«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1




Скачать 441.85 Kb.
Название«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер441.85 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.lib.krsu.edu.kg/uploads/files/updates/2008-01-04_upd.rtf
  1   2   3   4

G-041.07.05.07-2013

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Тек. 1.

Бет тен





«Қоғамдық денсаулық сақтау»

факультетіне арналған дәрістік кешен.

1 кредит. №1 дәріс.

1.Тақырып: Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Микробиологияның ғылыми қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қоғамдық денсаулық сақтау маманы үшін микробиологияның мәні.

2.Мақсаты: Жұқпалы аурулар, педиатрия, хирургия, гинекология бөлімдері сияқты медицинаның ғылыми-тәжірибелік негізін құраушы микробиология ғылым туралы түсінік қалыптастыру.

3. Дәріс тезистері

Микробиология – қарусыз көзге көрінбейтін, өсімдік немесе жануар текті өмір сүретін ұсақ формалы, микроорганизмдердің өмір сүруін және экологиясын, құрылысын зерттейтін ғылым. Микробиология микродүниенің барлық өкілдерін оқытады (бактериялар, саңырауқұлақтар,қарапайымдар, вирустар). Микробиология жеке және жалпы болып бөлінеді.

Медициналық микробиология адамның инфекциялық аурулар қоздырғыштарының жасушалық және молекулярлық-генетикалық деңгейде морфологиясын, зат алмасу физиологиясын, паогенділік факторларын, олардың жүзеге асу механизмдерін оқытады және олардың диагностикасының, емінің, алдын алудың арнайы әдістерін жасайды.

Бұл ғылымның дамуының бірнеше кезеңдерін айтып өтуге болады: пастерге дейінгі, пастерлік, заманауи кезең.

Заманауи медициналық микробиологияға медициналық вирусология және иммунология жатады.

Көптеген микроорганизмдер олардың ұқсастығы, айырмашылықтары және өзара ара-қатынасы бойынша белгілі тәртіпте қатаң жүйелендірілген. Мұнымен арнайы ғылым, микроорганизмдерді жүйелеу айналысады. Жіктеу принциптерін зерттейтін жүйелеу бөлімі таксономия деп аталады. Халықаралық кодекстің шешімі бойынша бактериялар үшін келесідей таксономиялық категория ұсынылған: класс, бөлім, тәртіп, тұқымдастық, туыстастық,түр.

Микроорганизмдерді зерттеу әдістері:


1.Микроскопиялық - микроб жасушаларының формасын, жағындыда жасушалардың орналасуын, жасушалар мөлшерін, қозғалысын, тинкториальды қасиеттерін зерттейді.

2.Дақылдық- биохимиялық әдіс - қорек ортасына талапшылдық, дақылдық қасиеттер (өсу сипаты), биохимиялық қасиеттер (ферменттік белсенділігі).

3.Серологиялық әдіс – микробтардың антигендік қасиетін, иммунды сарысулар көмегімен олардың идентификациясын зерттейді.

4.Биологиялық әдіс – патогенділік қасиетін (агрессия ферменттері), вируленттілік (ауру шақыру мүмкіндігі), вируленттілік көрсеткіштері.

«Микробтар морфологиясы» бөлімі -


Идентификациясы және микробтарды жүйелеу үшін қажет - формасын, микроорганизмдердің жасушалық және субжасушалық құрылымын, олардың мөлшерін зерттейді.

Бактерия жасушасының формасы:

1.Шар тәрізді немесе коккалар 2.Таяқша тәрізді 3.Иілген.

Бактерия жасушасының құрылысы


1.Жасуша қабырғасы 2.Цитоплазмалық мембрана Құрылымы,

3.Периплазматикалық кеңістік 4.Цитоплазма қызметі,

5.Капсула. 6.талшықтар 7.кірпікшелер 8.Спора анықтау әдістері

4. Көрнекілік материалы: Power Point –бағдарламасында дәріс материалын шығару

5. Әдебиет

1.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология:

Учебник/Л.Б. Борисов. - М.:Мединформ, 2005.-736 с.

2.Воробьев А.А., Кривошейн Ю.С., Широбоков В.П. Медицинская и санитарная микробиология М: Издательский центр "Академия" 2003, 464 с.

3.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002, 580 с.

4.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2002, 1184 с.

5.Микробиология / Воробьев А.А., Быков А.С., Пашков Е.П., Рыбакова А.М. / М., Медицина, 2002.

6.Микробиология, санитария и гигиена: Учебник для вузов /К.А. Мудрецова-Висс, А.А.Кудряшова, В.П Дедюхина.-М.:Деловая лит.,2001.-378 с.

Поздеев О.К. Медицинская микробиология:Учеб.для вузов/О.К.Поздеев; под ред. В.И.Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-768 с

7.Микробиология/ Тимаков В.Д., Левашов В.С., Борисов Л.Б./ М., Медицина, 1986

8..Микробиология/ Пяткин К.Д., Кривошеин Ю.С./ М., Медицина, 1980

9.Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии/ под ред. Борисова Л.Б.,/

М., Медицина, 1979


6. Бақылау сұрақтары:

1.Микробиологияның оқу пәні

2.Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері.

3.Микроб жасушаларының формалары

4.Бактерия жасушасының құрылымы

5.Спора, талшықтар, мембрана, қабық, нуклеоидтың мәні.

2 Дәріс.

1. Тақырып: Микроорганизмдердің морфология және физиология негіздері. Прокариоттардың, эукариоттардың, вирустардың, фагтардың құрылымы. Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі.

2. Мақсаты: Микроорганизмдердің қоректенуінің және тыныс алуының әртүрлі әдістері , қоректену механизмдері туралы түсінік беру. Дақылдық-биохимиялық әдістің медицина үшін маңызын көресту.

3. Дәріс тезистері

Микроорганизмдер физиологиясыолардың өмір сүруін, қоректенуін, тыныс алуын, қозғалысын және көбеюін зерттейді. Сонымен қатар, жеке бөлім болған микроорганизмдер генетикасын, экологиясын зерттейді.

МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚОРЕКТЕНУ ТҮРЛЕРІ.

Энергия көзі:

Фотоаутотрофтар жарық

Автотрофтар

хемоаутотрофтар химиялық реакциялар


Гетероаутотрофтар тотығу-тотықсыздану хемогетероторофы реакциялары

және органикалық заттар

Экологиялық байланыс түрлері:1. паразиттер: облигатты, факультативті

2. сапрофиттер


Гетеротрофтардың қоректену әдістері:

1.Ірі молекулаларды бактерия жасушасынан тыс асқорту ферменттерінің көмегімен ыдыратуы.

2.Ұсақ молекулаларды сору, ол әртүрлі жолдармен жүзеге асады:

А)диффузия - концентрация градиенті бойынша , яғни көп жақтан аз жаққа қарай.

Б)жеңілдетілген диффузия – пермеаза көмегімен

В)бағытталған тасымал – энергия шығынымен, концентрауция градиентіне қарсы, пермеаза ферментінің қатысуымен.

Микробтардың ферменттері.

1.Эндоферменттер - цитоплазмада

2.Экзоферменттер а) көмірсуларға әсер ететін асқорту ферменттері - сахаролитикалық, ақуызға - протеолитикалық, пептонға – пептолитикалық

б) агрессия ферменттері - патологиялық процесске қатысатын.

Ферменттер болады индуцибельді (кейде түзіледі) және конститутивті (үнемі болатын)

Бактериялардың тыныс алу түрлері:

Аэробты тыныс алу механизмі:

Субстратжәне донор е органикалық заттар
акцептор е: оттегі

нәтижесі: су, СО2, АТФ

Анаэробты тыныс алу механизмі– ашу

Субстратжәне донор е органикалық заттар
акцептор е: органикалық заттар

нәтижесі: АТФ, органикалық заттар

(спирттер,қышқылдар және т.б.)


Әртүрлі микроорганизмдердің оттегіні қажет етуі

Облигатты аэробтар - тыныс алуға О2 қажет

Факультативті аэробтар - тыныс алу және ашу

Микроаэрофилдер тыныс алу (5% О2)

Анаэробтары О2 қажет етпейді

4. Көрнекілік материалы: Power Point –бағдарламасында дәріс материалын шығару

5. Әдебиет

1.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология:

Учебник/Л.Б. Борисов. - М.:Мединформ, 2005.-736 с.

2.Воробьев А.А., Кривошейн Ю.С., Широбоков В.П. Медицинская и санитарная микробиология М: Издательский центр "Академия" 2003, 464 с.

3.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002, 580 с.

4.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2002, 1184 с.

5.Микробиология / Воробьев А.А., Быков А.С., Пашков Е.П., Рыбакова А.М. / М., Медицина, 2002.

6.Микробиология, санитария и гигиена: Учебник для вузов /К.А. Мудрецова-Висс, А.А.Кудряшова, В.П Дедюхина.-М.:Деловая лит.,2001.-378 с.

7.Поздеев О.К. Медицинская микробиология:Учеб.для вузов/О.К.Поздеев; под ред. В.И.Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-768 с

8..Микробиология/ Тимаков В.Д., Левашов В.С., Борисов Л.Б./ М., Медицина, 1986

9.Микробиология/ Пяткин К.Д., Кривошеин Ю.С./ М., Медицина, 1980

10..Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии/ под ред. Борисова Л.Б.,/

М., Медицина, 1979


6. Бақылау сұрақтары:

1.Бактериялардың қоректену әдістері.

2.Тыныс алу әдістері, бұл білімді пайдаланудың тәжірибелік мәні.

3. Дақылдық-биохимиялық әдіс.

4.Морфологиялық және биохимиялық критерилер бойынша бактериялардың идентификациясы.

5.Бактериялардың идентификация процессінің мәні.


Дәріс №3.

1. Тақырып: Дезинфекцияның, стерилизацияның, антисептиканың және асептиканың микробиологиялық негізі. Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы-биологиялық негіздері. Антибиотиктер.Бактериялардың дәріге төзімділік механизмдері.

2. Мақсаты: Студенттерді дезинфекцияның, стерилизацияның, антисептиканың және асептиканың негіздерімен таныстыру. Химиотерапия негіздерімен, сонымен қатар антибиотикотерапия негіздерімен таныстыру. Антибиотиктер топтары, олардың шығу тегі, оларға бактериялардың тұрақтылығы қалыптасуы туралы түсінік қалыптастыру.

3. Дәріс тезистері:

Медицинада дезинфекция, стерилизация, антисептика және асептика сияқты маңызды түсініктер бар.

Дезинфекция – патогенді микробтарды жою, оларды емдеу мекемелерінде, дәріханаларда, тұрғын үйлерде, қажет жағдайда балалар және білім беру мекемелерінде жүргізеді.

Дезинфекцияны химиялық препараттармен жүргізеді, олардан мақсатына байланысты қажет концентрацияда ертінділер дайындап, заттарды, беткейлерді өңдейді.

Өңдеу ережелері бар (заттың концентрациясы, экспозиция уақыты).

Стерилизация – барлық микроорганизмдер түрлерін және олардың спорасын толығымен жою.Құрал-жабдықтарды, медициналық және басқа киімдерді, хирургиядағы таңу материалдарын, микробиологиялық лабораторияларда – орталарды, құралдарды, ыдыстарды стерилизациялайды және микробтар себіндісін немесе құрамында вирус бар материалдарды жояды.

Стерилизация әдістері көп:

1.қайнату,

2.фломбирлеу,

3.автоклавтау,

4.құрғақ шкафта,

5.пастеризация,

6.бөлшектеп стерилизациялау,

7.механикалық (сүзу) және т.б..

Антисептика – медициналық тәжірибедегі микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар кешені.

Асептика – патогенді микробтармен зақымдалудың алдын алу шаралары.

Химиотерапия – химиялық заттардың көмегімен арнайы микробқа қарсы, паразиттерге қарсы емдеу. Олардың таңдамалық қасиеті болу керек: микроорганизмдерге әсер етіп, макроорганизмге әсер етпеу керек.

Антибиотиктер - олардың көзі микроорганизмдер болып табылатын және аз концентрацияда микроорганизмдерді тежейтін және өсуін басатын немесе қатерлі түзілістердің дамуын басатын химиотерапевтикалық заттар (табиғи немесе химиялық жолмен модифицирленген).

Антибиотиктер шығу тегі, химиялық табиғаты, әсер ету спектрі бойынша жіктеледі. Сонымен қатар антибиотиктердің бактерия жасушасына әсер ету механизмі әртүрлі болады.

Төзімділіктің генетикалық аспектілері.

1. «хромосомалық төзіәмділік»:бактерия хромосомасындағы мутация

2. «хромосомадан тыс төзімділік»: R-плазмидамен байланысты (хромосомадан тыс гендер).

Биохимиялық аспектілер:

1.Антибиотиктердің белсенді формасын белсенді емес формаға айналдыратын ферменттердің пайда болуы.

2.антибиотиктерді бұзатын пептидаза ферменттерінің пайда болуы.

Емдеу алдында бактерия штамдарының антибиотиктерге төзімділігін анықтау қажет.


4. Көрнекілік материалы: Power Point –та презентация

5. Әдебиет

1.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология:

Учебник/Л.Б. Борисов. - М.:Мединформ, 2005.-736 с.

2.Воробьев А.А., Кривошейн Ю.С., Широбоков В.П. Медицинская и санитарная микробиология М: Издательский центр "Академия" 2003, 464 с.

3.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002, 580 с.

4.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2002, 1184 с.

5.Микробиология / Воробьев А.А., Быков А.С., Пашков Е.П., Рыбакова А.М. / М., Медицина, 2002.

6.Микробиология, санитария и гигиена: Учебник для вузов /К.А. Мудрецова-Висс, А.А.Кудряшова, В.П Дедюхина.-М.:Деловая лит.,2001.-378 с.

7.Поздеев О.К. Медицинская микробиология:Учеб.для вузов/О.К.Поздеев; под ред. В.И.Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-768 с

8..Микробиология/ Тимаков В.Д., Левашов В.С., Борисов Л.Б./ М., Медицина, 1986

9.Микробиология/ Пяткин К.Д., Кривошеин Ю.С./ М., Медицина, 1980

10..Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии/ под ред. Борисова Л.Б.,/

6. Бақылау сұрақтары:

1. Дезинфекция? Стерилизация? Асептика? Антисептика? дегеніміз не?

2. Химиотерапия дегеніміз не?

3. Антибиотиктер дегеніміз не?

4. Антибиотиктердің әсер ету спектрі дегеніміз не?

5. Не себепті антибиотиктерге төзімділік пайда болады?


Дәріс 4

1.Тақырып: Инфекция туралы оқу негізі. Макроорганизм және инфекциялық процесс. Қоршаған орта және инфекциялық процесс. Инфекция формалары және түрлері. Эпидемиологиялық процесс.

2.Мақсаты: «Инфекция», «инфекциялық процесс», «инфекциялық ауру» сияқты түсініктерді қалыптастыру. Инфекциялық процеске және патогенді микроорганизмдерге сипаттама беру. Инфекция формаларымен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

«Инфекция» - микроорганизмдердің макроорганизмдерге енуі және онда көбеюі, соның нәтижесінде өсуі.

Инфекциялық процесс - микро – және макроорганизмдердің сожительство (симптомсыз болуы мүмкін)

Инфекциялық ауру инфекциялық процесстің соңғы дәрежесі (ауруға тән клиникалық көріністер)

Микроорганизмдер патогенді, шартты патогенді және патогенді емес болуы мүмкін.

Патогенділік - микроорганизмнің макроорганизмге енуінің (инфекциялық) потенциалды мүмкіндігін және онда көбеюін (инфекциялық) көрсететін және патологиялық процесті шақыратын генотиптік көрніс.

Вируленттілік - белгілі жағдайда көрінетін фенотиптік көрініс (макроорганизмнің қабылдағыштығы).

Вируленттілік – патогенділіктің шегі, оны өзгертуге болады.

Биологиялық әдіспен анықтайды.

Патогенділік факторлары

1.Хемотаксис және қозғалғыштық

2.Шырышты бұзатын ферменттер

3.адгезия және колонизация факторлары

4.Фагоцитозға қарсы тұратын факторлар

6.Фагоцитозды басатын факторлар

7.«агрессия» ферменттері

8.Микробтар токсині

Токсиндер болады: эндо – и экзотоксиндер.

Инфекциялық процесс формалары:

Қоздырғыштың орналасуы бойынша:

ошақтыққоздырғыштар ошақта көбейеді

генерализацияланған - қоздырғыштар қанмен түсіп, әртүрлі мүшелерде көбейеді (бактериемия, вирусемия)

Клиникалық айқындылық дәрежесіне және ұзақтығы бойынша:

жедел, созылмалы, латентті, инаппарантты, персистентті.

Сонымен қатар ажыратады:

1.Реинфекция 2.Суперинфекция 3.Рецидив

4. Екіншілік инфекция 5. Микст - инфекция

Вирустардың инфекциялығы келесі факторларға байланысты:

1.Қалыптасқан вирионның болуы

2.Жасуша рецепторлары мен вирустың беткейлік құрылымдардың сәйкес болуы (патогенділік факторлары)

3.Макроорганизмнің сәйкес жағдайы (антиденелердің, басқа қорғаныс факторларының болмауы)

4. Көрнекілік материалы: Power Point –та презентация

5. Әдебиет

1.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология:

Учебник/Л.Б. Борисов. - М.:Мединформ, 2005.-736 с.

2.Воробьев А.А., Кривошеин Ю.С., Широбоков В.П. Медицинская и санитарная микробиология М: Издательский центр "Академия" 2003, 464 с.

3.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002, 580 с.

4.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2002, 1184 с.

5.Микробиология / Воробьев А.А., Быков А.С., Пашков Е.П., Рыбакова А.М. / М., Медицина, 2002.

6.Микробиология, санитария и гигиена: Учебник для вузов /К.А. Мудрецова-Висс, А.А.Кудряшова, В.П Дедюхина.-М.:Деловая лит.,2001.-378 с.

7.Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов/ О.К.Поздеев; под ред. В.И.Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-768 с

8..Микробиология/ Тимаков В.Д., Левашов В.С., Борисов Л.Б./ М., Медицина, 1986

9.Микробиология/ Пяткин К.Д., Кривошеин Ю.С./ М., Медицина, 1980

10..Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии/ под ред. Борисова Л.Б.,/


6. Бақылау сұрақтары:

1. «инфекция», «инфекциялық процесс», «инфекциялық ауру» түсініктері нені білдіреді?

2. «Патогенді микроорганизм» түсінігіне не кіреді?

3. «патогенділік» дегеніміз не?

4. микроорганизмнің «вируленттілігі» дегеніміз не?

5. инфекция формалары.


Дәріс 5.

1.Тақырып: Инфекциялық иммунология. Иммунитет түрлері және механизмдері. Организмнің арнайы емес резистенттілік факторлары. Антигендердің және антиденелердің жалпы сипаттамасы. Иммундық жауап формалары.

2.Мақсаты: Иммунология туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру, оның оқу пәнін көрсету. Иммунитет факторларын түсіндіру. Антигендер мен антиденелерге сипаттама беру. Иммунды жауап формаларын көрсету.

3.Дәріс тезистері:

Иммунитет – ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға және ұстап тұруға бағытталған организм реакциясының кешені (гомеостаз).

Иммунитет түрлері

Табиғи:
  1   2   3   4

Похожие:

«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 iconСапа формасы
Патологиялық анатомия пәні бойынша «Қоғамдық деңсаулық сақтау» факультеті 2 курс студенттеріне арналған дәрістік кешен
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 iconКурсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013
Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 iconСиллабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін

«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 iconПән коды: Мiс 2210 Мамандық : 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы – 5В110200 негізінен құрастырылып,...
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистратура үшін емтихан бағдарламасы
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша докторантура үшін емтихан бағдарламасы
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 iconЛекция кешені
Кредит 1 Тақырып 1: Денсаулық және денсаулық сақтау қазақ қоғамының және мемлекетінің артықшылығы мен қымбат жүйесі ретінде. ҚР денсаулық...
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 iconФармацевтика Академиясы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау»
Жұмыс бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына ҚР 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде...
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 icon«№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай 29. 04. 2009 ж 051102 "Қоғамдық...
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1 iconКурсы 3 Оқу семестрі 5
Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница