Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы




Скачать 487.02 Kb.
НазваниеАсыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер487.02 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://imv.nauka.kz/gos_zakup/konk_doc_obv_povtor_kap_rem_zdan.doc
  1   2   3



21.11.2014 жылғы редакциясында


Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы


Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы


МАЗМҰНЫ

Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.

Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) асыл тұқымды аналық бал арасы – асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;

2) асыл тұқымды бал ара ұясы – ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;

3) асыл тұқымдық зауыт - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, белгiлi бiр тұқымға жататын, сапалық сынақтан өткізілген құндылығы жоғары малдың зауыттық және бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерін, зауыттық желiсін өсiру, жетiлдiру және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;

4) асыл тұқымдық куәлiк – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды мал ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата беретін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;

5) асыл тұқымдық кiтап – белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;

6) асыл тұқымдық құндылық – ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;

7) асыл тұқымды мал – тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;

8) асыл тұқымды малдың карточкасы – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;

9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi – асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;

10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;

11) асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;

11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі – уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастыралатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;

12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;

14) асыл тұқымдық репродуктор – құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк немесе ата-енелiк тобын өсiру, жетiлдiру және өткiзу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;

15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттері;

16) асыл тұқымды тұқымдық мал – асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;

17) асыл тұқымдық шаруашылық – асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желілерін және типтерін өсiру мен өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;

18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі – мал) – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;

21) бағалау – тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, малды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;

22) бағалаушы (сыныптаушы) – малды бағалау жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;

23) бал ара пакеті – құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;

23-1) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, таза тұқымды мал тегінің кемінде үш ұрпағының тұқым-тегі туралы анық деректер қамтылған асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;

23-2) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;

24) ен салу (таңбалау) – тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;

25) желi – асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;

26) зауыттық тип – тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;

27) индекстік бағалау – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;

28) кросс – малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;

29) қолдан ұрықтандыру – жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;

30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы – құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;

31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы – будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;

32) жануардың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;

33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;

34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

35) селекциялық карточка – селекциялық жануарды есепке алу нысаны;

36) селекциялық жануар – тұқым стандартына сай келетiн жануар;

37) таза тұқымды өсіру – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;

38) тектiк қоры шектеулi тұқым – селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;

39) техник-ұрықтандырушы – ауыл шаруашылығы жануарын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;

40) тұқым – адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;

41) тұқым стандарты – уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды және селекциялық жануарлар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;

42) эмбрион – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;

43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) – асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;

44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман – жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет: тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру; тұқымның сақталуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары

Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды өнiм (материал)

Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады. Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және оны пайдалану

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.

Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты

Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.

Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.

Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік
  1   2   3

Похожие:

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау
...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconШетелден әкелінген асыл тұқымды төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шарты

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
Жыл сайын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген
«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (материалмен)...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы icon«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Бастапқы құжаттарды салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына баруы. Қағиданың критерийлері мен талаптарына...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы icon«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банк есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы iconАуышлшаруашылығы мамандықтары 6D080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 6D081100 Өсімдіктерді қорғау және карантин; 6D080500 Су ресурстары
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 6D081100 Өсімдіктерді қорғау және карантин; 6D080500 Су ресурстары және суды пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница