Скачать 5.67 Mb.
|
НәЖМеТДИН Мұхитдинов Тоғыз томдық таңдамалы еңбектері Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне Алматы 2012 УДК 349.4 ББК 67.407 М86 Мұхитдинов Нәжметдин М86 9 томдық таңдамалы еңбектері. Н. Мұхитдинов – Алматы, 2012. 8-т. ISBN 978-601-278-285-1 Т. 8.: Қоршаған ортаны қорғау және ауылшаруашылығын дамыту мәселесіне. – 2 басылым, толықтырылған. – 319 б. ISBN 978-601-7015-28-2 Құрастырушылар және жауапты редакторлар: заң ғ.д., профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Е. О. Алауханов; заң ғ.к., доцент А.А. Сейітжанов; химия ғ.д., профессор Б.Ә. Мұхитдинова, заң ғ.к., Juris Doctor А.Н. Мұхитдинов; Master of Law Н.Н. Мұхитдинов; PhD, Master of Law Е.Н. Мұхитдинов. Бұл еңбек Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері зерттеліп қарастырылған тұнғыш заң әдебиеті болып табылады. Еңбекте қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік баскарудың түсінігі мен оның ерекшеліктері және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқару мен табиғатты қорғауды ведомство үстінен басқаруды іске асыратын органдардың құқықтық мәртебесі қарастырылған. Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруда азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашықтарына ерекше орын беріліп отыр. Ауылдық жерлерде меншігінде мал ұстаушылар, жеміс-жидек, бау-бақша отырғызушылар, сонымен қатар саябақ пайдаланушылар, серіктестіктер көбейді. Кітапта қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ қосалқы шаруашылыктарды жүргізудің, жерді, алынған өнімді пайдаланудың, сатудың жолдары, жергілікті ауыл-село ұжымымен байланыс заңдылықтары сұрақ-жауап ретінде қысқаша баяндалады. Кітап қосалқы өзіндік шаруашылығы бар азаматтарға, шаруашылық басшыларына, заң қызметкерлеріне, жоғары оқу орнының студенттеріне, аспиранттары мен оқытушыларына, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған. УДК 349.4 ББК 67.407 ISBN 978-601-7015-28-2 (Т.8) ISBN 978-601-278-285-1 ©Мухитдинов Н., 2012 Кітап ҚР Құқықтық сараптама және Халықаралық ғылыми зерттеу орталығынан басылуға ұсынылған ![]() Заң ғ.д., профессор Мұхитдинов Нәжметдин Бәукеұлы
Мұхитдинов Н.Б. Есеналиев А.Е. Казақстан Республикасы нарық жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының құқықтық негіздері Алматы - 2000 ББК 67. 99 (2) 5 М80 Пікір жазған: Әбдуәлі Еренұлы Еренов Казақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессоры М 80 Мухитдинов Н.Б. заң ғылымдарының докторы, профессор, Есеналиев А.Е. Қазақстан Республикасы нарық жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қүкыктық негіздері. – Алматы. – 2000. – 190 бет. ISBN 9965 – 01 – 457 – 4 Бұл монография Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны корғау саласындағы мемлекеттік басқаруды құқытық реттеудің өзекті мәселелері зерттеліп қарастырылған тұнғыш заң әдебиеті болып табылады. Еңбекте қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік баскарудың түсінігі мен оның ерекшеліктері және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқару мен табиғатты қорғауды ведомство үстінен басқаруды іске асыратын органдардың, құқықтық мәртебесі қарастырылған. Кітап жоғарғы оқу орнының студенттеріне, аспиранттары мен оқытушыларына, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған. ББК 67. 99 (2) 5 1203020900 М 00 (05) – 00 ISBN 9965 – 01 – 457 – 4 © Мухитдинов Н.Б. Есеналиев А.Е., 2000 =============================================================== КІРІСПЕ Табиғи ресурстар материалдық өндірістің өсуі мен нарықтық қатынастардың одан әрі дамуына және жетілдіріле түсуіне ықпал жасайтын өндірістік күштердің құрамды бөлігі болып табылады. Табиғатпен өзара қарым-қатынас жасап, сан алуан іс-әрекетке бара отырып, адамдар бір жағынан оған ықпал етеді, яғни баскаша сөзбен айтқанда, оны өзгертеді, басқа жағынан алып қарасақ, оны қайта өзгерту барысында өзі де өзгертулерге ұшырайды. Қоғам мен табиғаттың бір-біріне деген өзара әсер ету процесі жүреді. Қазақстан Республикасы – табиғи ресурстармен қамтамасыз етілген әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Алайда, біздің еліміздің табиғи ресурстары соншама бай екендігіне қарамастан, оған қамкорлықпен қарау қажеттігі әлдеқашан туындап отыр. Әрине қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарын белсенді түрде пайданылуға сүйенеді. Бұл процесс нарықтық қатынастар одан әрі дами түскен сайын күрделене береді. Сондықтан да ғалымдар мен бүкіл қоғамның табиғи ресурстарды пайдалану қажеттілігімен адам үшін қажетті қоршаған табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты өте зор маңызды міндет туындайды: табиғи ресурстарды аса үлкен мөлшерде шаруашылык мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөнінде қамқорлық жасау қажет болады. Табиғатты үнемді түрде ұтымды пайдалану және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезінде ондағы тепе-теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөнінде пәрменді шараларды жүзеге асыру қажеттігін тудырып отыр. Табиғатты қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселесін шешуді қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесін жасауға әртүрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Олардың барлығының да маңызды мәні бар және экологиялық дағдарыс мәселесін шешуде белгілі бір дәрежеде ықпал жасайды. Алайда оның барлығы да табиғатты қорғау орындарының өзара қарым-қатынасын дамыту мен жетілдірудегі мемлекеттік басқарудың рөлін көтеруге негізделуі тиіс. Жер оның қойнауы, ормандар мен су байлықтарын және оны ұтымды пайдалануда заңды тұлғалар мен азаматтардың қызметіне бақылау жасаудың, есеп жүргізудің белгілі бір тәртібін енгізе отырып, мемлекеттік басқару институты іс жүзінде табиғатты пайдалану мен оны қорғауды қамтамасыз етудің барлық саласын қамтиды. Сонымен қатар қоршаған табиғи ортаның сапасын қамтамасыз ету мемлекет пен оның органдары жүргізетін шаралардын жүйесіне тікелей байланысты. Мұның өзі осынау қоғамдық қатынасқа қатысатын субъектілердің ерекше құқықтарымен қамтамасыз етілуін кажет етеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетгік басқаруды одан әрі жақсарту жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. 1995 жылы 30-тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1997 жылы 15-шілдеде қабылданған '''Қоршаған ортаны қорғау туралы», 1997 жылы 18-наурызда қабылданған «Экологиялық сараптама туралы», 1997 жылы 15-шілдеде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» , 1996 жылы қабылданған «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы», 1995 жылы 22-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» жарлығы, 1995 жылы 7 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы» Заңдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында табиғатты қорғау қатынастарын, табиғатты қорғаудағы мемлекеттік басқаруды жақсартуды реттеу жөніндегі нормалары белгіленген. Бұл құжаттарда нарық жағдайында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі қарым-қатынастың құқықтық негізін жасауға және жерді, оның қойнауын, ормандар мен суды игеру ісіне шетелдік инвесторларды тарту мәселесін шешуге талпыныс жасалған. Дегенмен жоғарыда аталған және басқа да құқыктық құжаттар табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласыңдағы мемлекеттік басқару ісіне байланысты көптеген мәселелерді толық шеше алмайды. Оларда әртүрлі мемлекеттік органдардың табиғи ресурстарды басқару жөніндегі қызметтері нақты, дәл анықталмаған. Көптеген нормативті актілерде табиғатты қорғау жөніндегі қарым-қатынастарды реттеу туралы нақты нормалар белгіленбеген. Заңдар игеруге берілген табиғи ресурстар мен сол игерудің шаруашылық нәтижелерінің жағдайы қандай екендігіне өте әлсіз әсер етеді, ықпал жасайды. Осыған байланысты осы еңбекте таңдап алынған зерттеу тақырыбы өте өзекті болып табылады және оның маңызды теориялык және тәжірибелік мәні бар. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің теориялық мәселелері бұрынғы уақыттардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл мәселені зерттеуге үлкен үлес қосты. Мысалы, С.Б.Байсалов, Д.Л.Байдельдинов, Н.Б.Мұхитдинов, Ә.С.Стамқұловт, Л.А.Еркінбаеваның еңбектері табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару мәселесіне арналған. Қаралып отырған мәселе бойынша Л.Е.Бектұрғанов, Ә.Е.Еренов, М.С.Сахипов, К.А. Шайбеков және т.б. ғалымдардың енбектерінде құнды қорытындылар мен ұсыныстар жасалынған. Табиғи ресурстарды мемлекеттік баскарудың кейбір өзекті мәселелері Г.А.Аксененок, О.С.Колбасов, Н.И.Краснов, В.В.Петров, Ю.С.Шемшученко, Б.В.Ерофеев және т.б. сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Алайда жоғарыда аталған ғалымдардың көптеген еңбектері мемлекетіміздің нарықтық қатынасқа өтуінен бұрынғы кезеңдердегі зерттеулері болған. Оларда қазіргі жаңа заң актілерінің ерекшеліктері көрініс таппаған. Сонымен бірге мемлекеттің нарық жағдайындағы табиғи ресурстарды пайдаланушылардың қызметіне араласуының шегі туралы мәселелер де қажетті деңгейде талданып, зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты Республикамыздың нарықтық қарым-қатынасқа көшу, табиғи ресурстарды игеруге шетелдік инвесторларды тарту, кейбір жер бөліктеріне жеке меншік қатынастарын енгізу жағдайындағы табиғат ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық мәселелерін кешенді түрде зерттеу, сонымен бірге осы мәселелер бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибелік, теориялық ұсыныстар жасау болып табылады. Көрсетілген мақсатка байланысты автор өзінің алдына мынадай міндеттер койып отыр: – табиғи ресурстарды мемлекеіттік басқарудың құқықтық жүйесіндегі орнын анықтау; – табиғатты қорғау қатынастарын дамыту мен жетілдірудегі мемлекеттік басқарудың рөлін көрсету; – нарық жағдайындағы табиғи байлықтарды пайдаланушылар қызметіне мемлекеттік органдардың араласу шегін анықтау; – мемлекеттің экологиялық қызметіне нарықтың жасайтын ықпалын көрсету; – табиғи ресурстарды мемлекеттік тұрғыдан басқару органдарының қазіргі жүйесін танып-білу; – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесін жетілдірудің жолдарын іздеу. Зерттеудің әдістемелік негізін қоғам мен табиғи ортаның өзара байланысының заңдылыктары туралы ғылыми тұжырымдар және оны танып-білу теориялары мен түсініктері құрайды. Мемлекеттік басқару мәселелері азаматтардың өз өмірі мен денсаулығына қолайлы табиғи ортаға деген құқығын жүзеге асыруымен өзара байланыста қарастырылады. Зерттеу барысында ғылыми зерттеудің кешенді, жүйелі-құрылымдық, салыстырмалы құқықтық талдау жасау және тағы басқа да әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Қолданылып жүрген заңдар, сонымен бірге ведомстволық нормативтік актілер, құқықты қолдану тәжірибелері, мерзімді баспасөздерде жарияланған материалдар зерттелді. Еңбектің ғылыми жаңалығы, ең алдымен, зерттеудің мақсаты және оның міндеттерімен тығыз байланысты, өтпелі нарықтық экономика жағдайында табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару қызметін құқықтық жағынан реттеу мәселелерін кешенді түрде қарастырған елімізде тұңғыш рет ғылыми жұмыс болып табылады. Қолдағы бар отандық экономикалық нарықты жағдайдағы өркениетті еддердегі тәжірибелер ескеріле отырып, жұмыста зерттеудің жаңалықтары мен қорғауға ұсынылып отырған мынадай қорытындылар жасалған: – табиғат ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесі табиғат қорғау құқығының күрделі кұқықтык институты болып табылады. Құқық жүйесінде бұл табиғат ресурстарына меншік құқығымен бірдей орын алады; – нарықтық қарым-қатынаска көшу мемлекеттің табиғат байлығын пайдаланушылардың қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі қызметін реттеудегі орны туралы мәселеге бірқатар өзгерістер енгізіп отыр. Нарық жағдайында мемлекеттің табиғат байлықтарын пайдалану жөніндегі карым-қатынасқа деген шектеусіз өкілеттігі туралы емес, мемлекеттің табиғат байлығын пайдаланушылардың қызметіне араласуының шегі туралы әңгіме қозғау қажет; – нарықка көшуді мақсат еткен өтпелі кезеңдегі мемлекеттік басқарудың мәні, ең аддымен, табиғат ресурстарын ұтымды және кешенді түрде пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметімен тығыз байланысты қарастырылады. Сол себепті табиғат ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару деп – мемлекеттік органдардың мемлекеттің табигат қорғау қызметін жүзеге асыру жөніндегі атқарушы-өкілетті қызметін түсіну кажет; – мемлекеттік органдардың табиғат ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттілігінің көлемін анықтау кезінде: 1) табиғат ресурстарының қоғам өміріндегі экономикалық және экологиялық ролін; 2) сол және басқа да ресурстардың меншік құқығында мемлекетке немесе заңды тұлғалар мен жеке азаматтарға қарайтындығы сияқты мәселелерді есте ұстау керек. Меншік құқығының сипатын мемлекеттік өкілеттің қызметінің шегі де анықтайды. Жер және басқа да табиғи ресурстар оларға байланысты меншіктің түрлері мен мазмұнына, ол жағдай заңды құжаттарда белгіленген бе, жоқ па, оған қарамастан қоғамдық байлық болып табылады. Дәл осыған байланысты дамыған нарықтық экономикасы бар барлық мемлекеттерде жерді иелену, пайдалану және басқару өкілеттілігін жүзеге асырудағы жер құқығының субъектілерін реттеу абсолютті болып табылмайды және оны мемлекет реттеп отырады. Мемлекет атынан жүзеге асырылатын табиғи ресурстарды – мемлекеттік басқару ісіне қарағанда, ішкі шаруашылықты басқаруды табиғат пайдаланушылар өздері және өз аттарынан жүргізеді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік басқарудың жалпы мақсаты мен ролі бірдей болғанымен, ішкі шаруашылық басқару дегеніміз — табиғатты қорғау заңдылықтарының талаптарына сәйкес табиғат ресурстарын шаруашылық мақсаттарға пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Ішкі шаруашылық процесс кезінде табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғаудың ішкі шаруашылык түрін жүзеге асырады. Сондықтан қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардағы тарап кеткен табиғатты қорғау жөніндегі бөлімдерді қайта қалпына келтірген жөн. Нарықтық қарым-қатынас жағдайында мемлекеттің экологиялық кызметі одан әрі жалғасын табады. Бұл қызметтің мәні қоршаған табиғи ортаға оның байлықтарын ұтымды және кешенді түрде пайдалану, табиғатты пайдалану ортасының жағдайын жақсарту, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуының алдын алу және ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір мақсатпен оған ыкпал ету де болып табылады. Соңғы жылдары елімізде табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану қатынастарын реттейтін бірқатар негізгі нормативті актілер жарық көрді. Нәтижесінде құқықтық реттеу саласына бұған дейін толық немесе тіпті реттелмей келген қатынастар да енгізілді, ал дәстүрлі түрде реттеліп келген жер, тау-кен, су және орман қатынастары ғылыми-техникалық революция жетістіктеріне сай реттеле бастады. Дегенмен табиғатты ұтымды пайдалануда құқықтық реттеуді жетілдіру мәселесі шешілген деуге болмайды. Табиғат пен қоғамның арақатынастарының шиеленісуі, кұқықтық шығармашылық ісі мен заң ғылымдарының алдына бірқатар күрделі және жауапты мәселелерді қойды. Олардың шешілуі – еліміздің табиғи байлықтарын тиімді пайдаланудың маңызды кепілі болмақ. Біздің пікірімізше, олардың ішіндегі ең көкейкесті мәселелер мыналар болып табылады:
Еңбекте жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар табиғи ресурстарды мемлекеттік баскарудың ережелерін ғылыми тұжырымдау тұрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамыта түседі. Осы кiтапта сөз болған зерттеу нәтижелерін оқулықтардың, ғылыми басылымдардың тиісті жетілдірілген тарауларын дайындау кезінде, сондай-ақ экология құқығы курсын оқыту кезінде қолдануға болады. ______________________
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ |
![]() | 1. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. 3 томдық. 1 Том Повестер мен әңгімелер. Алматы: Жазушы,1980 Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. 3 томдық. 2 Том Оянған өлке. Көркем очерктер-Алматы: Жазушы,1980 | ![]() | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Егемен Қазақстан" 2012. 12. 08., №809-814 (27885), 2012. 12. 12., №818-823 (27894), 2012. 12. 22., №842-846 (27917); "Казахстанская... |
![]() | Қоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы... | ![]() | 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі Бағдарламаның қысқаша курсы: Мамандықтың жоспары бойынша оқу процесін ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі... |
![]() | Регламенттерін бекіту туралы Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы... | ![]() | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген әдістемелік құжаттарды бекіту туралы Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №100-п «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген әдістемелік... |
![]() | 050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м а | ![]() | «Қоршаған ортаны қОРҒаудың АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны» «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті орган қызметін қамтамасыз ету» 001 Бағдарламасының |
![]() | Информационный бюллетень «новые книги» Аяған Б. Қазақстанның жаңа тарихы: тұрақты Қазақстан. Үш томдық. 3 том. Алматы: 2012. 317б | ![]() | Псіздік негізі тәжірибелік жұмыстар істеуіне әдістемелі нұсқаулар 050731 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттеріне арналған Кереку 2008 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттеріне арналған |