Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г




Скачать 156.02 Kb.
НазваниеИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дата конвертации06.02.2016
Размер156.02 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.inbi.ras.ru/pbm/v43/
Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.

Ќараѓанды мемлекеттік медициналыќ университеті


Патологиялыќ анатомия жєне сот медицина кафедрасы


ДЄРІС


Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)»

Пєн: «Патологиялыќ анатомия»

Мамандыќ: «051302 – Стоматология»

Уаќыт (±заќтыѓы) 1 саѓат


Ќараѓанды 2011ж.

Таќырыбы: Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы

Маќсаты: Атеросклероз, гипертониялыќ ауруѓа аныќтама беруге ‰йрету. Атеросклероздыњ кезењдерін ажырату, микро-, макроскопиялыќ жєне электрондыќ-микроскопиялыќ гипертониялыќ аурулар негізінде зерттеу. ЖИА мен атеросклероздыњ ќарым-ќатынасын т‰сіндіру.

Дєрістіњ жоспары:

  1. Атеросклероз.

  • Ќазіргі заманѓы даму теориялары

  • Клинико-морфологиялыќ сипаттамасы

  • Асќынуы, аќыры

  1. Гипертониялыќ ауру

  • Ќазіргі заманѓы даму теориялары

  • Клинико-морфологиялыќ сипаттамасы

  • Асќынуы, аќыры

    1. ЖИА, атеросклерозбен ќарым-ќатынасы

  • Ситуациялыќ тапсырмалар:

  1. Іш ќуысыныњ оќыстан ауырсынуына, єлсіздікке шаѓымданѓан науќас клиникаѓа т‰сті. Бірнеше минуттан соњ есін жоѓалтып, пульсі жиілеген. Операция жасалѓан. Іш ќуысынан 1500мл-ѓа жуыќ ќанды с±йыќтыќ аныќталѓан, ќолќаныњ іш ќуысы бµлімі ќап тєрізденіп ісінген, ќабырѓасы ж±ќарѓан.

А) Ќ±рсаќ ќуысына ќан ќ±йылуына аортадаѓы ќандай µзгерістер себеп болды?

Б) Б±л т‰зілістіњ ќандай нысаны туралы ойлауѓа болады?

В) Пайда болѓан т‰зілісте ќандай µзгерістер дамыѓан?

Г) Келтірілген жаѓдайда ќандай аурудыњ асќынуы жайлы айтылѓан?

Дєрістіњ тезисі

Атеросклероз (гр.: аtћеге — ќойыртпаќ; sklerosis — ќатаю, шорлану) — майлар мен белоктар д±рыс алмаспаѓандыќтан, эластикалы жєне б±лшыќетті-эластикалы тамырлардыњ ішкі ќабатына майлар мен белоктар шµгіп, сол жерлерде талшыќты дєнекер ткань кµбейіп, склероз дамитын ауру.

Адам атеросклерозбен, єдетте, µмірініњ екінші жартысында сырќаттанады. "Атеросклероз" бен "артериосклероз" аталымдарыныњ мєнін ажырата білген жµн. "Артериосклероз" аталымы артерияларда єрт‰рлі басќа да себептер мен механизмдер негізінде туындайтын склерозды атау ‰шін ќолданылады. Ал атеросклероз — артериосклероздыњ липидтер мен белоктар д±рыс алмаспаѓанда дамитын, метаболизмдік т‰рі. Б±л терминді алѓаш рет 1904 жылы Маршан ±сынѓан-ды, кейін оны Н.Н. Аничков эксперименттік деректермен дєйектей т‰сті. Сондыќтан атеросклероз Маршан — Аничков ауруы деп те аталады.

Этиологиясы, патогенезі мен морфологиялыќ бейнесі т±рѓысынан артериосклероздыњ мынадай т‰рлері болады: 1) атеросклероз ("метаболизмдік артрериосклероз"); 2) артериолосклероз, яки гиалиноз (мысалы, гипертония ауруында); 3) ќабынулыќ артериосклероз (мысалы, сифилисте, туберкулезде); 4) аллергиялыќ артериосклероз (мысалы, т‰йіншекті периартериите); 5) уытты єсерлік (токсикалы) артериосклероз (мысалы, адреналиндік); 6) артерияныњ ортањѓы ќабатыныњ бірінші ретті кальцинозы (Менкеберг медиакальцинозы); 7) жасќа байланысты (кєрілер) артериосклероз.

Атеросклероздыњ макроскопиялыќ бейнесініњ даму барысын: 1) майлы даќтар мен жолаќтар; 2) фиброзды т‰ймешелер; 3) ойыќ жаралар, ќанды ошаќтар мен тромбылы ќатпарлар сияќты асќынѓан заќымды фиброзды т‰ймешелер жєане 4) кальциноз бен атерокальциноз процестері жаќсы бейнелейді.

Майлы даќтар — сары немесе бозѓылт сары т‰сті учаскелер; интиманыњ ‰стіњгі бетінен аспайды. Кейде б±л учаскелер бірігіп, жолаќшалар т‰зеді. Даќтар мен жолаќтардыњ ќ±рамына липидтер кіреді. Майды аныќтауѓа ќолданылатын судан III сияќты бояулармен тамырды т±тас бояѓанда липидтер айќын кµрінеді. Алќашќы кезде майлы даќтар мен жолаќтар ќолќаныњ артќы ќабырѓасы мен тарамдарыныњ саѓасында ѓана, ал кейін ірі артериялардыњ іргесіне де жиналады.

Жасы ±лѓая келе, ерте ќалыптасќан физиологиялыќ липидоз кµбіне µздігінен жойылып, атеросклероздыќ процестер єрі µрістемеуі м‰мкін.

Фиброзды т‰ймешелер — ќ±рамында липидтер бар, сопаќтау не дµњгелек бітімді, аќ не аќсарѓыш т‰сті ќ±рылымдар; интиманыњ ‰стіњгі бетінен асып, томпайып т±рады. Фиброзды

ж‰ректіњ, мидыњ, б‰йректіњ, ќол-аяќтыњ артериялары, мойын артериялары, т.б. Кµбінесе тамырлардыњ гемодинамикалыќ (механикалыќ) єсер басымыраќ жерлері заќымдалады (артериялардыњ б‰гіліс-б±рылыстары, саѓасы мен ќатты аѓза жаќтаѓы ќабырѓалары).

Асќынѓан заќымды т‰ймешелер т‰зілгенде олардыњ ішіндегі майлы-белокты кешендер ыдырап, µлексе (детрит) т‰зіп, кењіген (ретенциялыќ) май бездерінде жиналатын ќойыртпаќ тєрізді зат, — атеромаѓа айналады. Б±л атеромалы µзгерістер деп аталады. Атеромалы µзгерістер µрши келе т‰ймешелердіњ ‰сті заќымдалады да, оныњ ішіне ќан жиналады (интрамуралдыќ гематома), ойыќ жаралар (атеромалыќ ойыќ жаралар) пайда болып, тромбылар т‰зіледі. Артериялар к‰рт бітеліп, инфаркт дамиды, тромбылар мен атеромалыќ бµлшектер эмболдарѓа айналады, тамырдыњ ойыќ жаралы жерлерінде аневризма ќалыптасып, атеромалы ойыќ жара біртіндеп заќымдалып, кейде ќан кетеді.

Кальциноз (атерокалъциноз) — атеросклероздыњ соњѓы сатысы. Фиброзды т‰ймешелерге кальций шµгіп, олар ізбестенеді, ќатайып тасќа айналады (т‰ймешелердіњ петрификациялануы). Тамырдыњ петрификат ќалыптасќан жерлері сиыќсызданады (деформация).

Атеросклероздыњ макробейнесіне тєн процестер кµбіне ќосарланып дамиды. Сондьќтан бір мезгілде, бір тамырда (мысалы, ќолќада) майлы даќтар мен жолаќтар да, фиброзды т‰ймешелер мен тромбылар да, атеромалы ойыќ жаралар мен атерокальцинозды жерлер де болады. Б±л атµросклероздыњ толќымалы аѓымды ауру екендігініњ дєлелі.

Микроскопиялыќ тєсіл атеросклерозѓа тєн µзгерістердіњ сипаты мен даму барысын дєлірек айќындай т‰суге м‰мкіндік береді. Осы тєсілдіњ деректеріне с‰йене отырып, атеросклероздыњ морфогенезі: 1) липидозѓа дейінгі; 2) липидті (-озды); 3) липосклерозды; 4) атеромалы; 5) ойыќ жаралы жєне 6) атерокальцинозды деп аталатын сатыларѓа жіктелетін болды.

Липидозѓа дейінгі сатыда жалпы метаболизм б±зылып (гиперхолестеринемия, гиперлипидемия дамиды; ќан плазмасына ірі дисперсиялы белоктар мен мукоидты заттар жиналады, гиалуронидазаныњ єсері жанданады, т.б), соныњ салдарынан жања µнімдер пайда болып, интиманы "жараќаттайды". Интимада мына процестер орын алады: 1) эндотелий мен интималыќ мембрананыњ µткізгіштігі артып, тамырдыњ ішкі ќабатына плазмалыќ белоктар мен фибриноген (фибрин) жиналады, тамырлардыњ іргесіне жайпаќ тромбылар т‰зіледі; 2) ќышќыл глюкозамингликандар жиналып, тамырдыњ ішкі ќабаты мукоидты ісініп, тыѓыздыѓы µте тµмен липопротеидтер мен тµмен липопротеидтер жєне холестерин мен белоктар шµгіп, олардыњ интимаѓа бекуіне ќолайлы жаѓдай туады; 3) интиманыњ эндотелиі мен базальдыќ мембранасы, эластикалы жєне коллагенді талшыќтары ыдырап, µткізгіштігі артады, µзгерген заталмасу процесінен туындаѓан µнімдер сіњіп, бірыњѓай салалы б‰лшыќеттіњ клеткалары кµбейеді.

Хондроитинсульфаттар мен холестерин сияќты заттар эластикалыќ ќ±рылымдарды заќымдап, кейде интимаѓа шµгеді.

Липидозѓа дейінгі сатыныњ даму мерзімі липолиз бен протеолиздік (фибринолиздік) ферменттердіњ аќаулы метаболизмнен т‰зілген µнімдерден интиманы "ластандырмай", "таза саќтау" м‰мкіндігіне байланысты. Б±л сатыда аталѓан ферменттердіњ интимадаѓы єсері кµбіне жоѓары болады. Олардыњ єсері сарќылѓан кезде атеросклероздыњ келесі сатысы — липидоз басталады.

Липидоз сатысында липидтер (холестерин), липопротеидтер, белоктар єсіресе интиманыњ ‰стіњгі ќабатыныњ єр жеріне сіњіп, майлы даќтар мен жолаќтар т‰зеді. Интимаѓа сіњген майларды бірыњѓай салалы б±лшыќет клеткалары мен макрофагтар сіњіреді. Б±л клеткалар кµпіршікті немесе ксантомдыќ (грекше: хаntћоs — сары) клеткалар деп аталады. Эндотелийде де липидтік тамшылар болады. Олар интимаѓа ќан плазмасынан сіњеді. Эластикалы мембраналар ісініп, ыдырайды.

Липосклероз сатысында жиналѓан липидтер ыдырап, эластикалы жєне аргирофильді мембраналары заќымдалѓан жерлерге µндіршін дєнекер ткань µседі. Ошаќтана µскен дєнекер тканьніњ жас элементтері жетіле келе, фиброзды т‰ймеше (бляшка) т‰зеді де, онда vasa vasorum жалѓасќан ж±ќа іргелі жања тамырлар пайда болады.

Ќазір фиброзды т‰ймешелер артериялардыњ эндотелийі мен эластикалы талшыќтары заќымдалѓан жерлерде кµбейген бірыњѓай салалы б±лшыќет клеткаларынан ќалыптасады дейтін пікір де бар.

Атероматоз сатысында т‰ймешелердіњ ортасындаѓы майлы ќойыртпаќтар мен олардыњ тµњірегіндегі коллаген жєне эластикалыќ талшыќтар ыдырайды. Сµйтіп, холестерин мен май ќышќылдарыныњ кристалдарынан, эластикалы жєне коллагенді талшыќтардыњ ќалдыќ-ќиќымдарынан, нейтрал майлардыњ тамшыларынан (атеромалы детрит) ±саќ т‰йіршікті аморфты ќойыртпаќ т‰зіледі. Т‰ймешеніњ табаны мен жиегінде vasa vasorum-ды жайлай µскен жања тамырлар, ксантомдыќ клеткалар, лимфоциттер, плазмоциттер пайда болады. Атеромалыќ ќойыртпаќты пісіп жетілген, кейде тіпті гиалинденген дєнекер ткань (т‰ймешеніњ ‰стіњгі ќабыѓы) тамырлардыњ сањылауынан шектеп, бµліп т±рады. Тамырлардыњ ортањѓы ќабатындаѓы б±лшыќет талшыќтары да атеромалы ыдырауѓа ±шырайды, сондыќтан т‰ймеше "терењге" жайылып, тіпті кейде адвентицияны да ќамтиды. Асќынуды бейнелейтін процестер осы атероматоз процесінен басталады. Атероматоз µрши келе, жањадан ќалыптасќан тамырлардыњ іргелері ыдырап, т‰ймешеніњ ішіне ќан ќ±йылады (интрамуралдыќ гематома) жєне оныњ ‰стіндегі ќабыршыќ жыртылады. Сµйтіп, б±л µзгерістер ойыќ жаралы сатыны бейнелейтін атеромалы ойыќ жараларѓа ±ласады. Ойыќ жараныњ жиегі ±њѓылы, єрі тегіс емес, т‰бін тамырдыњ б±лшыќетті немесе сыртќы ќабаты шектейді. Интимадаѓы аќауларды кµбіне тромбылар жабады. Тромбылар тамырдыњ іргесінде жайѓасып немесе сањылауын бітеп т±руы да м‰мкін.

Атерокальциноз — атеросклероз ауруы морфогенезініњ ењ аќырѓы сатысы. Біраќ та ізбестену атероматоз кезінде, тіпті липосклероз сатысында басталады. Ізбес атеромалыќ ќойыртпаќтарѓа, фиброзды тканьге, эластикалы талшыќтар арасына шµгеді. Ізбес тым кµп шµккен жаѓдайда т‰ймешеніњ ‰сті ќабыршыќтанып, сынѓыш, ќатты табаќшаларѓа айналады. Т‰ймешелер ізбестену ‰шін эластолиз ќолайлы. ¤йткені эластикалы мембраналар ыдыраѓанда аспараген жєне глутамин ќышќылдары кµбейеді; олардан босаѓан карбоксилді топтар кальций иондарымен ќосылып, кальций фосфаты т‰рінде т±нба т‰зеді.

Атеросклероз ауруын клиникалыќ кезењдер мен сатыларѓа жіктеу оныњ морфогенезіне негізделген.

Атеросклероздыњ µршімелі (активті), т±раќты (активсіз) жєне кері даму фазалары біріне бірі ±ласып, оны толќымалы аѓымды ететіні де морфологиялыќ т±рѓыдан дєйектелген.

¤ршімелі (прогрессиялы) атеросклероз кезінде б±рынѓы липосклероз, атероматоз, атерокальциноз процестеріне, липидоздыњ жања толќыны ќосылып, ауру асќынып, атероматоз µрістейді, т‰ймешеге ќан ќ±йылады, тромбылар пайда болады. Соныњ салдарынан аѓзалар мен тканьдер ишемияѓа ±шырап, инфаркт, гангрена дамиды, ол жерлерге де ќан ќ±йылады. Ауру кері дамыѓан (регрессиялы) кезде т‰ймешелердегі липидтер шайылып, макрофагтар сіміріп, дєнекер ткань кµбейе т‰седі.

Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруыж‰ректе ќанайналымы толыќ тоќтаѓандыќтан немесе ќажетті шамадан кем болѓандыќтан дамитын сырќат. Сол себепті ишемиялыќ ауруы ж‰ректіњ тєждік (коронарлыќ) артерияларыныњ ауруы деп те аталады. Б±л сырќаттыњ єлеуметтік мєнін ескере отырып, Д‰ниеж‰зілік денсаулыќ саќтау ±йымы 1965 жылы оны "дербес" ауру деп таныды. Б‰гінгі тањда ишемиялыќ ауру єсіресе экономикасы µркендеген елдерде кењ таралѓан, тіпті оны эпидемиялы аурулар тобына жатќызбаќ ой бар. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы кенеттен ќазаѓа ±шыратуымен ќауіпті. Ол ж‰рек-тамыр сырќаттарынан болатын µлім-жітімніњ 2/3-ін ќамтиды. Б±л ауруѓа жасы 40—65-тер шамасындаѓы ер адамдар жиірек шалдыѓады.

Этиологиясы мен патогенезі. Миокард инфарктісініњ тікелей єсерлі себептері: ж‰рек артерияларыныњ спазмы; олардыњ іргесінде тромбылардыњ т‰зілуі; сањылауында тромбылыќ эмболдардыњ пайда болуы; осы артериялар атеросклероздан тарылып, миокардќа оны зорыќтыратындай к‰штіњ т‰суі. Дегенмен, б±лар ж‰рек б±лшыќетінде некроз бен оныњ зардаптарын дамытатын жергілікті ѓана себептер. Журектіњ ишемиялыќ ауруыныњ атеросклероз жєне гипертония ауруымен тыѓыз байланыстылыѓын ескерсек, оныњ этиологиясы аталѓан себептермен шектеліп ќана ќоймайтыны т‰сінікті. Атеросклероз бен гипертония ауруын µрістететін этиологиялыќ факторлардыњ барлыѓы, єсіресе психика-эмоциялыќ зорыѓу, ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруыныњ дамуына да себеп болады. Сондыќтан атеросклероз бен гипртония ауруы жєне ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы "‰зењгілесе" дамиды. Атеросклероз миокард инфарктісініњ бірен-саранында ѓана ж‰рек артерияларын заќымдамайды.

Ишемиялыќ аурудыњ, атеросклероздыњ жєне гипертония ауруыныњ патогенездік факторлары ортаќ. Олардыњ ішінде ењ мањыздылары: 1) гиперлипидемия, 2) артериялыќ гипертензия; 3) дененіњ артыќ массасы (семіздік); 4) дене ќимылыныњ аздыѓы; 5) темекі шегу; 6) кµмірсуларѓа толеранттылыќтыњ µзгеруі (мысалы, ќантты сусамыр); 7) несеп ќышќылды диатез; 8) генетикалыќ бейімділік; 9) еркек жыныстылыќ.

Аталѓан патогенездік факторларды эпидемиологтар ишемиялыќ ауруды туындататын ќауіпті факторлар деп атап, олардыњ єсерлілігін елдегі т±рѓындардыњ белгілі бір тобында (єдетте 1000 ер адам алынады) белгіленген мерзім ішінде (єдетте, 10 жыл) ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруыныњ басты бейнесі — миокард инфарктісін дамыту кµрсеткіші арќылы баѓалайды. Б±л т±рѓыдан,

гиперлипидемияныњ жеке µзініњ инфаркт дамытатын "болжамдыќ" ќ±ны 21% болса,

гиперлипидемия, артериялыќ гипертензия, темекі шегу, семіздік сияќты 4 ќауіпті фактор ќосарланып, 10 жыл бойы єсер еткен кісілердіњ жарымына жуыѓында, — 44%-ында, ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруын дамытатыны аныќталѓан.

Гиперлипидемия. Патогенездік фактор ретінде ол ишемиялыќ аурудыњ морфологиялыќ негізі — ж‰рек артерияларыныњ атеросклерозѓа шалдыѓуына єсер етіп ќана ќоймайды, сондай-аќ ж‰ректіњ тєждік артерияларында тромбоз процесін µрістетеді. Єдетте, тромбоздан б±рыныраќ липидоз толќыны байќалып, онымен сабаќтас атеросклероздыќ криз кµрініс береді. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруыныњ даму барысына ќантты сусамырѓа тєн гиперлипидемияныњ да єсері болатыны т‰сінікті жайт.

Артериялыќ гипертония миокард инфарктісініњ дамуына біртекті єсер етпейді. Ол атеросклероздыњ жалпы аѓымын, сондай-аќ ж‰рек артерияларыныњ атеросклерозын µршіте т‰седі, миокардќа к‰ш т‰сіреді, плазма жєне ќан кету процестеріне, тромбылы эмболияѓа ќолайлы жаѓдай туѓызады.

Семіздік пен дене ќимылыныњ аздыѓы зат алмасу процесініњ жалпы жєне жергілікті т‰рде б±зылуына жаѓдай жасаса, темекі шегу миокард инфарктісі мен оныњ зардаптары ‰шін ќолайлы вазомоторлыќ µзгерістерге т‰рткі болады.

Классификациясы. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруыныњ атеросклероз жєне гипертония ауруымен тыѓыз байланыстылыѓын естен шыѓармаѓан абзал. ¤йткені ол, — т‰птей келсек, атеросклероз бен гипертония ауруыныњ ж‰ректік нысаны оныњ морфологиялыќ мєні - ж‰ректіњ ишемиялыќ дистрофиясы, миокард инфарктісі жєне кардиосклероз.

Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруыныњ аѓымы толќымалы. Оныњ даму барысында тєждік артериялардыњ созылмалы (салыстырмалы) жеткіліксіздігі ќалыптасады да, оѓан мезгіл-мезгіл осы артериялар ќызметініњ жедел толыќ (абсолютті) жеткіліксіздігі ќосарланып, коронарлыќ криз байќалып отырады. Сондыќтан ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы жедел жєне созылмалы нысандарѓа бµлінеді. Ж‰ректіњ жедел ишемиялыќ ауруыныњ морфологиялыќ негізі миокардтыњ ишемиялыќ дистрофиясы болса, ж‰ректіњ созылмалы ишемиялыќ ауруыныњ ќ±рылымдыќ бейнесі – кардиосклероз (диффузды ±саќошаќты немесе постинфарктілік, яѓни ірі ошаќты) жєне оныњ зардабы ретінде дамитын ж‰ректіњ созылмалы аневризмасы.


    • Иллюстрациялыќ материал (ќосымшаны ќара)

Єдебиеттер:

Ќазаќ тілінде

Негізгі:

  1. Айтк±лов, М±рат Тілеуќабыл±лы. Патологиялыќ анатомияныњ жалпыпатологиялыќ процестер бµлімі бойынша студенттерге арналѓан єдісттемелік ќ±рал/ Айтк±лов, М±рат Тілеуќабыл±лы, Усеева М.С. - Ќараѓанды : ЌММА, 2006. - 92 с.б.ц.

  2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия : медициналыќ жоѓары оќу орындардыњ студенттеріне арналѓан оќулыќ / А.И. Струков, В.В. Серов . - Аќтµбе

Жалпы бµлімі. - 2-ші бас. - 2010. - 350 б.

  1. Струков, А.И. Патологиялыќ анатомия : медициналыќ жоѓары оќу орындардыњ студенттеріне арналѓан оќулыќ / А.И. Струков, В.В. Серов . - Аќтµбе

ІІ бµлімніњ 1-ші кітабы : жеке аурулар бµлімі. - 2-ші бас. - 2010. - 338 б.

  1. Струков, А.И. Патологиялыќ анатомия : медициналыќ жоѓары оќу орындардыњ студенттеріне арналѓан оќулыќ / А.И. Струков, В.В. Серов . - Аќтµбе

ІІ бµлімніњ 2-ші кітабы : жеке аурулар бµлімі. - 2-ші бас. - 2010. - 330 б.

Ќосымша:

  1. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник / А.И.Струков, В.В.Серов. – М.: Литтера, 2010. – 848с. (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  2. Шевченко Н.И., Муканова Ж.И. Патологическая анатомия: Учеб. пос.для медвузов - М. : Владос, 2005. - 285 с. - (Конспекты лекций для медицинских вузов). - 18ВЫ 5305001439 : 895т. р.

  3. Кук Р.А. Цветной атлас патологической анатомии: пер. с англ. / Р. А. Кук, Б. Стеварт. - М.: Логосфера, 2005. - 282 с: ил.

  4. Повзун С.А. Патологическая анатомия в вопросах и ответах : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / Повзун, С.А. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 176 с

  5. Тусупбекова М.М. Основы гистологической техники и методы гистологического исследования аутопсийного, операционно–биопсийного и экспериментального материала. Методические рекомендации.- Караганда .- 2005.- 45с.

  6. Тусупбекова, Майда Масхаповна., Принципы составления клинического и патологоанатомического диагнозов согласно требованиям МКБ 10-пересмотра.Логика и структура диагноза.: Учебно-метод. пособие/ - Караганда : Б.и., 2005. - 50 с.б/ц.

  7. Шевченко Нина Игоревна/ Муканова Ж.И. Патологическая анатомия: Учеб. пос.для медвузов - М. : Владос, 2005. - 285 с. - (Конспекты лекций для медицинских вузов). - ISBN 5305001439 : 895т. р.

  8. Тусупбекова, М.М. Проведение клинико-патологоанатомических конференций и работа комиссии по изучению летальных исходов: Метод.рекомендации/ Тусупбекова, М.М. - Караганда : КГМА, 2007. - 46 с.б/ц

    • Баќылау с±раќтары (кері байланыс)

  1. Атеросклероз ±ѓымыныњ аныќтамасы

  2. Атеросклероздыњ кезењдері

  3. Атеросклероздыњ клинико-морфологиялыќ т‰рлері

  4. Атеросклероздыњ кардиальды т‰рі болып табылѓан ЖИА аныќтамасы

  5. Симптомды жєне эссенциальді артериялыќ гипертензиялардыњ айырмашылыќтары

  6. Артериялыќ гипертензияныњ ќатерлі жєне ќатерсіз т‰рлерініњ ±ѓымы

  7. Артериялыќ гипертензияныњ клинико-морфологиялыќ т‰рлері

Похожие:

Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді ұтымды тамақтану негізімен, тамақтық рационның сәйкестілігі түсінігімен, тамақтанудың сандық және сапалық сипатымен...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді тамақтануда белок, май және көмірсудың маңызымен, олардың тамақтық және биологиялық құндылығымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Тұрақты даму Концепциясы. Тұрақты даму Концепциясының медициналық- әлеуметтік және экологиялық аспектілері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді жұқпалы емес ауруларға тамақтану сипатынын глобальді және региональді әсер ету мәселелерімен, алиментарлы-тәуелді...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница