Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе




Скачать 298.17 Kb.
НазваниеИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
страница3/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер298.17 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://referaty.kz/files/inflyaciya_payda_bolu_sebepteri_saldary_zhne_onymen_kuresi_zholdary.doc
1   2   3

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляциямен күрес мәселелері

Осы күндері Қазақстанда қапыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағынын тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінін кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезендерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптаскан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;

2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;

3) шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;

4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;

5) материалдык өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау іс – шаралары осы инфляцияның нәтижесін зандастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991 -1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді.

Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде І00 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60 %-ке қысқарды [5].

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілғен монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап калды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндіріс аралық диспропоциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттын ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған

Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж, арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының), экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.


Қорытынды

Зерттеу жұмысының І – тарауы «Инфляция - әлеуметтік – экономикалық құбылыс» деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

  • Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;

  • Инфляция түрлері мен факторлары;

  • Инфляцияға қарсы шаралар.

Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан жәнге осығарн байланысты мемелкет кірічстерінің құнсыздануынан туады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.


ІІ- бөлімі «Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай» - мына мәселелер қарастырылды:

      • Жалпы инфляцияға сипаттама

      • Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны

      • Инфляцияға қарсы жүргізілетін шараларға баға беру

2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.

Сонымен қорыта келе, еліміздің экономикалық жағдайын өсіру үшін, халықтың тұрмыс – тіршілігі жақсы болу үшін құнсызданумен күресу керек деп ойлаймын.


Қолданылған әдебиеттер

  1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н. т.б. «Экономикалық теория негіздері» - Алматы – 1998 ж.

  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.

  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /

  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

/ Алматы «Экономика»-2000ж /

  1. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»

/ Алматы «Экономика»-1998ж /

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.

  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г

  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.

  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997

  6. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-

М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998

  1. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»

/ Ақиқат -1996ж/

  1. «Экономикалық саясат», Экономика Алматы - 2002


1   2   3

Похожие:

Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconИнфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен...
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconМазмұны кіріспе бірінші тарау испаниядағы прогрессивтік және реакциялық КҮштердің КҮресі
Жылдардағы Испания
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconЭкономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі
Инфляция термині латын сөзі «inflatio»қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып,...
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconҚмму ф 4/3-07/02
Мақсаты: Мутацияның пайда болуы және оның репарация механизмдерін, мутацияның пайда болу себептерінәі негізгі түрлерін оқыту
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
Тарау. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconСалықтардың экономикалық мазмұны мен функциялары
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға...
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconОқып үйрену- дің негізгі мақсаты
Тіршіліктің пайда болу процесін және мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconҮлгермеуші оқушылармен жұмыс. Үлгермеушілік себептеріжәне оны түзету жолдары
Семинардың тақырыбы:«Үлгермеуші оқушылармен жұмыс. Үлгермеушілік себептері және оны түзету жолдары»
Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница