«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж




Название«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж
страница1/7
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznau.kz/attachments/337_Progamma i voprosi dokt. VM kaz. 2012.doc
  1   2   3   4   5   6   7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің

5В011300«Биология» мамандығының




Семей қаласы,

2011 ж.

Құрастырған: жалпы биология кафедрасының доценты Садыкова Р.А.




Жалпы биология кафедрасы отырысында бекітілген

№ __ «__» _____2011 ж.


Кафедра меңгерушісі _______________ Қалиева С. Қ.


Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік мәжілісінде талқыланды


№ ___ хаттама «__»_____ 2011 ж.


Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік кенесінің төрайымы

б.ғ.к., доцент ________ Абдишева З.В.


Жаратылыс ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.


№ ___ хаттама «__»_____ 2011 ж.


Жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы,

х.ғ.к., доцент __________ Ибраева Л.С.


Пәннің мазмұны

Дәріс сабақтарының мазмұны



  1. Кіріспе. Биологиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жүйесі.


Биологияны оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым.

Биологиялық білімнің ролі.


Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.

Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған.


Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне байланыс-

ты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.
БОӘ- рационалді әдістер мен тәсілдерді орнатады, және биология пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.

БОӘ- оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырады.

БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.

Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.

Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді (анықтайды).

Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап,отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.

Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады:бақылап, салыстырады, анализ жасайды,қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.

БОӘ-сі жалпы БОӘ мен жеке (арнаулы) әдістемелерге бөлінеді (табиғаттану,ботаника,зоология,тәнтану,физиология,адам гигенасы және биоло-

гия).


БОӘ-нің өзге ғылымдармен байланысы.


1.БОӘ биологиялық ғылыммен тікелей байланысты.

Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау әдістерімен формалары өзгеше.

Биология ғылымының мақсаты- зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар, жаңа білім алу.

Мектеп биологиясының мақсаты- оқушыларды даяр ғылыми фактілермен заңдылықтармен таныстыру.

Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды артық информациясыз түсіндіреді.

Биология ғылыми өзінің даму кезеңінде жеке ғылымдарға бөлінсе (анатомия,систематика,т.б.),дифференциалданса, мектеп биологиясын-

да жеке ғылымдардың элементтері біріктірілген, интеграцияланған.

“Ғылымды ғылыми және педагогикалық баяндау- екі түрлі заттар”, К.Д. Ушинский.


Биология агрономиямен медицинаның негізі болып саналады.

2.БОӘ балалар психологиясымен байланысты.

3.БОӘ педагогика мен байланысты.

Өз пәніне қызығушылығы болмай, оқытушы биологияны оқыту процесінде әсіресе биология материалында тәрбиелеу процесінде мақсатына жете алмайды.

“Ғылыммен оқушыны тәрбиелегін келсе, өз ғылымыңды сүй және біл, сонда оқушылар өзіңдіде ғылымды да ұнатады, және сен оларды тәрбиелей аласың; егер өзің ғылымды сүймесен, қанша оқуға мәжбір етсеңде, ғылымның тәрбиелік әсері болмайды ”- Л.Н. Толстой.


Биологиялық ұғымдардың дамуы. Ұғымдардың даму теориясы.


Оқытудың мақсаты- оқушыларға саналы, жүйелі және тұрақты білім беру.

Оқыту процесінде оқушылардың ойлау қызметтерін дұрыс ұйымдастыру, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасайды.

Ұғым дегеніміз- адамның ойлау қабілетінің жоғары тұлғасы болып саналады.

Ұғымда заттар мен әлемдегі құбылыстардың жалпы мәнді белгілері көрсетіледі.

Затты түсіну дегеніміз- оның мәнді белгілерін меңгеру.

Білім заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен қасиеттері туралы анықталған ұғымдардан құралады.

“Ойлау дегеніміз- ұғымдарды пайдалана білу”,- Ф.Энгельс.

Ұғымдарды пайдалана отырып, адам ойлау қызметін атқарады.Адамның ойы нақты дүниені суреттейді, және білімсіздіктен білім жолында әртүрлі кезеңдерден өтеді.

1.Дүниені тану процесінде алғаш сәт ретінде заттар мен құбылыстардың сезімдік тануы пайда болады.

2.Сезімдік танымнан түйсік (қабылдау) пайда болады.

3.Қабылдаудың негізінде түсінік (елес) пайда болады.

4.Жалпыланған түсініктер ұғымды құрайды.

Ұғымдардың дамуы оқушылардың оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі қозғау күші болып саналады.

Алдымен ұғымды құрап, содан кейін мысалмен сипаттау дұрыс емес.Дайын ұғымдар жылдам есте сақталып, жылдам ұмытылады, өйткені олар жаттанды түрде қабылданады.

Биология оқу пәні ретінде бір-бірімен байланысқан, (логикалық) қисынды кезекте дамып келе жатқан ұғымдардың жүйесі болып саналады.

Мектеп биологиясының негізгі ұғымдары:

1.морфологиялық,

2.анатомиялық,

3.физиологиялық,

4.экологиялық,

5.систематикалық,

6.филогенетикалық,

7.цитологиялық,

8.эмбриологиялық,

9.генетикалық,

10.агрономиялық,

11.гигиеналық,

12.медициналық,


Ұғымдардың түрлері.



күрделі




қарапайым



жалпы биологиялық


арнайы


локальды


Қарапайым, бастауыш ұғым, білімнің 1 элементінен құралады.

Арнайы ұғымдар бір курс көлемінде ғана қарастырылады.

Арнайы ұғымдардың арасында локальді ұғымдар кездеседі, олар тек бір тақырыптың немесе бірнеше сабақтың көлемінде ғана қарастырылады, мысалы, ботаникада “фотосинтез, өсімдіктердің минералді қоректенуі...”.

Жалпы биологиялық ұғымдар бүкіл әлемге және бәрі тірі ағзаларға байланысты заңдылықтарды қарастырады.Жалпы биологиялық ұғымдар бөлек биология курстарындағы ұғымдарды қорытындылайды.

Жалпы биологиялық ұғымдар: жасуша- тіршіліктің қарапайым бірлік өлшемі, ағзалардың құрылысы мен қызметінің бірлігі, ағзалармен қоршаған ортаның өзара байланысы, ағза өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде, зат алмасу және энергия өзгеруі, ағзалардың көбеюі, дүниенің эволюциялық дамуы, биологиялық жүйе және тірі материяның ұйымдасу деңгейі.

Жалпы биологиялық ұғымдар арнайы ұғымдардан құралады және мектеп биологиясының әр курсында қарастырылады.

Оқыту процесінің міндеті- жоспарлы түрде ұғымдарды құрастыру және дамыту.

Ұғымдарды меңгеру процесінде жаттығулар мен биологияда байқау мен тәжірибе мен байланысты есептерді шешудің маңызы зор.

Ұғымдардың дамуы тәжірибелік дағдылардың пайда болуымен және дамуымен байланысты.

Дағдыларды бірнеше топқа бөлуге болады:

морфологиядан- мүшелерді бөлшектеу және анықтау;

систематикадан- өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау және

салыстыру;

анатомиядан- микроскоппен және ұлғайтқыш әйнекпен жұмыс істей

білу, препарат даярлау;

физиологиядан- тірлік процестерін байқау, тәжірибе қою;

экологиядан- ағзалардың бейімделу түрлерін, экологиялық белгілерін

анықтау.

Дағдылардың дамуы ұғымдардың дамуымен қарапайым әдістерден күрделі әдістерге қарай байланысып қатар жүреді.


Ұғымдарды дамыту әдістемесі.

Оқушылардың оқу материалын тұрақты меңгере алмауының себебі- олардың білімінің қабылдау (түйсік) және түсінік деңгейінде қалуы.

Ұғымдардың қалыптасуы дұрыс педагогикалық шарттарды қолдануы мен байланысты.


Ұғымдардың дұрыс қалыптасуының педагогикалық шарттары.


Қабылдау (түйсік) дұрыстығының шарттары.

1.Табиғи обьекттерді байқау.

2.Қабылдауды нақтылайтын жаттығулар.

3.Мұғалімнің нақты және бейнелі сөзі.

Түсініктердің дұрыстық шарттары.

1.Мұғалімнің сұрақтары.

2.Ойша сурет салу.

3.Тану және айыру жаттығулары.

Ұғымдардың дұрыстық шарттары.

1.Оқушылардың алдына мәселе қою.

2.Оқытушының оқу материалының баяндау логикасы (қисыны).

3.Анықтау, салыстыру және сұрыптау жаттығулары.

4.Ұғымдарды байланыстырып дамытатын қайталау жүйесі.

5.Жалпылауды қажет ететін сұрақтар.

6.Ұғымдарды дағдылар мен байланыстыратын сұрақтар.

7.Ұғымдардың пайдалануын қажет ететін есеп- тапсырмалар.


Тікелей қабылдау – байқауға негізделіп зерттелген зат немесе құбылыс туралы нақты және анық түсінік пайда болған жағдайда ғана биологиялық ұғым дұрыс меңгеріледі.

Ұғымдардың алғаш құрылуында табиғи обьекттер мен көрнекі құралдардың маңызы зор (таблица,схема,сурет,кино).

Ұғымдардың дамуы ойлау қабілетінің дамуысыз мүмкін емес.


Биологиялық ұғымдардың топтары.

Ұғымдардың

топтары.

Ұғымдардың анықтамасы.

Мысалдар.

Қарапайым.


Күрделі.


Арнайы.


Жалпы био-

логиялық.

Бастауыш ұғым,білімнің 1 элемен-

тінен құралады.


Жалпыланған ұғымдар, бірнеше қарапайым ұғымдардан құралады.


Бір курс көлемінде ғана қарастырылады.


Бүкіл әлемге және тірі организм-

дерге байланысты заңдылықтарды

қарастырады.

Жапырақтың сыртқы

құрылысы;жапырақ-

тың ішкі құрылысы;

ф-з, тыныс алу, була-

ну.


Жапырақ- гүлді өсім-

діктің дене мүшесі.


Өсімдік орг-змі тура-

лы ұғымдар,жануар-

лар туралы ұғымдар;

адам орг-змі туралы

ұғым.


Тірі орг-м; жасуша-

тіршіліктің қарапай-

ым бірлік өлшемі;

ағзалардың құрылы-

сы мен қызметінің

бірлігі т.б.

ағзамен қоршаған

ортаның байланысы;

орг-м өзін-өзі реттеу-

ші жүйе ретінде.



Арнайы ұғымдардың дәрежелері.

Арнайы ұғымдардың

дәрежелері.

Мысалдар.

өсімдіктер

бактериялар,

саңырауқұлақтар,

қыналар

жануарлар

адам

Анатомия -

морфология-

лық

тұқымның

ішкі және

сыртқы құрылысы

саңырауқұлақтың

ішкі және сыртқы

құрылысы

қоңыздың ішкі және

сыртқы құрылысы

ас қорыту

жүйесінің

сыртқы және

ішкі құрылы-

сы

Физиология-

лық


тұқымның

тыныс алуы;

өскіннің өсуі

және қорек-

тенуі

бактериялардың,

қыналардың қо-

ректенуі

қоңыздың

көбеюі

асқазан ішіндегі тағамдардың

өзгеруі

Экологиялық

тұқымдардың

өсу жағдай-

лары;дәндер-

дің таралуы;

саңырауқұлақтар-

дың, қыналардың

өсу жағдайлары

ормандағы,

су қойма –

ларындағы,

сазды жер –

лердегі құс-

тар



жұқпалы ауырулардың

ауа арқылы

таралуы

Систематика-

лық

түр,

өсімдіктер

патшалығы




тип,класс




Эволюциялық

өсімдік әлемі-

нің дамуы,мә-

дени өсімдік -

тердің пайда

болуы




қосмекенді-

лердің,

бауырымен жорғалау –

шылардың,

құстардың

шығу тегі

адамның сүт-

қоректі жан-

уарлармен

ұқсастығы



  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж icon«Химия және биология» факультеті “Биология” кафедрасы “боа биологияны оқыту әдістемесі” пәні бойынша
Биологияны оқыту әдістемесі” пәні бойынша 050113 “Биология”мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж iconБарлығы – 135сағат
Типтік бағдарлама «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Алматы, 2006ж. Орналасқан жері: корпус №5, кабинет...
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж icon«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен
Силлабус Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әзірлеген және ұсынған. Республикалық оқу әдістемелік жоғары және жоғары...
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
Ақпараттандыруды оқыту әдістемесі. Ақпараттандыруды оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасу тарихы
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж iconСемей қаласы аумағының 2011- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы семей қаласы

«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж icon2-тақырып.Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж iconМамандықтары үшін Информатиканы оқыту технологиясы мен әдістемесі
«Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын доцент, п.ғ. к.,Г. З. Халықова, аға оқытушы, п.ғ. к....
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж icon«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін»
М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж icon«5В011300» «Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар: Нагашбекова Л. А. оқытушы
Дәріс мақсаты: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне...
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж icon«5В011300» «Биология» мамандығы үшін Құрастырған: Қуанышбаева М.Ғ. Биология ғылымдарының
«Шыңғыстау аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін зерттеу» гранттық тақырыпты 2013-2016жж аралығында орындауда
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница