Скачать 0.62 Mb.
|
"Өрнек XXI" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ "Өрнек XXI" АҚ ОБЛИГАЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ПРОСПЕКТІСІ қамтамасыз етілмейтін купондық облигациялар, шығарылатын саны 40 000 000 (қырық миллион) дана Уәкілетті органның облигациялар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеуі (облигациялық бағдарлама) инвесторларға шығарылым проспектісінде сипатталған облигацияларды сатып алуға қатысты қандай да болмасын ұсыныстамалар беруді білдірмейді, уәкілетті орган осы құжаттың мазмұны үшін жауапкершілік көтермейді. Қаржы есебінің аудитін аудиторлық фирма - "АСАР-Аудит" ЖШС жүргізеді, 2003 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік лицензия №266, Директор - Михайленко Л.И., 1998 жылғы 21 ақпандағы біліктілік куәлік № 0000363, аудиторлық қызметпен айналысуға 2001 жылғы 13 ақпанда берілген мемлекеттік лицензия МФ № 0000267. Алматы, 2005 1. Эмитент туралы жалпы мәліметтер
Өткізілген қайта құру, қайта құрылған заңды тұлғаларға және эмитентке қатысты құқылы мирасқорлық туралы мәліметтер "Өрнек XXI" АҚ мемлекеттік тіркеуге алынған кезінен бастап "Өрнек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің барлық міндеттемелері бойынша оның құқылы мирасқоры болып табылады. Өзгеру жолымен қайта құры жолымен құрылған.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әділет бөлімімен 2004ж. 27 желтоқсанда берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 39-1907-12-АҚ.
СТН 091 200 011 431
Заңды мекен-жайы: 040400 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ., Алтын Адам Аллеясы, 58 Нақты мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480050 (жаңа индекс 050050), Алматы қаласы, Рысқұлов д-лы, 69 тел. 8 (3272) 942-441 факс 8 (3272) 942-553 электронды поштасы: au-group@au-group.kz
"Өрнек XXI" АҚ мемлекеттік тіркеуге алынған кезінен бастап "Өрнек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің барлық міндеттемелері бойынша оның құқылы мирасқоры болып табылады. "Өрнек" ЖШС атауы 32-ден астам: вазалар, құмыралар, қабырға панносы, бокалдар, сорпаға арналған жинақ ыдыстар, гүлдерге арналған қыш ыдыстар, тағы да басқа бұйымдар шығарумен айналысты. "FOOD - Master" компаниясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тапсырыстары орындалды. "Өрнек" ЖШС сауда-делдалдық қызметпен – металлды, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді сатып алу-сатумен айналысты. Қыш бұйымдарды шығаруға арналған шикізат ретінде Түрген қыш балшық кенорны қолданылды. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алтын Алдам аллеясы, 58 мекен-жайы бойынша Есік қаласында зауыт орналасқан. Түрген қыш балшық кенорны Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, 9 км жерде, Түрген-Ассы автожолынан 8 км, Түрген кентінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдан бастап Компанияның жаңа инвесторы – «АЮ» АҚ пайда болды, оның арқасында кәсіпорынды жаңа сапалы деңгейге ілгерілету мүмкін болды – сыртқы сылақ жабыны қолданылмайтын қуаттылығы жылына 25-30 миллион дана қаптама күйіктас кірпіш шығаратын кәсіпорын құрылды. Жоба немістің қаптама күйіктас кірпішшін шығару технологиясына негізделген. Осы зауыттың орналасқан жері – Алматы қаласы. Өнімнің фирмалық атауы - "Кремлевский" кірпіші. "Кремлевский" маркалы кірпіш қалаларымыздың көрінісінің жақсаруына әсер ететіні сөзсіз, себебі қазіргі заманғы құрылыс материалдарына қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келеді. Кәсіпорынның мақсаты болашақта қолданылу саласы әртүрлі қаптама күйіктас кірпішінің кең номенклатурасын (30-дан астам түрлеры мен нысандарын) ұсыну. Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдарына деген өсіп келе жатқан сұранысты ұқсас ресей кәсіпорындары бұйымдарынан 30% төмен болатындай бағалар жағынан қанағаттандыру Компанияның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. 2004 жылғы 24 желтоқсанда "Өрнек" ЖШС құрылтайшысы - "АЮ" АҚ "Өрнек XXI" АҚ-на өзгерту жолымен "Өрнек" ЖШС қайта құру туралы шешім қабылдады.
Эмитентке қаржы агенттігінің мәртебесі берілген жоқ.
Шығарылым Проспектісі әзірленгенге дейін эмитентке халықаралық және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтер жоқ.
Корпоративтік басқару кодексі "Өрнек ХХІ" АҚ Директорлар кеңесі отырысының Хаттамасымен бекітілген (2005 жылғы 19 мамырдағы №3 Хаттама). 2. Эмитенттің басқару органдары
Акционерлік Қоғамның басқару органдарының құзыреті Акционерлік Қоғамның Жарғысымен, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-XXI Заңмен анықталады. |
![]() | «Альянс Банк» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасының шектерінде екінші облигациялар шығарылымының проспектісі Осы облигациялар шығарылымы «Альянс Банк» акционерлік қоғамының уәкілетті орган тіркеген (12. 04. 05 жылғы № В57) облигациялық бағдарламасының... | ![]() | «Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғалары осы құжатта берiлген ақпараттың сенiмдiлiгi үшiн жауапкершiлiк көтередi және онда көрсетiлген... |
![]() | Әріпті өрнектің мәнін табу (10-а) Білімділік: 10-а өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. Санды өрнек пен әріпті өрнек туралы білімдерін пысықтау, өрнек құра білуге,... | ![]() | А кциялар шығарылымының проспектісі Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың... |
![]() | Акция шығарылымының проспектісі Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі аќпараттыњ шынайылыѓы ‰шін жауап береді жєне онда берілген барлыќ аќпараттыњ... | ![]() | “варваринское” АҚ акциялар шығарылымының проспектісі Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың... |
![]() | Үшінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспекті Уәкілетті органның облигация бағдарламасы шығарылымының проспектін мемлекеттік тіркеуі инвесторларға шығарылым проспектінде жазылған... | ![]() | Ұлттық қол өнершілерді атаңыз Үй тапсырмасы Тақырыбы: Мотивті өрнек, өрнектердің мотивтерін зерттей отыра киім ерекшеліктеріне түсіру |
![]() | Положение о республиканском конкурсе учащейся молодежи Кыргызской Республики "Интеллектуалы XXI века" Интеллектуалы XXI века призван способствовать повышению уровня образования и научно-технического творчества учащейся молодежи; их... | ![]() | 1. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс дегеніміз Жер бетінен белгілі бір биіктікке көтерілген дененің потенциялдық энергиясына сәйкес келетін өрнек |