«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен




Название«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен
страница8/15
Дата конвертации06.02.2016
Размер2 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://www.kaznpu.kz/docs/sabaktartiz.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

2. Ценанабиоза принципіне сүйеніп консервілеу.

Бұл ашу процесіне негізделген. Жемістерді , көкөністерді ашытқанда , оларды ұзақ уақытқа консевілейтін-сүт қышқылы түзіледі, ал майшабақтарды тұздағанда, тұздың күшті ерітіндісі микроорганизмдер азықты консервілейтіндігі былай тұрсын, оның иісін, дәмін жақсартады.

Ауыл шаруашылығында мал азығын ашытып, сүрлеу, міне, осы сүт қышқылы бактериялардың әрекетіне негізделген. Жемістерді, көкөністерді мал азығындық өсімдіктері турап салғанда, олардан шірін бөлінеді. Бұл шырынды сүт қышқылы бактериялары ашытатын кант заттары бөледі. Ашу процесінің бастапқы кезіңінде сүт қышқылы бактерияларымен қатар, ашытқы да тіршілік етіп, азықта аздаған мөлшерде спирт түзеді.

3. Абиоза принципіне негіздеп консервілегенде.

Азықты жоғары температурамен өңдейді, яғни мұны ыстық әдіспен консервілеу дейді. Бұлай істегенде микроорганизмдің вегетативтік клеткасы ғана емес, онымен қоса споралары да қырылады.

Жоғары температурамен өңдеудің стерилдеу, пастерлеужәне ыстау сияқты түрлері бар. әрине, ыстау барысында тек жоғары температура ғана емес, түтінде кездесетін түрлі антисептиктер де микробтарға қолайсыз әсер етеді. Осындай әдістерді қолданғанда аз да болса микробтар ұрығының тірі қалатыны дәлелденді.

Жоғары температурамен әсер еткенде, ыстыққа төзімді термофиль бактериялар консервіде тірі қалып қояды. Олардың кейбір өкілдері 115 о ыстыққа шыдамды.

Пастерлеу 73о градус ыстықта 30 минуттай жүргізіледі, ал температура 75о жеткенде пастерлеу уақыты қысқарады. Бұл жеміс – жидек шырындарын, шарапты, сыраны, әсіресе сүтті консераілегенде қолданылады. Пастерлеу кезінде споралар тірі қалады. Пастерлеуге қарағанда стерилдеу сенімдірек әдіс. Ол арнаулы автоклавта 115-120 градус ыстықта жүргізіледі. Стерилдеу кезінде бактериялар түгел, ал споралардың басым көпшілігі қырылады. Бұлай өнделген тағам ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.

Абиоза принципінде кейбір антисептиктердің де ролі бар. Бұл мақсатта бірнеше химиялық заттар ұсынылады. Оларға салицил қышқылы (0,03-0,05 %) бензол қышқылы (0,05%), құмырсқа қышқылы (0,15-0,2%) бор қышқылы және формальдегид жатады.


Бақылау с±рақтары:

  1. Биоза принципі?

  2. Анобиоза принципі?

  3. Ценабиоза принципі?

  4. Абида принципі?



XV – лекция

Микроорганизмдердің азотсыз органикалық заттарды

өзгеріске ұшыратуы.


Жоспар

1.Ашу процесі.

2.Спирттік ашу процесі.

3.Пентозафосфат жолы.


Лекция мақсаты: Микроорганизмдердің азотсыз органикалық заттарды

өзгеріске ұшыратуын үйрену.

Лекция мєтіні

1. Табиғаттағы биологиялық маңызды элементердің, соның ішінде көміртегі қосылыстарының өзгеріске ұшырауында микроорганизмдердің ролі зор. Микроорганизмдердің өз тіршілігіне қажетті энергияны азотсыз органикалық заттардан алатыны анық байқалады. Өсімдік қалдықтарының химиялық, өқрамы өте күрделі. Онда белоктар, амин қышқылы, көміртегі бар қосылыстар (клетчатка, лигнин, гемицеллюлоза), майлар және т.б. болады. Бұлардың ішінде басым көпшілігі целлюлоза, гемицеллюлоза және лигнин. Бұл заттардың мөлшері мен сапасы әр түрлі. Ол өсімдіктердің түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Органикалық заттар негізінен екі жолмен ыдырайды. Фитогендік ыдырау саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер және басқа да микроорганизмдер әсерінен жүреді. Ал зоогедік ыдырау – омыртқасыз жануарлар, сүт қоректілер көмегімен болады.

Белгілі бір жағдайға байланысты органикалық заттар аэробты және анаэробты жолдармен ыдырайды. Ашу процесі барысында көміртегі қосылысындағы энергияның тек бір бөлігі ғана бөлінеді. Сондықтан соңғы өнім ретінде толық тотықпаған органикалық заттар жиналады. Міне осындай соңғы өнімінің сипатына карай ашу процесінің аты да түрліше болады. (спирттік, сүт және май қышқылдарының ашу процестері).


Ашу процесі. Тотығу – тотықсыздану процесін – ашу процесі деп атайды. Ашу процесі кезінде сутегі доноры және акцептор қызметін ашу процесі нәтижесінде түзілетін органикалық қосылыстар атқарады.

Ашу процесінің қоздырғыштары – облигатты анаэотбты микроорганизмдер. Ол тек қана анаэробты жағдайда жүреді. Ашу процесі оттегінсіз жағдайда жүретінін 1860 жылы Л.Пастер ашқан.

әрбір ашу процесі екі кезеңнен тұрады. 1 кезеңінде глюкоза пирожүзім қышқыл айналады да, 2 молекула сутегі субстраттан бөлініп шығады.

С6Н 12О 6 – 2СН 3СОСООН + 2Н 2

көмірсу пирожүзім сутегі

қышқылы

2 кезеңінде пирожүзім қышқылын сутегі тотықсыздандырады да спирт немесе қышқылдар түзіледі.

2СН 3СОСООН + 2Н 2 - 2СН 3СНОНООН

Микроорганизмдердің әсерінен қанттың пирожүзім қышқылына айналуы үш жолмен жүреді.Бірінші жолы – эмбден – Мейергаф – Парнос немесе фруктоза дифосфат жолы. Оны гликолиз деп атайды. Бұлар бактерияда анаэробты облигатты және факультативті анаэробты организмдерде табылған. Екінші жолы – пентоза фосфат жолы. Ол көптеген прокариот және эукариот организмдерде кездеседі.

Үшінші жолы – Энтнер – Дудуров. Ол көбінесе аэробты бактериялардан табылады.

(НАД) никотин - амидадениндинуклеотид.

Пентозафосфат жолы. Эмбден – Мейергоф – Парнос жолынан бұл жолдың айырмашылығы сол, бұнда углеводтар ыдырау барысында бірден пирожүзім қышқылы түзілмейді. Мұнда субстраттың бір көміртегі атомы тотығып, көмірқышқыл газы күйінде бөлініп шығады.

Сонда алты молекулолы глюкоза пентоза – фосфат жолы арқылы өзгеріске ұшырағанда глюкоза – 6фосфаттың бір молекуласы толық көмірқышқыл газына дейін тотыдағы және НАДФ ± тың алты молекуласы НАДФ .Н дейін тотықсызданады.

Пентозафосфат жолының негізгі мақсаты:

  1. нуклеин қышқылдарын синтездеу үшін қажетті пентозалармен қамтамасыз ету;

  2. микроб клеткасында түрлі биосинтетикалық реакциялар үшін керекті НАД .Н көбірек түзілуін қамтамасыз ету.

2. Спирттік ашу процесі.

Спирттік ашу процесін ашытқылар қоздырады. Мұндай қасиет кейбір бактерияларда және мукор саңырауқұлағында аз да болса кездеседі. Бірақ практикада маңызы бары – ашытқылар.

Ашытқылар қантты анаэробты жағдайда ашытқанда одан спирт, көмір қышқыл газы және энергия бөлінеді. Ол мына реакция бойынша жүреді:

С6 Н12 О 6 + 2Н 3РО 4 + 2АЕФ ® 2С 2Н 5ОН + 2СО 2+ АYФ + 27 Ккал энергия

қант фосфор энергия этил

қышқылы көзі спирті

О

СН 3СОСООН декарбоксилаза®СН3С + СО2

пирожүзім Н

қышқылы

СН 3

С =О ___________® СН 22ОН + НАD

Н НАD -Н2

Пирожүзім алкоголь- этил

альдегиді дегидро- спирті

геноза


Спирттік ашу процесі кезінде этил спиртінен басқа сірке альдегиді, глицерин, сірке және янтарь қышқылдары, сивуш майлары түзіледі.

Сивуш майларының түзілуі ортадағы амин қышқылдарының ыдырауына байланысты.

Спирттік ашу процесін қоздыратын сахаромицет туысына жататын ашытқылар. Егерде ортада ауа көп болса, ашытқылар көмірсуларды тотықтырып, ашу процесін тыныс алу процесіне қарай бағыттайды. Мұнда көмірсуларды пайдалану коэффициенті артады. Сондықтан ашытқылардың массасын көптеп алу үшін оларға ауа үрлейді. Осындай әдісті нан және мал азығындық ашытқыларды өндіруде кең қолданады. Ал спирт алуда процес анаэробты жағдайда жүреді.

3. Пентаза. Спирттік ашу процесінің табиғаты біршама терең зерттелді. Бұған көп еңбек сіңіріп, бірқатар жаңалықтар қосқан орыс ғалымдары Л.А. Иванов, С.П. Костычев, А.Н. Лебедев, А.Н. Бах, В.И. Палладий, В.А. Энгельгардт, шетел ғалымдары Кейберг,Мейергарф, Эмбденді атап өткен жөн.

Әдетте спирттік ашу процесі қышқылды ортада (рН 4,5-50) жақсы жүреді. Егерде орта реакциясы сілтілі болса (рН 8,0), онда негізгі өнімдердің бірі ретінде глицерин пайда болады. Мұнда спирттік ашу процесі мына реакция бойынша жүреді:

6Н12О6 + Н2О = СН3СООН + СН 3СН 2ОН + 2СН2ОНСНОНСН2ОН + 2СО2

егерде қоректік ортаға нартий сульфаты қосылса глицерин өнімі арта түседі. Мұнда сірке альдегиді сульфитпен қосылады да, сутегі көмегімен этил спиртіне дейін тотықсыздана алмайды.

Кейбір жағдайда спирттік ашу процесінің көмегімен глицерин және амин спиртін алуға тура келеді.


Бақылау сұрақтары:

1.Ашу процесі.

2.Спирттік ашу процесі.

3.Пентозафосфат жолы.


XVI - лекция

Сүт қышқылының ашу процесі.


Жоспар:

1. Сүт қышқылы бактерияларының клетка құрылысы.

2. Сүт қышқылы бактерияларының түрі.


Лекция мақсаты: Сүт қышқылы бактерияларының клетка құрылысын үйрену.

Лекция мєтіні

1. Бұл процесс ерекше микроорганизмдер - сүт қышқылы бактерияларының көмегімен жүреді. Мұнда глюкоза қанты екі молекуланы сүт қышқылына айналады. Оны мына реакция бойынша жазылады:

С6Н12Ос ® 2СН3СНСООН + 18 ккал энергия

Сүт қышқылының ашу процесінің ішкі табиғаты біршама жақсы зерттелген.

Ашу процесінің сипатына қарай сүт қышқылы бактерияларын екі топқа бөлуге болады: а) гомоферментативті сүт қышқылы бактериялар. Олар қанттан тек қана сүт қышқылын түзеді. б) гетероферментативті сүт қышқылы бактериялары. Қанттан сүт қышқылын, едәуір молшерде сірке қышқылын, этил спиртін, глицерин және көмір қышқыл газын түзеді. Формуласы:

С6Н12Ос®СН3СНОНСООН+СН3СООН+СН2СН2ОН+СН2ОННСОН СН2ОН+СО2

Сүт қышқылы бактерияның клеткасы шар және таяқша тәрізді болады, қозғалмайды, спора түзбейді және ауалы немесе ауасыз жерде тіршілік етуге бейімделген. Бірақ қышқыл ортаға шар тәріздер төзімсіз. Ал таяқша тәріздер төзімдірек.

2. Сүт қышқылы бактериялары 7-ден 42 градус жылылық арасында тіршілік етеалады. Әрине, бұлар спора түзбейтіндіктен температура жоғарылағанда қырылып калады. Тіршілік ету барысында олар қышқыл түзеді. сөйтіп, ортаны қышқылдандырып, басқа микроорганизмдердің тіршілік етуіне жол бермейді. Реакциясы бейтарап ортада өте жақсы тіршілік етеді. Гомоферментативті ашу процесі шар тәрізді сүт қышқылы бактериянының көмегімен жүреді. Бұлар стрептококкус және педиококкус туысына жатады.

Стрептококкус туысына жататын бактериялардың клеткалары дөңгелек, аздап сопақша, диаметрі 0,5-0,6 1 мкм дейін барады, клеткалары жеке күйінде, қос-қостан немесе моншақ тәрізді тізіле орналасады. Олар табиғатта кең тараған.Бұл туысқа стрептококкус диацетилатис, стрептококкус термофилус түрлері жатады.

Стрептококкус лактис – клеткасы қос- қостан нмесе моншақ тәрізді тізіле орналасқан шар тәрізді бактериялар- 30-35 0 температурада өсіп дамиды. Ашу процесінде ортада 1 процентке дейін қышқыл түзеді. Сүт тағамдарын( айран, кефир,қаймақ т.б. ) дайындауда қолданылады.

Стрептоккус креморис – клеткалары ұзын, шынжырлы болып орналасады. Өсу температурасы – 25-300 . Ұшпа қышқылдарды молырақ түзеді. Мұны да қышқыл сүт тағамдарын дайындауда қолданылады.

Стрептококкус диоцетилактис- сүтте және сүт тағамдарында едәуір мөлшерде ұшпа қышқылдар мен хош иісті заттар түзеді. Оның ішінде диоцетил көбірек. Лимон қышқылын ашыта алады. Өсу температурасы 25-300, сүт тағамдарын дайындауда қолданылады. Стрептококкус термофилус – жоғары температурада ( 450 ) тіршілік етуге бейімделген. Сахорозаны жақсы ашытады. Болгар таяқшасымен бірге айран жасауда қолданылады. Сыр дайындауда зор маңызы бар.

Педиококкус туысына спора түзбейтін, грам-оң, қозғалмайтын, шар тәрізді клеткалары бір-бірлеп, екі-екіден және шоғырланған бактериалар жатады. Гомефермонтативті процесте сүт қышқылымен бірге диацетил және басқада өнімдер түзіледі. Олар ашыған көкөністерде, сүрлемде , сүтте жануарлар ішек-қарындарда кездеседі.

Гомофермантатифті сүт қышқылы таяқшаларын екі топқа бөлінеді: термобактериалар және стрептобактериалар. Термобактериаларға лактобациллус лактис, лактобоциллус хелбетикум, лактобациллус ацидофилус, лактобациллус бульгорикус және лактобоциллус дельбруки жатады. Бұл таяқша бактериалардың өніп өсетін қолайлы температурасы – 40- 450 С.

Гетероферментативті сүт қышқылы бактериаларына леуконосток, лактобациллус, бифидобактериум туыстары жатады.

Леуконосток туысында жұмыртқа тәрізді, ал кейде таяқша тәрізді бактериялар болады. Сахароза қанты бар жерде олардың қабықтары жуандап, айналасында шырын пайда болады.

Гетероферментативті лактобацилдер сүт қантын ашытады. өсімдіктер бойында кездеседі. Кейде нан ашытқысында да тіршілік етеді. Бұлардың ішінде бес мүшелі пентоза қантын (арабиноза, ксилоза) ашытатын локтобациллус бревис деген түрі бар. Бифидобактерияларға спора түзбейтін, грамоң немесе гром-теріс таяқша тәрізді бактериялар жатады. Қанттарды ашытқанда сүт қышқылынан басқа, сірке қышқылын да түзеді. бұлардың көпшілігі адам, жануарлар және насекомдар ішек- қарындарында тіршілік етеді. Жалпы сүт қышқылы бактериялары тіршіліктің барысында антибиотиктер түзе алатындықтан ішек- қарындардағы шіріткіш және ауру қоздырғыш бактерияларды жоюға зор көмегін тигізеді.


Пропион қышқылының ашу процесі.

Пропион қышқылының ашу процесіне қатысатын пропионбактериум деп аталатын микроорганизм қантты, сүт қышқылын және оның тұздарын пропион қышқылына айналдырады. Бұл ашу процесінде пропион қышқылынан басқа сірке қышқылы, көмір қышқыл газы және су түзіледі. Пропион қышқылының ашу процесі мына төмендегі реакция бойынша жүреді:

6Н12О6 + 4СН3СН2СООН + 2СН3СООН + 2СО2+ 2Н2О.

қант пропион сірке

қышқылы қышқылы

Пропион қышқылы бактериялары – бактериум ациди пропионици деп аталады. Сүт қышқылы бактерияларына тым ұқсас, қозғалмайтын қысқа таяқшалар, спора түзбейді, грам-оң. Олар анаэроб микроорганизмдерге жатады. Өніп-өсуіне қолайлы температура –30-35оС.

Пропион қышқылы бактериялары тіршілігі үшін ортада белок, амин қышқылдары, ал кейде аммоний тұздары және витаминдер бар қоректік ортаны талап етеді.

Пропион қышқылы бактериялары топырақта, өсімдік бойында, сүтте және сүт тағамдарында кездеседі. Бұлар сыр жасауда ең негізгі роль атқарады. Мұнда лактоза қанты ашып болған сон, пропион қышқылының ашу процесі жұреді. Сонда пайда болған сүт қышқылы, сірке және пропион қышқылдарына айналады. Пропион қышқылы батерияларының бір қасиеті- сырда В12 витаминін түзеді.


Май қышқылының ашу процесі.

Май қышқылының ашу процесі деп углеводтардың, спирттердің және басқа да заттардың анаэробты жағдайда, ерекше бактериялар тобының әсерінен болатын күрделі биохимиялық процесті атайды. Оны қоздыратын Клостридиум туысына жататан грам-оң, спора түзетін таяқша бацилдар. Оттегі бұл микроорганизм үшін улы қасиет көрсеткенімен де оның споралары аэробты жағдайда тіршілігін жоймайды. Май қышқылының ашу процесі төмендегі реакция бойынша жүреді.


6Н12О6 =3СН3СН2СН2СООН + 2СН3СООН + 8СО2+ 8Н2

қант май қышқылы сірке қышқылы

май қышқылының ашу процесінде ортада бутил және этил спирттері, ацетон, сірке, капрон және каприл қышқылдары сияқты қосымша өнімдер пайда болады.

Май қышқылының ашу процесі табиғатта кең тараған. Оны топырақтан, қөлдердің түбіндегі балшықтан, тоғайдардан және ластанған өзендерден, көлдерден кездестіруге болады. Жалпы бұл прцесс органикалық заттардың минералдануы кезінде үлкен роль атқарады. Май қышқылы ашу процесін қоздыратын клостридиум бутрикум – мөлшері 1-2 х 10 мкм дейін баратын ірі таяқшалар қозғалғыш келеді. Бірақ өскен клеткалардың жіпшелері жоғалған соң ұршық тәрізденіп жұмырланып, қозғалмайтын болады. Бұл кезде оның клеткасына гранулеза деп аталатын қор заттары жиналады.

Май қышқылы бактерияларының бір өкілі- клостридиум Пастеуурианум, белгілі жағдайда ауа азотын сіңіре алады. Мұның осындай қасиетін С.Н. Виноградский тапқан болатын. Бірақ бұл организм крахмалды ыдыратпайды.

Ал сүрлем салуда май қышқылы бактериялары тіршілік етсе, онда азықта май қышқылы түзіліп, сапасы нашарлап, исі өзгереді. Мал оны сүйсініп жемейді. Ондай азықпен азықтандырылған мал сүтінен сыр дайындауға болмайды. Ол сақтауға көнбей, ашып кетеді. Май қышқылы бактериялары өсімдіктердегі клетка аралық заттар-пектиндерді жақсы ажыратады. Соңдықтан олардың топыраққа түскен өсімдік қалдықтарын ыдыратуда зор маңызы бар деп айтуға болады. Бұл процесті клостридиум Пектиноворум қоздырады. Пектин заттары ыдырағанда ортада май қышқылы, сірке қышқылы, сутегі мен көмір қышқыл газы пайда болады.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Похожие:

«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon“Химия және биология” факультеті “Биология” кафедрасы
Оқу бағдарламасын құрастырған: “Биология” кафедрасының оқытушысы Абдукадирова. Г. А
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«Химия және биология» факультеті «Биология» кафедрасы. “ Молекулалық биология”
ДНҚ репликациясының жартылай консервативтілігі механизмінің тәжірибелік дәлелдемесі
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«Химия және биология» факультеті «Химия және Биология» кафедрасы. “ Адам және жануарлар физиологиясы ”
Бұлшық ет жиырылуының энегергиялық және биохимиялық өзгерістерінің негізгі этаптары
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«Химия және биология» факультеті “Биология” кафедрасы “Молекулалық биология” пәні бойынша 050113 Биология»
Молекулалық биология” пәні бойынша 050113«Биология» мамандықтарының студенттері үшін арналған
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«Химия және биология» факультеті “ Химия биология” кафедрасы “ Гидробиология” пәні бойынша
Оқу әдістемелік кешен Университет ғылыми кеңесінде бекітілген бағдарлама негізінде құрастырылған
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«Сырдария» университеті «Химия және биология» факультеті «Химия-Биология» кафедрасы
«Химия» мамандығының 4-курс студенттеріне 8-семестрде «Химия тарихы» пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит (90-сағат) берілген....
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«Химия және биология» факультеті “Биология” кафедрасы “ Өсімдіктер физиологиясы” пәні бойынша
Алғы сөз
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен
Силлабус Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әзірлеген және ұсынған. Республикалық оқу әдістемелік жоғары және жоғары...
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен icon«Сырдария» университеті «Химия және биология» факультеті «Химия-Биология» кафедрасы
«Химия» мамандығының 3-курс студенттеріне 6-семестрде «Зат құрылысы» пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 3-кредит (90-сағат) берілген....
«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен iconМолекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус
Силлабус (студенттің жұмыс жоспары) микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасының негізінде молекулярлы биология және микробиология...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница