Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі




Скачать 96.23 Kb.
НазваниеБатыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Дата конвертации06.02.2016
Размер96.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.hrc.nabrk.kz/collect/HRCkz/import/2012_02/2142007_licshenziyalau.doc


Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі

А.К Оразаева

Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу.( Шығармашылық сабақ )

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Құстар класының дене құрылысы мен тіршілік әрекеті мен сан алуандығы бойынша топқа бөлінетіндігі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіре отырып , оларды қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды интернеттен, электрондық оқулықтардан қосымша мәлімет алуға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге,пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін, ой- өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері.Кубизм әдәсі. Семантикалық карта .Сәйкестендіру тест. «Мені тап». «Адасқан сөздер» ойындары. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың көрнекілі: Құстардың түрлерінің суреттері. Құс макеттері.Бейне таспалар .Слайдтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылығын ояту:

Лездік сұрақтар

  • Құстарды зерттейтін ғылым: ( орнитология)

  • Құстардың дене температурасы: ( -410 С, +430 С )

  • Құстардағы ерекше тыныс алу: ( қосарлы тыныс алу )

  • Құс қарнының түрлері: ( безді, етті қарын )

  • Жүрегі неше қуысқа бөлінген? ( 4)

  • Өңештің кеңейген бөлігі: ( жемсау )

  • Ауа қапшығы неден түзіледі? ( ауа тамырларынан )

  • Құстарда тіс бола ма? ( жоқ )

  • Қауырсын неден тұрады? ( қаламша, сояуы пәрі )

  • Құстарда қуық бола ма? ( жоқ )

  • Құстардың дыбыс шығаруы қандай мүшеге байланысты? (төменгі көмекейге байланысты )

Мағынаны тану: Оқулық мәтінімен жұмыстану

Құстар – омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар.

І. Топтастыру әдісі

Құстар неше топқа бөлінеді?




Қыртөстілер Жүзетін құстар

(ұшатындар)

Қыртөссіздер

(жүгіретіндер)


ІІ. Кубизм әдісі:

  • Сипатта: Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар

  • Бейне таспа Түйе құстар

  • Дәлелде: Жүзетін құстар

  • Бейне таспа. Пингвиндер

  • Зертте: Қыртөстілер немесе ұшатын құстар

  • Салыстыр:

ІІІ.

  • Шығармашылық жұмыстар

ІІ. Кубизм әдісі:

Сипатта: Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар

Бейне таспа Түйеқұстар

Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар ұша алмайды, құрлықта өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғаланып келген. Аяқтары өте жақсы жетілген.Олар: Страус салмағы 80-90 кг. Қазақстанда да өсірілуде. Нанду үш саусақты, 2 түрі бар. Оңтүстік Америкада таралған салмағы 25-30кг. Жұмыртқасын қоразы басады. Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы 45-50 кг. Жемістермен қоректенеді, қолда өсіріледі. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2-3кг. Оның жұмыртқасы өте ірі ( 0,5кг ). Қазуар қауырсындары ірі қылшықты салмағы 70-90 кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі.

Дәлелде: Жүзетін құстар

Бейне таспа. Пингвиндер

Жүзетін құстар алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарымен суда жақсы жүзеді, әрі жақсы сүңгиді. Оны мына бейне таспадан көруге болады.

Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа, әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Ұяларын тасқа, құмға салады. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі.Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Император пингвинінің қоразы жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110 -120 см, салмағы 45кг жетеді. Алтын шашты пингвин жұмыртқасын қоразы мен мекиені кезектесіп басады.

Пингвиндердің түрлері: Император пингвині, корольдік пингвин ( Адели ),

Ең көп тарағаны қоршаукөз пингвині, көзілдірікті пингвин, галапагос пингвині

Зертте: Қыртөстілер немесе ұшатын құстар

Қыртөстілер ( ұшатын )құстар олардың қаңқа сүйектері жеңіл,тіршілік ортасына қарай топтарға бөлінеді. Қанаттары ұзын, сүйір болады. Сулы, батпақты жерлерде тіршілік ететін құстар дауылпаздар, шағалалар, сұқсырлар су құстар. Қаздар,дегелектер,қоқиқаздар, тырналар – су жағалауы мен батпақты жерлерде мекен ететін құстар. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Ашық далалы алқаптардағы құстар т азқара, бүркіт, бөдене,кекілік,ұлар, қырғауыл дуадақ.

Салыстыр:

Салыстырыңдар:

1.Сулы, батпақты жерлердегі құстар

Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілер – саусақтарыныі арасында жүзу жарғақтары бар.Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелер» болады.

«Тісшелер» негізінен қоректі сүзіп ұстау қызметін атқарады, оны үйрек,қаз тұмсықтарынан айқын көруге болады. Сулы жерлерде мекен ететін құстар дауылпаздар, шағалалар, сұқсырлар су құстар. Қаздар,дегелектер,қоқиқаздар, тырналар – су жағалауы мен батпақты жерлерде мекен ететін құстар.

2.Орман құстары

Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта қрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары өте мықты,үшкір,құйрық қауырсындары қатты, ол тірек қызметін атқарады. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі.

3.Ашық далалы алқаптардағы құстар

Ашық далалы алқаптардағы құстардың қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Жылдам жүгіре алады.

Тұмсықтары қысқа,доғал, кейде иіліп келген өткір. Олар: Тазқара, бүркіт, жұртшы – күндізгі жыртқыш өқстар.Тауықтектестерге: бөдене, кекілік, ұлар, қырғауыл. Дуадақтарға: безгелдек, дуадақ жатады. Ашық далалы алқаптарда бозторғайлар, бұлдырықтар кездеседі.

Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуына байланысты Үш топқа бөленеді.

4.Жыл құстары

Жыл құстары – күзде оңтүстікке жылыстап, көктемде елімізге қайта оралады. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды құс қанатының ызғары деп есептейді.

5.Көшпелі және қыстап шығатын құстар

Көшпелі құстар – күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке ұшып барады. Қыстап шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Орын ауыстырмайды. Ондай құстарға қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады.

6.Қызыл кітапқа енген құстар.

Қазақстанның Қызыл кітабына ( 2010ж) 11 отрядқа жататын 57 құс түрлері тіркелген.Қызғылт бір қазан Каспий, арал Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі.Ақ дегелек ( жыл құсы ( Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл обылыстарында) таралған.

7.Сұңқартектестер

8.Тауықтектестер

9.Тырнатектестер

10.Жапалақтектестер

11.Торғайтектестер

ІІІ.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

1.Қарлығаш туралы не білеміз.

2.Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар

3.Аққу киелі құс

4. Құстардың экологиясы

ІҮ. Толғаныс:

Биологиялық диктант

1.Түйеқұстардың ең ірісі ...... ( Страус ) деп аталады.

2. ........ ( Нанду ) үш саусақты қанаты жақсы дамыған түйе құс..

3.Олардың алдыңғы ..... ( аяқтары ) ескекке айналған.

4.Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды ....... .............. ( құс қанатының ызғары ) деп атайды.

5.Қазақстандасирек кездесетін құстың бірі......... ...... ( қоқиқаз ) .

6. Аққу қоразы “ ”, (СаҺар ) балапаны – “ ” ( көгілдір ) деп аталады.

7.Аспан түсті көгілдір туымызда ..... .... ( бүркіт ) бейнесі бар.

8. ........ ( Дуадақ ) салмағы 16 кг,”тоқтыбалақ” немесе қозыбалақ деп атайды.

9.Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі - ...... (саятшылық ) .

10........... ( Жыл құстары) күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады.

«Мен тап» ойыны: Жасырынған құстардың суреттері

1. Жапалақ 2. Қарға 3.Бидайық 4. Көгершін 5.Эму.


СӘЙКЕСТЕНДІРУ КЕСТЕСІ

КИВИ ............

А) қыран құстардың қоразы

КӨШПЕЛІ ҚҰСТАР .......................

В ) жүзетін құстар

ПИНГВИН ..................

С ) жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді.

ҚЫСТАП ШЫҒАТЫН ҚҰСТАР ....................

Д ) түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі

ШӘУЛІ .....................

Е ) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды



Семантикалық карта. Құстардың тобын анықта

Экологиялық топтар және асыранды құстар


Су құстары


Су маңы құстары


Мекен жайды төңіректейтін құстар


Орман құстары


Дала құстары


Үй құстары

Құр










+







Аққу




+













Қарға







+










Дуадақ













+




Шағала




+













Қарлығаш







+










Қаз
















+

Тауыс










+







Бірқазан

+
















Тоқылдақ










+







Түйеқұс













+




Күркетауық
















+

Сұқсыр

+
















Қарақұс













+





«Адасқан сөздер» ойыны:

1.Қарлығаш 2. Қоқиқаз 3. Бүркіт 4.Кекілік 5. Қаз 6.Дегелек.

Термин сөздерге анықтама

1.Қыртөссіздер 2.Жүзетін құстар 3.Қыртөстілер 4.Жыл құстары

5.Көшпелі құстар 6.Қыстап шығатын құстар 7.Көнекөз шағала 8.Қыран құстардың қоразы -Шәулі, мекиені - 9.Ұябасар. 10.Реликті шағала – Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Алакөл қорығында.

Ү.Қорытынды:

Құстарды топқа бөлудің әр түрлі жолдары бар. Дене құрылысы, тіршілік әрекетіне байланысты қыртөстілер(ұшатындар), жүзетін құстар(ұшпайтын), қыртөссіздер (жүгіретіндер) деп бөлінеді.Тіршілік жағдайларына байланысты мынадай экологиялық топтарға бөлінеді. 1.Сулы, батпақты жерлердегі құстар 2.Орман құстары 3.Ашық далалы алқаптардағы құстар 4.Жыл құстары. 5.Көшпелі және қыстап шығатын құстар .Қазіргі кезде тіршілік ететін құстар түрі 35-40 отрядқа топтастырылған.

Сұңқартектестер .Тауықтектестер .Тырнатектестер .Жапалақтектестер Торғайтектестер.

Оқушылар !!!

Табиғатты аялайық, құстарға әрқашанда қамқор болайық, сол кезде сирек кездесетін құстардың саны көп болады.

Бағалау.

Үйге тапсырма. §56. Құстарды топқа бөлу

Похожие:

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі
Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қадылжанова Гүлнәрдің «Исатай ауданының топырақ экологиясы» атты ғылыми...
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі icon№33 орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
...
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconОңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бірлік елді-мекені №100 Ә. Жанкелдин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каюпова Сабира Жылгелдіқызының қысқа мерзімді жоспары

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconШығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің 2-санатты, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconОҚО, ТҮлкібас ауданы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Набиева Рухия

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconБа тыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Восход жалпы орта білім беретін мектебі тарих пәні мұғалімі Жанабилова Тотия Жанабиловна
Сабақтың тақырыбы: Н. Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ кср-да жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған...
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconАтырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы. Сабақтың тақырыбы: § 21 Мұхиттар Сабақтың мақсаты
...
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі iconС. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі
...
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі icon№27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің директордың ғылыми-істер жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі
Білімділік: Өсімдік тіршілігіндегі судың ролі, суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары туралы білім беру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница