Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ”




НазваниеДене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ”
страница8/12
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.42 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mz.gov.kz/files/zakon_26.11.2009_788.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

7- апта

ОБСӨЖ № 7.

ОБСӨЖ тақырыбы: Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері. Жеңіл атлетикамен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері.


ОБСӨЖ жоспары:

  1. Индивидуальды даму

  2. Адамның жетіліп дамуына дене шынықтыру сабақтарының ролі


ОБСӨЖ мақсаты: Жеңіл атлетикамен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктерін анықтау.

ОБСӨЖ мәтіні: Онтогенез кезеңі яғни адам баласының туылғаннан өлген мерзімге дейінгі күйі. Өмір сүру барысында ағза морфологиялық, биохимиялық, функциональдық өзгеріп отырады.

Индивидуальды даму. Онтогенез жағдайында тұқымқуалаушылық факторлар генетикалық түрде ата-ана гені міндетті түрде балаға көшіп отырады..

Ағзаның формалық күйі бір уақытта дамып жетілмейді. Мысалы морфологиялық бас миы және арқа бөлігі яғни шүйде бөлімі ерте балалық шақта тезірек жетіледі. 10-12 жаста олардың өлшемдері өз шегіне жетеді .

Адамның индивидуальды дамуы 2 процесс арқылы жасалады.

а) ассимиляция организмге сыртқы ортадан енген басқа заттарды өз клеткаларында өзіне тән заттардың түзілуі.

б) диссимиляция процессі организм клеткаларындаға органикалық қосылыстардың энергияны босатып, босап шыққан энергияны тіршілік әрекетіне пайдаланады.

Осы екі процестер арқылы ағза күйі өзгеріп отырады, яғни адамның жүйке жүйесінің мінез құлықтарының өзгеруі.

Адамның жетіліп дамуына дене шынықтыру сабақтарының ролі күшті. Ең алдымен ағзаның еңбекке бейімделуі . Адам әрдайым спорттық қозғалыста жұмыс жағдайында болуы шарт.

Индивидуальды даму биологиялық жасқа тікелей байланысты Биологиялық жастың комплексті көрсеткіштеріне мыналар жатады.

  1. Шыныға даму (бойы, салмағы т/б) жатқызамыз.

  2. Сүйек қаңқасының дамуы

Биологиялық зерттеулерге қарағанда сүйектердің шкі және сыртқы орта жағдайына байланысты қайта құрылымдық қабілеті бар. Атомдық әдіс арқылы ағзаға тәулігіне 10-нан 20 пайызға дейін тұзды заттар сүйек ұлпасында алмасады. Осыған орай спортшылардың сүйек жүйесінің ұлпа және мүше дәрежесіндегі өзгерістерді білу шарт өйткені спортшының тек дене пішінінің қалыптасу қарқынымен бағытын байқап қана отырмай, оның мақсатына қарай дамуын басқарады.

Жаттығушыларды спорт түрлеріне сұрыптағанда олардың денесінің үйлесімділігіне көп мән береді. Спортшы бойының ұзындығына қарап баскетболшыға, қолының ұзындығына қарап найза лақтыратын,. Білектің ұзындығына қарап волейболшыға, қолбасының ұзындығына қарап гимнастикаға лайық деп айтылады.

Денеге күш түсу немесе спорттық сабақтардың әсері адамның денесін түрлі жағынан жетілдіруімен бірге дерттік өзгерістерге де ұшырауы мүмкін . Жаттығушының спорттық сабақтардан зорығуы (шаршауы) салдарынан оның сүйек жүйесінде ерекше өзгерістер пайда болады, мұндай жағдайларды болдырмау үшін жаттықтырушы спорттық сабақтарды реттілікпен өткізуі тиіс.

Спортшылардың сүйек жүйесінің бейімделу өзгерістері

Мүшеге күш артқан кезде сүйектің хим иялық құрамындағы бейорганикалық заттардың құрамы артып, альции мен фосфор көбейе бастайды. Тұздардың артуынан тығыздығы күшейеді. Бұлшықет қызметінің артуынан қаңқа сүйектерінің пішіні өзгере бастайды, бұлшықет сіңірінің сүйекке жабысқан жерінде белдеу, бұдырлар пайда болады.. Айталық ауыр жүк көтерушілердің әсіресе жауырын және бұғана сүй ектерінің пішіні өзгеріп, бұғана жуандай түседі. Бұған себеп спортшылардың сүйек жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер сүйек қабығындағы сүйектің кемікті және қатты заттарындағы және жіліктің май қуысындағы құрылысына байланысты.

Сүйектің қабығы дене шынықтыру сабақтарында оның ішкі камбиилі немесе сүйек түзетін қабатының қызметін байланысты қалыңдай түседі.


Коллоквиум сұрақтары


  1. Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері?

  2. Жеңіл атлетикамен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері?

  3. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың реттелуі?

  4. Анаэробты жаттығу кезінде дене сапасы?

  5. Аэробты өнімділік кезіндегі сапалылық?

  6. Индивидуальды даму?


Тест тапсырмалары:

1)Бұлшық еттердің жиырылуының қуаты және күшіне тәуелді ұзақ уақыт аралығында қайталанатын жаттығулар.

А). Бұлшық еттің шыдамдылығы.

Б)Бұлшық еттердің күші.

В) Бұлшық еттердің қуаты

С) Бұлшық еттің энергетикалық қуаты

Д)Бұлшық еттің жалпы энергия жұмсалуы.


2) Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері нақты жаттығу орындау кезінде бір уақыт бірлестігінде жұмсалатын орташа энергия көлемі.

А) Бұлшық еттің шыдамдылығы

Б)Бұлшық еттердің қуаты.

В)Бұлшық еттердің күші.

С) Бұлшық еттің жалпы энергия жұмсалуы..

Д)Бұлшық еттің энергетикалық қуаты

3) Жалпы жаттығу орындалу барысында жұмсалатын энергия көлемі.

А) Бұлшық еттің энергетикалық қуаты

Б)Бұлшық еттердің күші.

В)Бұлшық еттің шыдамдылығы.

С) Бұлшық еттердің қуаты.

Д)Бұлшық еттің жалпы энергия жұмсалуы.

4) Дене сапалары дамуында циклді жаттығулардың түрлері.

А) Максимальды, максимальдыға жақын және субмаксимальды анаэробты қуат.

Б) Жарылғыш стандарттық –ауыспалы , стандартты емес-ауыспалы,интервал қайталанатын.

В) Анаэробты және аэробты

С)Максимальды максимальға жақын, субмаксимальды орташа және аэробты қуат.

Д) Стартқа дейінгі немесе жұмыс уақыты және қалпына келу.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.

2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.

Қосымша

3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»

М 1997г

4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.

5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.

6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.

7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.


Екінші аралық бақылау




Тапсырманың мазмұны мен мақсаты

Апталар

Балл

Бақылау түрі

1

Бокспен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері

8 апта

3 балл

Бақылау сұрақтары

2

Ауыр атлетикамен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері

9 апта

5 балл

Тестілік сауалнама

3

Спорттың циклді түрі шаңғы спорты,

10 апта

5 балл

Глоссарий

Тест

4

Рефлекс және рефлекторлық доға.

11 апта

5 балл

Коллоквиум

5

Жас спортшылатда МПК-ны анықтау.

12 апта

4 балл

Бақылау сұрақтары

6

Жасқа сай жүктемелерінің мөлшері.

Жасқа сай жүктемелерінің мөлшері.

13 апта

4 балл

Тест тапсырмасы

7

Спорт физиологиясы пәнінің зерттеу әдістері.

14 апта

4 балл

Коллоквиум

8

Еркін күреспен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері. Бақылаудың және іріктеудің физиологиялық негіздері.

15 апта

-

-




Барлығы:







30 балл



8- апта

ОБСӨЖ № 8.


ОБСӨЖ тақырыбы: Бокспен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері. Икемділік туралы түсінік.


ОБСӨЖ жоспары:

  1. Бокспен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері

  2. Қимыл сапаларының өзара байланысы.

  3. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері.

  4. Жаттығулардың негізгі сипаты.


ОБСӨЖ мақсаты: Бокспен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.


ОБСӨЖ мәтіні: Бокспен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері өсу және даму барысында балалар қозғалысының негігі сапасы және үйлесімділік қабілеті қалыптасады. Жас кезеңдерінде олардың тиімді және нәтижелі өтуіне өзіндік сезімтал кезеңдері сәйкес келеді. Ол әрбір бұлшықет әр түрлі мерзімдік (гетерохронды) өтеді. Мәселен жазғыш бұлшықеттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғары дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілу жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды. Ол 25-26 жаста аяқталады.

Бокспен айналысқан спортшылардың саусақ бұлшықеттерінің күші 7 жаста 12-13 кг: 10 жаста –17-20 кг: 14 жаста –27-35 кг: 17-де 31-48 кг.

Бел бұлшықеттерінің күші 7 жаста 31-34 кг, 10д жаста 38-42 кг, 14 жаста –53-54 кг болады.

Бокспен айналысқан спортшылардың қозғалыс істерінің жылдамдығы дамуы 4-5 жаста басталып, 14-30 жаста ең жоғары сапасына жетеді, сезімтал кездері 6-14 жаста байқалады.

Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік жеті қимылдар жасай алмайды. Мұндай әрекеттік қимылдар 6-7 жаста басталып 25-30 жаста максимумға жетеді, оның сезімтал кезі 11-16 жаста бастлады.

Бокспен айналысқан спортшылардың физиологиялық ептілігі - дәл қимыл жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17- жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.

Бұлшықеттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінгі балалар қзақ жүктемелерден сақтануы керек. Шыдамдалықтың жоғары сапасы 25 жаста аяқталады.

Бұлшықеттер жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді. Ол ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді.

Икемділіктің сезімталд кезеңі 3-8 жастың арасында байқалады.

Гипокенезия мен гиподинамия дененің даму екпінін өзгертеді.

Жас ұлғайған сайын қимыл-тірек жүйесінің қызметі әлсірейді. 30 жастағы адамдарда аз қозғалысты өмір сияқты бұлшықеттің күші мен көлемі азаюына әкеледі. Еркектерде бұл үрдіс андрегендердің азаюына сәйкес келеді.

Қартаю кезінде ерікті қимылдарды, дене қалпын және тепе-теңдікті реттейтін жүйке тетіктерінің әлсіреуімен қатар жүреді.

Жасқа сай қарапайым және күрделі қозғалыс әсердленістерінің мерзімі ұзарады, баяу және сенімсіз қимылдар байқалады. Мұның барлығы қарт адамдардың қозғалыс белсенділігін шектейді. Сондықтан олардың дене жаттығуларының және спорттық қимылдарының көп ерекшеліктері болады. Дене қуатының қасиетінің әрекетті даму және тәрбиелеу деген терминдер қолданылады. Даму термині дене қуатының қасиетінің табиғи өзгеру сипатының, ал тәрбиелеу қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дене қуатының қасиетіне-күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік, ептілік жатады.

Күшті дамыту әдістемесі – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегімен оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.

Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі-дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады: Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы, жалғыз қимыл жылдамдығы, қимыл жиілігі.

Төзілімділік және оны дамыту әдістемесі- адамның жұмысты ұзақ, қарқынан азайтып орындай алуын төзімділік дейміз.

Адамға берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ету уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз. Төзімділікті анықтаудың, түзу және жанама деген екі әдісі бар.

Ептілік- адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез мегеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қаблеттілігін – ептілік дейміз.

Икемділік- адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігі. Икемділіктің өсу буын құрлыстарына, бұлшық еттің, сіңірдің созылмалдылығына, көңіл-күйге, бой қыздыруға, спорттық мамандыққа және т.с.с. байланысты.


Бақылау сұрақтары:

  1. Бокста нысанды жаттығулар?

  1. Бал мен бағаланатын қозғалыстардың сипаттамасы?

  2. Бокста жайытты қимылдың сипаттамасы?

  3. Бокспен айналысқан кезіндегі ағзаның күйі ?

  4. Төре алдындағы күй?

  5. Бокста физиологиялық қызметтердің ерекшеліктері?

  6. Сөре алдыңғы күйдің әртүрлілігі және олырдың әдістері?

  7. Бокстан соң бабына ену?

  8. Бокста күшті дамыту әдістемесі?

  9. Спортта сыртқы қарсылықты жеңу?

  10. Спортта бұлшық ет көмегімен қарсылық көрсету?

  11. Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі?

  12. Бокспен айналысқан уақытта белгілі бір уақыт ішінде жылдам қозғалыс әрекеті?

  13. Бокста жылдамдық түрлері?

  14. Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы?

  15. Жалғыз қимыл жылдамдығы?

  16. Бокста қимыл жиілігі?

  17. Төзілімділік және оны дамыту әдістемесі



Пайдаланатын әдебиеттер:


Негізгі

1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.

2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.

Қосымша

3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»

М 1997г

4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.

5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.

6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.

7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.


9- апта

ОБСӨЖ № 9.


ОБСӨЖ тақырыбы: Ауыр атлетикамен айналысқан спортшылардың физиологиялық ерекшеліктері Судағы ағзаның жылу реттелу ерекшеліктері.


ОБСӨЖ жоспары:

  1. Ауыр атлетикаға сипаттама

  2. Судағы талдағыш жүйелердің қызметі.

  3. Су мен минерал заттардың алмасуы.

  4. Денеде су мен тұздардың реттілісі.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” icon«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconЕкібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі
Аласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне...
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды...
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconДене шынықтыру және спорт кафедрасы ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2010
С. Торайғыров атындағы пму-дың химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің дене шынықтыру және
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” icon5В0108011 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Жұмыс бағдарламасы 5В010801 Дене шынықтыру және спорт мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қр мжмбс 08. 258-2006 және...
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” iconҚарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
Арағанды облысындағы туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында салааралық, аймақ аралық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница