Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі




НазваниеМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
страница4/22
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.87 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/0802/munai_219.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

8-бөлімше. Ұңғымаларды зерттеу


202. Ұңғымаларды зерттеу мерзімділігі мен көлемі осы кен орындарды әзірлеу жобасына сәйкес әзірленген технологиялық регламент негізінде белгіленеді және МГК кешенді пайдалану жоспарында (кестеде) көрсетіледі.

203. Жұмыс жоспарына сәйкес, зерттеу қондырғылары мен аппаратураларының техникалық жағдайын тексеру, мықтылық қоры ескеріле отырып, зерттеу кезінде максималды қысымды орнатқанға дейін және либрикаторды опрессовкалаудан кейін жүргізіледі, нәтижелері бойынша тиісті актілер жасалады және ұңғымаларға зерттеу жүргізеді.

204. Құрамында күкірт сутегі және қауіпті факторлар бар ұңғымаларды зерттеу жобада немесе технологиялық регламентте көзделген қауіпсіздік шаралары орындалғаннан кейін, ұңғымалардың дайындығын тексеріп, акті жасағаннан, тиісті рұқсат алғаннан кейін жүргізеді.

205. Ұңғымалардың жұмыс режимін қадағалағаннан және бақылағаннан кейін алынатын өнімнің сынамасын қауіпсіз алуға, ұңғымаға тереңдік құралдарын түсіруге, қабатты флюид дебиттерін, сағадағы және кенжардағы қысымды, ұңғымадағы динамикалық деңгейдің орналасуын және басқа параметрлерді өлшеу және тіркеуге мүмкіндік беретін бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғылары орналастырылады.

206. Сынамаларды қауіпсіз алу, дебит және басқа да параметрлерді өлшеу техникалық құралдарымен жабдықталмаған ұңғымаларды зерттеуге жол берілмейді.

207. Технологиялық параметрлерді зерттеуге арналған бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғылар дайындаушының техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес, метрологиялық тексерістен және калибровкадан өткізіледі.


9-бөлімше. Ұңғымаларды интенсификациялау


208. Қабаттардан мұнай-газ алуды арттыру мақсатында ұңғымаларды интенсификациялау жоба немесе ұйымның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

209. Басшылар мен орындаушылар, дайындау, негізгі және қорытынды жұмыстар, технологиялық бөлігі, қондырғылар ерекшеліктері мен оларды орналастыруға шектік жіберілетін концентрация және қауіптілік класы көрсетіле отырып, қолданылатын материалдар мен химиялық реагенттер тізімі мен мөлшері, қауіпсіздік шаралары жобада (жоспарда) көрсетіледі.

Саға қондырғыларының сызбасы қабатты интенсификациялаудың қолданылатын әдісін ескере отырып, бақыланбайтын газ-мұнай су пайда болулар мен ашық фонтандардың алдын алу мақсатында әзірленеді.

210. Кенжар алдындағы аумақты және герметикалық емес сағалық қондырғысы және орама колонналары, колонна сыртындағы қайта ағулар мен колонна аралық қысымы бар ұңғымалардағы ағындарды интенсификациялауға жол берілмейді.

211. Ұңғымалар мен қорғаныс құрылғыларынан шығатын қондырғылар мен трубақұбырлар орау сызбасына сәйкес қауіпсіз қашықтықта бекітіледі және шығарылады және акт жасала отырып, жобада немесе жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілген қысыммен опресстеледі.

Гидравликалық сынаулар кезінде персонал қауіпсіз аумаққа немесе қорғаныс жабуларына шығарылады.

212. Қабат ішіндегі жану процесі жобаға және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

213. Ұңғыма өнімдерін жинау жүйесінде технологиялық үрдістің газ тәріздес өнімдерін пайдалану, атмосфераға зиянды заттарды тастаусыз жану өнімдерін бейтараптау және пайдаға асыру жөніндегі шаралар қарастыралады. Өнімде көмір қышқыл газы болғанда, жинау және сепарация жеке жүйе бойынша іске асырылады.

214. Ұңғыма сағалары иницирлеу және жану процессі кезінде тастаулар мүмкіндігінің алдын алатын және электр қыздырғышты түсіру және көтеруді және ауа қысылған жағдайда сағаның герметизациялануын қамтамасыз ететін дистанционды басқарылатын бітегіші бар фонтанды арматурамен жабдықталады. Саға қондырғысы жану процесінің температуралық режиміне сәйкес пайдаланылады.

Ұңғыма аумағында қабат ішінде жануды иницирлеу және процесі кезінде радиусы 25 м кем емес, ескерту белгілерімен белгіленген қауіпті аумақ орнатылады.

Жобада және қауіпті аумақ шегіндегі сызбада қарастырылмаған әртүрлі қондырғыларды, ыдыстарды, БӨҚА орнатуға жол берілмейді.

215. Электр қыздырғыштарды іске қосу технологиялық регламентте көзделген көлемде ұңғымаға ауа бергеннен кейін іске асырылады.

Электр қыздырғыш ауа беру тоқтатылған жағдайда автоматты ажыратылатын құрылғымен жабдықталады.

216. Қабатты жылумен өңдеу кезінде бу генераторының жылу беру желісінде жылу құбырында қысым рұқсат етілгеннен төмен немесе жоғары қарай өзгерген жағдайда және су беруді тоқтатқан жағдайда жылу беруді тоқтататын автоматты қорғаны қарастыралады.

Бу немесе ыстық су қысымына жабдықталған ұңғымалар алаңдарының аумақтары қоршалады және ескерту белгілерімен белгіленеді.

217. Жылу тасымалдағышты қабатқа айдау пайдалану колоннасына арналған максималды рұқсат етілгеннен қысымнан артық болмайтын қысым кезіндегі термотұрақты пакер құрылғысын орнатқаннан кейін жүргізіледі.

218. Ұңғыманы жылумен өңдеуден кейін трубақұбырлар, қосу құрылғылары және қондырғылар тексеріледі. Арматуралардың техникалық жағдайлары, қорғаныс жабулары тот басудың алдын алу мақсатында қалпына келтіріледі.

219. Қабатты ыстық мұнай өнімдерімен өңдеу кезінде жылытуға арналған құрылғылар сақтау және айдау ыдыстарынан 25 м қашықтықта орналастырылады. Қондырғылар мен аумақтарда қауіпті учаскелер қоршаулары мен қауіпсіздік белгілері орналастырылады.

220. Жылытуға және мұнай өнімдерін айдауға арналған құрылғылар пайдаланылатын электр қондырғылардың жобалық құжаттарында көрсетілгендей жарылыс қорғалған.

221. Ыстық мұнай өнімдерінің ыдыстары жергілікті жерлер релефін және желдің басым бағытын ескере отырып, ұңғыма сағасынан 10 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Жұмыс орындарында жел бағытын жарықтандырумен көрсеткіш орнатылады.

222. Қабаттарды өңдеуге арналған кенжарлық электр қыздырғыштар жарылыстан қорғалған болады. Кенжарлық электр қыздырғыштарды жинау және сынау оны ток көзіне қосу арқылы электр цехта немесе жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.

Кенжарлық электр қыздырғыштарды жинастыру, жөндеу және оларды ұңғымада қысыммен сынауға жол берілмейді.

223. Кенжарлық электр қыздырғыштарды ұңғымаға түсіру және көтеру лубрикатор қолдану арқылы герметикалық саға кезінде механизацияланған тәсілмен жүргізіледі.

Электр қыздырғыштың кабель тросын орналастыру алдында ұңғыма сағасы жабылады.

Кабель тросты трансформаторға және электр қондырғыны жерге қосқаннан кейін, ұңғымада, сағада барлық дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін және адамдарды қауіпсіз қашықтыққа шығарғаннан кейін электр кабельді электр қыздырғыштың іске қосу қондырғысына қосуға жол беріледі.

224. Қабатты оқ-дәрі және жарылыс материалдарын қолдана отырып, термо газхимиялық өңдеу кезінде жобада (жоспарда) қосымша қауіпсіздік шаралары көрсетіледі. Дайындық, негізгі және қорытынды жұмыстарды жүргізу, жарылыс материалдарын сақтау және тасымалдау шарттары жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары орындалады.

225. Қабатты гидро бөлу кезінде орама колоннаны қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету үшін пакерлік құрылғылар қолданылады.

226. Қабатты гидроқышқылмен бөлу кезінде тот басу ингибаторлары қолданылады.

Қышқылдар мен зиянды заттар әсерінен персонал жеке қорғаныс құралдарымен (әрі қарай – ЖҚҚ), тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарымен (әрі қарай – ТО ЖҚҚ), ұжымдық қорғаныс құралдарымен (әрі қарай – ҰҚҚ) қамтамасыз етіледі, жұмыс аумағындағы зиянды заттарға бақылау жүргізіледі.


10-бөлімше. Ұңғымалар өнімдерінің өлшеу құрылғылар


227. МГК барлау объектілері үшін өлшеу құрылғыларын жобалау өнімнің физико-химиялық қасиеттерін және ұңғымалардың өнімділігін ескере отырып жүргізіледі.

228. Автоматтандырылған топтық өлшеу құралдарының техникалық сипаттары МГК нақты жұмыс және қауіпсіз пайдалану жағдайларына сәйкес, дайындаушының техникалық құжаттарына және технологиялық регламентке сәйкес жобада көрсетіледі.

Күкірт сутегі болатын кен орындары үшін тот басуға және ұңғыма өнімдерін ингибирлеу, нейтралдау және зиянды заттарды пайдаға жаратуға төзімді болып қарастырылады.

229. Автоматтандырылған топтық өлшеу құралдарына арналған алаңдар желдің басым бағытын ескере отырып, жоспарланған белгіден 15 см биіктікте қатты жабу үстінде және метео түсулердің ағуына арналған еңіспен орналастырылады.

Алаңда және ғимараттың сыртқы қабырғасында ескерту және тыйым салу жазулары және жарылыс өрт қауіптілігі, газдану туралы белгілер, жарықтандырылатын жел бағытын көрсетушілер орналастырылады.

230. Электр құрылғылар, датчиктер, газ сигнал берушілер конструкциясы мен жасалуы жұмыс орындарында болуы мүмкін жарылыс қауіпті қоспалар, күкірт сутегі концентрациясының және ұңғыма өнімдеріндегі зиянды заттардың қасиеттері бойынша анықталады.

231. Щитті ғимараттар мен өлшеу-қайта қосу құрылғылары (әрі қарай - ӨҚҚ) дің бойынша 10 м кем емес қашықтықта бір бағытта орналастырады.

Щитті ғимарат жел жағынан орналасады, бұл жағдайда оның есігі ӨҚҚ ғимаратының кіре берісінде болады және максималды табиғи желдетуді ескере отырып орналастырылады.

232. Газ және мұнай буларының бөліну қауіптілігі бар өндірістік ғимараттар қиылысқан тартпа желдеткішпен, механикалық желдеткішпен және жылытумен қамтамасыз етіледі.

Күкірт сутегі бөлінуі мүмкін ғимараттарда стационарлық газ сигнал берушілермен блокировкаланған желдеткіш жүйесі орнатылады.

ӨҚҚ ғимараттарында жалпы алмасу желдеткішінің өнімділігі сағатына 10 есе, ал құрамында күкір сутегі бар өніммен жұмыс істеу кезінде 12 есе ауа алмасу болады.

Желдеткіш жүйесі ғимараттағы ауа ағынының рециркуляциясын болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

233. Автоматтандырылған топтық өлшеу құралдары жобаға сәйкес найзағайдан қорғаумен және жерге қосумен қамтамасыз етіледі.

234. ӨҚҚ ғимаратын жылыту жобада қарастыралады.

235. Автоматтандырылған топтық өлшеу құралдарының, ӨҚҚ ғимараттарында жеңіл от алатын және жанатын сұйықтарды сақтауға жол берілмейді.

236. Адамдардың тұрақты өтетін орындарында трубақұбырлар үстінен сырғанауды болдырмайтын жабулары бар, ені 0,65 м кем емес, таяныштарының биіктігі 1,0 м кем емес өтпелі көпірлер орнатылады.

237. Автоматтандырылған топтық өлшеу құралдарының жұмыс орындарын ұйымдастыру және өндірістік қондырғыларды орналастыру жобаға сәйкес жүргізіледі.

Өндірістік қондырғыларды, құралдарды, автоматика құралдарын орналастыру және оларды өзара автоматтандырылған топтық өлшеу құралдарының, ӨҚҚ және электрощиттік ғимаратында орналастыру еркін өту және қауіпсіз қызмет көрсетуді қарастыралады.

ӨҚҚ ғимараттарын және электр щиттер ғимараттарын жарықтандыру 30 лк кем емес, БӨҚА 50 лк кем емес.

238. ӨҚҚ ғимаратына кіру және жұмыс басталар алдында желдеткіш іске қосылады, электр щит ғимаратын және қондырғыларды қарау жүргізіледі, жерге қосылулар, авариялық ыдыстардың кері қалқаншаларының фланцті қосылулар көзбен молынып тексеріледі.

239. Қызмет көрсету персоналы желдеткіш 20 мин жұмыс істегеннен кейін ӨҚҚ ғимаратына кіреді және жұмысқа кіріседі.

Жұмыс ШЖК, ЗШЖК сәйкес келу шартында, күкірт және зиянды заттар бөліну қауіптілігі бар объектілерде ТО ЖҚҚ бар екінші қызметкердің (дублер) қатысуымен және ғимараттың сырт жағында болуы кезінде жүргізіледі.

Желдеткіш ғимаратта персоналдың барлық болу уақытында үздіксіз жұмыс істейді.

240. Қызметкерлерді объектіге жіберу кезінде топ жетекшісі тағайындалады, ал газ қауіпті жұмыстар жүргізу кезінде наряд-рұқсат беру рәсімделеді.

Жөндеу жұмыстары әдетте күндізгі уақытта жүргізіледі.

Жұмыс түнгі уақытта жүргізілген кезде наряд-рұқсат беруде қосымша қауіпсіздік шаралары қарастыралады.

241. Электр энергиясын ажырату кезінде, желдеткіш және қондырғылар ақаулары анықталған кезде персонал ТО ЖҚҚ пайдалана отырып, АЖЖ көзделген әрекеттерді орындайды және жұмыс аумағы ауасының газдалуын бақылайды.

Мұнайдың жоғалуы және төгілуі, газ өткізуі кезіндегі АЖЖ бойынша бірінші кезектегі әрекеттер объекті жетекшісі немесе тағайындалған қызметкер нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Қауіпті және авариялық жағдайда газдану кезінде ШЖК, ЗШЖК артқанда авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымдары тартылады.

Қауіпті және авариялық жағдайлар:

1) санитарлық талаптармен белгіленген рұқсат етілген нормалардан артық ҚЖӨФ пайда болуы;

2) аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің бұзылуы;

3) жобада, технологиялық регламентте және дайындаушының техникалық құжаттарында белгіленген техникалық параметрлердің ауытқуы;

4) бітегіш арматураның, кері қалқаншаның трубақұбырлардың бұзылуы;

5) қондырғылар, гидроциклонды сепарторлар, фланцті қосылыстар элементтерінде жарықтардың жіберулердің немесе дәнекерлеу тігістерінің терлеуінің болуы;

6) БӨҚА бұзылуы;

7) қорғаныс қалқаншасының бұзылуы;

8) шығын өлшеуіштерінің бұзылуы;

9) қондырғылар мен ғимараттардың жерге қосылуларының бұзылуы;

10) электр қондырғылардың (шамшырақтардың шешілген шыны қақпақтары, трубалық электр сымдарының бұзылуы);

11) гидроциклонды сепаратордың, қорғаныс қалқаншасы мен манометрлердің, қысыммен жұмыс істейтін қызметкерлердің ыдыстарының кезекті куәландыруы мерзімінің аяқталуы.

Технологиялық қондырғылардың бұзушылықтары, қауіпті немесе авариялық жағдайлар анықталғанда АЖЖ көрсетілген әрекеттер жасалады.

Өлшеу құрылғыларын тоқтату технологиялық регламентке және АЖЖ сәйкес ұйымның объектісі жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.


11-бөлімше. Сепарациялық құрылғылар


242. Сепарациялық құрылғыларды жобалау, орналастыру және пайдалану кезінде кен орындарының және ұңғыма өнімдерінің сипаттары, жергілікті жерлер релефтері, желдің басымды бағыты және климаттық жағдайлары МГК объектілерінің инфрақұрылымы, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары ескеріледі.

Ұңғыма өнімдерін сепарациялау үшін блокты автоматтандырылған құрылғылар қолданылады.

243. Сепарациялық құрылғылар құрамында мұнай, газ және газ конденсаттарын өндіру және дайындаудың қабылданған технологиясына қарай қабатты флюид ағынын тарату блогы, сепараторлар блоктары, газды алдын ала іріктеу (депульсатор) блогы, шығарылатын тамшы ұстағыш, газ жинаушы жүйе, газды авариялық жағудың факельді жүйесі, ұңғыма өнімдерін жинауға арналған ыдыстар қарастыралады.

244. Қысыммен жұмыс істейтін сепарациялық құрылғыларды орнату, іске қосу және пайдалану дайындаушының техникалық құжаттарына, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Сепарациялық құрылғылар техникалық паспортпен және қашықтығы, қорғаныс қалқаншаларының, бітегіш және реттеуші арматуралардың орналасу орны, БӨҚА, дренажды жүйелер көрсетілген сызбамен қамтамасыз етіледі.

245. Сепарациялау процессін бақылау және басқару жүйесі герметикалық және жарылыстан қорғалатын болып жасалады және вибрация, гидраттар пайда болу парафиндер, тұздар және басқа да заттардың пайда болуы жағдайында қолдануға есептелген немесе қабатты флюидпен тікелей байланысуды болдырмайтын жағдайда орналастырылады.

Күкірт сутегі және агрессивті заттары бар технологиялық орталар үшін тот басуға төзімді сепараторлар қолданылады.

246. Пайдалану алдында, ішкі кеңістікті герметизациялаумен байланысты реконструкциялаудан және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін гидроциклонды сепараторларды техникалық куәландыру жүргізіледі.

247. Сепараторлар ішкі кеңістіктегі қысымды бақылауға арналған БӨҚА, деңгейді реттеуші және көрсеткіштерімен, бу немесе инертті газбен айдауға арналған, сұйықтарды төгуге арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

248. Қорғаныс құрылғылары дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес кесте бойынша тексеріледі. Ақаулар анықталған жағдайда АЖЖ көзделген шаралар орындалады. Қорғаныс құрылғылары алдында бітегіш арматураны орнатуға, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің ақаулары кезінде сепараторларды пайдалануға жол берілмейді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconГаз және газоконденсат кен орындарын
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу бекітілген жұмыс жобалары және кен орындарын игеру жоспары бойынша жүргізіледі
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі icon050706 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»
Техногендік жерсілкінулері” пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «050706 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мемлекеттік...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconКурс 2 Семестр 3 Дәріс 30 сағат Зертханалық жұмыс 15 сағат Аралық бақылау (саны) 2
Жер физикасы” пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «050706 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мемлекеттік стандарт негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница