Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі




НазваниеМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
страница3/22
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.87 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/0802/munai_219.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

2-бөлімше. Ұңғымаларды сынау және игеру


144. Ұңғымаларды сынау және игеру жобаға және жұмыстарды жүргізу жоспарына сәйкес, бекітілген сызба бойынша сағаларды жабдықтағаннан, ұңғыма ішіндегі қондырғыларды сорғыш – компрессорлық труба колоннасымен жинақтағаннан, жер үсті қондырғыларын монтаждау және опрессовкалаудан кейін жүргізіледі.

Дайындау жұмыстарын жүргізгеннен кейін сынауға рұқсат алу үшін акт жасай отырып, ұңғымалардың дайындығы тексеріледі. Комиссия құрамына жұмыс жүргізетін ұйым қызметкерлері тапсырыс берушілер, авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызмет өкілдері енгізіледі.

145. Сағаның, пайдалану және аралық колонналардың герметикалық еместігі анықталған жағдайда, қабаттар арасындағы ағындар мен колонналар арасындағы қысымдар болғанда цементтеу интервалдарының сәйкес келмеуі кезінде дефектілерді жұмыс басталғанға дейін жою жөнінде шаралар қабылданады.

146. Перфорация және ағын шақыру алдында бақыланбайтын газ мұнай су пайда болулардың және ашық фонтандардың алдын алу жөніндегі шаралар орындалады, ұңғымалардың перфорацияға дайындығы туралы акт және жұмыс жетекшісінің тапсырыс беруші, авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметінің өкіліне жазбаша рұқсатын беру жүргізіледі.

147. Ұңғыманы сынау және игеру жөніндегі жұмыстар жиынтығында ыдыстағы қабат флюидын (мұнай, конденсат, су) тіркеу және жинау енгізіледі.

Күкірт сутегі және басқа да зиянды және қауіпті компонеттер болған кезде қалдықтарды пайдалану арқылы оларды бейтараптау жүргізіледі.

148. АЖЖ ұңғымаларды сынау және игеру кезінде жұмыс технологиясына, қабатты флюидтің ағу мүмкіндігіне және қоршаған ортаға, өндірістік персоналға және қауіпті аумақтағы тұрғындарға теріс әсерінің болуымен байланысты қауіпті және авариялық жағдайлар пайда болу кезінде шаралар мен персоналдың қауіпсіз әрекеті қарастыралады.

149. Жобалық шешімдерден ауытқу кезінде сынау және игеруді жүргізу мүмкіндігі тапсырыс берушімен, жобалық ұйыммен, авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметімен қосымша келіскеннен кейін, ұңғыманы сенімді басқаруды, оның ішінде оны жабу және жою, персоналдың қауіпсіздігін қоса алғанда қамтамасыз ететін, өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі шараларды әзірлеу және қосымша шараларды орындау шартында анықталады.


3-бөлімше. Фонтанды және газ лифтілі ұңғымаларды пайдалану


150. Ұңғымалар, колонна басының, фонтанды арматуралардың, СКТ колонналарының ұңғыма ішіндегі және жер үстіндегі қондырғылар конструкциялары, монтаждау сызбалары жобаға және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес ұңғыманың тиімді және қауіпсіз жұмыс режимін, трубалық, труба сыртындағы және труба арасындағы кеңістіктер гермитикалығын, технологиялық операциялар, тереңдік зерттеулері жүргізу мүмкіндігін, сынама алу, сағалық қысым мен температураны бақылауды қамтамасыз етеді.

151. Пайдалануға беру алдында ұңғымалардың дайындығы, ұңғыманы пайдалануға беруге арналған құжаттарының болуы тексеріледі.

Әрбір ұңғымаға саға қондырғысының, ұңғыма ішіндегі қондырғы, құрылғы мен көлденең және тік белгілер бойынша мөлшерлері көрсетіле отырып, жер үсті қондырғысы жинақталуының, стандартты емес байламдардың күзет және санитарлық-қорғаныс аумағының, кіре-беріс жолдардың нақты сызбасы жасалады. Сызбаға техникалық паспорт мәліметтері, шығару жылы, орнату күні және пайдалану мерзімі, герметикалығының сынау актісі көрсетіле отырып, байлау элементтері мен ұңғыма объектілерінің тізімі қоса тіркеледі. Көрсетілген құжаттама авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметінің өкілінің қатысуымен жасалады.

152. Осыған ұқсас температурадағы ұңғымаларды пайдалану кезінде сағада технологиялық процесс, қондырғылар мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фонтанды арматура, конструкциялар мен термо төзімділіктер қолданылады.

153. Ұңғымаларды пайдалану технологиялық регламентке және МГК барлау жобасына сәйкес жүргізіледі.

154. Ұңғымаларлы топтап орналастыру кезінде қондырғылар, трубақұбырлар, станок-тербелмелер, басқару станциялары трансформаторлы шағын станциялар, кабельді эстакадалар ұңғыма осі тобынан бір жаққа орналастырылады. Осы аумақта көліктердің жүруіне (технологиялықтан басқа) жол берілмейді.

155. Шахта орналасатын саға қондырғысы авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметпен келісілген сызба бойынша колонналы бастардың, тастауға қарсы қондырғылардың нақты габариттерін және осы аймақтың жағдайларын ескере отырып жүргізіледі.

156. Ұңғымаларды герметикалыққа сынау және қондырғыларды, трубақұбырларды опрессовкалау дайындаушының техникалық пайдалану құжаттарына, қабаттың флюидті сипатын, тау-кен геологиялық жағдайларды ескере отырып технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

157. Қауіпті немесе авариялық жағдай пайда болғанда қолданыстағы ұңғымалардағы бұзушылықтарды жою АЖЖ сәйкес жүргізіледі.

158. Газ лифтілі ұңғыманы басқару станциясы жергілікті орынның рельефі және желдің басымды бағыты ескеріле отырып, сағадан қауіпсіз қашықтықта ық жерде немесе ғимаратта орналастырылады, мықты бекітіледі және жерге қосылады. Пайдалану температурасы жобаға және дайындаушы құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Басқару станциясын фонтанды арматурамен қосатын трубақұбырлар мен кабельдер эстакадаларда салынады.

159. Ұңғыманы газ лифтілі пайдалануға ауыстыру ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен тәртіпте жобаға сәйкес іске асырылады.

160. Ұңғымаларды, қондырғылар мен аппаратураларды, трубақұбырларды фонтанды және газ лифтілі пайдалану кезінде айдау үшін дәнекерлеумен қосылған тігіссіз болат трубалар қолданылады. Бітегіштер мен басқа да арматуралар орналастыру орындарында фланцті қосуларға жол беріледі. Трубалар типтері, маркісі және дәнекерлеу технологиясы қабатты флюид сипатына және ұңғыманы пайдалану шарттарына сәйкес анықталады.

161. Газ таратушы құрылғылар басқару жүйесін диспетчерлік пунктке, үрлеуге арналған жалтырауықтарды және ингибаторды беруге арналған құрылғыларды шығара отырып, қысым мен газ шығынын жеке автоматты өлшеуге арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

162. Гидратты тығындарды жою кезінде газ құбырындағы қысым атмосфералыққа дейін төмендейді, ал осы учаскелерді қыздыру бумен іске асырылады. Жіберу қабілеттілігін сақтау кезінде ингибаторды газ құбырын тоқтатпай алдын ала беруге жол беріледі. Көрсетілген жұмыстар наряд-рұқсат беру бойынша жүргізіледі.

163. Газ лифтілі жүйенің компрессорлық станциясын пайдалану кезінде:

1) барлық ішкі алаңдық трубақұбырлар, сепараторлар, ыдыстар, бітегіш-реттеуші арматуралар, қорғаныс құрылғыларды және БӨҚА нәтижелері журналға жазыла отырып, ай сайын қаралады;

2) аварияға қарасы, фонтанға қарсы және өртке қарсы қорғаны, газды кептіру жарықтандыру, желдету және авариялық сигнал беру, найзағайдан қорғану, статикалық электрден қорғану, байланыс және телемеханизация жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін техникалық жетекші бекіткен кесте бойынша бақылау жүргізіледі.


4-бөлімше. Штангілі сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану


164. Ұңғымаларды пайдалануға беру алдында мұнай газ өндіру объектілерінің нақты шарттарын, штангалық сорғыш және станок-тербелме құрылымын ескере отырып, осы Талаптың 150, 151, 155-157-тармақтарында көрсетілген талаптар мен шарттар орындалады.

165. Ұңғымалар сағалары бітегіш арматуралармен және штоктарды герметизациялауға арналған құрылғылармен жобаға, байлау сызбасына, қолданыстағы ережелерге және дайындаушы құжаттарына сәйкес жабдықталады.

166. Ұңғымалар сағалары қондырғысының сызбасы технологиялық регламентке сәйкес полирленген штоктар герметикасын ауыстыруды және ұңғымаларда қысым болған жағдайда манометрлерді ауыстыруды, сағалық температура мен қысымды өлшеуді қарастырады.

Станок –тербелмеге қызмет көрсету үшін қоршаулы алаң қарастыралады.

167. Қысымды, дебитті, іске қосудың технологиялық параметрлерін өлшеу және ұңғымаларды тоқтату диаграммада, журналда, электронды және қағаз тасымалдауыштарды тіркей отырып, диспетчерлік пунктке шығуды қамтамасыз етеді.

168. Станок-тербелменің қондырғылары жобаға сәйкес жерге қосу, найзағайдан, статикалық электрден қорғану құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.

Жерге қосу сымдары кондуктормен жалғанумен бірге 0,5 м кем емес тереңдікте орнатылады.

Жерге қосу үшін болат арқанды қолдануға жол берілмейді. Жерге қосу сымдары жер үстіндегі қосылыстарды сырттай қарау мүмкіндігімен орнатылады.


5-бөлімше. Ортадан тепкіш, дифрагменді, бұрандалы,

жүк тиегіш электр сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану


169. Ортадан тепкіш, дифрагменді, бұрандалы, жүк тиегіш электр сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану кезінде осы Талаптың 150, 151, 155-157-тармақтарында көрсетілген талаптар мен шарттар, қолданыстағы ережелерге және дайындаушының пайдалану құжаттарына, жобалық құжаттарға сәйкес электр қауіпсіздігі жөніндегі талаптар жабдықталады.

170. Ұңғымалар сағалары қондырғысы трубалық және труба сыртындағы кеңістіктер герметикалығын, тереңдік зерттеулер және жөндеу жұмыстарын жүргізуді, МГК қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.

Электр кабельдеріне арналған сағалық арматурадағы өтетін саңылаудың герметикалық және қауіпсіз тығыздауышы болады.

171. Электр кабелі эстакада бойынша басқару станциясынан немесе электр щиттерден бастап ұңғымалар сағаларына қарай салынады. Кабельдерді диэлектрикалық материалдардан бекіткіші бар баған тіреулерде салуға жол беріледі.

172. Кабельді ролик көтергіш агрегаттың мачтасына шынжыр немесе арқан ілгіш арқылы ілінеді және максималды динамикалық жүктемеге және мықтылық қорына сәйкес келетін троспен сақтандырылады.

173. Трубаларды бұрау және бұрап алу кезінде электр кабелі жұмыс орнынан қауіпсіз қашықтыққа алыстатылады және бекітіледі.

174. Тиеу қондырғысының ұңғымаларға қауіпсіз түсу (көтеру) жылдамдығы ұңғыма жағдайын және баған профилін ескере отырып технологиялық регламентте көрсетіледі.

175. Пайдалану колонна тиек электр сорғышын түсіру, сорғышты ауыстыру алдында шаблонмен тексеріледі.

176. Тиеу электр сорғышын ұңғымалардан шығару алдында электр кабелін ажырату, кернеулікті алу және «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде» тақтайшасын орнату жөніндегі шаралар орындалады.

Көтеру кезінде электр кабелін зақымдау қаупін болдырмайтын және оның қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін шарттар орындалады.


6-бөлімше. Гидропоршенді және сорғалап ағатын

сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану


177. Гидропоршенді және сорғалап ағатын сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану кезінде осы Талаптың 150, 151, 155-157-тармақтарында көрсетілген және жобаға сәйкес қосымша орналастыру талаптары мен шарттары орындалады.

178. Технологиялық блок ғимараттарында қамтамасыз етіледі:

1) сағат ішінде ғимараттың сегіз еселік толық ауа алмасуын қамтамасыз ететін тұрақты қиылысқан – тартпа желдеткіш;

2) блоктардағы температура 5°C төмен емес, шу деңгейі 80 ДБ артық емес вибрация жылдамдығы 2 мм/с артық емес;

179. Технологиялық сұйық ретінде көмір сутек өнімдерін пайдалану кезінде газдалу, өртке қарсы қорғаныс және автоматты көлемді газ өртін сөндіру жүйесі қарастыралады.

180. Технологиялық блок ғимаратына кіру алдында қауіпсіздік жөніндегі талаптар орындалады:

1) ғимараттың газдалуын және желдеткіш жүйесін тексеру;

2) жарықтандыруды қосу.

Газ өрт сөндіруді автоматты іске қосудан қолмен іске қосуға қайта қосу.

181. Блокта өрт қауіпсіздігі пайда болған жағдайда персонал ғимараттан шығарылады, барлық есіктер жабылады және кірер есік алдына орналасқан батырма арқылы автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылады.

182. Пакерді және ұңғымалар ішіндегі қондырғыларды түсіру алдында саға қондырғысымен қоса пайдалану колоннасын шаблондау, жуу және опрессовкалау жүргізіледі.

183. Гидропоршенді сорғышты, қырғышты және басқа ұңғымалық қондырғыларды алып шығу жиынтығында құрылғылары бар лубрикатор қолдана отырып жүргізіледі.

184. Лубрикаторды монтаждау және қайта монтаждау технологиялық регламент талаптарын орындай отырып, орталық бітегіш жабық кезінде жүк көтергіш механизмін пайдалану арқылы наряд-рұқсат беру бойынша жүргізіледі.

185. Әрбір қысымды желі манометрмен және жұмыс сұйығының шығынын реттеушімен жабдықталады.

186. Сорғыш құрылғылар электр контактілі манометрлермен және қорғаныс қалқаншалармен жабдықталады. Қорғаныс қалқаншасынан шығатын бұрылыс сорғыштың шығу қабылдау желісімен қосылады және бекітіледі.

187. Автоматика жүйесінің және қорғаны құрылғыларының техникалық жағдайы технологиялық регламентпен белгіленген мерзімде тексеріледі.

188. Сорғыш құрылғы жұмысқа қабылдау, сорғыштың жұмыс сұйығын қысымдау және қайта жіберу кезінде автоматика жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін тексергеннен кейін іске қосылады. Қысымды жүйедегі қысым жер үсті қондырғысының қалыпты жұмыс режимі орнатылғаннан кейін жасалады.

189. Сорғышты тоқтатқаннан кейін қысымды трубадағы қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі.

190. Қысымды, ұңғымалардың дебитін және сорғыштар жұмысының технологиялық параметрлерін өлшеу тіркеуші БӨҚА бар диспетчерлік шығуымен қамтамасыз етіледі.


7-бөлімше. Қысымды ұңғымаларды пайдалану


191. Қысымды ұңғыма құрылымы (орама колонналар диаметрлері, болат маркісі, цемент көтеру биіктігі және басқалар) келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді:

1) тиісті көлемдегі қысу қысымда көзделген қабатқа жұмыс агентін айдау;

2) қабаттарды және айдау объектілерін сенімді ажырату;

3) зерттеулер жүргізу және қабаттың кенжар алды аумағына әсер ету жөніндегі шараларды орындау;

4) жөндеу және авариялық жұмыстар жүргізу.

192. Қысымды ұңғымалардың кенжар бөлігінің конструкциясы мен жағдайы ұңғымалардың қауіпсіз технологиялық жағдайы мен жұмыс режимін жасау үшін агентті қысу кезінде қабат бетін фильтрлейтін максималды ашықтылықты қарастырады.

193. Қысымды ұңғымаларды пайдалану режимі технологиялық регламентте және жобада қарастыралады.

194. Қысымды ұңғымалардың қондырғылары мен сағаларын байлау жобаны әзірлеу кезінде орындалған есептер негізінде қысу объектілеріне арналған максималды болжамды қысымға, қабатты флюид және қысу агентінің сипатына байланысты таңдап алынады.

Ұңғыма сағасы қондырғысында айдалатын агент қысымын және көлемін автоматты және қолмен реттеуге арналған резервті дроссельді құрылғылар, технологиялық үрдісті тоқтатпай оларды қауіпсіз ауыстыруды қамтамасыз ететін БӨҚА қарастыралады.

195. Қысымды ұңғымалар айдалатын агенттің физико-химиялық қасиеттеріне байланысты сорғыш-компрессорлық трубалар колонналарының тиісті құрастыруымен, айдалатын агенттің және қабат флюидінің әсерінен қорғауды және пайдалану колоннасын оқшаулауды қамтамасыз ететін пакерлеуші құрылғымен және ұңғыма қондырғысымен жабдықталады.

Ұңғыманы іске қосу алдында және агентті қабатқа айдау алдында саға қондырғылары, орай колонналары, пакерлі сорғыш-компрессорлық трубалар құрастырулары, жер үсті қондырғылар мен трубақұбырлар технологиялық регламентке сәйкес герметикалыққа сыналады. Сынау әдісі және опрессовкалау қысымы жобада және технологиялық регламентте қарастыралады.

196. МГК пайдалану процессі кезінде әрбір қысымды ұңғыма үшін қысымның қысылуын және айдалатын агенттің көлемін құжатты тіркеу арқылы тұрақты қадағалау жүргізіледі.

197. Ұңғыманың трубақұбырларын, орау колонналарын және басқа да пайдалану қондырғыларын тот басудан қорғау үшін қабатқа ағынды суларды және басқа топ басу –агрессивтік агенттерді айдау кезінде, қорғаныс жабулар, тот басу игнибаторлары, труба сыртындағы кеңістік герметизациясы және басқа да шаралар қолданылады.

Айдалатын агент сипаты мен кондициясы жобалық шешімдермен және қауіпсіздік жағдайларымен белгіленеді.

198. Қабат немесе труба арасындағы және труба сыртындағы кеңістік бойынша газдың авариялық жарылуы болған ұңғымаларды пайдалануға жол берілмейді және АЖЖ бойынша ұңғымаларды тоқтату жүргізіледі. Әр қарай жұмыс істеу ұйымның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Бұзушылықтар жойылғаннан кейін акт жасала отырып, ұңғыманың техникалық жағдайы тексеріледі. Ұйымның техникалық жетекшісінің рұқсаты болғанда әрі қарай пайдалануға жол беріледі.

199. Қысымды ұңғымалар сағасының қондырғылары, жер үсті және ұңғыма ішіндегі қондырғылар жобаға сәйкес пайдаланылады, әзірлеу кезінде қысылатын агенттің физико-химиялық қасиеттері және қысудың максималды қысымы ескеріледі.

200. Қысымды агент токсикологиялық қауіпсіздік шарттарына сәйкес келгенде және өнімді қабатқа және қоршаған ортаға әсер етуі болмаған жағдайда қолданады.

201. Ұңғымаларды немесе жеке қондырғыларды, аппараттарды, трубақұбырларды тоқтатқан кезде және теріс температуралар кезінде журналға тіркей отырып, сұйықтардың қату және суып қалуына жол бермейтін, қауіпсіз әдістермен тазарту және үрлеу шаралары қолданылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconГаз және газоконденсат кен орындарын
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу бекітілген жұмыс жобалары және кен орындарын игеру жоспары бойынша жүргізіледі
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі icon050706 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»
Техногендік жерсілкінулері” пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «050706 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мемлекеттік...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconКурс 2 Семестр 3 Дәріс 30 сағат Зертханалық жұмыс 15 сағат Аралық бақылау (саны) 2
Жер физикасы” пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «050706 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мемлекеттік стандарт негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница