Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі




НазваниеМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
страница14/22
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.87 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/0802/munai_219.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

3-бөлімше. Ұңғымаларды бітеу



899. Қайта герметизациялаумен байланысты жөндеу жұмыстары алдында (сағалық арматураны ауыстыру, жер асты қондырғыларын жөндеу) ұңғымалар бітеледі (қажет болғанда). Бітеуден кейінгі тоқтау уақыты 1 сағаттан кем емес.

900. Ұңғымалар ЖҰЖ болғанда ұңғымаларды жөндеуге қабылдау туралы актіге қол қойылғаннан кейін бітеледі.

901. Бітеу алдында жер асты қондырғылары ұзындығы 25 м кем емес ұңғымаларды бітеуге арналған трубақұбырлармен жабдықталады. Трубақұбырлар кері қалқаншалармен және бақылау-тіркеу аппаратураларын қосуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Трубақұбырлар мен арматуралар ұңғымалар сағаларында қысымы күтілетін максималды қысымнан 1,5 есе артық сумен толтырылады. Қысымды желілер жедел ағытылатын қосылыстар трубаларынан жасалады.

Құрылғының жуу шлангісі диаметрі 80 мм кем емес ілгіштер шлангінің барлық ұзындығы бойынша әрбір 1-1,5 м орналасатын болат жұмсақ арқанмен қорғалады. Ұштары шлангінің қарсы фланцтеріне бекітіледі. Үзілістердің алдын алу мақсатында сорғыш агрегатта шлангіге рұқсат етілетін қысымнан 25 % төмен ескерту қалқаншасы орнатылады.

Болтты қосылыстар өзіндік босатылу мүмкіндігін болдырмайды.

902. Ұңғымаларды бітеу алдында жөнделетін ұңғымалардың екі көлеміне тең көлемдегі қажетті параметрлердің бітеу сұйықтарының қоры қарастырылады. Қорлар ұңғымаларда немесе бітеу трубақұбырларына жедел қосуға арналған тікелей жақын орналасқан орындарда сақталады.

903. Қысымы гидростатикалық қысымнан жоғары барлық қабатты ұңғымалар және фонтандау жағдайы сақталатын ұңғымалар немесе қысымы гидростатикалық қысымнан төмен болатын қабатты қысымдағы газ-мұнай-су пайда болу ұңғымалары бітеуге жатады.

904. Бітеу сұйығының тығыздығы қабатты қысымнан:

10 – 15 % тереңдігі 1200 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 0-ден 1200 м дейін), бірақ 15 кгс/см 2 (1.5 МПа) артық емес;

5 – 10 % тереңдігі 2500 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 1200-ден 2500 м дейін), бірақ 25 кгс/см 2 (2.5 МПа) артық емес;

4 – 7 % тереңдігі 2500 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 2500-ден жобалық тереңдікке дейін), бірақ 35 кгс/см 2 (3,5 МПа) артық емес шамаға жоғары болатын гидростатикалық қысым сұйығының бағанын жасау есебінен анықталады.

905. Ұңғымаларды бітеу кезінде қабатты гидрожару қысымынан немесе қабаттың сұйықты сіңіру қысымынан артық болмайтын гидростатикалық динамикалық қысым (мұнайды ұңғымалардан бітеу сұйықтары арқылы шығару кезінде) пайда болады.

906. Құрамында күкіртсутегі болатын көмірсутегін күкіртсутегі бар бейтараптауы болатын сұйықтармен бітейді.

907. Қабатты флюидтің өзіндік ұңғымалар сағаларына түсу мүмкіндігін болдырмайтын тау-кен-геологиялық жағдайлары бар кен орындарында бітеусіз ПРС жүргізуге жол беріледі.

908. Бітеулер жүргізгеннен кейін ұңғымалар сағалары ПРС кезінде ұңғымаларды бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бекітілген ЖҰЖ сәйкес және авариялық жағдайларда кен орындарында бұрғылау мен пайдаланудың геологиялық-техникалық шарттарын ескере отырып, тастауға қарсы қондырғылармен жабдықталады.

909. Тастауға қарсы қондырғыларды орналастыру және байлау сызбасын ұйым әзірлейді.

910. Тастауға қарсы қондырғыларды орналастырғаннан кейін максималды күтілетін көлемге тең, бірақ пайдалану колоннасының толтыру қысымынан жоғары емес қысымдағы сумен толтырылады. Тастауға қарсы қондырғыларды толтыру пайдалану колоннасының техникалық жағдайы, қабатты флюид (газ факторы) құрамы және қондырғы паспорты ескеріле отырып, АҚҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

911. Мұнай газ пайда болу белгілері байқалған кезде ПРС тоқтатылады, ұңғымалар қайта бітеледі. Жұмыстарды жандандыруға ұйымның техникалық жетекшісі рұқсат береді.

912. ПРС жөніндегі жұмыстар үзілістер кезінде ұңғымалар сағалары сенімді жабылады (герметизацияланады).

913. Мүмкін мұнай газ пайда болулардың алдын алу және жою кезінде бітеу сұйығының үстеп құю блогы орналастырылады және оны ұңғымалар сағасымен өзіндік құйылу немесе сорғыш (ұңғымаларды жууға арналған агрегаттар) арқылы құйылуды қамтамасыз ететіндей есеппен байланады. Ұңғымаларды трубалардан көтеру үстеп құюмен және сағадағы деңгей сақталатындай болып жүргізіледі. Үстеп құю ыдысы градуировкасы бар деңгей өлшегішпен жабдықталады.

914. Ұңғымалардың сағалық арматурасын демонтаждау алдында трубалық және труба сыртындағы кеңістік қысымы атмосфералыққа дейін төмендетіледі.

915. Сағалық арматураны бұзу көрнекті орналастырылған ұңғымалардан газ бөлінуін тоқтату және олардың сұйық деңгейінің тұрақтылығын тексеруді тоқтатқаннан кейін жүргізіледі. ЖҰЖ ұңғымалардан сұйық ағынының болмауын тексеру үшін сағалық арматураны бұзғаннан кейінгі технологиялық тоқтау уақытының ұзақтығы көрсетіледі.

916. Бригада персоналы мұнай газ пайда болуын анықтау белгілеріне тұрақты бақылау жүргізеді және технологиялық регламентке сәйкес ұңғымалар сағаларының герметизацяилануын жүргізеді.

917. Трубалық кеңістікті герметизациялау үшін көпірлерде аудармалары бар, шар бұрандасы, кері қалқаншасы немесе ашық жағдайдағы авариялық ысырмалар, белгіленген қысымға толтырылған және қызыл түске боялған трубалар жинағы болады.

918. Жұмыс жоспарында ПРС алдында алдын ала бітеу жүргізу қарастырылмаған кенжарлық қалқанша – кескішпен жабдықталған ұңғымалар тоқтатылады, қысым атмосфералыққа дейін арттырылады және үш сағаттан кем емес уақытта ұңғымалар қалқанша – кескіш немесе басқа каналдар арқылы ағындар болмауына тексеріледі.

919. Қалқанша-кескіштерді ревизиялау жөніндегі жұмыстар завод-дайындаушы нұсқамасы және кәсіби тапсырыстар бойынша орындалады.


4-бөлімше. Түсіру - көтеру операциялары


920. Ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергіш агрегаттардың түсіру көтеру операцияларын басқару пульті агргегаттарда және жұмыс алаңдарында орналасқан мачта, мұнара, ұңғымалар сағалары, шығырлар және басқа механизмдер жақсы көрінетін қауіпсіз орындарда орналастырылады.

921. Салмақты индикациялаусыз (индикатор) сорғыш-компрессорлық трубаларды (әрі қарай-СКТ) ұңғымалардан көтеру немесе ұңғымаларға түсіру, ұңғымалар тереңдігіне байланыссыз трубаларды қарау және тартумен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Таразы индикаторының дұрыс жұмыс істеуі ПРС басталуы алдында тексеріледі.

Түсіру көтеру жұмыстарын:

1) дұрыс жұмыс істемейтін қондырғылар мен құрылғылар, бақылау-өлшеу құралдары (жазатын құралдар, манометрлер және басқалар);

2) вахтаның толық құрамы болмағанда;

3) жел бағыты 15 м/с артық және тұман мен қар көшкінінде көрінудің жоғалуы;

4) мұнай газ пайда болуы;

5) ЖҰЖ болмауы кезінде жүргізуге жол берілмейді.

922. Түсіру - көтеру жұмыстарында мұнай газ пайда болу анықталған кезде ПРС бригадасы ұңғыманы қайта бітейді және әрі қарай ЖҰЖ сәйкес, әрі қарай әрекет етеді. Қайта бітеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұңғымалар сағалары герметизацияланады және әрі қарай аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекет етеді.

923. Мүмкін мұнай газ пайда болудың алдын алу және жою үшін ұңғымаларды жуу агрегаттары немесе түсіру - көтеру операциялары кезінде үстеме құю ыдыстары труба сыртындағы кеңістікке тұрақты қосылған, ал ұңғымалар сағаларында тастауға қарсы қондырғылар орнатылған.

924. СКТ ұңғымаларға түсіру алдында әрбір труба шаблондалады. Трубалар бұрандаларға бұрау алдында металл щеткамен тазартылады және ЖҰЖ көзделген қорғаныс қабатымен (графитті майлау, сурик, арнайы герметик және басқалар) жабылады.

925. СКТ трубаның барлық резбалық бөлігіне бұралады және түбіне дейін тығыз бекітіледі.

926. ПРС бастау алдында станок тербелмесі бар ұңғымаларда ілмегі бар тальдік блок өту үшін өтетін жерді кронблоктан ұңғымалар сағаларына дейін босатады. Ол үшін станок-тербеліс балансирінің басы артқа қарай жіберіледі немесе бір жағына қарай бағытталады (конструкциясына байланысты).

927. Балансир басын артқа тастау, бір жаққа қарай бағыттау және жұмыс қалпына қайтару, арқан ілмегін алу және кигізу жұмыскерді станок-тербелменің балансиріне көтеру мүмкіндігін болдырмайтын құралдар арқылы жүргізіледі.

928. Тальдік блоктың немесе ұршықтың үлкен габаритінде түсірі көтеру операциялары кезінде олардың станок-тербелменің балансиріне тиюін болдырмау үшін шатун қисық шиптен ажыратылады және балансирді бұрылған немесе шеткі жоғары қалыптқа артқа тасталған балансир қойылады. Бұл жағдайда сальникті (полировкаланған) штоктың арқанды ілмегі бір жаққа қарай бағытталады және ілініп тұрған қалыпта тербелмеуі және бригадаға жарақтандыру, арқанды ауыстыру, және жөндеу жұмыстары кезінде кедергі келтірмеуі үшін арқанды ілмек станок –тербелменің бағанына бекітіледі.

929. Тиегіш ортадан тепкіш электр сорғышымен жабдықталған ұңғымаларды жөндеу алдында кабельдер ажыратылады, кабельді роликтердің бекітілу сенімділігі және оның орналасу дұрыстығы тексеріледі.

930. Тиегіш ортадан тепкіш электр сорғышының кабельі бар барабан көтергіш агрегатының басқару пультінен және жұмыс алаңынан көрінетін аумақта орнатылады.

931. Кабельді роликпен бір тіке жазықтықта және ұңғымалар сағасында орналасқан барабанға кабельді орау және тарқату механизацияланған. Кабель орамдары барабанға дұрыс қатарлармен оралады.

932. СКТ көтеру және түсіру жылдамдығын СКТ салмағы, техникалық жағдайына, ұңғымаларға бітеу сұйықтарын үстеме құю, ұңғымалардан сұйықтарды төгу жылдамдығына, жел жылдамдығына байланысты жұмыс уақытында бақылау тұлғасы анықтайды.

933. СКТ көтеру кезінде СКТ жалпы ұзындығы және көтерілген трубалар мөлшері өлшенеді. СКТ түсіру кезінде СКТ түсіру тереңдігі және түсірілген трубалар мөлшері өлшенеді, өлшеулер мәліметтері «Трубалар өлшемдері» журналына жазылады. Ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен үлгідегі журналда әрбір трубаның диаметрі, қабырғаларының қалыңдығы және ұзындығы көрсетіледі.

934. Муфтілер бүйірлерінің пайдалану колоннасының ішкі қабырғаларына, үштіктер мен айқастарға тиюін болдырмау үшін бағыттаушы түтікшелер қолданылады.

Сорғыш штангілерді ұңғымаларға түсіру алдында олардың әрқайсысы қаралады, резьбалары метал щеткалармен тазартылады және графитті майлаулармен майланады.

935. Болаттың әртүрлі маркілерінен жасалған штангілерді араластыруға жол берілмейді. Штангілер көпірлерде орналастырылады және ұңғымаларға ПРС ЖҰЖ бекітілген жинақтауына сәйкес ұңғымаларға түсіріледі.

936. Штангілердің сатылы колонналарын түсіру кезінде ЖҰЖ нұсқаулары орындалады.

937. Ұңғымаларға түсірілген штангілер өлшенеді, өлшеулер мәліметтері ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен үлгідегі «Трубалар өлшемдері» журналына жазылады. Журналда әрбір түсірілген штангінің диаметрі, ұзындығы, болат маркісі көрсетіледі.

938. Ақаулары бар трубалар мен штангілер жарамсыздандырылады және жөндеу аяқталғанға дейін көпірлерден алынады.

939. Диаметрі 51 см артық сорғыш-компрессорлық трубаларды көпірлерге шығару және олардан көтеру, егер әрқайсысының ұзындығы 16 м артық болмаса, екі трубамен жүргізіледі, ал түсіру көтеру ғимараттарының тіктігі 22 м кем емес және мұнаралар дарбазалары трубалардың еркін өтуіне мүмкіндік береді. Трубаларды екі трубамен көтеру және түсіру кезінде орта муфта бекітіледі.

940. СКТ көтеру және түсірудің ұзақ үзілістері кезінде ұңғымалар сағалары герметизацияланады (жабылады).

941. Мұнара немесе мачтамен жабдықталған ұңғымаларды жөндеу кезде таль арқанның жүріс тартпа ролигі арқылы өтеді, бұл кезінде арқан мұнара немесе мачта элементтеріне тимейді көпірлер мен жұмыс алаңдарымен қиылыспайды; тартпа ролик мұнара немесе мачтаның рамалық брусына, жеке фундаментке немесе арнайы құралдарға бекітіледі және металл қоршауы болады. Тартпа роликтерді бекіту үшін арқан ілмектерді қолдануға жол берілмейді.

942. Көпірлердегі түсіру-көтеру операциялары кезінде резбаны зақымданудан қорғау үшін арнайы лотоктар орнатылады.

943. Түсіру-көтеру операциялары алдында тежеуіш жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі мен сенімді әрекеттері тексеріледі.

944. Көтергіш ілмектің стопорлы болты және штроптардың ілмектен шығып кетуін болдырмайтын дұрыс жұмыс істейтін қауіпсіз автоматты ысырмасы болады.

945. Трубаларды көпірлерге түсіру және көпірлерден көтеру баяу рұқсат етілген жылдамдықтан артпайтын жылдамдықта жүргізіледі. Шығыр тежеуішінде жұмыс істейтін жұмыскер тежеуіш тұтқа саптың қозғалысының желісінен одан соққы алмайтындай бір жақта тұрады.

946. Трубаларды көпірлерден ұңғымалар сағаларына тасымалдау кезінде қолдың зақымдануының алдын алу үшін оның төменгі ұштарын қолмен бағыттауға және ұстап тұруға жол берілмейді.

947. Тасымалданатын трубалар жолында немесе оған жақын тұруға жол берілмейді.

948. Шпилькалар элеваторлар тесіктеріне өте мұқият салынады.

949. Түсіру-көтеру операциялары процесі кезінде штроптар тесіктерден шығып кетпес үшін, олар штроптарға ілмекпен бекітіледі. Ал шпилька, спайдер, гидравликалық кілттерде олардың қалыптарының белгілеуі болады.

950. Техникалық талаптар мен технологиялық регламентпен бекітілген штроптар, ілмектер, блок шкифтері және басқалар пайда болған жасырын жарықтар мен басқа ақауларды анықтау үшін ультрадыбыс дефектоскоппен зерттеледі.

951. Қосымша қондырғылар – спайдер, гидравликалық кілт және басқалар жұмыс уақытында өз еркімен қосылудан фиксацияланады.


5-бөлімше. Ұңғымаларды жер асты жөндеу


952. Жер асты қондырғыларын көтергеннен кейін ұңғымалардың пайдалану колонналарын тұздар қалдықтарынан, смолалардан, асфальтендерден, парафиндерден, тот басу өнімдерінен тазартады және техникалық талаптарға сәйкес келетін диаметрдегі шаблондармен шаблондайды.

953. Қажет болғанда жасанды кенжар (жасанды кенжар қазады) тереңдігін өлшейді.

954. Қажет болғанда жасанды кенжар мұнайгаз кәсібінде қолданылатын тәсілдер арқылы тазартылады.

955. Мұнай газ пайда болу мүмкіндігі бар фонтанды ұңғымалардағы құмды тығындарды науалармен тазартуға жол берілмейді.

956. Қажет болғанда пайдалану колонналары бұрғылау аяқталған кездегі толтыру қысымына тең қысыммен ұңғымалар бітеу сұйықтарымен толтырылады.

957. Ұңғымаларға жер асты қондырғыларын (СКТ ұшыныдағы түткішелер, газ лифтілі қалқаншалар, муфталар, тереңдік сорғыштар және басқалар). Жер асты қондырғыларын түсіру тереңдігі мұнайгаз кәсібінде қолданылатын тәсілдерді пайдалана отырып өлшенеді. Өлшеулер нәтижелері ұңғымаларды ПРС пайдалану беру актісінде көрсетіледі.

958. Сағалық қондырғыларды демонтаждау мен монтаждау және ұңғымалар сағаларын байлау жүргізіледі.

959. Ұңғымаларды игеру жүргізіледі немесе ұңғымаларға түсірілген тереңдік сорғышы іске қосылады.

960. ПРС арналған ЖҰЖ көрсетілген ұңғымалардың технологиялық параметрлері белгіленеді.

961. Ұңғымалар дебиттері, өндірілетін мұнайдың сулануы, сағадағы қысым мен температура өлшенеді. Өлшеулер нәтижелері ұңғымаларды ПРС пайдалану беру актісінде көрсетіледі.


6-бөлімше. Ұңғымаларды жөндеу кезіндегі

қауіпсіздіктің негізгі талаптары


962. Ұңғымаларды жөндеу жөніндегі өндірістік операциялар өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелері талаптары орындалған жағдайда орындалады. Жөндеу жұмыстары басталар алдында журналда тіркеле отырып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі персонал нұсқамасы жүргізіледі.

963. Жұмыс аумағының газдануы пайда болу қауіптілігі кезінде және технологиялық ортаның жарылыс өрт қауіптілігі болғанда, ұғымаларды жөндеу жөніндегі жұмыстар қауіпсіздік жөніндегі шаралар көрсетіле отырып, наряд-рұқсат беру бойынша орындалады.

964. Жұмыс аумағында агрегаттар, қондырғылар, құралдар, құрылғылар мен жарықтандыру алаңдарын орналастыру жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына, жер асты және жер үсті коммуникациялар орналасуын ескере отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген сызбаға және технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады.

965. Көтергіш агрегат, мұнара, мачта, рұқсат етілетін жел жүктемесі қауіпсіздік коэффициенті және дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетілген мықтылық қоры ескеріле отырып, жөндеу процесінде күтілетін максималды жүктемелерге сәйкес келеді.

Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрылғылар саға алдындағы алаңда орнатылады және дайындаушының пайдалану жөніндегі нұскамасына сәйкес ұңғымалар сағаларына қатысты орталықтанады. Құрылғыларды пайдалануға енгізу ұйымы комиссиясының актісімен рәсімделеді.

Жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде газ, мұнай (ағын шақырғаннан кейін) қысымымен қабаттардың гидравликалық мүмкін жарылыстары интервалында, өткізгіштік өнімді емес қабаттар интервалында орама колонналарды перфорациялауға жол берілмейді.

Перфорация уақытында ұңғымалар сағалары маңында жұмыстарды ұйымдастыру жоспарында және сызбасында көрсетіле отырып, қауіпті аумақтар орнатылады және белгіленеді.

966. Топтық алаңда жөндеу жұмыстары басқа ұңғымалардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін қосымша шаралар орындалғаннан кейін, белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Бірнеше ұңғымаларда бір уақытта жұмыс жүргізу және орындаушылардың өзара әрекеттері белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру жоспарымен реттеледі.

967. Қауіпті жағдай пайда болғанда, әрбір жұмыс өндіруші топтық алаңдағы барлық жұмыс істеушілерге хабарлайды. Жұмыстар қауіпті жағдай жойылғанға дейін тоқтатылады.

Пайдаланудағы ұңғымалар сағалары, трубақұбырлар, арматуралар қауіпті аумақтарда топтық алаңның басқа ұңғымаларын жөндеу кезінде мүмкін механикалық әсер етулерден қорғалады.

968. Қорғаныс экрандаушы құрылғылардың конструкциялары немесе қоршаулары аумақтардың газдану мүмкіндігін болдырмайды және ұңғымаларды басқару тораптарына еркін баруды қамтамасыз етеді.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғымаларды игеру тапсырыс беруші өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

969. Ұңғымаларды игеру және жөндеу кезінде ұңғымалар сағасындағы мұнай, сұйықтардың төгіліп ағуының алдын алу жөніндегі шаралар қабылданады. Сифондары бар трубалар колонналарын көтеру қажеттілігі кезінде сағалардағы сұйық деңгейін қолдай отырып, ұңғымаларға тұрақты үстеме құю жүргізіледі.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Похожие:

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconГаз және газоконденсат кен орындарын
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу бекітілген жұмыс жобалары және кен орындарын игеру жоспары бойынша жүргізіледі
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі icon050706 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»
Техногендік жерсілкінулері” пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «050706 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мемлекеттік...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі iconКурс 2 Семестр 3 Дәріс 30 сағат Зертханалық жұмыс 15 сағат Аралық бақылау (саны) 2
Жер физикасы” пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «050706 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мемлекеттік стандарт негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница