Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары




НазваниеЕң төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары
страница1/5
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.sgmu.ru/Files/Aspirants/Микробиология.doc
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы

________жылғы________

№______

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

_______жылғы_______

№____

бірлескен бұйрығымен бекітілген

 


Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары


  1. Жалпы ережелер


1. Осы Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 19 мамырдағы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азық-түлік себеті – ғылыми-негізделген тұтыну нормалары бойынша адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті тамақ өнімдерінің ең төмен жиынтығы;

2) ең төмен күнкөріс деңгейі – бұл ең төмен тұтыну себетінің құнына тең келетін, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

3) ең төмен тұтыну себеті –адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құны түріндегі ең төмен жиынтығы;

4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның жаршысы – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.


2. Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу


3. Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның жаршысы ең қажетті азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесіне көбейтілген азық-түлік себетінің құнына қарай есептейді.

4. Ең төмен күнкөріс деңгейі жалпы республика, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы және негізгі жыныстық-жас топтары бойынша есептеледі.

5.Облыс бойынша орташа ең төмен күнкөріс деңгейі облыс орталығы, аудан орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша қалыптасқан шамаларға қарай, оларды өлшемдеу жолымен, республика бойынша - облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала бойынша айқындалады.

6. Астана, республикалық маңызы бар қала, облыс, аудан орталықтары және облыстық маңызы бар қалалар бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу азық-түлік себетінің құны мен азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың құнын сомалау жолымен мына формула бойынша жүргізіледі:

ТКДШ = АСҚ + АЕТҚ, мұнда:

ТКДШ - ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы;

АСҚ - азық-түлік себетінің құны;

АЕТҚ - азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстар.

7. Ең төмен күнкөріс деңгейі осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мынадай жыныстық-жас топтары бойынша есептеледі:

1) балалар, жасы:

1 жасқа дейін;

1-3;

4-6;

7-10;

11-13;

2) жасөспірім ұлдар мен еркектер, жасы:

14-тен 17-ге дейін;

18-29;

30-62;

63-тен жоғары;

3) жасөспірім қыздар мен әйелдер, жасы:

14-тен 17-ге дейін;

18-29;

30-57;

58-ден жоғары.

8. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның жаршысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын ай сайын - бір ай бұрын, тоқсанның (жылдың) соңғы айында - тоқсан (жыл) бұрын жүргізеді және оны халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға әр айдың 30-күніне «Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша және орта есеппен жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына енетін» осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кестелер түрінде ұсынады.


3. Азық-түлік себетінің құнын айқындау


9. Азық-түлік себетін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның жаршысы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы2015 жылғы 19 мамырдағы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленетін тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады. 

10. Азық-түлік себетінің құнын халықтың әртүрлі жыныстық-жас топтарына арналған азық-түлік себетіне кіретін тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын ағымдағы айдың жағдайы бойынша республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыс және аудан орталықтарындағы орташа бөлшек сауда бағасына көбейту жолымен мына формула бойынша есептеледі:

АСҚ = 

мұнда

АСҚ - азық-түлік себетінің құны;

Pі – і тамақ өнімінің орташа бөлшек сауда бағасы;

Qіn – n жыныстық-жастобының немесе әлеуметтік топтың біржылда і өнімді ең төмен тұтыну шамасы;

11. Өңірде нақты бір тауардың бағасы туралы мәлімет болмаған кезде, азық-түлік себетінің құны осы тауардың республика бойынша орташа бөлшек сауда бағасы ескеріле отырып айқындалады.

12. Қазақстан Республикасының әртүрлі әлеуметтік және жыныстық-жас топтарына арналған азық-түлік себетінің құрылымы «Қазақстан Республикасының әр түрлі әлеуметтік топтары үшін негізгі тағамдық азықтар тұтынудың ең төмен нормалары (килограмм/жылына)» осы Қағидаларға 2-қосымшаға және «Қазақстан Республикасының әр түрлі жас топтарының еркектері және әйелдері үшін негізгі тағамдық азықтар тұтынудың ең төмен нормалары (килограмм/жылына)» осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кестелерде көрсетілген.

13. Азық-түлік себетінің құрылымы осы немесе өзге тағамның маусымдылығы ескеріле отырып түзетіледі:

томаттар мен қияр - ең төмен тұтыну деңгейі бес айға таратып бөлінеді (маусым-қазан);

қарбыз, жидектер (жүзім) - ең төмен тұтыну деңгейі үш айға таратып бөлінеді (тамыз-қазан).

14. Қазақстан Республикасы халқының әртүрлі әлеуметтік және негізгі жыныстық-жас топтары үшін азық-түлік себетіне енгізілген тамақ өнімдерінің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы «Әр түрлі әлеуметтік топтары үшін азық-түлік себетіне енгізілген тамақ өнімдерінің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы» осы Қағидаларға 4-қосымшаға және «Әр түрлі жас топтарының еркектері және әйелдері үшін азық-түлік себетіне енгізілген тамақ өнімдерінің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы» осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес кестелерде келтірілді.


4. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге

жұмсалатын шығыстарды айқындау


15. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың құны ең төмен азық-түлік себетінің құнын ең қажетті азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығыстарының тіркелген үлесiне көбейту жолымен және мына формула бойынша айқындалады:

АЕТШ = (АСҚ :АТШ) х АТҮ, мұнда:

АЕТШ - азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстар;

АСҚ - азық-түлік себетінің құны;

АТШ - азық-түлік тауарларға жұмсалатын шығыстар;

АТҮ - азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі.





Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеудің қағидаларына

1-қосымша


Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша

жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша және орта есеппен жан басына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына енетін


Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша

жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына енетін

200_ жылғы __________ тауарлар құны

ай

теңге




Жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша

Қазақстан
Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

ШығысҚазақстан

Жамбыл

БатысҚазақстан

Шлифтелген және жылтыратылған күріш

















Бірінші сорт
бидай ұны

















Ұнтақ жарма

























Сұлы жармасы

















Қарақұмық жармасы

















Қара бидай наны

















Қара наны

























Бірінші сорт ұнынан бидай наны

















Макарон өнімдері 

















Сиыр еті

























Шошқа еті

























Қой еті

























Тауық

























Жылқы еті 

























Сиыр бауыры

























Пісірілген шұжық

















Жаңа ауланған балық

















Сүт, литр

























Майлылығы 20% қаймақ

















Кестенің жалғасы


Жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Сол- түстікҚазақстан

Оң- түстікҚазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы




























































Жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша

Қазақстан Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

БатысҚазақстан

Ірімшік

























Қатты

мәйек

ірімшігі

















Жұмыртқа, оны

















Тұздалмаған сары май 

















Маргарин

























Шекілдеуік майы

















Алма

























Жүзім 

























Қарбыз

























Кептірілген жеміс-жидектер (өрік қағы) 

















Аққауданды қырық қабат

















Түйнекті пияз

















Асханалық қызылша

















Сәбіз

























Жас қияр

























Жас қызанақ

















Картоп

























Аршылғанбұршақ

















Құмшекер

























Дәмде- уіштер

















Тұз 

























Майонез

























Ашытқы

























Шай

























Азық-түлік жиынтығы

















Азық-түлік емес тауарлар

Және ақылы қызметтер

















Кестенің жалғасы


Жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Сол- түстік Қазақстан

Оң- түстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

























































Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша

орта есеппен жан басына шаққанда еңтөмен күнкөріс деңгейінің шамасына енетін 200_ жылғы __________ тауарлар құны

ай

теңге



Орта есеппен жан басына шаққанда

Қазақстан Респуб
ликасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қаза-
қстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Шлифтелген және жылтыра-тылған күріш

















Бірінші сорт бидай ұны

















Ұнтақ жарма

















Сұлы жармасы

















Қарақұмық жармасы

















Қара бидай наны

















Қара нан

























Бірінші сорт ұнынан бидай наны

















Макарон өнімдері 

















Сиыр еті

























Шошқа еті

























Қой еті

























Тауық

























Жылқы еті 

























Сиыр бауыры

















Пісірілген шұжық

















Жаңа ауланғанбалық

















Сүт, литр

























Майлылығы 20% қаймақ

















Кестенің жалғасы


Орта есеппен жан басына шаққанда

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Сол- түстік Қазақстан

Оң- түстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы




























































Орта есеппен жан басына шаққанда

Қазақстан
Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс
Қазақстан

Жамбыл

Батыс
Қазақстан

Ірімшік

























Қатты мәйек ірімшігі

















Жұмыртқа, оны

















Тұздалмаған сарымай 

















Маргарин

























Шекілдеуік майы

















Алма

























Жүзім 

























Қарбыз

























Кептірілген жеміс- жидектер(өрік қағы) 

















Аққауданды қырыққабат

















Түйнекті пияз

















Асханалық қызылша

















Сәбіз

























Жасқияр

























Жас қызанақ

























Картоп

























Аршылған бұршақ

















Құм-шекер

























Дәмдеуіштер

























Тұз 

























Майонез

























Ашытқы

























Шай

























Азық-түлік жиынтығы

















Азық-түлік емес тауарлар және ақылы

қызметтер

















Кестенің жалғасы


Орта есеппен жан басына шаққанда

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Сол- түстік Қазақстан

Оң- түстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

























































Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларына

2-қосымша


  1   2   3   4   5

Похожие:

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconТуризм дамуындағы көлік инфрақҰрылымының Әлеуеті бегімсалова Әсел Талантқызы
Рейтинг бойынша Қазақстан әлемнің 155 мемлекетінің ішінде 86-орында [2]. Мұндағы көрсеткіштің төмен болуы еліміздегі көлік-логистика...
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconДоклада «Шапшаң есептеу тәсілдері»
Ауызша есептеу дағдылары математикалық білімнің маңызды элементі болып табылады. Соңғы жылдардағы компьютер, калькулятордың өмірге...
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Алматы облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен...
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconАррениустың электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Күшті электролиттер тоериясының негізгі қағидалары
Д. И. Менделеевтің ерітінділер туралы ұғымдары. Ерітінді концентрацияларын өрнектеу
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconШапшаң есептеу тәсілдері Рахимбекова А. У
Мақсатым: күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconМедициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары
Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін...
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconЖылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу
А білімділік: жылу мөлшерінің физикалық мағынасымен танысу. Жылу мөлшерін есептеу әдісін үйрену. Жылудың табиғаттағы техникадағы...
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconСынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын
Осы Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік...
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconАгрономия
Алынған егістік рапстың жасыл массасының химиялық талдауының азықтық құндылығы есептелінген, биоэнергетикалық бағасы берілген, берілген...
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары iconРеферат Тақырыбы: Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
Осыған сәйкес міндеті. Аталған тақырыпшалардың әрқайсысына жеке тоқталып, ашатындай толық түсіндіру. Ол үшін Қазақстандағы жалпы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница