Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады




Скачать 374.97 Kb.
НазваниеДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер374.97 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://kazanderma.narod.ru/works/students/testquest_letchfak_2010.rtf
  1   2   3   4


ӘОЖ 636.085.13: 612.398.145:574.24

Қолжазба құқығында


Байжаханова Айгуль Шайхисламовна


Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардың әсері және оларды түзету жолдары


6М060800 – Экология мамандығы бойынша

жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2013 жыл

Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалған.


Ғылыми жетекшісі: Биология ғылымдарының

кандидаты, аға оқытушы

Р.Х. Құрманбаев


Ресми оппонент:


Облыстық кеңес беру

диагностикалық орталығының

бас дәрігері медицина

ғылымдарының кандидаты, 

К.Д. Тілеулиев




Қорғау 2013 жылы «7» маусымда сағат 09-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның әртүрлі аймақтарының экологиялық жағдайына жүргізілген бақылау, көп жағдайда қоршаған ортаның күйі антропогендік, табиғатқа жауапсыз қараудың салдарынан санитарлық нормаға жауап бере алмайтындығын көрсетті. Бұның бәрі қоршаған ортаның ауыр металдар тұздары, радионуклидтер, пестицидтер, гербицидтер, мұнай және оның құрамындағы заттар, ракета жанармайы – 1,1-диметилгидразин (1,1-ДМГ) және оның нитрозодиметиламин (НДМА) сияқты туындылары, өндіріс және ауылшаруашылық қалдықтарымен ластануына әкеледі. Аталған улы заттар организмнің әр түрлі мүше мен жүйелеріне улы әсерін тигізеді. Әдетте улы заттардың жеке әсері емес, бірлескен әсері көп орын алады. Ал қоршаған орта мен организмнің арақатынасын білудің қажеттілігін көптеген ғалымдар сөз еткенімен, ол өз дәрежесінде жетік зерттелмеген.

Қызылорда облысы территориясында көптеген жылдар бойы жүргізілген мониторинг кей жағдайда топырақтағы, судағы, аймақтағы өсімдіктер және жануар денесіндегі ауыр металдардың тұздары, пестицидтер, гербицидтер, гидразиннің әртүрлі туындылары сияқты токсиканттардың шектеулі рауалы концентрациядан біршама жоғары екенін көрсетті. Экологиялық дағдарыс аймағы жағдайларында тұрақты өмір сүріп жатқан адамдарда организмнің гомеостазын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын негізгі мүшелер мен мүшелер жүйесінде тіпті патологиялық ауытқуларға дейін баратын функциональдық өзгерістер анықталған. Бұл аймақтағы Құмкөл, Арысқұм және басқа кен орындарында мұнай-газды өнеркәсіптік игеруде қоршаған ортаға қосымша әсер етуде.

Арал аймағының адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардың эритроцит мен лейкоциттер санына, гемоглобин мөлшеріне, жалпы физиологиялық параметрлеріне бірлескен кешенді әсерін және фитопрепараттар мен биологиялық белсенді заттардың көмегімен айқындалған өзгерістерді қалпына келтіру мүмкіндіктерін анықтау – экологиялық физиология ғылымының негізгі бағыты болып табылады және қазіргі кезде аса қызығушылық туғызуда.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың мақсаты – Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын әсеріне сипат беру және оларды түзету жолдарын ұсыну.

Жұмыстың мақсатына байланысты қойылатын міндеттер:

1. Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын әсерінен физиологиялық параметрлерінін өзгерісін зерттеу (эритроциттер, лейкоциттер саны, гемоглобин, АлАТ және АсАТ ферменттері).

2. Адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын кешенді әсер ету нәтижесінде қаннын физиологиялық параметрлерінін өзгерісін талдап, оларды «Возрождение» бальзамын қабылдау арқылы түзету жолдарын ұсыну.


Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орындарында адам физиологиясы курсын оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім беру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Жоғары оқу орындарындағы адам физиологиясы курсын оқытуда: оның бағдарлама мазмұны экологияландырылса; курстың негізгі мазмұнына енетін экологиялық білімнің құрылымдық жүйесі жасалса; физиологиялық түсініктермен экологиялық түсініктер өзара логикалық байланыста берілсе; экологиялық мазмұндағы физиологиялық есептер мен тапсырмалар және экологиялық түсініктер әрбір тақырыптың мазмұнына кіріктірілсе; оқытудың белсенді әдістері адам физиологиясы курсында тиімді пайдаланылса студенттерде экологиялық түсініктер қалыптасып, экологиялық білім беру мақсаты жүзеге асады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Арал аймағының қолайсыз факторларының кешенді әсерететін тұрғындарының қан көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді.

Арал аймағы (Қызылорда облысы) тұрғындарының эритроциттер, лейкоциттер саны, гемоглобин, қан ферменттері мөлшерлері зерттелді. «Возрождение» бальзамын қабылдау арқылы, адам организмнің физиологиялық көрсеткіштерін түзету әдістері ұсынылды.

Диссертацияның теориялық және практикалық құндылығы.

Алынған мәліметтер Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын кешенді әсері және оларды түзету жолдары туралы түсінігімізді кеңейтеді.

Алынған материалдар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттеріне арналған лекциялар курсына енгізілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер.

1. Арал аймағындағы адам организмінде экологиялық қолайсыз факторлардын әсерінен эритроциттер, лейкоциттер саны, гемоглобин, АлАТ және АсАТ ферменттер деңгейлері физиологиялық нормалық көрсеткіштен төмендігі.

2. Адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын кешенді әсер ету нәтижесінде қаннын физиологиялық параметрлерінін өзгерісін талдап, оларды «Возрождение» бальзамын қабылдау арқылы түзету жолдарын ұсыну.

Диссертациялық жұмыстың талқылануы мен жариялануы.

Жұмыстың негізгі мазмұны мен қортындылары республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріді.

Олар: 1. Применение биологически активных добавок к пище как один из методов коррекции здоровья населения, проживающего в экологически неблагоприятных регионах Казахстана. Макашев Е.К., Капышева У.Н., Бахтиярова Ш.К., Хайбуллин М.Р., Курманбаев Р.Х., Байжаханова А.Ш.Материали за 9-а международна научна практична конференция, «Ключови въпроси в съвременната наука», - 2013. Том 29. Лекарство. Биологии. София. «Бял ГРАД-БГ».

2. Влияние метил-1,2,4-триазола на пол и активность каталазы тканей крыс. Бахтиярова Ш.К.,Колбай И.С., Капышева У.Н., Баимбетова А.К.,Курманбаев Р. Х., Байжаханова А.Ш. Материалы межд.научно-практич. конф. « Современные проблемы борьбы с особо опасными, экзотическими и зооантропонозными болезнями животных» посвящ...70-летию проф. Н.Г.Асанова. – 2 том.-Изд-во КазНаУ.-Алматы,-2012.-с.81-85.


1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Қысқаша табиғи-климаттық сипаттама

Қызылорда облысы Қазақстан Республикасында жер көлемі жағынан Ақтөбе мен Қарағандыдан кейінгі үшінші орынды алады. Жер көлемі 226,1 мың шаршы километрді алып жатыр. Облыс орталығы — 197 мың тұрғыны бар Қызылорда қаласы. 7 ауылдық әкімшілік ауданы, 3 қаласы, 12 қала түріндегі поселкесі, 96 ауылдық округі бар.

Территориясында 1,3 мың километрге созылған Сырдария өзені ағып жатыр.

Облыс суармалы егіншілік аймағы. Арал кризисі мен салмақты жетіспеушіліктер жер ресурстарын пайдалануда суармалы жердің аздаған қайтарымына әкеп соқты. 3 мың көлден бар жоғы 123-і қалды, шабындықтың өнімділігі 4 есеге азайды, топырақтың тұздануы мен жерлердің бос қалу процесі күшеюде.

Аймақтың табиғи жағдайы суармалы массивтерді басқаратын мамандандырылған жүйені талап етеді, ирригациялық жүйедегі жердің негізгі бөлімі сулы-тұзды режимді жасанды жолмен реттеуді қажет етеді.

1.2 Минералды шикізат ресурстары

Облыстың жер қойнауында Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы бар десе де болады.

Бәрінен бұрын, бұл қосалқы көмірсутек шикізаты, Оңтүстік-Торғай бұғазында олар болжам бойынша 350 млн. тонна мұнай және 100 млрд. куб метр газ құрайды.Бақылау нәтижесі Арал бассейні 75 млн. тонна мұнай және 2,3 трлн. куб метр газ береді деп болжады. Қосалқы көмірсутек шикізатының потенциалды құндылығы облыста 130,8 млрд. АҚШ доллары, мұнай – 72,5, газ – 50,4, конденсат – 7,9 млрд. АҚШ доллары деп бағаланды.

Облыс территориясында жалпы Қазақстандық қосалқылардан орташа 15,1% балансталған қосалқы цинк, 9,6% қорғасын, 13,7% уран, 4,7% мұнай, газ және конденсат, 3,4% жерасты су балансы бар. Бұл қосалқы ванадийлер жағынан Қазақстан дүниежүзі бойынша 1-ші орын алады, көпшілігі Қызылорда облысының территориясында.

1.3 Табиғаты

Қызылорда облысы шөл және шөлейт аймаққа жатады. Жергілікті жердің рельефі көбінесе жазық. Солтүстік-шығыс бөлігі (оңтүстік жағалау) ұлан-байтақ саз жусанды-сортаң шөлейт, солтүстігінде көп массивті төмпешікті-жүйекті құмдар – Арал маңы Қарақұмы. Жүйек пен төмпешіктің биіктігі 20-дан 40 метрге дейін ауытқиды. Қарақұмның батысынан Кіші Борсық құмдары жалғасады. Сырдарияның солтүстік бөлігін Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. Облыстың оңтүстік-шығыс шеткі бөлігін Қаратау таулы аймағының аласа салалары алып жатыр. Облыстың аймағында таулардың абсолютті биіктігі 900 метрден аспайды.

1.4 Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан аймақтың экологиялық жағдайы

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.

Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.

    1. Экологиялық қолайсыз факторлардың қан құрамына әсері.

Арал өңірі табиғатының экологиялық жүйесінің тозығы жеткендігі әр кімге аян. Ластайтын заттардың түрлері өте көп және мөлшері де мол. Олар зауыттар мен фабрикалардың, автокөліктердің мұржаларынан шығатын зиянды заттар. Бұлардың бәрі де әр түрлі жолдармен ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суларға, жауын суына тарайды, өсімдіктер мен жануарлардың бойына жиналады және организм үшін өте қауіпті, оның ішінде адам мен жануарларға аса зиян.

Қазір, экология ғалам мен ғасыр проблемасына айналып отыр. Осыған орай халықтың таза су мен құнарлы асты пайдалануына қол жеткізуді қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды басқа да қауіпті факторларды төмендетуді көздейтін нақты шаралар қамтамасыз етілуі керек.

1.6 Эритроцит құрылымы, функциясы және жойылуы

Қан жүйесі және оның құрамындағы қызыл және ақ қан түйіршіктерінің ағзадағы алатын орны үлкен. Олар организмге түрлі инфекциядан қорғап, рН ортасын сақтап, газдарды, метаболизм өнімдерін, биологиялық белсенді заттарды тасымалдай отырып, организмде гомеостатикалық қызмет атқарады. Организмде әртүрлі физиологиялық қызметтерді атқара отырып, сыртқы және ішкі ортаның арасындағы байланыстырушы тізбек болып, қан әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен жүретін өзгерістерге өте сезімтал келеді.

Қан жүйесі - ішкі организмнің маңызды бөлігі. Ол организм жағдайының сезімтал көрсеткіші және де оның бұл қасиеттері организмнің сыртқы орта факторларына бейімделу параметрі бола алады.

Эритроцитттер (erythrocytus – грекше. erythros – қызыл, cytоs - клетка) ядросыз, гомогенді цитоплазмасы бар қызыл қан түйіршіктері. Ол қанның негізгі бөлігін құрайды. Эритроциттер қарапайым липопротеинді мембрана цитолеммамен қоршалған. Қозғалыс кезінде қанда эритроциттердің екі жағы ойыс, диаметрі 7-9 мкм келетін сфероид формалары басым болады. Эритроциттер белок пен липоидтан тұратын сыртқы қабықшадан, строма және ішкі белокты қабығынан тұрады. Қан тарату жүйесіндегі эритроциттедің айналымы қалыпты жағдайда 45 секундта жүзеге асады. Эритроциттер миелоидты ұлпада, немесе сүйек майында пайда болады. Эритроциттердің пайда болу процесін гемопоэз деп атайды. Жас балалардың бұл ұлпалары барлық сүйектерінде, ал ересек адамдарда негізінен бас сүйектерінде, қабырғада, төс сүйегінде, омыртқада, сегізкөзде және жауырында пайда болады. 1 мл қанда 5 млн-ға жақын эритроциттер болады, бірақ бұл шама жасына, жынысына және денсаулығына байланысты ауытқып отырады.
  1   2   3   4

Похожие:

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Педагогика және психология»...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Дүниетану сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Ауылшаруашылық ғылымдарының магистры академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған дисссертацияның
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Орта ғасырлардағы сырдарияның ТӨменгі ағысындағЫ Қалалардың ҚОРҒаныс жүйесі: тарихи талдау (V-ХІV ғғ.)
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Мектеп математика курсындағы математикалық анализ элементтерін қолданбалылық ЖӘне кәсіптік бағдар бағытында оқыту
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница