Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі




НазваниеНамазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі
страница6/26
Дата конвертации06.02.2016
Размер4.3 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.pushkinlibrary.kz/docs/virt/mikrobiologia.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Қайта құру мен жариялық радиосы (1985-1991 жж.).


1985 жылы БАҚ-тың даму кезеңіндегі өзгеріске толы жыл болды. М.С.Горбачевтің үкімет басына келуіне байланысты қайта құру саясаты басталды. Қоғамда жариялылық басталып, халық демократияға бет бұрды. Бұл қозғалыс жылдар бойы қалыптасқан тоталитарлық жүйеге, оның идеологиясына наразылықтан туындаған болатын. Бұрынғы бір жүйеге мойынсұнған одақтас мемлекеттер ыдырап, КПСС-тің құлауына әкеп соқты. Бұл өзгерістер алдымен БАҚ-ына әсер етіп, тек қана социалистік қоғамның сойылын cоғатын таеларадио және баспасөз еркіндік алуға ұмтылыс жасай бастады. Дегенмен, бұл тұста бүкілодақтық радио компартияның ХХVII – съезінің шешімдерін насихаттаумен болды. Осы уақытқа сай келген жастар мен студенттердің дүниежүзілік ХII фестивалі, Стахановтық қозғалыстың 50 жылдығы және Қазан төңкерісінің 70 жылдығы тілге тиек болды.

Журналистерден жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру үшін жұмыс істеулері талап етілді. Жалған ақпарат беру, асыра сілтеу, орынсыз мадақтан гөрі күнделікті, нақты проблемаларға көңіл бөлу жолға қойыла бастады. Осының әсерінен кейбір радиожанрларға деген сұраныс азайды. Әуе кеңістігінде радиоочерк, радиокомпозиция, радиосуреттеме сияқты жанрлардан гөрі қысқа ақпарат беруге бетбұрыс басталды.

Журналистердің өмір құбылыстарын зерттеуге, талдау жасауға және әлеуметтік психологияға қызығушылықтары артты. Жаңа радиопішіндер пайда болды. Бағдарламалар ақпаратты-музыкалық, ақпаратты-публицистикалық немесе музыкалық-ақпараттық болып бөлініп, тыңдармандар сұранысын зерттеуге жете көңіл бөлінді. Тікелей эфир тәсілі көбірек қолданыла бастады. Бұл тәсілдерді мемлекеттік радиолар да, мемлекеттік емес радиолар да қолданды. Радиохабарларда мәдени, эстетикалық, адамдық тәрбие беруден гөрі жеңіл музыка тыңдау, көңіл көтерушілік сияқты бағыт бел алды. Радионың адамдарға азаматтық тәрбие беру, адамгершілік сенімдерін насихаттау сияқты негізгі функциясы назардан тыс қалды.

Радиохабарлар пішіндік өзгеріске түсті. Алғашқы радиокөпір пайда болды. Ол 1986 жылы СССР мен АҚШ арасында ұйымдастырылды. Москва студенттері мен Оңтүстік Иллиноиск университеттері арасында 2 сағаттық диалог өткізіліп, жастардың келелі проблемалары сөз болды.

Радиопублицистика жаңа түрге енді. «Депутат арнасы», «Лик» (литература, искусство, культура) деген арнайы канал ашылып, әдебиет, өнер, мәдениет мәселелеріне көңіл бөліне бастады.

Алғашқы коммерциялық радиолар ашылды. 1990 жылы «Эхо Москвы» деп аталатын коммерциялық радио дүниеге келді. 1991 жылы «Россия» радиосының демеушілігімен «Радио России ностальгии» деп аталатын 1950-70 жылдардың музыкасына негізделген Франциямен бірлескен радиостанция жұмыс істей бастады. Осы жылдың 10-қаңтарында аталмыш радионың эфирге тұңғыш шығуымен қатар, бұқаралық радиожурналистикаға мемлекеттік монополия да тоқтады. Жаңа бағытта дами бастаған радиожурналистиканың өзіндік ерекшеліктері пайда болды. Көп радиолар дербестіке қол жеткізді. Республикалық «Қазақ радиосы» да дербестікке ие болды. Ақпараттық танымдық хабарларды көптеп бере бастады. Тікелей эфирді меңгеру, алыс-жақын шетелдерге хабар тарату жүйеленді. Мысалы: Германияның Қазақстандағы елшілігінің 10 жылдығына арналған танымдық хабар тікелей эфирден 3 сағат бойы жүргізілді. Германияның географиялық ерекшеліктері, тарихы, әдебиеті, мәдениеті, халқы жайлы тыңдарман көптеген мағлұматтар алды.

Сонымен қатар, дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысты. Яғни, алдын-ала жазылып алынатын үнтаспалық материалдардың қатары азайды, журналистік радио алдыңғы қатарға шықты. Дикторлық кәсіп шеттетіліп, әуе кеңістігін комментаторлар, журналистер иеленді. Бұл эфир тазалығын бұзды, радионың эстетикалық тәрбие беру функциясына нұқсан келтірді. Әдеби, мәдени, тарихи, рухани хабарлар үнтаспаға алдын-ала жазылған сәтте оның көркемдік ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінетін. Тыңдарман мағлұматпен қоса эстетикалық ләззат та алатын. Сондықтан, диктор қызметін мүлдем алып тастамай, көркем хабарларға пайдалану қажеттілігі өмір талабынан қайтадан туындап отыр. Қоғамның рухани өмірі үшін көркем хабарлардың алатын орны ерекше екендігі аян.

Бағдарлама ауқымдығы арта түсті. Радиожурналистердің қаламына қоғамның сан-салалы құбылыстары өзек болып, сан түрлі бағдарламаларға жол ашылды. Журналистік ой-қиялға жол ашылған соң, авторлық бағдарламалар көптеп өмірге келді. Мысалы: «Бағзыдан жеткен сөз», «Адамның кейбір кездері», «Сырлы әлем», «Адам, ғұмыр, қолтаңба», «Бүгінгі сұхбат», «Жан сарайы», «Денсаулық» сияқты хабарлар тыңдармандар жүрегіне жол тапты.

Сараптауға құрылған бағдарламалардың кейбір тәсілдері игерілді. Апталық авторлық бағдарламаларға тыңдармандар үйреніп, әуе толқынынан іздеп, оған деген сұраныс арта түсті. Әрине, сұраныс артқан сайын радиоарналардың да рейтингі арта бастады. «Өзекті мәселе», «Баспасөзге шолу», «Үкімет арнасы», «Алуан пікір. Тұжырым», т.б. көптеген хабарлар айтары айқын, берер мағлұматы мол дүниелерге айналды. Осы тәрізді журналистік шеберлік мектептерінің озық үлгілері, қайталанбас өмір өрнектері Қазақ радиосының тайқазанында қалыптасты.


Жаңа кезең радиосы (1991-2005 жж).


Бұл кезеңде мемлекеттік радиолар саны азайып, керісінше форматты радиолар саны көбейді. Бәсекелес радиолар арасында тыңдармандар аудиториясын көбейту үшін тартыс басталды. Адамдардың назарын аудару мақсатында небір әдіс-тәсілдер жүзеге асырылды. Сол себептен де радиожурналистиканың жаңа пішіндері пайда болды. Форматты-коммерциялық арналардың саны Ресейде 1993 жылы 27 болса, 1994-те 33-ке көтерілді. Бір жылғы көрсеткіштің айтарлықтай болуының өзі радионың қоғамдағы рөлінің арта түскендігін көрсетеді. "Европа плюс Қазақстан", "Русское радио", "Авторадио" т.б. сияқты арналар қанатын кеңге жайып, дүниежүзіне таралды. Радио тыңдаудан соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша жер шарында Америка Құрама Штаттары алда тұрған көрінеді. Олардың халқының 56 пайызы ақпаратты тек радиодан алады. Жан басына шаққанда күніне әр адам 3 сағат 20 минуттан тыңдайды екен. Әрине, радионың ақпарат таратудағы мүмкіншілігі басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда жоғары. Әрі тыңдарман болған оқиға жайлы айқын пікірді радиожурналист аузынан естігісі келеді. Деректі оқып барып түйіндегеннен гөрі тыңдағанның әсері күштірек екені тәжірибеде дәлелденген.

Дүниежүзінде көптеген "өртті нүктелерде" болып жатқан оқиғалардың аудиторияға нақты, шын, бояусыз, әсірелеусіз жеткізілуі талап етіледі. Өйткені, жалған ақпарат берушілер көбейді. Халық өз талғамына қажетті жайларды ғана тыңдауға мәжбүр болды. Ал, бәсекелестік жағдайындағы радиолар өз рейтингтерін тек боямасыз, бірінен-бірі асырып баяндау арқылы жинай алатындығы белгілі. Аудиторияны жаулаудың небір жолдары, тәсілдері қарастырылуда. Тіпті жаңа радиоарна ашудың жолдарын үйрететін "www. radiostation.ru" сайты да ашылды. Мұның өзі күннен-күнге радионың қоғамдағы қажеттілігінің артуынан деп түсінген жөн.

Соңғы кездері эфирден алуан түрлі шоулар ұйымдастыру етек алды. Кейде танымдық, музыкалық, көңіл көтерушілік бағытта болып, тақырыптық жағынан өзгеріп отырады. Тіпті арнаның хабар тарататын уақыты кей кездері бос, мағынасыз, мәнсіз, тағылымсыз сөздермен де толтырылып жатады. Әсіресе, орыс тіліндегі жастар хабарларының парықсыздығы тыңдарман қауымды қынжылтып жүргені шындық.

Тәулік бойы хабар тарататын Қазақ радиосының сеткасында көрсетілген, тікелей эфирден шығарылатын әдеби-музыкалық бағдарлама түнгі 12 сағат 05 минуттан "Түнгі толқын" деген айдармен беріледі де 01 сағат 35 минутқа дейін созылады. Ал, "Шалқар" арнасында 23 сағат 05 минуттан 23.55-ке дейін "Жұлдызды түн" хабары жүргізіледі. Әрине, қазақ тіліндегі хабарлар ұлттық болмысқа сай жүргізілуі тиіс. Өйткені, жергілікті ұлт менталитеті өз тыныс-тіршілігінен, әдебиет, мәдениетінен, салт-дәстүрінен сезіліп тұруы тиіс. Әр елдің соны әйгілейтін, дәріптейтін арнасы болады. Сол үдеден көріне білген бұқаралық ақпарат құралдары ғана уақыт керуеніне ілесе алмақ. Тәуелсіз Қазақстанның радиостанциялары мемлекеттің тұғыры таймауы жолында, халықтардың достығы шайқалмауы мақсатында, ел ахуалын жақсартуға атсалысуда, бейбіт өмір сүру мәселесінде өз биігінен көріне алуда. Оған дәлел — тағылым-тәрбие аларлық, рухани нәр берер, болашаққа жарқын жол көрсетер хабарлар болып табылады. Қазақ халқы рухы биік, жаны таза, ер көңілді, жалын намысты, адами қасиеттері жоғары болғандықтан өзінің шығыстық әдебін, ар-ұятын ту ете отырып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда. Міне, осы ретте электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қосып отырған үлесі зор екендігіне көз жеткізуге болады. Бөгде мәдениет, оғаш дәстүрлер, тәлімі жоқ әдебиеттен бойды аулақтатып, ұлттық болмыспен өмір сүруге ұрпақты бағыттау - жаңа қоғамның міндет-мұраты болмақ.

Қазақ радиожурналистикасының жүріп өткен жолдары, қалыптасуы, бүгінгі күнге дейінгі даму кезендері радиожурналистиканы зерттеуші ғалымдар тарапынан зерделеніп, бағаланды. Ерен еңбекпен, кажырлылықпен, тиянақтылықпен атқарылған бұл жұмыстар ұзақ жылдар жемісі.

Радиожурналистиканың табиғатын, жанрлық ерекшеліктерін филология ғылымдарының докторы, профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұлов, радиохабарлардың алғашқы пайда болу тарихын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рамазан Сағымбеков, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы радионың рөлін тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев зертттеп, ғылыми тұжырымдар жасады.

Ал осы оқулық авторының еңбегінде эфир фельетонының ерекшеліктері, қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері зерттеле келіп, Қазақ радиосының тарихы бұрынғы деректердегідей 1931 емес, атап айтсақ он жылға ұзартылып (1921), 2011 жылы 90 жыл толатындығы дәлелденді. Яғни қазақ жеріндегі радиостанциялардың 1912 жылдан жұмыс істегені анықталды. Сол сияқты радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің қалыптасуы мен дамуы терең зерттелді.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аязби Ақбергенұлы Бейсенқұлов радиодағы компьютерлік технологияның қолданылу ерекшеліктерін анықтап, дәйектеді. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рахима Нуриден қазақ тілінде хабар тарататын шетелдік радиостанцияларды зерттеді. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Клара Қабылғазы Ұлы Отан соғысынан кейінгі күйреген халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы Қазақ радиосының қызметін зерттеп, тарихи кезеңге баға берді. Ал, тікелей эфирдің табиғатын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жидегүл Әбдіжәділқызы зерделесе, Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарларының пайда болуын, даму сатыларын, табиғатын филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Орынтай Ошанова және филология ғылымдарын ың кандидаты Темірғали Көпбаевтар айқындады.

Қоғам үшін радионың маңыздылығы, оны ғылыми бағамдау - өмір талабынан туындады. Радиожурналистиканың бүтін бір әлем екендігін, оның басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан өзіндік ерекшеліктері мол екендігін дәлелдеу, жанрлық, пішіндік өзгерістерін зерттеу, эфирдегі сөз құдіретінің әсерін, оның пайдаланылу тәсілдерін, бұған дейін жүйеленбеген мәселелерін тек қана радиожурналистиканы зерттеуші ғалымдар тұжырымдайды. Осы тұрғыдан келгенде аталған авторлар біраз еңбек сіңіргенін мақтанышпен айтуға тұрарлық.

Қазақстандағы журналистер дайындайтын оқу орындары үшін әдістемелік орталық болып отырған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика бөлімі қажетті оқулықтарды, оқу құралдарын, типтік бағдарламаларды шығарып, тарату ісінде үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Сол сияқты журналистиканы ғылым ретінде қарастыруда республикамызда тұңғыш рет ашылып отырған «Журналистика мәселелерін зерттеу институтының» ауқымды жұмыстарының атқарар жүгі қомақты. Өйткені, кез келген қоғамның, мемлекеттің журналистикаға сүйенбеген күні болған емес. Журналистика - өмірдің, қоғамның бейнесі.


Сұрақтар:


  1. Радио пайда болуының алғышарттары.

  2. Радиохабарының даму кезеңдері.

  3. Қазақ жеріндегі радиоландыру ісі.

  4. Алғашқы граммофондар мен күйтабақтар туралы.

  5. «Ауызша» газет деген не?

  6. Түркістан Республикасының ақпарат жүйесі.

  7. Ақпарат хабарларына қойылған талаптар.

  8. Радио Достары Қоғамы.

  9. Алматы радиостанциясы.

  10. Радиохабарының жаппай дамуы.

  11. Отан соғысы жылдарындағы кеңестік радио.

  12. Соғыстан кейінгі жылдардағы радио.

  13. Қайта құру және жариялылық радиосы.

  14. Жаңа кезең радиосы.

  15. Тоталитарлық мемлекет радиосы.

  16. Қазақ радиосының қазіргі тыныс-тіршілігі.

  17. Радионың бүгінгі проблемалары.


Әдебиеттер:


  1. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы, 1992.

  2. Омашев Н. Ұзынқұлақтан Қазақ радиосына дейін. – Алматы, 2007.

  3. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 3-том. – Алматы, 2008.

  4. Қабылғазы К. Дәуір үні. – Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев С. Слово ковавшее победу. – Алматы, 1977.

  6. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы, 1979.

  7. Казахстан: страницы радиолетописи. – Алматы, 1981.

  8. Очерки истории журналистики. – Алматы, 1988.

  9. Полвека в пути. – Алматы, 1969.

  10. Ружников В. Так начиналось. – М., 1987.

  11. Основы радиожурналистики. – М., 1984.

  12. Очерки истории советского радиовещания и телевидения. – М., 1972.

  13. Гурефич П., Ружников В. Советское радиовещание. Страницы истории. – М., 1976

  14. Әуе толқынында – Қазақ радиосы. – Алматы, 2001.



IІІ ТАРАУ


РАДИОЖУРНАЛИСТИКА ЖАНРЛАРЫ МЕН ПІШІНДЕРІ


  • Алғашқы радиогазеттер




  • Радиохабардың пішіндері




  • Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің қалыптасуы мен дамуы




  • Ақпараттық жанрлар




  • Талдамалы жанрлар




  • Деректі-көркем жанрлар



Алғашқы радиогазеттер


Радиохабарының пайда болуы кезіне қарай баспасөз үлкен кәсіби тәжірибе жинақтаған еді. Сондықтан жаңа бұқаралық ақпарат жүйесі осы тәжірибеге сүйенді және көбінесе оны қайталады. Бұл әуелгіде қажет әрі пайдалы еді. Алайда кейде газет жұмысының формалары мен әдістерін радиоға тікелей әкелу радионың дамуы үшін белгілі бір кедергі болды. Бұл қауіпті сол жылдары-ақ сезе бастады. Мәселен, «Радиобаспасөз жолдары» деген мақалада: «Радиобаспасөз өзінің ерекше жолымен дамуға тиіс... Радиобаспасөзге жақсы әңгімеші, шешен керек; радиогазетте радиотілшілер желісі болуға тиіс...» деп атап өтті.

Ұйымдастырушылар алдында газеттің мазмұны жағынан да, формасы жағынан да мүлдем жаңа түрін жасау міндеті тұрды. Ол оңай міндет емес-тін. Үйренетін еш нәрсе болмады, үлгі де жоқ еді. Ұйымдастырушылар нені негізге алуға тиіс еді? Олар мынадай ережелерді басшылыққа алатын болды:

1. Бұл газетті оқымайды, тыңдайды. Сондықтан басқаларға қарағанда радиогазеттің жалықтыру қаупі үлкен.

2. Газетті ұзақ тыңдауға болмайды. Ендеше, аз уақыт ішінде көп нәрсе беруге тырысу керек. Материалды барынша қысқа, әрі нұсқа ету қажеттігі осыдан туындайды.

3. Радиогазет баспа газетін алмастыруға тиіс. Ол хабарламалық жағынан толымды болуға керек. Нөмірде аса маңызды оқиғалар, саяси, шаруашылық, қоғамдық өмірдің барлық елеулі мәселелері орын табуға тиіс. Алайда орынның шектеулілігіне байланысты (радиогазет нөміріне баспа газетінің 900-дей жолы сыяды) газет бәрін қамти алмайды. Яғни, материалдарды аса қатаң талаппен іріктеп алуға және қысқартуға күш салу қажет, әрбір заметканың көлемін қысқарта отырып, саны
жағынан ұтады.

4. Радиогазеттің тыңдаушылары – бұқара: шаруалар, жұмысшылар, қызметшілер. Бұл дайындығы бар, көзі ашық газет оқырманы емес. Осыдан келіп материалға өте ұғынықты пішін беру қажет екені туындайды. Баяндау мәнері қарапайым, тілі жатық және көпшілікке түсінікті болуға тиіс. Сөйлеу тілі кең орын алып, ғылыми-техникалық терминдер, әр түрлі кірме сөздер аз пайдаланылғаны абзал....

Міне, радиогазетті ұйымдастырушы басшылыққа алуға тиіс негізгі төрт тармақ – осылар. Бұл талаптар газетті редакциялауды өте қиындатып жіберді. Материал іріктеп алуда да ерекше тапқырлық керек болды. Халықтың күнделікті қолданатын сөйлеу тілін жақсы білу, тыңдаушы психологиясын түсіну және материал іріктеудегі ерекше сергектік осы талаптардан туды.

Енді нөмірдің түр-пішінін табу керек. Бұл ең қиын міндет деуге болады. Ұйымдастырушылар абыройына қарай, газет пішіні сәтті табылғанын ашық айту керек. Радиогазетті оқымайды, тыңдайды деген негізгі қағиданы басшылыққа ала отырып, ұйымдастырушы мен оның алғашқы көмекшілері газетті әңгімеші түрінде шығара бастады. Бұл өте дұрыс еді. Шалғайдағы ауылға бір жолдас келді делік. Сөйтіп, ол жергілікті тұрғындарға елде, шетелде не болып жатқандығы туралы әңгімелейді. Саяси жаңалықтар, дүние жүзіндегі аса маңызды оқиғалар, заң шығару, шаруашылық жүргізу, әкімшілік жасау тәжірибесі, ғылыми жаңалықтар, техниканың кереметтері, театр, өнер саласы, жаңа кітаптар және басқа да көптеген жайлар туралы сырттан келген адам қарапайым сөздермен айтып береді. Міне, радиогазет осындай әңгімеші болуға тиіс.

«Радиослушатель» журналы 1929 жылғы 12-ші санында Қызылордадағы қалалық станция «Советская степь» радиогазеті бойынша хабар беруге кірісті» – деп хабарлады. Станция одан әрі радиогазет шығаруын жалғастыра берді және жеткілікті тәжірибе жинақтады. Текстер музыка фонында оқылды, оған дайындығы бар авторлар тартылды. Негізгі тексті дикторлардың оқуымен бірге, микрофон алдына партия, шаруашылық, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белгілі бір актуальды мәселе бойынша сөйлету кеңінен қолданылды. Үш айдың ішінде эфирден осындай 25 сөз сөйленді.

Кейіннен қызылордалық тілші «музыкамен көркемделген радиогазеттің 20 нөмірі әр жұма сайын жүйелі түрде беріліп тұрды. Оның шықпай қалған кезі болған емес» деп хабарлады.

Орынборда саяси радиохабардың басты тұтқасы «Рабочий полдень» (күн сайын шығарды), «Большевистские темпы» және «Жаппай коллективтендіру үшін» (күнара шығады) радиогазеттері болды. Егіс даласында 7 радиохабар беруші және 2 қысқа толқынды аппарат жұмыс істеді.

Осы кезде тағы да радиогазет қандай болу керек деген мәселе төңірегінде өткір пікірталас өрбіді. Біреулер «радио арқылы газет шығару керек» – деді. Басқа біреулер баспа станогында басылатын газеттерді бұқараға басқа да техникалық әдістермен баратын газетпен қосуға шақырды.

Радиогазеттің таралымының негізгі көрсеткіші деп тыңдаушылар бұқарасының қатысу деңгейін алуға тура келеді. Өйткені бұл көрсеткіш оның бұқара санасына қаншалықты жететінін немесе жетпейтінін, оның қаншалықты қабылдағанын және мойындағанын көрсетеді.

Орталық радиогазеттері қуатты радиостанциялар арқылы берілетіндіктен де үлкен аудиторияларға ие болып отырған сияқты болып көрінеді. Ал жергілікті радиогазеттер мұндай қуатты станцияларға қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың аудиториясы да шағын.

Алайда мәселе, ең алдымен, аудитория санында емес, оның сапасында және белсенділігінде. Себебі, қуатты радиостанциялар арқылы берілсе де көп пікір туғызбайтын хабарлар бар екені өтірік пе? Ал, керісінше, сол кездің өзінде белсенді аудиториясы бар «Еңбекші қазақ» және «Советская степь» сияқты да жергілікті хабарлар болды.

Міне, сондықтан да радиогазет өзі өмір сүрген алғашқы күндерден бастап, редакцияның алдында тыңдаушыға тартымды түрде қызғылықты, мазмұнды хабар беруге үйрену міндеті тұрды.

Бұдан кейін радиогазеттің тілі қандай болу керек деген де айтыстар жүрді. Осы тұрғыдан алғанда 1930 жылы «Радиофронт» журналының бетінде (1930, № 2, 48-бет) жарияланған «Радиогазет қалай ұйымдастырылуға тиіс» деген мақала жөніндегі пікірсайыс ынта туғызады. Оның авторы баспа газеттерін қайталауды, олардың тілін радиода пайдалануды айыптады. Мұндай құбылысқа жол беруге болмайды деп санады. «Радиогазет жанды сөйлеу тілінде жүру керек» деді.

Яғни, сол кезде-ақ көптеген адамдар радиода сөйлеу тілі басым болуға тиіс деп санаған. «Радионың тілі кітап тілі емес, газет тілі де емес, сөйлеу тілі болуға тиіс», – деп жазды профессор К.Я. Шнейдер. Радиода сөйлеу тілін қолданудың дұрыстығын Ф.Я.Кон былай деп негіздеді: «Оқырман қандай да бір ойды түсінбей қалса, өзіне түсініксіз үзіндіні қайталап оқи алады. Тыңдаушыда мұндай мүмкіндік жоқ».

Радио тілінің міндеті – оны барынша ұғынықты және бейнелі ету мақсатымен сөйлемді жадағайландыру, қарабайырландыру емес, жазба тілдің дыбыстық құрылымына кейбір ырғақтылық, әуезділік, тіпті музыкалық қасиеттер енгізу. Текстің бүкіл мазмұны радиотыңдаушыға қосымша ишаратсыз, ымдаусыз немесе диаграммалар, суреттер, сызбалар көрсетпей-ақ образды, сезіну жолымен жетуі керек.

М.Горький радиогазеттің өзіндік ерекшеліктеріне дәл анықтама берді. Ол былай деп жазды: «Радиогазет баспа газеттерінің принципі бойынша құрылуға тиіс, бірақ материалды беру әдісі өзгеше болу керек. Онда фельетон, қысқаша ғана көркем очерк, әзіл әндер басым болса ұтады. Радиогазет ағымдағы қызмет мәселелері бойынша елеулі мәліметтерді өте қысқа, үнемді бергені дұрыс. Мақалалар афоризмдер мен ұрандар түрінде берілуге тиіс». Яғни ұлы жазушының пікіріне қарағанда, радиогазет материалы ауызекі сөйлеу стилінде және қыска болғаны, көркемдік және афоризмдік қасиетке ие болуға тиіс.

Алғашқы республикалық қазақ радиогазетінің тұңғыш редакторы болған, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев былайша еске алатын еді:

«1931 жылы көктемде Қазақстан өлкелік партия комитеті «хабар-ошарлар радиогазет түрінде берілсін, оның қазақшасы «Еңбекші қазақ» деп аталсын» деген қаулы қабылдады. Радиогазеттің редакторлығын қосалқы қызмет етіп маған жүктеді.

Онда үш кісі қызмет істедік: редакцияның жауапты хатшысы болып – жазушы Айтпай Хангелдин, редакцияның хабаршы-дикторы болып – журналист Насыр Ногаев істеді. Газетіміз екі бөлімнен тұратын. Оның біріншісі — жалпы саяси бөлім, екіншісі – ойын-сауық бөлімі деп аталатын. Бірінші бөлімде шағын материалдар, мақалалар, хабар-ошарлар болды. Оларды негізінен өзіміз құрастыратынбыз, тек анда-санда ғана бірді-екілі мақалаларды күнделікті шығатын газеттен, көбінесе «Еңбекші қазақ» газетінен алатынбыз. Газеттің ойын-сауық бөлімі түгелдей музыка, ән-күй, өлең-тақпақ болып келетін. Оларды астанадағы театр артистерін шақырып айтқызатын едік.

«Еңбекші қазақ» күніне үш мезгіл: таңертең, түсте және кешке оқылатын. Әр оқылғанда шамамен бір сағатқа созылатын.

Қазақтың тұңғыш радиогазеті: «Еңбекші қазақ» осылайша бір жылға жуық шығып тұрды».

Көріп отырғанымыздай, бұл жерде көп тәжірибе баспа газеттерінен алынғанмен, тек қана радиоға тән өзіндік белгілер де біртіндеп қалыптаса бастағаны айқын аңғарылады. Бұлар: сөйлеу тілі, бірнеше дауыспен оқу, аудиторияға сөз тастау, автордың тыңдаушылармен тікелей әңгімесі, сұрақтарға жауаптардың тікелей берілуі, материалдардың барынша ұғынықтылығы және т.б.

1932 жылы «Говорит СССР» журналы Қарағандының радиосы туралы мәліметтер басады. Онда желтоқсан айынан бастап «Рабочий полдень» радиогазеті және қазақ тілінде хабар ұдайы беріле бастайтындығы айтылған.

«Лениншіл жас» радиогазетінің 19 қазандағы санында 15 қазанға қарай өлкедегі астық дайындау жоспары 39,5 процентке ғана және жоспар 26,6 процентке орындалғандығы туралы хабар берілді. Радиогазет: «қатардан қалмайтындар», «артта қалғандар», «мүлдем артта қалып қойғандар» және «артта қалып, масқара болғандар» деген ұғымдарды енгізіп, астық дайындау бойынша артта қалған аудандардың комсомол комитеттерін кемшіліктерді жылдам жоюға шакырады.

Сонымен барлық радиогазеттер тәжірибесі қоғамдық-саяси хабарларының алғашқы даму кезеңіндегі өзегі болды. Олардың жұмысы жауапты орындардың ұдайы назарында болды және сол кездегі аса маңызды міндеттерді шешуге бағытталды.

Кеңес радиосы қалыптасу кезінде оның қоғамдық-саяси хабарларының негізін радиогазеттер құрады. Ал газет хабардың мазмұны, мәні болды. Хабардың өзі оның дыбыс арқылы бейнеленуінен тұрды. Осылайша қазақ радиогазеттері біршама уақыт өмір сүрді. Ол осы уақыт ішінде ақпарат және насихат хабарларының негізгі пішіні ретінде едәуір өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер хабардың аса маңызды жанрларының эволюциясын бейнелейді, олар үшін радиогазет құнарлы орта болды. Радиогазеттер өткен жол өзінің соңында шығармашылық әдістерінің жиынтығын, ойдағыны эфирде бейнелеу әдістерін қалдырды. Радиогазеттердің даму ерекшеліктерін талдау қызғылықты, сондықтан тарихи жағынан ғана емес, сондай-ақ әдістемелік жағынан да құнды. Өйткені оларда ізденістердің, қателіктердің, жетістіктердің тағылымды тәжірибесі бар.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Похожие:

Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі icon«Менеджмент теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша емтихан түріндегі тест өткізу үшін

Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша лекциялар кешені «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша бақылау өлшеу құралдары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша практикалық сабақ әдістемелік нұсқаулары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша соөЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар «Денсаулық сақтау мен фармацияда...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconКонференция төмендегі секциялар бойынша жұмыс жасайды: Этнопедагогикалық зерттеулердің кезеңдері мен даму үрдістері: әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесі
Халықаралық педагогикалық академияның академигі Клара Жантөреқызы Қожахметованың 65 жылдығына арналған «еліміздегі және әлемдік білім-ғылым...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconКомпьютерлік желілер мен жүйелердің Қауіпсіздігі
Тергеусизова А. С., Кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық тәжірибесі 10...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconЕсептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру
Тойғожинова Айнұр Жұмақановна, кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі 10 жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница