Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы




Скачать 70.65 Kb.
НазваниеЗайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы
Дата конвертации06.02.2016
Размер70.65 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zaysan.vko.gov.kz/kz/files/program_03.doc
Зайсан аудандық мәслихатының

2008 жыл 11 шілдедегі № 7-3

шешімімен бекітілген.


ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ 2008-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУ


БАҒДАРЛАМАСЫ


Зайсан қаласы

2008 жыл


ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ 2008-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ.


1.Бағдарламаның паспорты:


Бағдарламаның атауы: Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты

дамыту бағдарламасы.


Әзірлеу негізі : Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге

қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті

халық үшін »атты Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының 2030

жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының 1999

жылғы 2 желтоқсандағы № 490 «Дене шынықтыру мен спорт туралы» заңы,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы

«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-

2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту» туралы №230 Жарлығы.


Әзірлеуші: ММ.Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі.


Мақсаты: Дене шынықтыру мен спортты жастар мен жасөспірімдер арасында

дамыту салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі құралы ретінде кеңінен

пайдалану.Тұрғындар арасында және жұмыс ұжымдарында дене тәрбиесін

сауықтыру шараларын жетілдіру.Спорттық деңгейді көтеру, материалдық-

техникалық базаны нығайту.Жаттығу жұмыстарының сапасын арттыру.Спортты

қаржыландыруды жетілдіру.

Міндеттері: Дене шынықтыру мен спортты жастар мен жасөспірімдер арасында дамыту

Спортты салауатты өмір салтының негізгі құралы ретінде кеңінен пайдалану.Тұрғындар арасында,ұжымдарда дене тәрбиесі артқылы «Сауықтыру» топтарын ашып жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.

-Дене шынықтыру мен спортты басқаруды одан әрі демократияландыру.

-Жаттықтырушылар мен мамандардың жауапкершілігін арттыру,олардың білімі

мен біліктілігін жетілдіру.Жарыстарды ұйымдастыруды,спорт ғимараттарын

тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.

-Қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениеттілікке , адамның

құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

-Спортшылардың жаттығу процесін, оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз

ету.

-Спорт мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайту,

-Отандық дәстүрлер мен тәжірибе және тұрақты даму қағидалары негізінде

ұлттық спорт түрлерін дамыту.

-Жаттықтырушылардың, спортшылардың мәртебесін арттыру, әлеуметтік

жағдайын жетілдіру.

спорт мекемелерін қаржымен, маман кадрлармен қамтамасыз ету,

аттестациядан өтіп отыруын ұйымдастыру.

-Жаттықтырушылардың 5 жылда бір рет білім жетілдіру курсынан өтуін

қамтамасыз ету.

- Бұқаралық және жоғарғы деңгейде спортты дамыту.

- Жаттықтырушылардың,спортшылардың мәртебесін арттыру,әлеуметтік

жағдайын жетілдіру,спорт мекемелерін қаржымен,спорт құрал

жабдықтарымен,маман кадрлармен қамтамасыз ету,аттестациядан өтіп отыруын

ұйымдастыру.

Іске асыру мерзімдері : Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2008-2011 жылдар.


Қаржыландыру көздері: Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті аудандық, облыстық және

республикалық бюджет.


Күтілетін нәтижелер: Бағдарламаны 2008-2011 жылдарда қаржыландыру көлемі тиісті қаржы

жылына арналған жергілікті және Республикалық бюджеттен жоспарлау

тұрақтанады.

-Бәсекеге қаблетті спортшы дайындауды қамтамасыз ететін тиімді жүйе

құрылатын болады.

Аудан спорттының материалдық-техникалық базасы нығаяды.

-Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны артады.

-Тұрғындар арасында салауатты өмір сүру салты қалыптасып, аудан халқының

денсаулығы нығаяды.

-Спорт түрлері бойынша облыс, республика құрама командасына кандидаттар

беруге мүмкіндік туады.

-Жастар мен жасөспірімдерді спорт секцияларына тарту артқылы бос уақытын

тиімді пайдаланып, оларды көшедегі төбелес,темекі

тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жат қылықтардан алшақтатуға

мүмкіндік туады.Жас өспірімдердің тәртібі түзеледі,денсаулығы нығаяды.


2. Кіріспе : Аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы Қазақстан

Республикасы Президентінің 19.03.2004 ж. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,

бәсекеге қаблетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты

жолдауын, Республика Президенттінің «Қазақстан саяси әлеуметтік

экономикалық қарқынды даму жолында» атты жолдауы, «Экономикасы

дамыған, қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы» жолдауы. Қазақстан

Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын,

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңын,

«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-

2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа ала отырып

әзірленді.

3. Дене шынықтыру мен спорттың аудан көлеміндегі жай күйін талдау

Ауданда 41 физкультура ұжымдары тіркелген, оның 29-ы мектептерде

шоғырланған. Барлық дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны

3289 адам.Ауданда 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар.Мектептің

волейбол,футбол, еркін күрес спорт секцияларында 262 оқушы шұғылданады.

Ауданда 1 стадион, 22 спорт зал, 5 мылтық ату тирі, 37 футбол, волейбол,

баскетбол алаңдары бар.Материалдық базалардың жетіспеуінен мектептердегі дене

шынықтыру сабақтары екі-үш сыныптан біріктіріліп өткізуге тура келуде.

Шаңғы,гимнастика құралдарының жоқтығынан оқу программасы орындалмауда.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2 маман, ауыл округтерінде 0,5

ставкадан 8 жастар және спорт мамандары жұмыс істейді. Бірақ олардың статусы

дұрыс бекімеген, аудандық ішкі саясат, спорт бөлімдеріне, ауыл округінде жұмыс

атқарады, еңбек ақыны мөдениет үйінен алады.Спорттың ұлттық түрін дамыту

мақсатында 0,75 ставкада 1 ат бегі, жұмыс атқаруда. Қаладағы Дәуленов,

Айнабұлақ ауыл округіндегі Октябрь мектептерінде спорт зал жоқ. Ауданда 38 мың

400 халық, оның ішінде 8100 оқушы бар, мектептерде секция жүргізуге сыныптан

тыс жұмыстарға біраз қаржы бөлінген,бірақ жетіспеуде. Спорт түрлері бойынша

Облыстық, Республикалық жарыстарға қаражат тапшылығынан қатысу мүмкіндігі

төмен,аудан Облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан жол шығынына

бөлінген қаржының көбі,көлік жалдауға кетеді,ал аудандық спорт бөліміне көлік

қаралмаған.Спорт құрал жабдықтар жетіспеуде. Облыстық халық ойындары

спорттың 19 түрін қамтиды, жыл көлемінде спортшылармен шұғылданатын

жаттықтырушылар жоқ. Жаттықтырушылар штатының жетіспеуінен аудан

көлемінде бар материалдық техникалық базаны дұрыс пайдалану мүмкіндігі

болмауда, тұрғындар арасында «Сауықтыру» топтарын ашып жүргізу мүмкіндігі

болмауда. Хоккей корты, мылтық ату, тир ғимараттары бос тұр. Ауыр атлетика,

шахмат, дойбы, клубтарын ашу мәселесі көтеріліп отыр, бірақ шешімі табылмауда.

Аудан қарлы аймақта орналасқан қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік көп.

Жазғы спорт түрлерінің футбол, волейбол, жеңіл атлетика, күрес және ұлттық

спорт түрлерінің тоғызқұмалақ, армлестлинг түрлері дамыған.


4. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетіктері

Бағдарламаны орындау, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары артқылы

жүзеге асырылатын болады./қосымша №1/


5. Қажетті ресурстармен қаржыландыру көздері

Материалдық базаны нығайту, дене шынықтыру және спорт пен

шұғылданушыларды көбейту мақсатында аудан көлемінде орналасқан бос

ғимараттарды жөндеп пайдалануды іске асыру.Бағдарламаны іске асыруға

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ ҚР заңдарында

тиым салынбайтын, басқа да қаражат көздерін бағыттау.


6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелері және оның индикаторлары.

Бағдарламаны 2008-2011 жылдарда қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына

арналған жергілікті бюджеттен жоспарлау

тұрақтанады.

-Бәсекеге қаблетті спортшы дайындауды қамтамасыз ететін тиімді жүйесі

құрылатын болады. Аудан спорттының материалдық-техникалық базасын

нығаяды.

-Дене шынықтыру спортпен шұғылданушылар саны артады.

-Аудан халқының денсаулығы нығаяды,салауатты өмір сүру салты қалыптасады.

-Спорт түрлері бойынша облыс, республика құрама командасына кандидаттар

беруге мүмкіндік туады.

-Жастар мен жасөспірімдерді спорт секцияларына тарту артқылы олардың бос

уақытын тиімді пайдаланып, көшедегі жат қылықтардан алшақтату іске асады.

Жасөспірімдердің тәртібі түзеледі.

Похожие:

Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы icon2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан аудандық мәслихатының
Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан аудандық мәслихатының
...
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы
Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды...
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналғАН
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық паспорты Зайсан қаласы 2011 жыл
АЖӨ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының, шағын кәсіпкерлік өнімінің көлемі, мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемі, басқа да негізгі көрсеткіштер...
Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница