Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc




Скачать 283.99 Kb.
НазваниеЭлектр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер283.99 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kegoc.kz/up_files/strategiya_2025_kz.doc
  1   2   3   4








КІРІСПЕ


«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

Компания 1999 жылдың 26 мамырында тіркелді және 2004 жылдың 21 қазанында қайта тіркелді. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу нөмірі 6801-1901-АО (бастапқы мемлекеттік тіркелген күні 1997 жылғы 11 шілде).

«Мемлекеттік экономика секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 56 Жарлығына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның акционері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақтан холдингі» акционерлік қоғамы болып табылады. Орналастырылған акциялардың жалпы санының 100 % мөлшеріндегі Компанияның мемлекеттік акциялар пакеті Холдингтің орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілді.

Қазақстан Республакасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы№ 669 Жарлығына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақтан холдингі» акционерлік қоғамын біріктіру жолымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Акционер) құрылды.

Осы құжат «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді стратегиясын (далее – Стратегия) білдіреді және Компанияны дамытудың ұзақ мерзімге арналған стратегиялық басымдықтарын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады.

Стратегия – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Акционер алға қойған міндеттерді орындау жөніндегі, инвестициялық бағдарлама, акционерлік капиталдың құнын ұлғайту жөніндегі Компания менеджментінің жауапкершілігін іске асыру.

Стратегия «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді және ол Компанияның перспективалық даму бағыттарының менеджментіне, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына, Strategy Partners консультанттарының ұсыныстарына, UMS Group бенчмаркинг нәтижелері болжамдарына негізделді.

Стратегияны әзірлеу кезінде энергетика саласындағы уәкілетті органның (министрліктің), салалық реттеушінің (Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі), Акционердің, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің ұсыныстары ескерілді.

I. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ



1.1. Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі

2009 жылы республикада электр энергиясын тұтыну
77,9 млрд. кВт. с. (2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,3% төмен); өндіру – 78,4 млрд. кВт. с. (2008 жылғы деңгейден 2,1% төмен) құрады.

Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің (бұдан әрі – Қазақстанның БЭЖ-і) негізі – жалпы жұмыс режимі, біртұтас орталықтандырылған жедел-диспетчерлік және аварияға қарсы басқаруы, біртұтас дамытуды жоспарлау жүйесі, техникалық саясаты, нормативтік – технологиялық және құқықтық реттеуі біріктірілген электр станциялар мен электр желілерінің кешені болып табылады.

Қазақстанның электр энергетикасының өндіруші секторы жалпы қуаттылығы 19 127 МВт болып белгіленген және жорамалданып отырған - 14 821 МВт, жеке меншіктің әртүрлі нысанындағы 64 электр станциялары болып табылады.

Ұлттық электр торабы (бұдан әрі – ҰЭТ) қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының, мемлекетаралық және өңiраралық электр жеткізу желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын кернеуi 220 кВ және одан жоғары, жекешелендiру мен оның алдындағы сатыларға жатпайтын электр жеткізу желілерінің жиынтығы;

Электр энергиясын бөлу функциясын орындайтын өңірлік өңірдегі электр тораптары өңірлік электр желілік компаниялардың балансында және пайдалануында (бұдан әрі - ӨЭТ) болады. Барлығы Қазақстанда әртүрлі меншік нысанындағы 20 ӨЭТ жұмыс істейді.

Мемлекет «KEGOC» АҚ-ға басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді, энергия жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсету мен электр энергиясының көтерме сауда нарығында субъектілерден қосымша қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсету мен пайдалану дайындығында ұстауды қамтамасыз ету үшін Компанияның жауапкершілігін көздейтін Қазақстанның БЭЖ-і Жүйелік операторының мәртебесін бекітіп берді.

Өңірлік бөлікте Қазақстанда 3 энергетикалық аймақ қалыптасты:

Солтүстік аймақ, оған Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстары мен республика астанасы – Астана қаласы кіреді.

Солтүстік аймақ Қазақстанның БЭЖ-ін қалыптастыру орталығы болып табылады, мұнда өндірілетін қуаттың көп бөлігі (72,5 %) шоғырландырылған және Қазақстанның БЭЖ-ін Ресейдің БЭЖ-імен байланыстыратын дамыған 220-500-1150 кВ электр тораптары бар. Осы аймақта электр энергиясы жетіп артылады, аймақтың электр станцияларының өндіруі есебінен республиканың оңтүстік өңірінің тапшылығын жабу және Ресейге электр энергиясын жеткізу қамтамасыз етіледі.

Оңтүстік аймаққа Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Алматы қаласы және Байқоңыр ауданы кіреді.

Жеке бастапқы отын-энергетикалық ресурстардың, тиісінше өндіруші қуаттардың жоқтығынан әрі олардың жетіспеушілігінен Оңтүстік аймақтың энергия теңгерімінде тапшылық қалыптасады. Сонымен 2009 жылы Оңтүстік аймақ бойынша электр энергиясына қажеттілік туындаған кезде - 15,02 млрд. кВт с, тапшылық - 6,85 млрд. кВт с. құрады. Тапшылықты жабу Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті бойынша жеткізу әрі Орталық Азияның БЭЖ импорты есебінен қамтамасыз етіледі.

Осы аймақ Қырғызстан және Өзбекстан арқылы жалпы тораппен біріктірілген, оның өткізу қабілеттілігі Қазақстандағы Орталық Азиядан Қазақстанға және Орталық Азияға Қазақстан бағытында 8-9 млрд. кВт с электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ете алады.

Батыс аймақ, оның құрамына Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді, олардың республика аумағы бойынша Қазақстанның БЭЖ-імен электр байланыстары жоқ.

Өңірде электр энергиясына деген қажеттіліктің бір бөлігі Ресейдің импорты есебінен жабылады. Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары кернеуі 220 кВ ұзақтығы (кемінде 1400 км) бір тізбекті транзит арқылы өзара біріктірілген. Атырау энергия торабының 110 кВ ЭЖЖ арқылы Ресейдің Астрахань энергия торабымен байланысы бар. Батыс Қазақстан облысының Орталық Волга (Ресей) БЭЖ-імен 220 кВ үш ӘЖ-мен байланысы бар.


1.2. Компанияның ағымдағы жай-күйі

«KEGOC» АҚ электр станцияларынан ҰЭТ арқылы электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушыларына дейін мемлекетаралық және өңіраралық электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады.

Компанияның мүліктік кешеніне:

- кернеуі 110 - 1150 кВ, жалпы ұзындығы 24 330,78 км электр жеткізу желілері (бұдан әрі – ЭЖЖ);

- трансформаторлардың 33699,65 МВА белгіленген қуаты бар 74 электр қосалқы станциялары кіреді.

Компанияның құрамына:

- Қазақстанда орналасқан жүйеаралық электр тораптарының 9 филиалы (бұдан әрі – ЖЭТ филиалдары) және Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы;

- «KEGOC- СЕРВИС» және «Энергоинформ» еншілес мекемелері кіреді.

Компания жиырма пайыздық қатысу үлесімен «Батыс-транзит» АҚ-ның акционері болып табылады.

Электр жеткізу желілерінің үлкен бөлігінің жұмысқа дайындығы – 89,6-99,6 % деңгейде қамтамасыз етілген. «КЕGОС» АҚ-да электр жеткізу желілерін пайдаланудың орташа жылдық коэффициенті 35-40 % құрайды, ал Қазақстан БЭЖ-і жүктемесінің барынша артуы 87-100 % жетеді.

Осы заманғы жабдықтармен жабдықталуы ажыратқыштар үшін 24 %, айырғыштар үшін 38 %, ток трансформаторлары үшін 26 %, кернеу трансформаторлары үшін 33 % құрайды.


1. 3. Ішкі ортаны талдау

Қазақстанның электр энергетикалық саласы электр энергиясының бәсекелес нарығы жағдайында жұмыс істейді. Осы модель электр энергиясының жұмыс істеп тұрған қатарлас нарықтарымен келісілген өзара байланысты жүйені құруға негізделген:

1) электр энергиясының орталықсыздандырылған сауда нарығы, нарық субъектілері тараптар дербес түрде анықтайтын жеткізілімнің бағасы, көлемі мен мерзімдері бойынша электр энергиясын сатып алу-сатудың тікелей екі жақты мәмілелерін (сатып алу-сатудың мәмілелерінің кемінде 90%) жасайды;

2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы, сауда алаңын білдіреді, биржалық қағидаттармен жұмыс істейді. Сауда қысқа мерзімді кезеңге («бір күн ертерек» режиміндегі спот – саудасы және орташа мерзімге (апта, ай) және ұзақ мерзімді кезеңге (тоқсан, жыл) жүзеге асырылады;

3) жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету – электр энергиясы нарығының жұмыс істеуін және Жүйелік оператордың қосалқы қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алуын қамтамасыз ететін нарықтың субъектілеріне жүйелік оператордың жүйелік қызмет көрсетуі көзделген;

4) теңгерiмдеушi нарық – оны ұйымдастырудағы мақсат электр энергиясын өндіру-тұтынудің тәуліктік кестесінде жүйелік оператор бекіткен электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндiру мен тұтынудың нақтылы және шарттық мәндері аралығында Қазақстанның БЭЖ-де электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу болып табылады;
  1   2   3   4

Похожие:

Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc»
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc icon«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» акционерлік қоғамы

Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc icon«kegoc» АҚ Басқармасының 2015 ж. 18 ақпандағы №4 хаттамасы «kegoc»АҚ Трансформациялау
...
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc icon«kegoc» бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2015ж. «23» сәуірдегі хаттамасы бекітемін «kegoc»
...
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc icon«kegoc» АҚ Басқармасының 2008 жылғы «25» ақпандағы №2 хаттамасы бекітілді
...
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc iconKegoc солтүстік жэт хабарландыру баға нөмірі62 Беру күні 08. 04. 10г. Тауар сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру туралы хабарландыру
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» АҚ атынан сатып...
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc iconKegoc солтүстік жэт хабарландыру баға нөмірі92 Беру күні 12. 05. 10ж. Тауар сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру туралы хабарландыру отандық тауарөндірушілер арасында
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» АҚ атынан сатып...
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc iconKegoc солтүстік жэт хабарландыру баға нөмірі26 Беру күні 26. 02. 2010ж. Тауар сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру туралы хабарландыру отандық тауарөндірушілер арасында
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» АҚ атынан сатып...
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc iconKegoc солтүстік жэт хабарландыру баға нөмірі19 Беру күні 24. 02. 2010ж. Бағалаү ұсынстарымен ресми сұрау салу тәсілімен тмқ жеткізілімі (нефрас) сатып алуларды іске асыру туралұ хабарландыру
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» АҚ атынан сатып...
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc iconKegoc солтүстік жэт хабарландыру баға нөмірі15 Беру күні 24. 02. 2010ж. Бағалаү ұсынстарымен ресми сұрау салу тәсілімен тмқ жеткізілімі (майлар: индустриалдық вакуум, гидравликалық трансмиссиондық) сатып алуларды іске асыру туралұ хабарландыру
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» АҚ атынан сатып...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница