Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі




НазваниеНамазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі
страница7/26
Дата конвертации06.02.2016
Размер4.3 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.pushkinlibrary.kz/docs/virt/mikrobiologia.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Хабардың пішіндері жайында


Радиохабар пішіні туралы кезінде әртүрлі пікір білдірілгенімен, оның орны мен ролі, пайда болуы жайлы айтылған ойлар бір арнаға саяды. Мысалы, М.Барманқұлов: «Радионың өзіндік ерекшелігіне сай келетін түрлер радиогазеттің өмір сүруімен қатар және белгілі бір кезеңде олар жабылғаннан кейін пайда болды. Көптеген пішіндер бірегей ғана емес, барлық радиохабарына да тән. Оларға радиомитингіні, радиожиналысты, радиоүндесуді, радиокомпозицияны, радиофильмді және тіпті радиотрибуналды да жатқызуға болады. Олар белгілі бір газет пішіндері мен жанрларына ұқсап қана қоймай, ауызекі тілдің өзіндік ерекшелігіне сай келетін өз түрлері мен жанрларының да жасалғанын дәлелдейді»1— дейді. Ал, Ю. Летунов олардың радиохабар пішіні ретінде пайда болған уақытын нақтылай түседі. «1925 жылғы 24 мамырда Москвадан радиомитинг берілді. Ол Болгариядағы Цанковтың буржуазиялық үкіметі таңған қанды оқиғаларға арналған еді. Онда Болгария еңбекшілерінің көсемі Г.М.Дмитриев сөз сөйледі». Кеңестік радионың тарихын зерттеген В.Дубровин де радиомитинг туралы осы пікірді айтады.

1927 жылдың басында «Жұмысшы радиогазетінде» берілген алғашқы радиомитингілер шағын редакциялық мақалалар сипатында болды. Оларда редакция тыңдаушылардың талқылауына белгілі бір мәселені қойып отырды. Ал тыңдаушылар бұқарасы газеттің бұл бөлімінен өзінің пікірі, көзқарасы мен ұсынысы үшін орын табатынын сезінді. Сөйтіп, көп ұзамай редакция бірнеше пікірлердің орнына белгілі бір радиомитингіде қозғалған мәселе бойынша, ондаған, тіпті, жүздеген пікірлер мен ұсыныстар алатын болды.

«Радиомитингінің бұқаралығы мен беделі атап көрсетілді, редакцияның өзі де, партия мен үкіметтің жауапты басшылары да және ең бастысы тыңдаушылар бұқарасының өзі де пікірін білдіре алады. Радиомитинг орасан зор пікірсайыс мінбері болып табылады. Онда Одағымыздың ұшы-қиыры жоқ кеңістігінің әр тарабында жүрген жұмысшылар мен шаруалар ғана емес, сондай-ақ орыс тілін түсінетін шетелдік тыңдаушылар да сөйлей алады» дейді И.Малкин “Газета в эфире” атты кітабында.

Радиомитингілер қалың бұқараны тарта отырып, жалпыға бірдей жариялылық ахуалында өткізілді. Талқыланып отырған мәселе бойынша белгілі бір кезеңге шаралар кешені де осында әзірленді, шарттар жасалынды. Артта қалушыларға қамқорлық ұйымдастырылды. Радио осы шараларды жүзеге асыруға нақты көмек көрсетті. Өз тыңдаушыларына олардың орындалу барысы туралы жүйелі хабарлар беріп отырды.

30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан радиохабары сапалық жағынан да алға басты. Радиохабарының радиомитингілер, радиоүндесулер, студиядан тыс хабарлар сияқты пішіндері кең таралды. Олар сол кездің ең көкейтесті мәселелеріне арналып, зәру мәселелер төңірегінде шешім қабылдады. Әртүрлі шаруашылық және саяси науқандарды өткізу жайлы тәжірибелік шаралар белгіледі. Радио туралы “сан миллиондаған аудиториясы бар өзіндік ерекше митингі” деген лениндік идея іске асты. Оған 1940 жылы 31 желтоқсанда болған республикалық радиомитинг мысал бола алады.

Радиомитингілердің айқын тақырыптық бағыты болды. Олар осындай бұқаралық шараларға тән түрлерді сақтай отырып жүргізілді. Митингінің жұмыс органы сайланып, оны жүргізу тәртібі хабарланды. Сөздерге әдетте мінберлік сипат тән болды, олар бұқараның қоғамдық пікіріне лайықталды.

Хабарлардың нақтылығы, нысаналылығы оның тиімділікке жету шарты ретінде қаралды. Осы тұрғыдан алғанда, радиомитингілер радиохабарының басқа формаларына қарағанда өз артықшылығы болды. Мысалы, БК(б)П 18 съезі қабылдаған тарихи шешімдер негізінде Қазақ радиокомитеті табиғи байлықтарды пайдалану және республикамыздың көптеген аудандарының біріндегі жергілікті өнеркәсіпті дамыту мәселесіне арнайы хабар ұйымдастырады.

Бұл үшін басқалардан ешқандай ерекшелігі жоқ Талдықорған ауданы алынды. Оның үлгісінен Қазақстанның қалған аудандарының әрқайсысындағы орасан зор мүмкіндіктерді көруге болады.

Сол кез зерттеушісі И.Малкин атап өткендей, радиомитингі ерекшеліктерінің бірі – «нақ сол тайталас, нақ айтыс-тартыс, жанды, өткір, юморы мен сарказмы аралас күшті пікірталас қажет. Тыңдаушы өзінің алдында анау-мынау адам емес, салауатты ойға қоса, өз ойын айқын түсіндіре білетін адам, шешен, өз қарсыласын жеңе алатын күрескер тұрғанын сезінуге тиіс. Мұндай шешенді жиналыстарда да ынтамен тыңдайды және радиода тек қана осындай шешенді тыңдауы мүмкін және тыңдайтын болады».

Радиомитингілердің формасы қаншалықты тиімді болғандығын мынадай мысал дәлелдейді. «Жұмысшы газеті» тыңдаушылардың талқылауына ішімдікке қарсы күрес туралы, ол күндер үшін өткір және көкейкесті мәселені қойды. «Маскүнемдікке қарсы күрес туралы радиомитингіде» жұмысшылар мен жұмысшы әйелдер, шаруалар мен шаруа-әйелдер, оқушылар, мұғалімдер, фельдшерлер мен дәрігерлер, осы қырсыққа қарсы қалай күресу керектігі туралы өз пікірлерін айтып ұсыныстар жасады... Бұл оқиғадан кейін көп уақыт өтпей-ақ, көптеген ұсыныстар Халық Комиссарлар Кеңесінің декретінде бейнеленді. Көптеген жерлерде кооперация шарап сатуды тоқтатты, тағы да біршама жерде айлық алған күндері шарап сатуға тыйым салынды.

Осындай миллиондаған тыңдаушылар аудиториясы талқылау нәтижесінде қандай да бір маңызды проблема жөнінде ресми органдар көтерілген мәселе бойынша арнаулы шешімдер қабылдап, баспасөз өткізілген шаралардың нәтижесін жариялағаны бір бұл емес. «Жұмысшы газеті» тілшілерінің хаттары бойынша көптеген зерттеулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде заң мен моральды бұзушылар жұмыстан алынды, сотқа берілді, жұмыстан дұрыс шығарылмағандар қайтадан қалпына келтірілді.

Радиомитингілер одан әрі социалистік жарысты, әр түрлі қоғамдық-саяси науқанды, мерекелерді ұйымдастырудың маңызды құралы болды. Микрофон алдындағы талқылау баспасөзде жалғасын тапты. Тыңдаушылар мен оқырмандардан кеңестік бұқаралық ақпарат құралдарының бірыңғай аудиториясы құралды.

Эфирден берілетін тікелей хабарлар, сөз жоқ, Қазақ радиохабарының ең күшті қасиеті болды. Бұл қасиет ерекше тиімділікпен көрінді, ол насихаттың ықпал әсерін күшейтті. Радиомитингілердің хабары кезінде радиожиналыстарда, радиоүндесулерде мыңдаған адамдар радионың көмегімен аса маңызды саяси оқиғалардан хабардар болып, бұқараның көңіл-күйі өзінің біртұтас екендігін сезінді. Осы таза «радиолық» пішіндер кеңес радиохабарында 1925–1929 жылдары пайда болып, көп кешікпей жергілікті жерлерде кең таралды.

30-жылдары радиода пайда болған хабарлардың тағы да бір пішіні – радиоүндесулер. «Радиоүндесулер облыстық, республикалық және жалпыодақтық ауқымда жұмысқа оперативті басшылық жасаудың қуатты құралы болды. Радиоүндесудің объектісі тәжірибе алмасу, үлгілі жұмысты көрсету, актуальды мәселелерді барынша жедел шешу және тағы да басқа көптеген жайлар еді» деп жазады “Радиоежегодник” журналы.

1940 жылы Қазанда Қазақ радиосының бірінші, екінші, үшінші республикалық радиоүндесулері болды... Бұл радиоүндесулерді радиокомитеттегі бұйрықта атап өтілгендей, республиканың барлық облыстарының, қалалары мен аудандарының еңбекшілері тыңдады. Қалалық және аудандық тораптарда ұжымдық тыңдаулар ұйымдастырылды.

Осылайша радиотыңдаушылар шаруашылық немесе қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатыстырылды. Олар жергілікті басшылықтың барлық мәселе бойынша іс-әрекетінің дұрыстығын бақылай алды, ал мұндай іс-әрекетпен келіспеген жағдайда өз пікірі, ескертпелері, ұсыныстары туралы радиоға және басқа орындарға хат жолдауға, арыз айтуға мүмкіндігі болды. Сөз жоқ, сөйтіп, радио және жергілікті басшы органдар мемлекеттік тапсырмаларды орындауға қатаң және талапшылдықпен қараудың үлгісін көрсете отырып, бұқараны тәрбиелеу жөнінде елеулі жұмыс жүргізді. Оның үстіне мұндай шаруашылық, салалық үндесулерде салақ қызметкерлердің атына қатты сын айтылды. Үндесуге қатысушылар тәжірибелік жүзеге асыру жағын батыл талап ете отырып, шаруашылықтардағы орын алған кемшіліктерді батыл ашып көрсетті, оларды жою жолдарын талқылады.

Сол сияқты, Қазақ радиосының да «Алма-Ата – 1» деп аталатын радиоүндесуі мереке күндері, сенбілікте, күзгі егін орағы кезінде эфирге жиі шығады. Оған қоса, әр редакцияның осындай өз циклдері бар деуге болады. Мысалы, 70-жылдардың ішінен бері насихат редакциясының «Жұмысшы өмірі» радиожурналы әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері «Мыңдар жарысы маршрутымен» деген радиоүндесуді үнемі эфирге шығарып келді.

Сонымен бірге біздің кезіміздегі үндесулердің 30-жылдардағы тәжірибенің бір бөлігін ғана пайдаланып жүргенін айту керек. Біріншіден, олар соншалық ауқымды және ықпалды емес. Екіншіден, олар көбінесе проблемалық-сыншыл сипатта емес, хабарлама сипатында болып келеді. Үшіншіден, олардағы хабарламаның үлкен бөлігі оқиғаға құрылмаған, жазба түрінде беріледі, хабар жүргізіліп жатқан кезде айтылмайды, оларда бір сәттік қыстырма сөздер, пікіралмасулар жоқ. Төртіншіден, бұл хабарда бұқараға қарағанда журналистердің өздері көп болады. Бесіншіден, олар газетпен ақылдаспай, олардың көмегінсіз өтеді.

30-жылдары эфирден берілген хабарлар пішінінің бірі – радиожиналыс. Ол жайында М.Барманқұлов: «Радиожиналыс – бұл кәдімгі жиналысты радиодан беру емес, социалистік жарысқа қатысушы әртүрлі қалалардан адамдар мен ұйымдардың берген радиорапорты»–дейді. И.Малкин де сол 30-жылдары-ақ оған кеңірек тоқталып, радиомитингіден сәл де болса айырмашылығы бар екенін дәлелдеуге тырысқан. «Редакция бүкіл жиналыстың өзіндік бір партитурасын алдын ала әзірлеуге тиіс. Барлық сөйленетін сөздер, егер мүмкін болса, кейбір қыстырма сөздер де дайындалып алдын ала редакциялануға тиіс. Әрине, мұндай текст қатысушылар үшін бағыт-бағдар ғана болу керек. Оларға бұл текстен біршама шегінуге де мүмкіндік берілуге тиіс. Бірақ мұндай шегіністер сөз сөйлеушілердің өздеріне берілген уақыт шеңберінен шығып кетпейтіндей болғаны дұрыс. Материал кәдімгі радиомитингіге қарағанда біршама өзгеше өнделу керек» дейді ол. Сол сияқты алғаш рет микрофон алдында сөйлеп тұрған жұмысшының артист емес екенін, тапқырлық жасай алмайтынын есте ұстау керек. Сондықтан оның сөзі де өте қарапайым құрылуға, өзі сөйлеп үйренген дағдыда болуға тиіс. Бұл орайда мынадай жағдайға назар аударған артық болмайды: көптеген жұмысшылар, әсіресе активистер, көбінесе өз сөздерін циркулярлар түрінде жазады, олар мұндай құжаттармен жиі ұшырасады, сондықтан мұндай факторды микрофон алдында сөйлеуге әзірлей отырып, кәдімгі сөйлеу тілі сияқты түзету керек екенін түсіндіру қажет.

Бұл жылдары қоғамдық-саяси хабардың радио мен газеттің бірлескен рейді сияқты пәрменді пішіні де дами бастады. Іс жүзінде радиохабары мен баспасөз бірыңғай идеологиялық міндетті шеше отырып, ешқашан бір-бірінен алшақтап кеткен жоқ. Егер баспасөз алғашқы жылдары радиоға қатысты демеуші функциясын атқарса, осы кезде олар теңдей негізде жұмыс істеп, үгіт науқанын бірлесіп жүргізу ғана емес, ақпарат пен насихаттың әртүрлі жақтарының іс-әрекетін үйлестіру пішінін дамытты. Мысалы, В.С.Хелемендик радиохабарының өзіндік ерекшелігі «микрофонға жаңалықтың жаршысы болған адамдарды, мамандарды, ғалымдарды, өндіріс озаттарын, қысқасы, тыңдаушылар үшін кімнің сөзі беделді болса соларды тартуда» деп біледі.

Қазақ радиосының тәжірибесіне стахановшылардың, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің радиокештері, интернационалдық радиокездесулер сияқты пішіндер де енді. Осындай радиопішіндерде көптеген адамдардың белсене қатысуымен, радио сол кезге тән еліміздегі саяси ахуалды, қоғамдық пікірдің ауқымдылығын, жоғары еңбек және азаматтық өрлеуді, олардың әртүрлі патриоттық бастамаларға ұласуын, жұрт алдында мәлімдеме жасау, сөйленген сөздің шешендік дауыс ырғағы сияқты жайларды өте жақсы ашып көрсетіп отырды.

Сол кезде «Стаханов тәжірибесінің мінбері» деген алғашқы цикл бойынша халық шаруашылығының барлық салаларынан Қазақ радиосы арқылы радиокештер беріліп тұрған.

Мысалы, Қазақ радиосы Жамбыл қызылша совхозының звено жетекшісі Айнакүл Әбішевамен «Гектарынан 1000 центнер қызылша алу үшін» деген радиокеш өткізді. Әңгіменің мәнерін, оның жайбарақат, жүрекжарды, қалтқысыз болуын жағдайдың өзі білдіріп тұрғандай еді. Жұмысшылардың, әкімшілік, партия және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұран тастаған сөздері беріліп, іскер кеңес ұйымдастырылды. Сол сияқты, 1940 жыдың 9 мамырында берілген «Мақталықтың танымал шеберінің тәжірибесі» немесе «Бұзау өсірушінің тәжірибесі» деген хабарлар радиокеш түріне келеді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы «Күйік» совхозының аға шопаны Бұралқиев «Менің қой өсірудегі тәжірибем» деген хабарда өз тәжірибесін ортаға салды. Жарыс жайлы, еңбектің озат әдістері туралы әңгімеледі.

Сөйтіп, радио маңызды әңгіменің бастаушысы болды. Ол тыңдаушылардың назарын зәру мәселеге аударды, ал газет болса көтерілген проблеманың жекелеген сәттеріне тереңірек ден қоюға көмектесті.

Баспасөз бен радионың өзара іс-қимылы бұқаралық ақпарат құралдары пайда болуының алғашқы қадамдарынан басталды. Баспасөздің тәжірибесін, оның пішіндері мен әдістерін игере отырып, Қазақ радиосы біртіндеп өз стилін жолға қойды, бұл жөнінен газеттің қолдауын тапты. Өзара байланыс жалпы идеологиялық негізде ұйымдастырушылық жағынан да, шығармашылық жағынан да жүзеге асырылды. Қазіргі кезде де өз мәнін жоғалтпаған өзара қатынастың таңдаулы үлгілері – радиомитингілер, радиожиналыстар, радиоүндесулер. Осылайша өзара қатынас, бірін-бірі толықтыру, қызметті үйлестіру республикалық баспасөзді де, Қазақ радиосын да байытты және бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің тиімділігін арттырды.


Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің

қалыптасуы мен дамуы


Бірінші бесжылдық жылдары радиожанрларының дамуында шын мәнінде «Алтын кезең» болды. Өмір талаптарының туындап, шығармашылық тәжірибе көрігінен өткен жанрлар қатары күн сайын жаңарып жатқан жаңалықтың бәріне араласып, үздіксіз жетіле берді.

Радиодағы жанрлар радиогазет шеңберінде дамыды. Оған газет жанрлары өзінің бастапқы күйінде емес, бірқатар аралық буындар арқылы келді. Радиогазетте жанрлар радиоға бейімделу процесін бастап, интенсивті түрде жүрді. Бұл процестің бағытын былай көрсетуге болады: газет жанрлары – радиогазет арқылы қазіргі радиожурналистика жанрларына жетті. Радиогазет шеңберінде бұл процесс аяқталған жоқ. Ол радиогазет жойылғаннан кейін де жалғаса берді. Бұл – өте қызғылықты және әлі күнге дейін зерттеушілердің назарын аудармай отырған факт. Хабардың формасы ескіріп жойылды, ал онымен бірге радиода пайда болған барлық жанрлар өмір сүріп, дами берді. Сөйтіп, қазіргі заманғы радиожурналистикаға тән жанрлар дамып қалыптасты. Бірақ бұл даму бастапқы нүктеден емес, радиогазетте қол жеткен жерден жалғасып жүрді.

Радиохабары тарихын зерттеуші В.Ружников: «Радиохабарының газетпен байланысы біржақты емес, екіжақты процесс түрінде, бір-біріне ықпал ету сипатында болды», – деп атап өтеді. «Газет радиоға белсенді ықпал жасай отырып, радиохабарының да өзіне ықпал жасай бастағанын (жылдар өткен сайын күштірек) сезінді» деп жазды. Радиогазет баспасөз пішіндері мен жанрларынан радиохабары пішіндері мен жанрларына өтпелі кезеңдей болды. Алайда радиожурналистика жанрларының қалыптасуы тек қана газетпен байланысты деп санау дұрыс болмас еді. Ізденістер, басқа да бірқатар салаларда, насихаттың аралас түрлерінде: ауызша үгіт, музыка, әдебиетте жүріп жатты.

В.Н.Ярошенко радиожурналистиканың қалыптасуын қарастыра келіп: «Радиохабары өзінің жанрлары мен пішіндеріне өзіндік ерекшелігін, каналдың потенциалдық мүмкіндіктерін – оперативтілігін, деректілігін, ауызекі тіл түрінен, эмоционалдығын барған сайын көбірек пайдалану жолынан іздеді. Ақпарат хабардың эволюциясы ғылыми-техникалық прогресс барысымен ажырағысыз байланыста болды, еліміздің әлеуметтік-саяси дамуымен, қоғамның өскелең қажеттерімен айқындалды» деп жазды.

Ол жылдары радиохабарының негізгі пішіндері: радиогазеттер, радиожурналдар, баяндамалар, лекциялар, консультациялар, радиотыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар, жиналыстардан, конференция, съездерден, диспуттардан, концерттерден, спектакльдерден берілетін хабарлар, радиомитингілер, радиоүндесулер, радиожиналыстар, радиоуниверситет, тақырыптық әдеби-музыкалық монтаждар болса, радионың негізгі жанрлары: жаңалықтардың ақпарат сындары, хроника, әңгімелер, сөйленген сөздер, комментарийлер, корреспонденциялар, очерктер, фельетондар, оқиғаларға, кітаптарға, спектакльдерге шолулар, түсіндірулер (хабар беріп жатқан кезде кейде) және анда-санда интервью мен репортаж болды.

Қазақ радиосы 30-жылдары кеңес радиохабарының бір бөлігі ретінде жұмыс істеудің оңтайлы әдістерін қызу іздестірді, бұқаралық ақпараттың өзіндік бір ерекше түрі болды. Ол электромагниттік толқындардың көмегімен ақпарат сигналдар беретін коммуникативті жаңа каналды игере отырып, газет жанрларын пайдаланды, оларды хабар беруде ауызекі түрде жеткізу үшін бейімдеді. Ол процесс радиохабарының бейнелеуші құралдары – дыбысты сөз, музыка, шу, монтаж сияқты құралдарды ұштастыратын өз жанрларын да туғызды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ радиосында қалыптасқан радиожанрлар тарихы да оның техникалық базасын құрумен және бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың қоғамдық міндеттерін ұғынумен бір мезгілде қатар пайда болғанын дәлелдейді.

Журналистика жанрларының өмір шындығын бейнелеу формалары ретінде өзіндік тарихы бар. Оны теоретиктер ойдан шығарған жоқ. Олардың бәрі, соның ішінде радиожанрларда идеялық-саяси жұмыс процесінде өмір шындығын бейнелеудің барынша қажеттілігінен қалыптасты. Сондықтан жекелеген жанрлардың немесе олардың элементтерінің өрлеуі мен құлдырауы, жаңа элементтердің пайда болуы, олардың орнының, жанрлардың қоғамдық мәнділігінің өзгеріп отыруы, үздіксіз эволюцияда болуы, диалектикалық заңды құбылыс.

Жанрды анықтағанда зерттеушілер, әдетте, оның құрылымының белгілі бір дәрежеде тұрақты екенін атап көрсетеді. Міне, олардың кейбіреулері жанрды былайша айқындайды «Жанр дегеніміз – өмір шындығын нақты бейнелеудің тұрақты құрылымдық белгілер жүйесі бар тарихи белгіленген түр» деген анықтама берілген “Жанры телевидения” деген еңбекте. В.Ученова “Гносеологические проблемы публицистики” атты еңбегінде: «публицистикадағы (басқа да шығармашылық түрлеріндегі) жанр – өмір шындығының салыстырмалы түрдегі тұрақты жүйесі» – дейді. М.Черепахов “Проблемя теории публицистики” атты еңбегінде: «...өмір шындығын бейнелеудің тұрақты мәні және құрылымдық белгілері қайталанып отыратын түрлер жанрлар деп аталады» – дейді.

Радионың өзіндік ерекшелігі – материал жинау, оны өңдеу, дайын хабарды тыңдаушының қабылдау әдістемесі мәселелерін қамтиды. Өмір шындығын бейнелеудің әртүрлі қырларын және әртүрлі бейнелегіш құралдарын пайдалану жанр элементтерін жасайды, олардан жанрдың формасы қалыптасады...

Радиоканал ерекшелігінен туындайтын өзгешеліктерге қосымша, жанрлардың қалыптасу бастамасы ретінде объектінің сипаты, тану тәсілі, фактіге баға беру, жинақтау деңгейі, хабарды беру формасы (композициялық, стильдік ерекшеліктері) сияқты жалпы журналистикаға тән өлшемдерін алу керек.

Радиожурналистикадағы таным тәсілі, мұнда ақпараттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ фонды, көңіл-күйді қатынас құрал ретінде пайдалануға болатындықтан, публицистикалық танымға жақын. Эмоционалдық және рационалдық танымның біреуі сипатты белгі болып табылады. Баға беру деңгейі фактілерді жинақтау, оларды пайдалану мақсатынан, сондай-ақ газет материалдарындағыдай тереңдеп енуге мүмкіндік бермейтін коммуникацияның ерекшеліктерінен туындайды. Бейнелеуші құралдарды пайдалану объектінің мазмұнынан туындайтын тәсілдер мен бейнелеу әдісіне негізделеді. Мәселе оқиғаға қатысты болса, онда баяндаушы әдіс, ал проблемаға қатысты болса, қайымдау әдісі басым болады. Тілдік және стилистикалық ерекшеліктер көркем-публицистикалық жанрларда көп ықпал етеді.

Радиожурналистика, соның ішінде Қазақ радиожурналистикасы тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол баспасөз өткен жолды жалғастырды. Ал радиожанрлардың қалыптасуын да нақты кезеңнің саяси міндеттерін негізге ала отырып, тарихи дамуда ғана қарастыру керек. Бүгінгі күннің жағдайында, техникалық каналдардың өзіндік ерекшелігі жанрдың түрлерінің құрылуына елеулі ықпал етіп отырған кезде, бұл ерекшелікті ескеру қажет.

Жанрлардың эволюциясын бәрінен бұрын мынадан: коммуникациялық техниканың дамуынан, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеруінен, жаңа қоғамдық қажеттердің пайда болуынан, каналдар функциясының өзгеруінен, өмір шындығын неғұрлым тиімді көрсету үшін журналистердің жеке-жеке ізденістерінен көру керек. Тарихи дамуды ескере отырып, радиожанрларының негізгі үш тобын ажыратуға болады: а) газеттен келген жанрлар (қысқаша ақпарат формалары); б) радионың ерекшелігіне бейімделген газет жанрлары (радиодағы мақаланың ерекше формасы ретінде лекциялар); в) радионың өзіндік ерекше жанрлары: репортаж, интервью, әңгіме). Радиожанрдың өзіне ғана тән ерекшеліктері каналдық бейнелеуші құралдарынан туындайды. Олар: а) деректі сөз, жанды сөзді пайдалану әдісі (монолог, диалог); б) оқиғаның дыбыстық сипаттамасы және әрекет болған жер мен осы негізде пайда болған қатысу елесі; в) материалды радиоға сай көркем-публицистикалық өңдеу деңгейі (сөздің, музыканың және синтездің көмегімен көркемдік сапаға қол жеткізу).

Жанрды құрайтын элементтер дегеніміз – радиожанрлардың негізгі компоненттері болып табылады. Оларға: репортердің әңгімесі, диалог түріндегі әңгіме, өмір шындығының дыбыстық көшірмесі, материалды әдеби-көркем өңдеу (стиль мен композиция) жатады.

Радиожурналистиканың жанрлары радиогазет шеңберінде дамыды. Жалпы газет жанрлары радиоға өзінің бастапқы күйінде емес, бірқатар аралық буындар арқылы келді. Жанрлар радиогазетте радиоға бейімделу процесін бастап, қарқынды түрде дамыды. Сөйтіп, газет жанрлары дыбыстық сипат алып радиожурналистика жанрларына айналды.

Эфирден тараған күрделі қосындыда журналистиканың, әдебиет пен өнердің әртүрлі пішіндері мен жанрларын біріктірген радиогазетте бұл элементтер бірімен-бірі қақтығысты, бірімен-бірі өзара қарым-қатынасқа түсті. Бұл процестердің бәрі радиохабар шеңберінде болғандықтан дыбысталу сапасына, ұзақтық мөлшеріне қарай бір-бірімен өзара байланыста болды.

Қазақ радиохабарларындағы радиогазеттер біршама уақыт өмір сүрді, сол кезде олар хабарламалық және насихаттық хабарлардың негізгі түрі болып есептелді. Сол уакыт аралығында көптеген өзгерістерге ұшырай отырып, радиожурналистика жанрларының эволюциясын бейнеледі. Радиогазеттер уақыт өте келе қолданыс аясынан шығып қалды, бірақ, радиожурналистика жанрларының бастауы болып табылатын бұл пішін фактілер мен оқиғаларды, өмір шындығын эфирден берудегі шығармашылық әдіс-тәсілдердің мол арсеналын қалдырды. Тек бұл процесс радиогазет шеңберінде аяқталған жоқ, одан кейін де жалғаса берді.

Қазақ радиогазеттерінде дыбысты журналистика негізінен газет жанрларын ауызша жеткізуге және қабылдауға бейімделу жолымен дамыды. Радио қызметкерлері 1930-1940 жылдары ақпараттық хабарлар, газет мақалаларынан бастап, баспа мәтіндерін дайындау дағдыларын игерді. Соның нәтижесінде, сөйлемдердің құрылымын жеңілдетуді, сандық мәліметтерді қысқартуды және қабылдауға қиын сөздерді азайтуды, халықтың бейнелі сөз тіркестері бар сөйлеу тілінің элементтерін, әдеби тіл нормаларын пайдалануды, ресми ақпараттарды әдеби, музыкалық хабарлармен алма-кезек беруді көздеді. Сол жылдары радиохабарының негізгі пішіндері: радиогазеттер, радиожурналдар, баяндамалар, лекциялар, консультациялар, радиотыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар, диспуттардан, концерттерден, спектакльдерден берілетін хабарлар, радиомитингілер, радиоүндесулер, радиожиналыстар, радиоуниверситеттер, ал радиожурналистиканың негізгі жанрлары: ақпарат, хроника, әңгіме, сөйленген сөз (выступление), комментарий, корреспонденция, очерк, фельетон, шолу, ішінара сұхбат және репортаж болды.

Әлбетте, жанрлар эволюциясын коммуникациялық техниканың дамуынан, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеруінен жаңа қоғамдық қажеттіліктердің пайда болуынан, өмір шындығын неғұрлым тиімді көрсету үшін журналистердің жеке ізденістерінен аңғару қажет.

Тарихи дамуды ескере отырып, радиожурналистика жанрларын мынадай үш топқа бөлуге болады.

а)Газеттен келген жанрлар (қысқаша ақпараттар).

ә)Радионың ерекшелігіне бейімделген газет жанрлары (радиолекциялар).

б)Радионың өзіне тән ерекше жанрлар (репортаж, сұхбат, әңгіме).

Радиожурналистика жанрларының өзіндік ерекшеліктері радионың бейнелеуші құралдарынан келіп туындайды. Олар: жанды сөз (оны пайдалану әдісі; монолог пен диалог), дыбыстық дерек (өмір шындығының дыбыстық көшірмесі), музыка (радиохабардың әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі, монтаж) сөз, музыка, дыбыс эффектілерінің астастырылып, көркемдік деңгейге жетуі.

Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың техникалық мүмкіндіктеріне, өзгеше табиғатына негізделген журналистиканың жаңа түрі қалыптасты. Радио хабары газет публицистикасының бай тәжірибесін өзіне мұра етті: ол баспасөздің әртүрлі жанрларымен қаруланды. Сонымен бірге радиожурналистика алғашқы қадамдарынан бастап, кейбір өзіндік белгілерге де ие бола бастады. Радиохабар жанрларының қалыптасуы газетпен ғана етене байланыста болған жоқ, ауызша үгіт пен насихаттың жанрлары да, радиогазеттің алғашқы сандарынан бастап-ақ серігі болған музыка да, әдеби-музыкалық монтаждарының эстрадалық түрлері де ықпал етті.

Осындай ерекшеліктерді бойына сіңірген журналистиканың жаңа түріне В.Н. Ружников мынадай анықтама берді: "Радиожурналистика – бұқаралық хабарлама тарататын құрал ретінде радионың бірегей техникалық мүмкіндіктеріне негізделген насихаттық сипаты бар журналистика. Ол күрделі элементтік құрылыстар категориясына жатады. Оның функциялары, ішкі құрылымы, басқа элементтік институттармен, бұқаралық аудиториямен байланысы өзіне тән күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл құбылысты тану соншалық күрделі жан-жақты, сан қырлы болып табылады".

Зерттеуші И.Триккель бұл ойды одан әрі дамыта түседі: "Радионың өзіндік ерекшелігі оның таралу сипатынан және дыбыс жазу техникасынан туындайды. Бұл: а) дереу және шексіз тарату, шындықтың деректі жазбасын сондай-ақ, акустикалық, дыбыстық картинасын беру мүмкіндігі. ә) осы акустикалық шындықты сақтап қалу және монтаждау кезінде өңдеу мүмкіндігі. б) хабарды тыңдау мүмкіндігі. Бұл факторлар радионың оперативтілігін, оның жоғары ұғынықтылығын, деректілігін, хабарламаның жинақылығын және композициялық құрылымды қамтамасыз етеді".

Дыбыстық қарым-қатынас жасаудың – сөзбен және музыкамен байланысының ерекшеліктерін білу қажет. Жанды сөз көмегімен берілген хабарларда жүргізушінің құбылысқа қарым-қатынасы, көңіл-күйі, дауыс ырғағы араласқанда жақсы қабылданады. Жанды сөз – бұл радиодағы ең нәзік күрделі бейнелеу құралы. Өйткені, мұнда ой мен іс-әрекет, сезім, мінез және көзбен көруге болатын өмір шындығы бейнеленуге тиіс. Психологтардың әртүрлі эксперименттеріне сүйенетін болсақ, егер материалдарының дұрыс қабылдануы тыңдаушы зердесіне оның ой топшылауына, сезімталдығына және хабардың берілу формасына, ойнақылығына байланысты болады. Сондықтан сөздің эмоцианалдығына орынды мән беріп, мұқият болу керек деп сендіреді. Сұхбат ой туғызады. Ал бүкіл әңгіме барысында психологиялық ахуал сөз сөйлеушінің лебізін, оның ішкі дүниесін, көңіл-күйін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Пікірталасқа алғышарт жасайды.

Радиожурналистика жанрларының негізгі өзегі – радиодерек. Радиодерек 1930 жылы Днепрогэс құрылысынан жүргізілген репортаждан бастау алды. Ешбір дайындықсыз, қағаз-қаламсыз, инцинировкасыз оқиға орнынан тікелей жүргізілген бұл репортаж радиожурналистикадағы деректің дәйектілігін, шынайылығын, нақтылығын дәлелдеп бергендей болды. Днепрогэс құрылысына 6 микрофон, 11 дыбыс күшейткіш орнатылды. Оқиға бастан-аяқ ешбір ақаусыз екі сағат көлемінде эфирге берілді. Біріншіден, осы тектес тікелей эфирден берілген өзекті, яғни, актуалды хабарлар 30-жылдардағы радиожурналистиканың ең үлкен жетістігі болды. Екіншіден, аяқ астынан тауып айту, суырып салып сөйлеу радиохабарға шынайылық сипат берді. Үшіншіден, репортердің сөйлеу өнеріндегі шеберлікті көрсетті. Тауып айту мен суырып салып сөйлеу деректіліктің радио ашқан жаңалығы болды. Өйткені, репортер жай ғана оқиғаны баяндаушы емес, ол - болып жатқан оқиғаның куәгері, тікелей қатысушысы, сондықтан да ол өз көзімен көріп тұрған дүниесін қолма-қол әңгімелейді, одан алған әсерін бөліседі, ойын ортаға салады. Сол арқылы тыңдарманның сенімін арттыра түседі. Оның үстіне тікелей оқиға ортасынан дәл сол болып жатқан кезде берілетін радиодеректе ешқандай уақыт алшақтығы болмайды.

Жалпы, деректілік пен жаңашылдық радиоақпараттың ең басты критерийі болып табылады. Енді солардың арасынан тікелей эфирдегі жаңалықты алып қарайтын болсақ, оның деректілігі ең алдымен, уақыт аясындағы дәлдігінде, сол сағатта, сол минутта, сол секундтар аясында эфирден тарап халыққа жетіп үлгеретіндігінде. Таспаға түсіріліп алынған жағдайда ол хабардың сол күнгі датасы, уақыты көрсетіліп қойылады. Келесі бір артықшылығы – тікелей эфир кезіндегі дыбыстық жазбаның ешбір өзгеріске ұшырамайтындығы. Демек, тікелей эфирде сөйлеген біреудің сөзін басқаша етіп өзгертіп беру әсте мүмкін емес. Мысалы, газет бетінде "ол өзінің қазақ тілінің келешегі туралы ойы көмескі екенін аңғартты" деп тұспалдап беруі ықтимал, ал теледидарда мінбеге көтерілген жарыссөзге шығушы адамды көрсетіп жатып, журналистің кадрден тыс мәтіні оқылуы мүмкін. Ал радиода біреудің сөзі сол қалпында пайдаланылады. Өйткені, ол – дыбыстық ақпарат. Қазіргі заманғы радиожурналистиканың тілімен айтқанда, "Жанды ақпарат" деп атайды. Үшіншіден, радиодеректер ұзақ жылдар өтсе де, сол қалпында сақталады. Сондай радиодеректердің арқасында халықтық қазынамыздың бір бөлшегі – Қазақ радиосының "Алтын қоры" пайда болды. Онда өздері дүниеден өтіп кеткен, бірақ артында қалған іздері сайрап жатқан талай-талай талантты тұлғалардың сөйлеген сөздері, айтқан әндері, шығарған күйлері, академиялық оркестрмен орындаған шығармалары сақтаулы. Сонымен қатар, радиохабардың пішіні туралы кезінде әртүрлі пікір айтылғанмен, оның орны мен рөлі, пайда болуы жайлы айтылған ойлар бір арнаға саяды. Мысалы, М. Барманқұлов: "Радионың өзіндік ерекшелігіне сай келетін түрлер радиогазеттің өмір сүруімен қатар және белгілі бір кезеңде олар жабылғаннан кейін пайда болады. Көптеген пішіндер бірегей ғана емес, барлық радиохабарына тән. Оларға радиомитингіні, радиожиналысты, радио үндесуді, радиоком-позицияны, радиофильмді және тіпті, радиотрибуналды да жатқызуға болады. Олар белгілі бір газет пішіндерімен жанрларына ұқсап қана қоймай, ауызекі тілдің өзіндік ерекшелігіне сай келетін өз түрлерімен жанрларының да жасалғанын дәлелдейді",
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Похожие:

Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі icon«Менеджмент теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша емтихан түріндегі тест өткізу үшін

Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша лекциялар кешені «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша бақылау өлшеу құралдары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша практикалық сабақ әдістемелік нұсқаулары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша соөЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар «Денсаулық сақтау мен фармацияда...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconКонференция төмендегі секциялар бойынша жұмыс жасайды: Этнопедагогикалық зерттеулердің кезеңдері мен даму үрдістері: әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесі
Халықаралық педагогикалық академияның академигі Клара Жантөреқызы Қожахметованың 65 жылдығына арналған «еліміздегі және әлемдік білім-ғылым...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconКомпьютерлік желілер мен жүйелердің Қауіпсіздігі
Тергеусизова А. С., Кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық тәжірибесі 10...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconЕсептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру
Тойғожинова Айнұр Жұмақановна, кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі 10 жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница