Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі




НазваниеНамазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі
страница4/26
Дата конвертации06.02.2016
Размер4.3 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.pushkinlibrary.kz/docs/virt/mikrobiologia.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Радио Достары Қоғамы


20-жылдардың басында радиостанциялар бар жерде радиоәуесқойлар үйірмелері пайда болды, онда радио ісінің негіздері оқытылды, детекторлық радиоқабылдағыштар жасалды. Еңбекшілердің бастамасы Радио Достары Қоғамын құруға ұласты. Сөйтіп, ол радионы насихаттау жөнінде, қабылдағыштарды дайындау мен орнатуда, әуесқойларға көмек көрсету жөнінде қалалар мен селоларды радиоландыру ісінде үлкен жоспарлы жұмысты бастады.

Апталық газет «Новости радионың» 1925 жылғы 39-санында берілген «Деревнядағы радиоәуесқойлар ұясы» деген шағын хабар біраз жайдан хабар береді. Кішкене хабарламаның ортасында алдарына 4 лампылы «Радиолина» қабылдағышын алып түскен 9 адамның суреті бар. Бірінің қолында «Радио» деген жазуы бар газет сияқты қағаз көрінеді. Ал екі-үшеуінің құлағында тыңдайтын құрал бар, басқалары былайша естіп отырған секілді. Суреттің астында: «Петропавл қаласындағы Радио Достары Қоғамының үйірмесі. Ақмола губерниясы» – деп жазылған. Ал суретті қоршаған тексті сөзбе-сөз келтірсек, ол мынадай: «Радиоәуесқойлық барған сайын қалаларда ғана емес, сондай-ақ ең түкпірдегі қапастарда да халықтың барынша әр түрлі топтарын кеңінен қамтып отыр.

Бұл қозғалыс біздің Ақмола губерниясына да келді. Петропавл уезі Урицкий болысының Маринское селосында таяудағы күндері қабылдаушы радиостанция ашылды. Радио ұйымдастыру жолы қиын болды. Тамыз айында ұяға 70 адам мүше болды. Олардың арасында белсенді жастар, шаруалар мен шаруа әйелдер көп.

Петропавлда 1926 жылы Радио Достары Қоғамында (ол 1924 жылы ұйымдасқан) 2.000 мүше болды. Соның арқасында Петропавлда 1926 жылы-ақ радиодан жергілікті концерттер беріле бастады.

1925 жылғы қаңтардан бастап Семейде Радио Достары Қоғамы өмірге келеді. Үйірме әрең дегенде аппаратқа қолы жетіп, олардың жұмысы күшейе түседі. Сөйтіп, станция орнату жолын іздестіреді. Қалада материалдың жетіспейтіндігі соншалық, діңгек ағашты, тросты сатып алатын жер табылмады және осының бәрін үлкен еңбекпен табуға тура келді. Дегенмен Қазан революциясы мейрамына дейін оны орнатып, шалғайдағы артистердің дауысын клубта отырып тыңдауды ұйымдастырды.

Үйірмеде 150 адам болды. Оларға жақсы естілетін Ташкент, Бұқара және Кушка станцияларын қабылдаудың сәті түседі. Сол сияқты шетелдің бір станциясын қабылдағанымен, оның атын анықтай алмайды.

Осы кезде радиоәуесқойлардың үйірмесі Орал облысына қарасты Орда селосында да ұйымдастырылды. Оған алғашында 20 кісі жазылды. Науқандық жұмыстар аяқталған соң, жазылушылар саны бұрынғыдан да көбейіп кетті. Олар радиоқабылдағыш орнату үшін қаражат жинастыра бастайды. Радио Достары Қоғамының ұйымдастыру жөніндегі жұмысы Қостанай қаласында да ойдағыдай жүріп жатты. Ол жерде 7 адамнан бастамашы топ құрылып, бүкіл радиоәуесқойлық жұмысты дамытты. Бұл уақытқа қарай Радио Достары Қоғамының 17 ұясы ұйымдастырылып, оларға 454 адам кірді. Радио Достары Қоғамының мүшелерін радио ісімен таныстыратын радио үйірмесі өз жұмысын бастады.

Радио Достары Қоғамы 1925 жылдан бастап республикалық ауқымда жұмыс істей бастады. РК(б)П Қырғыз облыстық комитеті үгіт-насихат коллегиясының 1921 жылғы 28 қаңтардағы мәжілісінде 5 адамнан ұйымдастыру бюросының құрамы бекітілді, оған Байланыс Халық Комиссариатынан 3 адам, Қырғыз бюросынан біреу, РК(б)П облыстық комитетінен 1 адам сайланды.

Республика радиоәуесқойлары қоғамын ұйымдастырушылардың 1925 жылғы 16 ақпандағы бірінші кеңейтілген мәжілісінде ұйымдастыру бюросының жұмысы, орталықтың жергілікті жерлермен байланысы туралы баяндамалары тыңдалып, Радио Достары Қоғамының жарғысы талқыланды және бекітілді. Радио Достары Қоғамының ұялары туралы жалпы ереже, сондай-ақ екі циклдан тұратын ұялардағы сабақтар бағдарламасы бекітілді. Бұл циклдардың әрқайсысы 8 сабақтан тұрып, практикалық және теориялық тұрғыда өтті. 1925 жылғы 1 сәуірде Қырғыз өлкесі бойынша Радио Достары Қоғамының 624 мүшесі тіркелді.

Жұмысшы село тілшілерінің қозғалысы 1923-24 жылдары ғана пайда болды. Оның революцияға дейінгі өткен тарихы да, дәстүрі де, мамандары да аз еді. Бұл уақытта болжалды деректер бойынша Қазақстанда барлығы 2.574 тілші болды.

Бұл, әрине, мүлдем жеткіліксіз еді. Оның үстіне газеттер көп кешігіп келетін. Осы жағдайда ақпарат құралдарына деген қажеттілік қатты сезілді. Қалың бұқарамен кез келген уақытта, қандай қашықтықта болмасын байланыстыратын канал қажет еді. Мұндай құрал – радио болды.

Орталықтан берілетін хабарларды жергілікті радиостанциялар арқылы тарату ұсынылды. Ал хабар тарататын аппараттар жоқ жерде, «Қоғамдық радиоқондырғылардың бәрін пайдаланып, радио тыңдау ісін барынша көп адам еститіндей етіп ұйымдастыру керек» делінген онда.

Кезінде «Новости радио» апталық газетінде басылған «Ұзынқұлақ» деп аталатын очерк осы талапқа сай мысал. Очерктің тақырыбы қырғызша (қазақша – Н.О.) берілген. Тура мағынасында кәдімгі ұзынқұлақты білдіреді. Онда былай делінген:

“Кешегі күні ғана «Ұзынқұлақ» түкпірдегі ауылдарды қоғамдық және саяси өмірден хабардар ететін бірден-бір көз болып келді. Шалғайдағы қараңғы түкпірлерге, шетсіз-шексіз аймаққа хабарды өте жылдам жеткізетін. «Ұзынқұлақтан» естіп көшпенділер өздерінің ұлттық және діни мерекелеріне жиналатын.

«Ұзынқұлақ» уақыт өткен сайын тарихқа айналып, аңыз болып қалуда. Ол азаматтық құқығын қоғамдық-саяси хабарлама берудің жұрт таныған бірден-бірі көзі – радиоқабылдағышқа орын берді...

Радио Достары Қоғамының Бүкілодақтық съезі радиохабарының мынадай негізгі міндеттерін белгіледі. 1. Барлық еңбекшілерге ССРО-дағы да, шетелдегі де революциялық жеңістердің барысы туралы кең хабарлама беру. 2. Партия-кеңес, кәсіподақ және кооператив аппаратына нұсқау беру. 3. Халық университеті. 4. Көркем-тәрбие жұмысы. Шын мәнінде, радионың жергілікті халық тілінде ғылым-білімді таратудағы ролі бұдан кем емес».

Ал Қазақстанның Оңтүстік облыстары үшін Ташкент радиостанциясының сіңірген еңбегі аз болған жоқ. Оның географиялық және тарихи себептері бар, тіпті, онда қазақ тілінде хабар берілген.

Қызылорда облыстық радиохабарын таратудың ресми күні 1928 жылғы 14 қараша деп есептеліп жүр. Осы күні ВК(б)П Қызылорда округтік комитетінің коллегиясы өз мәжілісінде «Радиостанция туралы» шешім қабылдады. Онда былай делінген: «Округтік атқару комитеті қалалық кеңесінің факциясына, учаскенің кәсіпшілік одағына және кәсіподақтардың қазақ кеңесіне радиостанцияның жұмысына көмек көрсету мақсатында қажетті қаржы бөлінсін, Қызылорда радиогазетін құруға рұқсат берілсін. Клубтар мен қызыл бұрыштардағы үйірмелерді радиостанцияның көркемдік жұмысын жақсартуға тарту кәсіподақтардың Қазақ кеңесінің факциясына жүктелсін. Радио Достары Қоғамын ұйымдастыру бюросын құру туралы мәселе жан-жақты қаралсын».


Алматы радиостанциясы


Алматы радиостанциясының қашан құрылғандығы туралы әр түрлі пікірлер бар. Белгілі ғалым Р.Сағымбеков: «Алматыда радиохабарын беру 1928 жылғы ақпанда басталған болатын. Хабар тарататын жүйеге алғашқы күні 60 абонент қосылды. Ал бірер күннен кейін 105-ке жетті. Қолда бар трубка саны бұдан артыққа жетпеді. Олардан басқа байланыс басқармасының клуб күзет ротасының қазармаларына күшейткіштер, кеңестік сауда қызметкерлерінің клубына 600 адамдық аудиторияны қамти алатын «Рекорд» үлгісіндегі 40 күшейткіш орнатты» дейді.

Бірақ Алматыда бұған дейін де радиостанция болған. Оның тарихы тіпті 1920 жылдардың басына барады. 1920 жылы Семей майданы таратылған кезде ақгвардияшылардан қолға түскен радиостанция Ташкентке жіберілді. Мұндай станциялардың біреуі Гусериннің басшылығымен Алматыға жетіп, жергілікті қоғамдық және әкімшілік органдардың талап етуі бойынша қалада қалдырылды, ол үлкен еңбекпен орнатылып, жұмыс істей бастады. 1921 жылы әскери орындардың билігінен алынған станция почта-телеграф ведомствосының билігіне көшіп, жұмысын жалғастыра берді.

Содан 1926 жылдың сәуір айында әр түрлі себептермен штабтағы адам саны қысқарып, 1 адам ғана қалды. Рацияның жұмысы 1926 жылы мынадай болды: 1926 жылғы 1 тоқсан ішінде (қаңтар – наурыз) қабылданғаны: РОСТА – 32 826 сөз, ЦРК почта-телеграф ведомствосы – 6855, барлығы – 39 681 сөз.

1927 жылғы 31 қаңтарда өткен Байланыс Одағы Алматы ұйымының өндірістік кеңес мүшелерінің мәжілісінде жасаған Алматы радиостанциясының меңгерушісі баяндамасында: «Діңгектер ескірді, оларды ауыстыру керек. РОСТА-ның хабарламасын жаздырып алушыларды тарту жолымен станцияға адам алуды күшейту қажет, сондай-ақ әуедегі сым байланысы үзілген жағдайда Орынбордан телеграмма қабылдауды ұйымдастыру керек» десе, баяндаманы талқылауға қатысқан жауапты адамның бірі: «РОСТА-ның радиохабаршысы өте қымбат тұрады. Сондықтан оған жазылушылар жоқ... Радиоәуесқойлық ісін ұйымдастыруға әрекет жасалды. Бірақ Москвадан айқын емес жауап алынды, ол орталық станциялармен ұдайы және дұрыс байланыс жасап тұруға ешбір кепілдік бермейді. Оның үстіне аппаратура мен оны құрастыру өте қымбат тұрады, сондықтан бұл іс әзірше жүрмей отыр» – дейді.

Алайда Алматы қаласында бір сымды желі радиохабарын телефон жүйесінен бөлуге мүмкіндік беретін қандай да бір приборлармен қамтылмағандықтан, тек қана радиохабарына арналған екі сымды арнаулы желілер тартыла бастады. Телефон сымдары бойынша берілген, сондай-ақ байланыс клубында қабылданған алғашқы хабарлар абоненттер арасында ғана емес, қала халқы арасында да радиоға үлкен ықылас туғызды.

Ақпанның 12-нен бастап (1928 ж.) радио хабар бере бастады. Алдымен 60 абонент қосылды, бірнеше күннен кейін олардың саны 105-ке жетті, яғни сатып алынған трубкалар санымен бірдей болды

Байланыс клубында, күзет ротасының казармаларында, кеңес саудасы қызметкерлері клубының залында жеке қондырғылармен бірге дауыс күшейткіш 600 адамдық аудиторияға қызмет ететін 4 «Рекорд» қойылды. Одан кейін Талғар, Түрген, Есік, Шелек селоларында дауыс күшейткіштерін орнату жоспарланды.

Үкімет мекемелерінің Қызылордадан Алматыға көшуіне байланысты олардың саны кем дегенде 500-ге жетті. Алматыда РОСТА бөлімшесінің алғаш рет ашылуы жайында мағлұмат беретін «РОСТА-ның Қазақстан бөлімшесінің қызметіне баға беру» деген материалға кезінде БК(б)П өлкелік комитетінің хатшысы болған Құрамысов қол қояды.

РОСТА-ның Қазақстан бөлімшесін ұйымдастыру туралы мәселе алғаш рет РОСТА өкілі Алматы қаласына келген кезде қойылған еді. 1929 жылғы 18 тамызда өлкелік комитеттің Секретариаты РОСТА агенттігін құру уақыты келген және қажет нәрсе деп мойындап, Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне аса қысқа мерзім ішінде агенттік құру туралы шешімді жүзеге асыруды ұсынды, сөйтіп, Халық Комиссарлар Кеңесі осылай етті де.

26 қыркүйекте өлкелік комитет өзінің хабарламалық аппараты мен РОСТА өкіліне РОСТА-ның Қазақстандағы партиялық-хабарламалық желісін ұйымдастыруды ұсынды. Сөйтіп, РОСТА-ның Алматы бөлімшесінің әрбір округтік комитетінде өз тілшілері болды.


Радиохабарының жаппай дамуы


Бүкілодақтық радио ұзақ уақыт талқылаудың нәтижесінде 1929 жылғы 1 қаңтардан бастап хабар таратудың жаңа айқындалған және түзетілген кестесі бойынша жұмыс істей бастады. Соған сәйкес республикалық радиостанциялардың хабар тарату бағдарламалары да қайта құрылды. Бұл қайта құрудың аса маңызды шарты - саралап хабар беру ұстанымы болды.

Радио бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіне баспасөз үлкен қиындықтарға кезіккен кезде енді. Баспасөздегі жағдайды талдау ол кезде РКП(б) он бірінші съезінің құжаттарында жүргізілді. Онда партия-кеңес баспасөзі аса ауыр дағдарыс жағдайында тұрғандығы айтылды. Дағдарыстың неғұрлым сипатты белгілері мыналар деп көрсетілді: а) газеттер санының күрт азаюы және ақшалай қаржының болмауы салдарынан газеттердің тиражының азаюы, қағаздың жетіспеуі және оның қымбатшылығы, типография шығындарының шамадан тыс көптігі; б) бұқарамен байланыстың нашарлығы, ағымдағы қажеттер мен еңбекшілердің сұранымдарын жеткілікті дәрежеде бейнелемеу, жергілікті құрылыс мәселелерінің нашар жазылуы; в) газеттердің партиялық-саяси жағынан алғанда ұстамдылығының жетіспеуі; г) әсіресе, жұмысшылар мен шаруалар бұқарасы арасында газет тарататын аппараттың толық жолға қойылмауы.

Осындай жағдайда радио баспасөзді толықтырып қана қоймай, кейбір ретте оның ақпарат жүйесіндегі орнын ауыстырып, бұқараны ұйымдастыру мен ағарту ісінде қызмет етті. Ол газеттердің оперативтілігін арттыру, редакциялардың жаңа ақпарлар алуы, тыңдаушыларды кезекті нөмірлердің мазмұнымен таныстыру, текстерді еліміздің ірі-ірі қалаларында көшіріп басу үшін жөнелтуде өзіндік құрал болды.

Радиоорталықтары мен радиотораптары желісінің жылдам ұлғаюына байланысты шебер радиожурналистер әзірлеу қажеттігі туды. 30-жылдары еліміздің жоғары оқу орындарында радиожурналистер даярланбайтын. Орталық радионың редакциясында негізінен баспасөзден келген кадрлар жұмыс істеді. Жағдай, әсіресе, жергілікті редакцияларда ауыр болды. Баспа өнімдері жинақталған тәжірибені қорытты. Радиоқызметкерлеріне өз біліктілігін арттыруға көмектесті, жергілікті радиохабарын таратуға әдістемелік көмек көрсетті.

Жергілікті радиохабары үшін қызметкерлер даярлау проблемасы өткір қойылды. Күн тәртібінде олар үшін арнаулы журнал шығару туралы мәселе тұрды. Сөйтіп, 1929 жылы «Радиохабарының ақпарат бюллетені» жарыққа шықты, ол жергілікті радиохабары қызметкерлеріне арналған почта және телеграф Халық Комиссариатының органы болды. Оның тиражы 1600-ден 2000-ға дейін барды. Журнал 34 беттен тұрды. «Радиохабары бетбұрыс кезінде» деп аталатын мақалада: «Радиоорталықтар барлық жерде бірдей хабарлардың қажетті қарқынмен дамуына кепілдік беретіндей ретпен рәсімделіп қалыптаспай отыр, – деп атап өтілді. – Жергілікті радиоорталықтар берік қоғамдық базасы болған жағдайда ғана тыңдаушылар бұқарасының талап-тілектері мен сұранымдарын Орталық хабар тарату жүйесі бойынша да, өзінің жеке бағдарламаларын орындауы жөнінен де барынша табыспен және толығымен қанағаттандыра алады» делінген.

Радионың жергілікті қызметкерлеріне көмек көрсететін ең пәрменді құрал «Бюллетеньнің» өзі болды. Онда Бүкілодақтық радиокомитетінің нұсқау беретін хаттары, қаулылар, жергілікті радио бағдарламаларына рецензиялар басылды. Алайда «Бюллетеньнің» материалдары дегенмен әдістемелік сипаттан гөрі ұйымдастыру сипатына келетін еді.

1930 жылы Мәскеуде алғаш рет аса ірі радиоорталықтар өкілдерінің кеңесі болды. Кеңесте радиохабары жанрларының проблемалары да егжей-тегжейлі талқыланды. «Бізде қазір, – деп атап көрсетті кеңеске қатысушылар, – радиохабарының білікті қызметкерлерін даярлайтын мектеп жоқ. Жағдай бізді бәрін де іс үстінде үйренуге, жұмысты тастамай оқып-үйренуге мәжбүр етуде. Кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін 50 радиоорталықтан 2000 радиотораптан және 115 шақты өлкелік, республикалық радиогазеттен тұратын жүйеде, орталық газеттерді қоспағанда, үстіміздегі жылы барлық категорияда кем дегенде 2000 қызметкер даярлау керек”. Журнал қалыптасқан жағдайды осылай сипаттады.

1930 жылғы 11 қарашада БК(б)П Орталық Комитеті «Газет қызметкерлері кадрлары туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы радиохабары кадрларын даярлау мен қайта даярлауға да негіз қалады. Көп кешікпей «Бюллетень» Коммунистік журналистика институты жанынан облыстық және өлкелік радиогазеттер редакторларының 4 айлық курсы жұмыс істей бастағанын хабарлады.

Жергілікті радиохабары қызметкерлерін даярлаудың басқа әдісі де пайдаланылды: радиотілшілер арнаулы курстарда оқытылды. Бұл мәселенің, әсіресе, ұлт республикаларында, радио алғашқы қадамдарын жасай бастаған жерлерде шешілуі ерекше маңызды болды. «Бюллетеньнің» редакциясы радиохабары және кадрлар секторымен бірлесіп жұмысшы-село тілшілері мәселелері бойынша Бүкілодақтық кеңес ұйымдастырылды. «Радиохабарының ақпарат бюллетені» бұл проблемаларды «Жұмысшы-село тілшілері радио баспасөзінде» (1931, № 1), «Жұмысшы» тілшілер бөлімдері мен екпінді бригадалар туралы» (1931, № 5) деген және басқа мақалаларында көрсетті.

1931 жылғы қыркүйекте БК(б)П Орталық Комитеті шешімімен радиохабары мен радиобасқармасының ара-жігі ажыратылды. Радиобасқарма БК(б)П Орталық Комитеті бақылауына көшіп, ал республикалық, өлкелік, облыстық радиохабарлары тиісті радиокомитеттеріне қарады. Осылайша бүкілодақтық радиохабары комитеті құрылып, ол 1933 жылғы сәуір айына дейін жұмыс істеп, тұтастай радиохабарының жай-күйін, жеке-жеке ұлттық, жергілікті радиохабарларын жақсарту жөнінде үлкен жұмыс атқарды.

1931 жылы Қазақстан радиостанция алды, ол жұмысын 1 мамырда бастады. Алматы радиостанциясынан хабар қазақ, орыс, татар, ұйғыр және украин тілдерінде берілді, 6 радиогазет шығарды. Сол жылдың 4 мамыры Қазақстанда радиохабарының жүйелі түрде беріле бастаған күні болып табылады.

Екі жылдан кейін радиохабары үшін білікті кадрлар даярлау туралы әңгіме болады. Алматы мен Қарағанды үшін радиотілшілер даярлауға 30 адамдық курс ұйымдастыру ұйғарылады.

Бұл кезге қарай республикада 218 радиоторап (22 528 хабар беру нүктелері) болды, оның 31,8% қалалық жерде, 68,2% селолық жерде болды. Хабар тәулігіне орта есеппен 5 сағат 5 минут берілді, оның 2 сағат 4 минуты музыкалық хабарлар, 35 минуты жергілікті, 45 минуты бұқаралық, 35 минуты ақпарат, 35 минуты басқа да хабарлар. Жергілікті хабарларға тәулігіне жарты сағат бөлінді. Хабар қазақ, орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде берілді.

Қазақ Орталық атқару комитеті Президиумының 1932 жылғы 21 сәуірдегі мәжілісінде (№ 36 хаттама) Қазақ АССР радиохабары жөніндегі комитеті туралы Ереже қабылданды. Осыған байланысты Қазақстанда радиохабары тиісінше қайта құрылды. Радиохабары (радиоорталық) Қазақ байланыс басқармасы жүйесінен бөлінді.

Осы ережеге сәйкес Қазақ Автономиялы ССР-і территориясында бүкіл радиохабары ісіне басшылық жасау мақсатында Қазақ Орталық Атқару комитеті жанынан радиохабары жөніндегі комитет тағайындалды. Радиохабары жөніндегі комитеттің қарауына мыналар жатқызылды: бүкіл радиохабары ісіне тікелей оперативті басшылық жасау, халықаралық хабар беруге және бұқаралық науқандар өткізуге басшылық жасау; радиохабарын жоспарлау; радио арқылы саяси-ағарту және ғылыми-білім беру жұмысын ұйымдастыру. Радиогазеттер, журналдар, әдеби-музыкалық және басқа хабарлар даярлау және тарату жөніндегі шараларды әзірлеу; басқа облыстардағы радиохабары жөніндегі уәкілдердің қызметіне басшылық жасау.

Радиохабары жөніндегі комитетті оның төрағасы мен орынбасары басқарды, оларды Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Президиумы бекітті.

1933 жылғы 31 қаңтарда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы бүкілодақтық радиоландыру және радиохабары комитеті туралы» қаулы қабылдады. Онда: «Радио еліміздің бүкіл шаруашылық және саяси өмірінде айрықша маңызды мәнге ие болуына байланысты КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан Бүкілодақтық радиоландыру және радиохабары жөніндегі Комитет құру қажет деп танылсын» делінген.

КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1933 жылғы 27 қарашадағы № 2574 қаулысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Бүкілодақтық радиоландыру және радиохабары жөніндегі комитет туралы жаңа ереже бекітілді.

Осы ережеге сәйкес Одақтас және автономиялы республикалар Халық Комиссарлар Кеңесі, өлкелік және облыстық Атқару комитеттері жанынан радиоландыру және радиохабары жөніндегі комитеттер ұйымдастырылды, олар Бүкілодақтық радиокомитеттің республика, өлке, облыс шегіндегі жергілікті органдары болды. Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы радиоландыру және радиохабары жөніндегі комитет (Казрадиокомитет) осылай ұйымдастырылды. Бұл комитеттің төрағасы сонымен бір мезгілде Бүкілодақтық радиокомитеттің уәкілі де болды.

Өлкелік радиокомитет бойынша 1934 жылы 9 сәуірдегі бұйрықпен комитеттің мынадай құрылымы бекітілді: Әкімшілік бөлім; Іс басқармасы;

Жоспар секторы; Төменгі радиохабары және радиоландыру секторы; Радиохабары секторы; Балалар секторы; Бухгалтерия.

Жергілікті радиохабары басқармасында арнаулы әдеби-драмалық, музыкалық редакция, оқу бөлімі және ай сайын берілетін «Методикалық бюллетень» редакциясы болды. Әдеби-драмалық және музыкалық редакция жергілікті радиохабарларының микрофондық материалдарын редакциялаумен және оған арнап бағдарламалар жасаумен айналысты. Кадрлар даярлаумен және қайта даярлаумен айналысатын оқу бөлімінде курстардың кең көлемді желісі, сондай-ақ, музыкалық жоғары оқу орындары мен техникумдары жүйесінде мамандандырылған бөлімшелері болды. 1933 жылдан бастап комитеттің оқу-әдістемелік базаларында Москвада, Ленинградта, Харьковте, Ростовта курстар жұмыс істеді. Оларда радиожурналистер, дикторлар, радиорежиссерлер, көркем радиохабарлар бойынша, фабрика-завод тораптарының жұмысы бойынша, саяси радиохабарлары мәселелері бойынша дыбыс жазатын операторлар оқыды немесе кәсіби шеберлігін арттырды.

1936 жылдан кейін радиоақпарат және радиохабары комитеті өз функциясын Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі жанында жүзеге асырды. Радио желісі күшті дами бастады, осыған байланысты Қазақ радиокомитетінің құрылымы 1939 жылы штаттық кестеге сәйкес мынадай болды:

Басшылық; Үгіт және насихат секторы; «Соңғы хабарлар» редакциясы; Музыкалық хабарлар редакциясы; Әдеби-драмалық хабарлар редакциясы; Балалар хабарлары редакциясы; Шығару секторы; Тақырыпты жоспарлау және кесте секторы; Бұкаралық жұмыс және радиотыңдаушылар хаттары секторы; Радиоландыру бөлімі; Радиоәуесқойлар секторы; Бақылау инспекторлық топ; Механикалық хабарлар бөлімі; Тораптық хабарлар секторы; Атқарушы адамдар; Қызмет көрсетуші адамдар; Кадрлар секторы; Арнаулы бөлім.

Сөйтіп, соғыстың алдындағы онжылдық ішінде Қазақ радиохабары жаппай даму фазасынан өтті, өзін орнықтырудың жолдары мен формаларын іздеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Похожие:

Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі icon«Менеджмент теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша емтихан түріндегі тест өткізу үшін

Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша лекциялар кешені «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша бақылау өлшеу құралдары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша практикалық сабақ әдістемелік нұсқаулары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша соөЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар «Денсаулық сақтау мен фармацияда...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconКонференция төмендегі секциялар бойынша жұмыс жасайды: Этнопедагогикалық зерттеулердің кезеңдері мен даму үрдістері: әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесі
Халықаралық педагогикалық академияның академигі Клара Жантөреқызы Қожахметованың 65 жылдығына арналған «еліміздегі және әлемдік білім-ғылым...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconКомпьютерлік желілер мен жүйелердің Қауіпсіздігі
Тергеусизова А. С., Кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық тәжірибесі 10...
Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі iconЕсептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру
Тойғожинова Айнұр Жұмақановна, кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі 10 жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница