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі iconКіріспе
Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары 16
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі icon1-тақырып. Қылмыстык атқару құкығының ұғымы, жүйесі және маңызы
Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі icon«6М060200 информатика» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы
Сандық тізбектер. Бұл тақырыпта сандық тізбектің ұғымы беріледі: тізбектерге математикалық амалдар қолдану, шекті және шексіз тізбектер,...
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі iconСтуденттеріне арналған Бюджеттік және қаржылық ұйымдардағы
«Бюджеттік және қаржылық ұйымдардағы қаржылық бақылау мен аудит» пәні бойынша
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі icon«Компьютерлік желілер» Компьютерлік тораптардын жіктелуі. Локальды және глобальды тораптар. 1
Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі. Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық...
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі icon«саф» шыны жасау компаниясы» АҚ-ы акция шығару проспектiсi
Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғалары нақты жобадағы ақпараттың дұрыстығына жауапкер болады және оның iшiндегi барлық ақпараттың...
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі icon«Компьютерлік тораптар» Компьютерлік тораптардын жіктелуі. Локальды және глобальды тораптар. 1
Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі. Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница