7.13 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру желілерін жобалау ерекшеліктері
7.13.1 Өнеркәсіптік алаңдағы өндірістік су бұру желілерінің санын тоспа сулардың құрамын, олардың шығымы мен температурасын, судың қайта пайдаланылу мүмкіншілігін, сумен қамтамасыз етудің ағындысы жоқ жүйелерінің жергілікті тазалануы мен құрылысының жүргізілу қажеттілігін ескере келе анықтау қажет. 7.13.2 Өнеркәсіптік алаңдарда тоспа сулардың құрамына байланысты ашық және жабық каналдарда, лотоктарда, тоннелдерде, сонымен қатар эстакадалар бойынша су бұру құбырларының салынуын қарастыруға жол беріледі. 7.13.3 Құрамында жеміргіш, ұшқыш токсинді және жарылу қаупі бар заттар бар (ауаға қатысты газдар мен будың меншікті салмағы 0,8 кем), тоспа суларды бұратын құбырлардан өтетін тоннелдердің сыртқы қабырғасына дейінгі қашықтықты кем дегенде 3 м, жертөле жайларына дейін кем дегенде 6 м етіп алу қажет. Жеміргіш тоспа суларды тасымалдайтын арын құбырларды сырттан салған уақытта оларды желдетілетін өтетін немесе жартылай өтетін каналдарға орналастыру қажет. Бақылау камералары орнатылған жағдайда мұндай құбырларды өтпейтін каналдарға салуға жол беріледі. 7.13.4 Тиектелетін, ревизиялық және біріктіру құрылғылары үшін құрамындағы ұшқыш токсиндік және жарылу қаупі бар тоспа сулар ағатын құбырларда жоғары сападағы герметиктілікті қарастыру қажет. 7.13.5 Жеміргіш өндірістік тоспа суларды тасымалдау үшін құрамы мен концентрациясына, сонымен қатар температурасына байланысты ішінде тасымалданатын заттардың әсерін төзімді келетін құбырларды қолдану қажет. 7.13.6 Жеміргіш тоспа суларды бұруға арналған аузы кең құбырлардың түйіскен жерлерін осы сұйықтықтардың әсеріне төзімді келетін материалдармен бекіту қажет. Түйіспелері қатты құбырлар үшін шөгіп қалуы мүмкін емес негізді қарастыру қажет. 7.13.7 Жеміргіш тоспа сулардың су бұру желісіндегі құрылыстар сұйықтықтар мен олардан шығатын булардың коррозиялық әсерінен қорғалған болуы тиіс. 7.13.8 Қышқыл тоспа суларға арналған құдықтардың лотоктарын қышқыл өтпейтін материалдардан жасалуын қарастыру қажет; мұндай құдықтарға металл қапсырмалар мен сатылар орнатуға жол берілмейді. Диаметрі 500 мм дейінгі құбырлар үшін тік сызықты лотоктардың қыш құбырлардың жарты бөліктерімен қапталуын қарастыру қажет. 7.13.9 Құрамында оңай тұтанатын, жанғыш және жарылу қаупі бар заттар бар тоспа сулардың ғимараттар шығатын жерлеріне гидравликалық ысырмасы бар камералардың орналастырылуын қарастыру қажет. 7.13.10 Резервуарларда ашық сақталатын, ластанған тоспа сулары жиі тасталмайтын жанғыш, оңай тұтанатын және токсиндік сұйықтықтар, қышқылдар, сілтілер және т.с.с тұратын алаңнан жаңбыр суларының тартылуын қалыпты жағдайларда суды жаңбырлы су бұруға, ал су сақтайтын орындар-резервуарлардан су аққан жағдайда қойма шаруашылығына кіретін технологиялық апаттық қабылдағыштарға жіберуге мүмкіндік беретін ысырмалары бар тарату құдығы арқылы қарастыру қажет. 7.13.11 Өндірістік су бұру желілерінен, өнеркәсіптік алаңдардан және жергілікті тазалау құрылыстарындағы тоспа суларды ондағы тоспа сулардың тазалану дәрежесі 6.3.7- талаптарына сай келген жағдайда ғана төгуге жол беріледі.
8 Сорғы және ауа үрлеу станциялары 8.1 Жалпы нұсқаулар 8.1.1 Сорғы және ауа үрлеу станциялары қызметінің сенімділігіне қарай 8.1-кестеде көрсетілген үш санатқа бөлінеді.
8.1-кесте - Сорғы станциялар жұмысының сенімділік санаттары
Жұмыс сенімділігінің санаты
| Сорғы станцияларының жұмыс режимінің сипаттамасы | Бірінші | Тоспа сулардың әперілуінің кідіруіне немесе әперетін судың азаюына жол бермейтіндер | Екінші | Тоспа сулардың әперілуінің 6 сағаттан аспайтын уақытқа кідіруіне жол беретіндер, я болмаса елді мекеннің немесе өнеркәсіптік кәсіпорынның сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігімен белгіленетін шекте әперілетін судың азайтылуына жол беретіндер | Үшінші | Тоспа сулардың әперілуінің бір тәуліктен аспайтын уақытқа кідіруіне жол беретіндер (халқының саны 500 адамға дейін жететін елді мекендердің сумен жабдықталуының тоқтатылуымен) | ЕСКЕРТУ Екінші және үшінші санаттардағы сорғы станцияларының жұмысындағы кідіріс 4.13 талаптар, өндірістің технологиялық шарттары ескерілгенде немесе халқының саны 500 адамға дейін жететін елді мекендердің бір тәуліктен аспайтын мерзімге сумен жабдықталуы тоқтатылғанда болуы мүмкін. Ауа үрлеу станцияларының жұмысында кідірістің болу мүмкіндігі мен мұндай кідіріс созылатын уақыт технологиялық талаптармен айқындалады. |
8.1.2 Сорғы және ауа үрлеу станцияларының жинақталуына, машина залдарының көлемінің белгіленуіне, көтергіш-тасымалдайтын жабдыққа, құрылғыларға (көпірлер, алаңдар, сатылар және т.б.) қызмет көрсететін агрегаттардың, арматуралар мен құбырлардың орналастырылуына, қойылатын негізгі талаптар, сонымен қатар машина залдарының су басуына қарсы шараларды ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес қабылдау қажет. 8.1.3 СУ бұру сорғы станцияларының жүктеу сорғыларымен жинақталуына қойылатын талаптарды сорғыларды өндіруші белгілейтін өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, нормативке сәйкес қабылдау қажет. Атап айтқанда, 2 сағаттан 4 сағатқа дейінгі уақыт ішінде ауыстыруға мүмкіндік болатын жағдайда сорғы станциясы тұратын бөлмеде сақтап, резервтік агрегаттардың қондырылуын қарастырмауға жол беріледі. 8.1.4 Құрамында жанғыш, оңай тұтанатын, жарылу қаупі бар және токсиндік заттар бар өндірістік тоспа суларды айдау үшін сорғы станцияларын жобалаған уақытта нормативтен басқа, жабдықтарды өндіруші зауыттардың нұсқаулары мен нұсқаулықтары, «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларды орнату ережелері», «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері» және «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережелері» пайдаланылады.
8.2 Сорғы станциялары
8.2.1 Сорғыларды, жабдықтар мен құбырларды тоспа сулардың немесе шөгіндінің есептелген ағысы мен физика-химиялық қасиеттеріне, көтерілетін биіктігіне байланысты және сорғылар мен арын құбырлардың сипаттамаларын, сондай-ақ нысанның қолданысқа енгізілу кезектілігін ескере отырып, таңдау қажет. 8.2.2 Жабдықтың жинақталуы мен біріктірілуі агрегаттардың, арматураның және жекелеген тораптардың станцияның жұмысын тоқтатпай ауыстырылу мүмкіншілігін қамтамасыз етуі тиіс. Резервтік сорғылардың санын 8.2-кесте бойынша қабылдау қажет.
8.2-кесте - Резервтік сорғылардың саны
Тұрмыстық және оған құрамы жағынан жақын өндірістік тоспа сулар
| Жеміргіш тоспа сулар | Сорғылардың саны | жұмыс | сорғы станциялары жұмысының сенімділік санаты резервтік | жұмысы | сорғы станциялары жұмысының барлық сенімділік санаты резервтік | бірінші | екінші | үшінші | 1 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 және 1 қоймада | 2 | 2 | 1 | 1 | 2 бастап, 3 дейін | 2 | 3 және одан артық | 2 | 2 | 1 және 1 қоймада | 4 | 3 | - | - | - | - | 5 және одан артық | 50% кем емес | 1-ЕСКЕРТУ Жаңбыр суларын бұратын сорғы станцияларында резервтік сорғыларды жаңбыр суларын су объектілеріне апатты тастау мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, әдетте, қарастырудың қажеті жоқ 2-ЕСКЕРТУ Жұмыс өнімділігінің артуымен байланысты қайта құрылымдау кезінде тұрмыстық және оған құрамы жағынан жақын өндірістік тоспа суларды үшінші санаттағы сорғы станцияларында айдау үшін қоймада сақталуын қарастыра отырып, резервтік агрегаттарды орнатпауға жол беріледі. |
Мұндайда төмендегілерді ескеру қажет: - су бұру жүйесінде пайда болатын тұнбаны, шөгінді мен құмды айдау үшін гидроэлеваторлық және эрлифттік қондырғыларды қолдануға жол беріледі; - жаңбыр суларын айдайтын сорғы станцияларының жұмыс өнімділігін сай жерлердің су басуына жол бермейтіндей, ағын мен рұқсат етілетін айдалатын кезеңді бір ізге салып, реттеп, қабылдау қажет; - сенімділігі жағынан бірінші санатқа жататын сорғы станцияларында электр қоректенуді екі көзден қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда іштен жану қозғалтқыштары, жылу және т.б. дербес электр энергия көздері (дизелді электрстанциялар және т.с.с.) бар резервтік сорғы агрегаттарын орнатуға жол беріледі; - тереңге орнатылған сорғы станцияларының жұмыс өнімділігін келешекте арттыру қажет болған жағдайда сорғыларды жұмыс өнімділігі жоғарырақ сорғыларға немесе қосымша сорғылар мен агрегаттар орнату үшін резервтік фундамент қондырғысына ауыстыруға жол беріледі. 8.2.5 Сорғы станциясының жеткізуші коллекторында жер бетінен басқарылатын жетегі бар бекітпе құрылғыны қарастыру қажет. 8.2.6 Автоматтандырылған сорғы станцияларында аспаптардың электр қуатымен аккумуляторлардан немесе үздіксіз қоректендіру құрылғыларынан қамтамасыз етілуін қарастыру қажет. 8.2.7 Сорғы станциясының маңайдағы аумағын тоспа сулар басып қалмау үшін мұндай тоспа сулардың апат кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен су объектілеріне, арнайы резервуарларға және т.с.с. бұрылуының ұйымдастырылуымен апатты шығарылуын қарастыру қажет. Бекітпе арматурадағы жетектер пломбаланған болуы тиіс. 8.2.8 Әр сорғыға дербес соратын құбыр қарастыру қажет. 8.2.9 Екінші және үшінші санаттағы сорғы станциялары үшін бір арын құбыр қарастыруға жол беріледі. 8.2.10 Бірінші санаттағы сорғы станцияларынан екі немесе одан артық арын құбырлары тартылған жағдайда қажет болса, 100% есептелген шығымның араларындағы ара-қашықтық апат кезіндегі өткізудің ескерілуімен алынады. Бұл ретте резервтік сорғыларды пайдалануға жол беріледі. 8.2.11 Құбыр арматура, гидравликалық соққыларды басу құрылғылары, вантуздар тиісті құрамдағы тоспа сулардың өткізілуіне есептелген болуы тиіс. 8.2.12 Сорғыларды су астынан орнату қажет. Сорғының корпусы тоспа сулардың есептелген деңгейінен жоғары орналасқан жағдайда резервуарда сорғылардың қосылуын және жұмысының кавитациялық емес жұмыс шарттарын қамтамасыз ету шараларын қарастыру қажет. 8.2.13 Тұнбалар мен шламдарды айдауға арналған сорғыларды тек судың түбіне немесе сұйықтық көтерілгенде (сорғының паспорт деректері бойынша) ғана орнату қажет. 8.2.14 Соратын және арын құбырларындағы тоспа сулардың немесе шөгіндінің қозғалыс жылдамдығы жүзінділердің тұнбаға түсуіне жол бермеуі тиіс. Тұрмыстық тоспа сулар үшін ең төмен жылдамдықты 5.10.1-талаптарына сай қабылдау қажет. 8.2.15 Шламдарға немесе тұнбаларға арналған сорғы станцияларында соратын және арын құбырлардың жуылу мүмкіндігін қарастыру қажет. Жекелеген жағдайларда шлам өтетін құбырларды тазалайтын механикалық құралдарды қарастыруға жол беріледі. 8.2.16 Батырылатын сорғылары бар сорғы станцияларын олардың конструктивтік және технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дайындаушы фирмалардың ұсыныстарына сәйкес жобалау қажет. 8.2.17 Сорғыларды қоқысталудан қорғау қажет болған жағдайда сорғы станцияларының қабылдау резервуарларында механикаландырылған тырмалары немесе уатқыш-торлары бар торларды қарастыру қажет. 8.2.18 Сорғыларды қоқысталудан қорғау үшін қабылдау резервуарларында (немесе олардың астында) мыналарды қарастыру қажет: - тоспа сулармен бірге жүретін қалқымалы заттарды ұстап қалуға арналған құрылғыларды (алуан түрлі торлар, сүзгіштер, торкөздер және т.с.с.); - тоспа сулар ағысындағы ірі жүзінділерді уатуға арналған жабдықтар мен механизмдер; - кескіш дөңгелектермен жабдықталған сорғылар; - арнайы «қоқысталмайтын» дөңгелектермен жабдықталған сорғылар; - жұмыс өнімділігі аз сорғы станцияларындағы қолмен тазалайтын торлар, себеттер және т.с.с. 8.2.19 Жабдықтар орнатылған уақытта енін жеткізуші реттейтін жүретін жолдар қамтамасыз етілуі тиіс. 8.2.20 Ұсталып қалған майда қалдықтарды тоспа сулардың ағысына қайта тастауға, я болмаса тиісті жабдықта құрғатуға және герметиктелген контейнерлермен қоқыс тастайтын жерге апаруға немесе кәдеге жаратуға болады. Уатылған қалдықтарды метантенктерге жіберген уақытта тоспа сулар шөгіндісінен шығатын газ – метан көбейтіледі, сонымен қатар ол компостерлеу кезінде толтырғыш ретінде пайдаланыла алады. 8.2.21 Қалдықтардың көлемі 0,1 м3/тәул кем болған жағдайда қолмен тазалайтын торларды қолдануға жол беріледі. Торлардағы тесіктерді орнатылатын сорғылардың өткізгіш қимасының диаметрінен кіші 10 мм бастап, 20 мм дейін етіп алу қажет. Механикаландырылған тырмалары немесе уатқыш-торлары бар торларды орнатқан уақытта резервте болатын торлардың санын 8.3-кесте бойынша қабылдау қажет.
8.3-кесте - Типіне байланысты резервтік торлардың саны
Тордың түрі | Торлардың саны | жұмыс | резервтік | Механикаландырылған тырмасы тесіктерінің ені, мм: | 20 артық | 1 және одан артық | 1 | 16 бастап, 20 дейін | 3 дейін | 1 | 3 артық | 2 | Келесідей жерлерге орнатылатын уатқыш-торлар: | құбырларда | 3 дейін | 1 (қолмен тазаланатын) | каналдарда | 3 дейін | 1 | 3 артық | 2 | Қолмен тазаланатын | 1 | - |
8.2.22 Тұрмыстық тоспа сулардан шығатын, торларда ұсталып қалатын қалдықтардың мөлшерін 8.4-кесте бойынша немесе торлардағы тесіктердің еніне қарай график бойынша, 1 адамға л/жылына келетін торлардан алынатын қалдықтардың мөлшерін 8.1-суретке сәйкес қабылдау қажет.
|